Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет50/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

150 



сақтары  (төбе  бөрік  киетін  сақтар),  және  парадарайя  сақтары 

(теңіздің ар жағындағы сақтар). 

Төбе  бөрікті  сақтарды  Геродот    ортокари-бантилер  деп 

жазады.  Бұлар  Тянь-Шань,  Тарбағатай,  Алтай  тауларының 

солтүстік  баурайларындағы    шүйгінді  өңірлерін,  Жетісу 

жерлерін жайлаған. 

1970  жылы  көктемде    Алматы  қаласының  жанында  Есік 

қалашығынан “төбе бөрікті” сақтардан алтын киімді бір   “өкілі” 

табылды.  Осындағы  Есік  өзенінің    маңында  сақтардың    қолдан 

тұрғызған төбе-төбе  қорған зираттары көп. Олардың бір қатары 

саяжайлар  арасында  қалған.  Сол  қорған  төбелердің  бірін  

қалашыққа  кіре  беріс  тұстан  автобаза  салу  амалсыз  бұзатын 

болғандықтан, оған археологтар шақырылады.  

Арнаулы  мамандар  тобына  бұған  дейін    он-он  бес  жыл  

бойы  көне  сақ,    үйсін  мәдениетін  зерттеумен  шұғылданып  

жүрген ғалым  Кемел Ақышев  басшылық жасайды. 

Алтын киімді сақ “өкілі”  жатқан  қорған-төбенің  биіктігі 6, 

диаметрі  60  м  екен.  Көлемі  8600  текше  метр.  Мұндай  дәстүрлі  

құрылысты  бір  күнде    қолдан  тұрғызу    үшін  3−4  мың  адам  таң 

атқаннан    күн  батқанға  дейін  құмырсқаша  қыбырлап  жұмыс 

істеу керек көрінеді. Қорғанның “Алтын адам”  бөлме камерасы 

Тянь-Шань бөренелеріне қиюластырып жасалыпты. Сақ бекзадасы 

салт  атты  жауынгерге  тән  үрдісте  салтанатты  киіммен 

жерленген екен. 

Бұл  жаңалық    туралы алғашқылардың   бірі  болып  жазушы 

Мырзабек  Дүйсенов  жазды.  Оны  “Ғажап жаңалық”  деген  айдар 

койып, “Алтын киімді адам” атты тақырыппен “Қазақ әдебиеті” 

газеті жариялады. 

Сақ  бегзадасының  “Алтын  адам”  деген  “лақап  аты”  осы 

газет  тақырыбынан  кейін  шықты.  Жазушы  ғасырлар  қойнауы-

нан    шыққан  кісінің  киім,  бұйымдарын  өз  бабаларымыз    киім 

үлгілерімен, тұтынған бұйымдарымен салыстыра отырып суреттейді: 

“...  Бас  киімнің    өзі  ғажап:  биіктігі  50  сантиметрге  жетеді. 

Қоқайма  киіз  қалпақтың  сырты  былғары,  былғарыға  алтын 

әшекейлер  жапсырылған.  Мүйізді  таутекенің  басы,  аш  белі 

иілген барыстың, тауешкінің  мүсіні қазіргі қазақтардың алаша, 

текеметтерінде  кездесетін  ою-өрнек,  ұзынша  келген  қамыстың  

құрағы  сияқты    жұқа  алтын  жолақтар  бас  киімді  өте  бір 




Қазақ тілі 

 

 



151 

салтанатты көрсетеді... Жігіттің оң қолында екі алтын жүзік бар 

...  Жүзіктің  үстіңгі  жалпақ  жағында    қырынан  түскен  адам 

бейнесі бар. Бұл әсілі  әскербасы  жігіттің мөрі болса керек. Ол  

осы  қолымен  қылыш  ұстап  жатыр.  Денесінің  оң  жақ  иығының 

үстінде  күміс  табақ,  құс  тұмсықты  сабы  бар  күміс  қасық  пен 

күміс ожау жатыр. Күміс ожаудың түбінде 26 жазу  таңбасы бар. 

Рун жазуы ”. 

Автор  “алтын  киімді  адам”  туралы  мәліметті  археологтар 

тобы  жетекшісінің  сөзімен  келтіреді:  «...  –  Алдын  ала 

тексергенімізде  бұл    18  жасар  жігіттің    денесі  болып  шықты,  − 

деді  Кемал,  −  жастай  өлгеніне  қарағанда  не  соғыста,  не  бір 

қастандықпен  өлтірілген болуы керек. Өзі каһанның баласы, әрі 

әскер басы ма деп ойлаймыз. Мынау оның сән-салтанатқа киетін 

киімі. Бәрі де таза алтын. Бас сүйегін антропологомыз  тексеріп 

шықты.  Антропологиялық    және  физикалық  типі  жағынан  осы 

күнгі қазақтарға келеді».  

 «Алтын  адамның»  күміс  зереншісіндегі    рун  таңбалы  

жазуды алғаш өзінше оқып, баспасөз  бетінде жариялаған Олжас 

Сүлейменов  болды.  Орхон-Енесей  ескерткіштерінің    таңбаларына 

ұқсайтын  бұл  жазуды  мұнан  кейін  Алтай  Аманжолов, 

Ғайнеддин Мұсабаев секілді белгілі  түрколог ғалымдар, өзге де 

зерттеушілер  зерделеп  танып,  сақтардың  өте  көне    түркі  тектес  

тілде сөйлегеніне айғақтар табылатынын дәлелдейді. 

 

337-тапсырма.  Мәтінді  мағыналық  бөлімдерге  бөліп, 

тақырыпша қойыңыздар. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар. 

 

338-тапсырма.  «Алтын  адам»  мәтіні  бойынша  берілген 

мына сөздерді жазып алып, естеріңізде сақтаңыздар. 

 

шүйгінді өңір – қалың өскен шөбі, суы мол жер. 



текше – квадрат 

қию – заттың жігі, ұштасқан жері 

қиюластырып – қиюын келтіріп, сәйкестендіріп 

лақап аты – жасырын, жалған аты 

аш бел − жіңішке бел 

иілген − майысқан 

айғақ – дәлел, айқын 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

152 



339-тапсырма.  Мәтін  бойынша  тұйық    етістікті  сөздерді 

тауып жазыңыздар. 

 

340-тапсырма.  «Көне  ескерткіштер»  тақырыбына  жоба 

құрастырыңыздар. 

 

341-тапсырма. Сұрақтар бойынша әңгімелесіңіздер. 

 

1. «Алтын адам» туралы қандай мағлұматтар білесіздер? 



2. «Алтын адамды» мұражайдан көрдіңіздер ме? 

3. Қандай әсер алдыңыздар? 

4.  Қазақстандағы  қандай    тарихи-мәдени  орындарды 

білесіздер? 

5. Өзіңіз тұрған өлкедегі ескерткіштер жайында білесіз бе? 

 

342-тапсырма.  Сын  есімнің  шырайлары  бойынша  төмен-

дегі сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар. 

 

Үшкір, өткір, биік, аласа, жуан, сүйір, жіңішке, сирек, жиі, 



көп,  жалпақ,  қалың,  ұзын,  қысқа,  тегіс,  қисық,  шолақ,  жеңіл, 

ауыр. 


 

343-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңыздар. 

 

Дәу қара құс көрінді, 



Көзінің жасы төгілді. 

 

344-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар. 

 

Айта-айта жақ талды, 



Қайта-қайта жатталды. 

Қайта-қайта жақ талды, 

Айта – айта жатталды. 

 

345-тапсырма. 

Сөз 

тіркестеріне 



күрделі 

сөйлем  


құрастырыңыздар, аударыңыздар. 

 

1. Сақ тайпасы 2. Шүйгінді өңір 3. Алтын киім 4. Арнаулы 



маман  5.  Үйсін  мәдениеті  6.  Басшылық  жасау  7.  Құмырсқаша 

жыбырлап  8.  Тән  үрдіс  9.  Салтанатты  киім  10.  Ғажап  жаңалық 




жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау