Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет59/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

178 



Қараханит кезіндегі сәулет құрылысы 

 

Қазақстанда  қалалық  өмірдің  дамып,  атақты,  көзге  көрнекті 

монументалды  сәулеттік  құрылыс  жүйелерінің  салынған  кезі 

Қараханидтер кезі (Х−ХІІ ғғ). Бұл кезден мұра болып бізге жеткен 

сәулеттік  алып  құрылыстарға  Тараз  қаласының  маңындағы 

Бабажан  Хатун,  Айша  бибі  кесенелері  жатады.  Құрылыстар  тек 

әсем салынған сәулеттік жағынан ғана емес, олардың безендірілуі, 

ондағы  ою-өрнектер халқымыздың асыл мұрасы  екендігімен бізге 

өте  құнды.  Сәулеттік  құрылыс  жүйесінің  күрделілігі  жағынан, 

әсіресе  бізге  жеткен  шығыс  моншасының  құрылысы  және  оларға 

тартылған  су  жүретін  құбырлар.  Мұндай  құрылыстар  Оңтүстік 

Қазақстан  облысында  археологиялық  қазба  жұмысы  кезінде 

Отырардан,  Түркістаннан,  Алматы  облысының  жерінде  Талғар 

қаласынан,  сонымен  қатар  Тараз,  Ақтөбе  қалаларынан  табылып 

отыр.  Ал  қанша  қалалар  зерттелмей  жатыр.  Оларда  мұңдай 

құрылыстар  болмады  деп  айта  алмаймыз.  Қазақстанда  орта 

ғасырдың  орталық  дәуірінде  феодализмнің  дамыған  кезінде 

күрделі сәулеттік құрылыс жүйелері болды. 

Қарахан  кесенесі  халық  аңызына  қарағанда  Қаранидтер 

әулетінің  негізін  қалаушының  қабірінің  үстінде  тұрғызылған 

көрінеді.  Ол  ХХ  ғасыр  басындағы  қайта  қалпына  келтіруге 

арналған  жөндеу  жұмыстарынан  соң  өзінің  алғашқы  тұрпат-

бейнесінен  мүлдем  айрылып  қалды.  Тек  В.П.  Дениенің  «Орта 

Азияның  сәулеттік  айшықтары»  («Архитектурный  орнамент 

Средней  Азии»)  кітабындағы  ескі  фотосуреттен  кірпіштен 

өрнектеліп  қаланған  бас  қасбеттің  сәулеті  туралы  кесененің  әлі 

әзір дербес көлемге бөлінбеген (бұл Х−ХІ ғғ сәулет өнеріне тән) 

безендірілген  порталы  болғандығы  аңғарылды.  Бас  қасбеттің 

порталдық  бөлігін  аласа  жақтаулық  (парапет)  түйіндеген. 

Безендіргіш  порталдың  екі  қапталынан  ромб  тәріздес  өрнектері 

бар  қос  тік  айшықты  жолақ  тартылған.  Сайып  келгенде,  сәулет 

өнерінің  бұл  ескерткіші  Бабаджа-Хатун  және  Айша  бибі 

кесенелері 

арасындағы 

аралық 

буын 


саналуы 

мүмкін. 


Біріншіден,  айшық  (декор)  әдісінің  өрісі  кірпіштен  басым 

өрнектеуден  көрінеді.  Айшықты  порталды  2  қабатқа  бөлу  − 

екінші ескірткіште жеті түрде пайдаланылған жаңа туған әдістің 

бір көрінісі. 




Қазақ тілі 

 

 



179 

423-тапсырма.  Қараханидтер  дәуіріндегі  сәулет  өнері 

несімен ерекшеленеді? Оның озық үлгілерін атаңыздар. 



 

424-тапсырма.  Төмендегі  сөз,  сөз  тіркестеріне  мағынасы 

жақын сөздерді табыңыздар. 

 

Мүмкіндік беру_________________________________ 



Тасымалдау____________________________________ 

Ұсақтау________________________________________ 

Араластырғыш___________________________________ 

Өңдеуіш________________________________________ 

Тиеу___________________________________________ 

Көтеру__________________________________________ 

 

425-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. 

 

Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштері 

 

Айша  бибі  кесенесі  –  ХІ−ХІІ  ғасырларда  ірге  көтерген 

сәулет  өнері  ескерткіші.  Бұл  ескерткіштен  қазақ  халқының 

атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрінің 

өте мол екендігін көруге болады. 

Ақсүмбе мұнарасы – ХІ−ХІІІ ғасырдағы қарауыл қарайтын 

биік мұнара. Қаратаудың солтүстік бөктерінде, тау етегінен 200 

метр жоғары биік жотаның үстіне тұрғызылған. 

Алаша  хан  кесенесі  –  Қарахан  немесе  оғыз-қыпшақ 

заманында  ХIV−XV  ғасырларда  сахаралық  сәулет  өнерінің 

үлгісінде  салынған  ескерткіш.  Қарағанды  облысы,  Қаракеңгір 

өзенінің оң жағасында орналасқан. 

Арыстан  баб  кесенесі  −  ортағасырлық  сәулет  өнері 

ескерткіші.  Кесене  Отырар  қаласының  гүлденіп  тұрған  кезінде 

ІХ−Х ғасырларда тұрғызылған. 

Ахмет  Йасауи  кесенесі  –  Қарахан  дәуірінде  (ХII  ғ.),  кейін 

оның 

қираған 


іргесіне 

Әмір 


Темірдің 

бұйрығымен                   

ХІV  ғасырдың  аяғы  ХV  ғасырдың  басында  тұрғызылған  сәулет 

өнер  ескерткіші.  Ол  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  теңдесі  жоқ 

зәулім  күмбезді  кешенді  ғимарат.  Оның  төңіріндегі  қосалқы 

құрылыстар  (мешіт,  монша,  т.б.)  біртұтас  архитектуралық 

ансамбль құрайды. 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

180 



426-тапсырма.  Төмендегі  синоним  сөздерге  сөйлем 

жазыңыздар. 

 

Әдемі, әсем, көрікті, келбетті, ажарлы; 



Қашық, шалғай, алыс; 

Жат, бөтен; 

Тез, шапшаң, лезде, жылдам; 

Ежелгі, көне, ескі, бұрынғы; 

Ескерткіш, көне мұра, мирас, жәдігер; 

Алғашқы, бірінші, тұңғыш; 

Құру, қалау, орнату, салу; 

Қала, шаһар, кент;  

Өлке, аймақ, өңір. 

 

427-тапсырма.  Мәтінді  бірнеше  бөлімге  бөліп  оқып, 

әңгіменің негізгі идеясын және бірнеше тірек сөз жазыңыздар. 

 

Үлгі: Әңгіменің негізгі идеясы  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 



_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ _ _ _ _ _ _ Тірек сөздер _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _  

 

428-тапсырма.  «Сәулет  өнерінің  бүгіні  және  болашағы» 

тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңыздар. 



 

429-тапсырма.  Баспасөз  материалдарынан  сәулет  өнеріне 

байланысты мақала оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіздер



 

430-тапсырма.  Мына  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  сөздік 

дәптерлеріңізге  жазып,  есте  сақтауға  тырысыңыздар,  сөйлем 

құрастырыңыздар. 

 

кесене 

мұра 

ою-өрнек 

берік тас 

кешенді ғимарат 

мешіт 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау