Қазақ тілі
153
11. Киім үлгісі 12. Тұтынған бұйымдар 13. Сыртқы былғары 14.
Тауешкі мүсіні 15. Алтын жүзік 16. Адам бейнесі 17. Құс
тұмсығы 18. Күміс ожау 19. Рун таңбасы 20. Зерделеп тану 21.
Өте көне 22. Түркі тектес 23. Жігіттің денесі.
346-тапсырма.
Топ
болып
төмендегі
сауалнаманы
толтырыңыздар,
қорытындысын
шығарып,
нәтижелерін
талқылап, пікір алысыңыздар.
Сұрақтар
әрдайым
өте
жиі
еш
уақытта
сирек
кейде
Ана тілінде кітап
оқимын
Газет-журнал-
дарды оқимын
Халық әндері мен
музыкасын
тыңдаймын
Телехабар көремін
Ұлттық қолдан-
балы өнерге
ынталымын
Мұражайлар мен
көрмелерге
барамын
Театр қойылымы-на
барамын
347-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша
баяндаңыздар.
348-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін
аударыңыздар.
Қоғам байлығы, тиімді пайдалану, жер қойнауы, тірі ағза,
ыдырауы кезінде, қорықтар, зардап шегу, көмек көрсету.
349-тапсырма. Мәтінмен танысыңыздар, мәтін бойынша
сұхбат құрастырыңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
154
Қазақ халқының қала салу тарихының тамыры өте тереңде
жатыр. Қалалардың сулы, әрі нулы Сыр және Жетісу бойында,
Жайық пен Ертіс, Сарыарқаның төсінде орын тепкенін, қала
салу
өзендер
мен
жайлы
тау
қойнауларында
қанат
жайғандығын, бұл дәстүр ерте орта ғасырда іргелене дамып,
орта ғасырда шамасы 300-ден аса шаһар (қала) болғандығын
көптеген ғалымдардың зерттеулері дәлелдеп отыр. Ұлы Жібек
жолы бағытында ғана 100-ден астам қалалар мен кенттер, ірі
елді мекендер болғанын жоққа шығара алмады.
Х ғасырда тек: «Әмудария мен Сырдария өзендерінің
аралығында
300-ге
жуық
қала
орналасқан»
(Бернули).
Қазақстанның қай жерінде болмасын ерте және орта ғасырларда
дамыған,
кейіннен
шапқыншылықтың,
жауынгершіліктің
уақытында топырақ астында қалып, құм басып кеткен қалалар
мен елді мекендер өздерінің байыпты зерттеушілерін күтуде.
«Топырақ қала», «Күйік қала», «Қорған қала», «Заңғар
қала» және тағы да осыған ұқсас атаулар – соның дәлелі.
(Көмілген ашылса бұл қазыналар, кім бізді көшпелі деп басына
алады – Рахмет Аяпбергенов).
350-тапсырма. Мәтіннен шылауларды тауып, мағынасына
қарай ажыратыңыздар.
351-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздердің қажетті
формасын келтіріп, жазыңыздар.
Қазақ (халқы) қала салу (тарихы) тамыры өте тереңде
жатыр. 2 (Қалалар) сулы, әрі нулы Сыр және Жетісу бойында,
Жайық пен Ертіс, (Сарыарқа) төсінде орын (тепкен), қала салу
өзендер мен жайлы тау қойнауларында қанат (жайған), бұл
дәстүр ерте (ортағасыр) іргелене дамып, ортағасырда шамасы
300-ден аса шаһар (болған) көптеген (ғалымдар) зерттеулері
дәлелдеп отыр. 3. Ұлы Жібек жолы (бағыты) ғана 100-ден астам
қалалар (болған) зерттеушілер жоққа шығара алмады. 4.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің (аралық) 300-ге жуық қала
орналасқан.
352-тапсырма. Мәтінмен танысыңыздар.
Қазақ тілі
155
Бекет Ата – сәулетші
«Бекет – Ата Мырзағұлұлы(1750-1813) – халық батыры,
абыз, көреген, сәлетші. Туып-өскен жері – Жем өзені бойындағы
Ақмешіт − Құлжан, Маңғыстау өңірі. Мүрдесі Маңғыстауда −
Оғыландыдағы өз мешіт-ғимаратына қойылған. Бекет-Ата тегі −
Абайдың Келімберді-Мұңал-Жаулы-Жаулы-Қосқұлақ-Жаналы-
Мырзағұл деген әулеттері. Өз әкесі инабатты, момын, шаруа
адамы болыпты. Бекет − Ата жастайынан оқу-білімге құмартып,
білім іздеген, өз еңбегімен күнелткен жігерлі, қайсар, ерекше
дарынды, көріпкел, әулие адам болған. Хорезм ойында
Пақыржан
қажыдан
оқыған.
Жем
бойынан
(Ақмешіт),
Бейнеуден, Баялыдан, Оғыландыдан жерасты медресе-мешіттер
жасап, бала оқытқан. Ел тәуелсіздігі үшін басқыншы,
шапқыншыларға қарсы жорықтарға қатысып, ақыл-кеңес беріп
қол бастаған. Бекет − Ата жерасты ғимараттарын қашап
жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан ежелгі сәулетші.
Бекет − Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбек-
сүйгіштік, абыз-көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше
танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі
өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет-Ата өмірін, оның
қысылғанға жар болған ерекше қасиет-қадірін, әулиелігін
ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ұластырған».
353-тапсырма. Бекет-Ата сияқты сәуегейлілігімен аты
шыққан қандай әулие адамдарды білесіздер? Көріпкелдік
қасиеттері туралы ғылымда қандай болжамдар бар? Жерасты
ғимараттары туралы не білесіздер?
354-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар.
«Бекет-Ата – халық батыры», «Бекет-Ата абыз көреген»,
«Бекет-Ата – сәулетші».
355-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.
Бекет-Атаның білімдарлық, батырлық...
Өз әкесі...
Ел тәуелсіздігі үшін...
Халық оны...