Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
156
356-тапсырма. Маңғыстау өңірін мекендеген тайпалар,
рулар туралы не білесіздер?
357-тапсырма. Мәтіннен біріккен, туынды сөздерді теріп
жазыңыздар.
358-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.
құрылыс құрылымдары – строительные конструкции
қопарғыш – корчеватель
бұта кескіш – кусторез
бояу жұмыстары – малярные работы
құрылыстың механикалық құралдануы – механовооруженность
жинақтау – монтаж
аспалы қабырғалар – навесные стены
тозаңдату – напыление
қаптау – обделка
359-тапсырма. Мамандыққа қатысты 10 термин жазып,
күрделі сөйлем құрастырыңыздар.
360-тапсырма. Бүгінгі таңдағы сәулет өнері туралы жоба
құрастырыңыздар.
361-тапсырма. Мамандыққа, кәсіпке, шаруашылыққа,
шеберлікке, жан-жақтылыққа қатысты 15 мақал-мәтел жазып,
жаттаңыздар.
362-тапсырма.
Мәтінді
мәнерлеп
оқып,
мазмұнын
айтыңыздар.
Түркі дәуіріндегі сәулеттік құрылыс
Қазақстандағы сәулеттік құрылыс жағдайлардың салынуы
түрік дәуірінде де дамып тереңдей түседі. Бұл кезде Оңтүстік
Қазақстанда және Жетісу жерінде түркітілдес тайпалардың
отырықшылана бастауының арқасында, қалалық өмір дамып,
қолөнер де, егін шауашылығы да өркендейді. Алғашқы Батыс
Қазақ тілі
157
түрік
қағанатының
орталығы
Суяб қаласы болған деген хабар
болса,
ал
түргеш,
қарлұқ
қағанатының
кезінде
жазба
деректерде,
түркітілдес
Баласағұн, Қойлық, Янгикент,
Исфиджаб
(Сайрам),
Талас
(Тараз), Атлах, Хамукент, Құлан,
Мереке, т.б. көптеген қалалар
болған. Аты белгісіз төбе болып жатқан қалалардың орны
қаншама? Бұл қазақ жеріндегі қала салудың болғандығына
дәлел. Ал, қалалық өмірдің дамуы феодализмнің дамуын, оның
әлеуметтік-экономикалық негізінің дамуын көрсетсе, екіншіден
мәдениеттің және өнерінің құрылыс жүйелерінің негізі еді.
Сақталған қалалардың сәулеттік-құрылыс жүйесі қазақ
жеріндегі қала салудың екі түрлі болғандығын көрсетеді. Егер
бірінші жүйесі қала құрылысының сыртқы көрінісі, орталық,
шахристан, рабадтан тұрса, ал екінші көрінісі ешбір қамал
салынбағанын және ешбір шахристан, рабатсыз-ақ, ешбір
қорғансыз-ақ салынған. Бұлай салудың мәнісі, егер қаланың үш
бөліктен салынған кезі феодалдық қатынастың дамыған кезін
көрсетсе, ал екінші түрі феодализмнің әлі де болса дами
қоймаған кезін білдіреді.
(Тәтіғұлов Ә.Ш., Тәтіғұлов Ә.Ә., Тәтіғұлов А.Ә.
Архитектура мен жобалау негіздері. Қазақстанның
сәулет өнері. – Алматы:Рауан, 2 т, 2000. −460 б.
363-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Түркі дәуіріндегі тайпалардың отырықшылана бастауының
арқасында не дамып өркендейді?
2. Алғашқы Батыс түрік қағанатының орталығы қай қала
болған екен?
3. Түргеш, Қарлұқ қағанатының кезінде қандай қалалар
белгілі болған?
4. Қаншама қалалардың орны не болып жатқан?
5. Қалалық өмірдің дамуы нені білдіреді?
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
158
6. Сақталған қалалардың сәулеттік құрылыс жүйесі қазақ
жеріндегі қала салудың қанша түрлі болғандығын
көрсетеді? Бұлай салудың мәнісі не?
364-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздердің қажетті
формасын келтіріңіздер.
1. Қазақстандағы (сәулет) құрылыс жайлардың салынуы түркі
дәуірінде де дамып, (терең) түседі. 2. Оңтүстік (Қазақстан) жері және
Жетісу (жері) қалалық өмірі дамып, қолөнер де, егін (шаруашылық)
да өркендейді. 3. Алғашқы Батыс түрік (қағанат) орталығы Суяб
(қала) болған. 4. Түргеш, Қарлұқ (қағанат) кезінде көптеген (қала)
белгілі болған. 5. Бұл қазақ (жерінде) қала (салу) болғандығына
дәлел. 6. Егер бірінші жүйесі қала (құрылыс) сыртқы қөрінісі, (орта),
(Шахрис), (Рабат) тұрса, ал екінші қала (салынбаған) және ешбір
шахристан, (Рабат), ешбір (қорған) салынған.
365-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып, оларды
түрлеріне қарап ажыратыңыздар.
366-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
Түркілердің
жалпы
тарих
сахнасына
ала
шыққан
мамандығы темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған
арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, <<жужандарға темір
өндіреді>> 546 ж. Жужан қағаны Анахуан түркіттер көсемін:
<<менің темір қорытатын тұтқыным>> деп, түркілердің басты
кәсібін айрықша атайды.
Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VI−IX ғғ
жәдірігерлерін тапқан. Алтайдың сол кездерге жататын тайыз
апандар, забойлар сияқты өндіру ісінің іздері кездескен. Темір
балқытып алу әдісі – сызды үрлеу. Темір қышқылы көміртегі
қышқылымен химиялық жол арқылы қосылғанда, ол кәдімгідей
күйіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің
сапасы қазірдің өзінде домналық темірден артық саналады.
... Темір көшпенділерге бұрында белгілі болған, бірақ оны
халықтың жаппай қолдануына жеткізген тек түркіттер ғана болды.
(Лев Гумилев)