Қазақ тілі
163
жүйелері құрылады. Олар техниканың басқа салаларымен бірге
көркейе түсіп, өзіндік тарихи жолдарды басып өтті.
Бұрынғы Кеңес Одағының көптеген жерлерінде жүргізіліп
жатқан археологиялық жұмыстар кезінде біздің дәуірімізге
дейін пайдаланылған су құбырларының ерекше түрлері болғаны
анықталуда.
Өзбек
Ғылым
Академиясының
деректеріне
қарағанда, қазіргі Термез қаласынан он шақырымдай жерде 500
га-дай мекендеген қала болғаны анықталды. Осыдан екі мың
жылдай бұрын болған бұл қалада ескі Әмудариядан суды 10−12
м биіктікке шығатын көтергіш станциясы мен ұзындығы екі
шақырымдай болатын су құбырлары табылған. Құбырлар
лайдан жасалған. Осыған дейін ескі су құбырларының болғаны
жайлы тек жазба түрінде білген ғой.
Орта Азия аймағында өмір сүрген халықтар өздерінің суға
деген мұқтаждықтарын жер астында жасалған кәріздер арқылы
толықтырып отырған.
Қырым және Кавказ елдерінде қыштан жасалған құбырлар
табылған. Көне шежірелердің айтуынша ХI−ХII ғасырда Орыс
(Русь) қамалдарына дұшпандар көзіне көрінбейтін каналдар мен
туннельдер арқылы су жеткізілген. Сол замандағы мамандардың
су құбырларын үлкен ынтамен, шеберлікпен жасағандарын
айтып өткен жөн.
377-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазіргі қалаларда су қандай мақсаттар үшін қолданылады?
2. Өнеркәсіп орындарында су қалай шығындалады?
3. Орталықтандырылған су жүйелері не үшін құрылады?
378-тапсырма. Берілген термин сөздерді жаттап алыңыздар.
су әкету торабы – водоотводящая сеть
су басу – затопление
су оқшаулағыш сылақ – гидроизоляционная штукатурка
су сорындысы – водная вытяжка
су тығыны – водяной затвор
суағар – водосток
суағар науаша – водосточная желоб
суландырғыш қорап – камера орошения
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
164
379-тапсырма.
Мына
сөз
тіркестерімен
сөйлем
құрастырыңыздар.
Сумен
жабдықтау,
халық
шаруашылығы,
өнеркәсіп
орындары, су жүйесі, су құбыры, судың пайдасы, суғару
жұмыстары, судың тапшылығы, суды пайдалану.
380-тапсырма. Мәтінді оқып жалғаулары бар сөздерді
теріп жазыңыздар, қай жалғауда екенін анықтаңыздар.
Сайрам қаласына тән бір ерекшілік – оның үлкен мәдениет
орталығы болғанында. Сайрамның ежелгі аты – Испиджаб.
Испиджаб кендерінде қалай жұмыс істеген, металды қалай
қорытқан? Кен – қазан шұңқырлардың күллісі тау бастарына
салынған. Мұның өзіндік себебі бар. Орталық Қазақстанның
ежелгі кендері көбінесе тау басынан, не соған жақын
аңғарлардан шыққан. Міне, сол сияқты Испиджаб кені де тау
басына тақау келеді. Бұл кенді сол өндірілген жерде өңдеу
жұмыс күшін онша көп керек етпейді. Тасымалдап жүруге кен
қорытқыш зергерлердің шамасы жетпеген әрі тау басының
ауасы жеңіл болады.
381-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
Құрылыс машиналары
Құрылыс машиналары – әртүрлі
құрылыс
жұмыстарына
арналған
машиналар мен механикаландырыл-
ған
құрал-жабдықтар.
Бұлар
құрылыс жұмыстарын кешенді түрде
механикаландырып,
индустриялы
әдістерді
пайдалануға
мүмкіндік
береді. Олардың қатарына мұнаралы,
өздігінен жүретін шынжыр табанды,
не доңғалақты крандар, бір шөмішті
экскаваторлар мен көп шөмішті
роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т.б. жатады.
Қазақ тілі
165
Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары жер
қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі
тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш,
өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған
құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу,
карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына
арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тастағыш,
гидромеханикалық машиналар жатады.
Таптауыш машиналар топырақ, т.б. жер қыртыстарынан
нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 тонналық
қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40−50см, ал салмағы
12т. Дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80−120см жер
қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және
құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма
бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады.
Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады.
Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру
жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар
арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу
үшін асфальт, не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар
қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында
балластер, жол төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады.
Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына
арналған машиналарға ажыратылады.
Бағытова С. Ж. Құрылыс конструкциялары.
– Алматы: 2010. – 190 б.
382-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Құрылыс машиналары не үшін қажет?
2. Құрылыс машиналарының түрлерін атаңыздар?
3. Құрылыс машиналары қандай қызмет атқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |