Қазақ тілі
175
күмбез барабанын айналдыра жасалған галереясы бар. Оған
кесененің ішінен көтерілетін басқыш арқылы шығады.
Алаша хан күмбезінің қабырға сыртын әсемдеу ісінде
қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған.
XV ғасырдың екінші жартысында салынған тағы бір
ескерткіш – жартылай сақталған Рабиға Сұлтан Бегімнің
кесенесі. Кесене Қожа Ахмет Йасауи ғимаратының шығыс
жағында, 60 м жерде орналасқан. Ол бес бөлмеден тұрады.
Басына қойылған құлпытасы Ахмет Йасауи күмбезінің ішінен
табылған. Мұнда қалай келгені белгісіз. Құлпытастағы жазуда
Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі,
1485 жылы қаза болғандығы жазылған.
Қолданбалы өнер − сәулеттік құрылыс жүйелерінің ажырамас
бір бөлігі. Кез келген күрделі, алып құрылыс жүйелерін,
ғимаратарды сәндеп әшекейлемесе, олардың іші-сырты көз
тартатындай безендірілмесе, оған шығарған қыруар еңбектің зая
кеткені. Сондықтан шеберлер өздері жасаған ғимараттарын сән-
салтанатты етіп көрсетуде қолданбалы өнерді пайдаланған.
Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді,
жаңа қаптама материалдар пайда болды. Ғимарат сәнді болу
үшін шебер, біріншіден, кірпіш сапасының жоғары болуына
және
оның
көлеміне
қатты
көңіл
бөледі.
Екіншіден,
кірпіштердің бір жағына түрлі-түсті әйнек сыр жалатылуына
назар аударған. Ғимараттың сыртқы қабырғалары әртүрлі ою-
өрнектермен безендірілген. Қожа Ахмет Йасауи, Көккесене,
Алаша хан ғимараттарынан қолданбалы өнердің небір ғажап
үлгілерін көруге болады. Ал бұл өнердің орта ғасырдағы өзіне
тән бір құпиясы осы уақытқа дейін ашылмай отыр. Ол − әйнек
сыр жалатылған кірпіштердегі сырдың жер астында қанша
уақыт жатса да, күн көзінде қанша ғасырлар тұрса да өшпей,
оңбай, өз қалпын сақтауы. Құрылыс материалдарының
соншалықты жоғары сапалы болуы жеріміздегі сәулет өнерінің
орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.
412-тапсырма.
Мәтінге
қатысты
сұрақтарға
жауап
беріңіздер.
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
176
2. Алаша хан кесенесі қай жерде?
3. Кесененің өзіне тән қандай ерекшелігі бар?
4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесіздер?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында
қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
7. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол
шапқыншылығынан кейін салынған?
8. ХІV − ХV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде
салынған ескерткішті атаңыздар.
413-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1. Сәулет өнері .....
2. Алаша хан кесенесі.....
3. Қолданбалы өнер − сәулеттік құрылыс .....
4. Ғимарат төбесін жабу ісінде .....
5. Құрылыс материалдарының жоғары сапалы болуы .....
414-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орысша
аудармасымен сәйкестендіріңіздер.
1. кесене 1. новая технология
2. күн сәулесі 2. мавзолей
3. жаңа технология 3. солнечный луч
4. өндіруші 4. производитель
5. сәулет өнері 5. архитектурное искусство
6. қоршаған орта 6. произведение
7. тарихи ескерткіш 7. башня
8. жәдігер 8. наследие
9. мұнара 9. исторический памятник
10. туынды 10. окружающая среда
415-тапсырма. Тарихи ескерткіштерді қорғаудағы сіздің
рөліңіз. Топтастарыңыздың алдында ой бөлісіңіздер. Тапсыр-
маны орындау үшін мынадай дайындық керек:
Қазақстандағы асыл мұраларды қорғаудың жолдары.
Қазақ тілі
177
Қандай тарихи ескерткіштерді білесіздер?
Қандай пайдалы іс шаралар жүргізесіздер?
Қазақстандағы сәулет ескерткіштерінің бүгіні мен ертеңі
қандай?
Өз өлкеңіздегі ескерткіштердің тарихи жайы.
416-тапсырма. Мәтіннен көмекші есім сөздері бар
тіркестерді тауып, сөйлем құрастырыңыздар.
417-тапсырма. Сәулет-құрылыс мамандығына қатысты
10−15 термин сөздерді түсіндірме сөздік негізінде жазып,
мағынасын түсіндіріңіздер.
418-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін әртүрлі
мысалдармен қасыңыздағы жолдасыңызға түсіндіріп көріңіздер.
Тарихи ескерткіш, қоршаған орта, асыл мұра, пайдалы іс,
кесене, мешіт, қорғау жолдары, бояу, тақта, сәулет өнері,
кеуек, бетон.
419-тапсырма. Мәтіннен кесенелер жайында қандай
мәліметтер алдыңыздар, баяндап беріңіздер.
420-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөйлем
құрастырыңыздар.
421-тапсырма. Берілген (не өздеріңе ұнаған) тақырыптар
бойынша әңгіме, сұхбат құрастырыңыздар:
1. Күтпеген кездесу.
2. Асыл мұраларды сақтау.
3. Алып ескерткіштер.
4. Менің өлкемдегі тарихи мұралар.
5. Ғажайып құрылыстар!
422-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап
беріңіздер.