Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

37 
 
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру 
бойынша «Сабақтан кейінгі мектеп» республикалық жобасы 
Сабақтан  тыс  қызмет  –  оқушылар  мен  ересектердің  ерікті, 
мақсаттылықты  ұғыну,  харекетшіл  және  шығармашыл  тіршілік 
әрекетінің үдерісі. 
Сабақтан  тыс  жұмыс  –  мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінің 
құрылымдық  бөлігі,  білім  алушылардың  бос  уақытын  ұйымдастыру 
түрлерінің  бірі.  Сабақтан  тыс  (сыныптан  тыс)  жұмыстың  бағыттары, 
түрлері  және  әдістері  балаларға  қосымша  білім  берудің  бағыттары, 
түрлері және әдістерімен тәжірибелі түрде сәйкес келеді. 
Ағымдағы жағдай 
Мектептегі  қосымша  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дамымаған. 
Мектептегі  сабақтан  тыс  жұмыс  жаңашылдықты,  жаңа  түрлерді, 
үйірмелер,  клубтар,  студиялар,  элективті  курстар,  мектептегі  ғылыми 
ұйымдардың бағдарламаларының жаңаруын талап етеді. 
Жобаның идеясы:  
Әрбір 
мектепте 
білім 
беру 
үдерісінің 
көпшілік 
қатысушыларының қызығушылықтарына жауап беретін мектептен тыс 
орта  құру.  Білім  алушылар  мектепке  тек  пәндік  сабақтарға  ғана  емес, 
сондай-ақ сабақтан тыс уақытта өткізілетін сабақтарға да бару керек. 
Жобаның мақсаты: 
Сабақ,  сабақтан  тыс,  мектептен  тыс  қызмет  пен  білім  мен 
жанұяны  ұйымдастырудағы  бірлескен  педагогикалық  жұмыс  бірлігі 
білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуды қамтамасыз етуге 
жағдай жасайды. 
Жобаның міндеттері: 
қосымша  білім  берудің  таңдаулы  саласында  тұлғаның 
шығармашылық өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі іске асыруға бағытталған 
оңтайлы әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік орта құру; 
ұлттық  және  жалпы  адами  құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибе 
жетістіктері  негізінде  тұлғаның  дамуы  мен  кәсіби  қалыптасуына 
бағытталған  қосымша  білім  беруді  сапалы  алу  үшін  қажетті  жағдай 
жасау; 
тұлғаның  шығармашылық,  рухани,  физикалық  мүмкіндіктерін 
дамыту, және олардың қабілеттерін іске асыру; 
тұлғаны  белсенді  азаматтық  ұстаным,  республиканың  қоғамдық-
саяси,  экономикалық  және  мәдени  өмірге  қатысу  қажеттіліктігін 
қалыптастыру,  тұлғаның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  қатынасын 
ұғынуға тәрбиелеу; 
формалды  емес  тілдесу,  қарым-қатынас  және  ынтымақтастық 
тәжірибесін дамыту; 


38 
 
мектептегі  қосымша  білім  беру  жүйесінде  әр  түрлі  оқу 
бірлестіктеріне  қосу  есебінде  білім  алушылардың  ұстанымын 
меңгеруге көмек көрсету. 
Жобаны іске асырудың механизмдері: 
1) 
мемлекеттік жалпы міндетті бастауыш, негізгі және жалпы 
орта  білім  беру  стандарттарына:  «Білім  алушылардың  сабақтан  тыс 
қызметін ұйымдастыру» бөлімімен толықтыру қажет; 
2) 
жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  қосымша  білім 
берудің  бағдарламасы  бойынша  сабақтан  тыс  уақыттағы  сабақ  үшін 
аптасына                      4 академиялық сағат қарастырылған. Қосыша 
білім  берудің  мектептен  тыс  ұйымдарында  аптасына  6  академиялық 
сағат қарастырылған; 
3) 
сабақтан  тыс  уақытта  қосымша  білім  беру  пәндік  білімді 
кеңейтеді,  жаңа  компоненттерді  қосады,  тұлға  білімін  көбейтеді, 
таным,  еңбек  және  тілдесудің  жаңа  құралдарын  жарақтандырады, 
балалардың әлеуметтік-мәдени және білім беру қажеттіліктері есебімен 
білім беру қызметінің уәждемесін күшейтеді; 
4) 
білім 
алушылардың 
мектептен 
тыс 
қызметін 
ұйымдастыруда мектептің, балаларға қосымша білім берудің мектептен 
тыс ұйымдары және мідениет пен спорт ұйымдары қолданылады; 
5) 
әрбір мектеп өздігінен оқушылардың қызығушылығын, ата-
аналар  мен  педагогтердің  қалауларын  есепке  ала  отырып  балалармен 
жұмыс істеудің бағытын таңдайды; 
6) 
сабақтан  тыс  сабақтардың  түрлерін  таңдау  білім 
алушылардың  қажеттіліктеріне,  педагогикалық  кадрлардың  құрамына, 
педагогтердің  жеке  мінез-құлқы  мен  кәсіби  дайындығына,  біріккен 
қызметтің мақсаты мен мазмұнына, мектеп пен қосымша білім берудің 
мектептен  тыс  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасына  және 
т.б. байланысты; 
7) 
іс-шараның  тиімді  түрлеріне  мерекелер,  фестивальдар, 
байқаулар,  акциялар,  біріккен  жобалар,  ұжымдық-шығармашылық 
жұмыстар,  тренингтер,  экспедициялар,  табиғатты  қорғайтын  іс-
шаралар және т.б. болуы қажет. 
8) 
мектептегі  қосымша  білім  беру  оқушыға  жаңа  достар 
табуға, жағдайды өзгерту мен тілдесу ортасын табуға көмектеседі. Бос 
уақытты  пайдалы  істерге  кетеді,  ал  табыстарға  қол  жеткізгенде 
баланың  өз-өзіне  деген  бағасы  жоғарылайды  және  тағы  да  үлкен 
жеңістерге қол жеткізуге ықыласы ашылады; 
9) 
бала  дамуының  негізгі  тұлғалық  параметрлері  –  оның 
жалпы  адами  құндылықтарға,  гуманизм,  парасаттылық,  креативтілік, 
белсенділік,  жеке  намыс  сезімі,  пікір  айтудағы  тәуелсіздікке  бағдары. 
Осы  қасиеттерді  дамыту  деңгейі  қалыптасқан  әлеуметтік  құзыреттілік 


39 
 
пен  тұлғаның  әлеуметтік  қалыптасуының  көрсеткіші  ретінде 
қарастыруға болады. 
Жобаны іске асырудың қадамдары: 
ҚР БҒМ: 
1.  МЖМББС  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру 
бөлімдеріне  «Білім  алушылардың  сабақтан  тыс  қызметін 
ұйымдастыру» толықтыру; 
2.  Вариативтік  және  мектеп  компоненттері  есебінде  мектепте 
сабақтан тыс уақытта қосымша білім беру бағдарламалары бойынша – 
аптасына  –  4  академиялық  сағат,  мектептен  тыс  ұйымдарда  –  6  сағат 
қарастыру; 
Білім беру ұйымдарына
1. Мектептен тыс қызмет бағдарламаларының тізімін құру 
2. Мектептен тыс сабақтар өткізу үшін кадрлар іріктеу 
3. Мектептен тыс қызметтің жұмыс бағдарламаларын әзірлеу 
4. Материалдық-техникалық жабдықтауды бекіту 
5.  Ата-аналарды  мектептен  тыс  қызмет  жүйесі  туралы 
ақпараттандыру 
6.  Білім  алушылардың  мектептен  тыс  қызметінің  сабақ  кестесін 
құру 
Күтілетін нәтижелер: 
• 
мектептен  тыс  қызмет  жүйесінде  өзін-өзі  анықтау 
үдерісіндегі әрбір оқушының даралығын дамыту; 
• 
оқушылар  әлеуметтік  норма,  әлеуметтік  шынайылық  пен 
күнделікті өмірді түсінуге иелену; 
• 
оқушыларды  қоғамның  негізгі  құндылықтарына  (адам, 
жанұя,  отан,  табиғат,  әлем,  білім,  еңбек,  мәдениет)  позитивті  қарым-
қатынас  және  жалпы  әлеуметтік  шынайылыққа  құнды  қарым-қатынас 
қалыптастыру; 
• 
өз  мектебіне,  кіші  отанына,  еліне  құрметпен  қарауға 
тәрбиелеу; 
• 
оқушылардан  өз  бетінше  әлеуметтік  қызмет  тәжірибесін 
алу; 
• 
оқушылардың  коммуникативтік,  этикалық,  әлеуметтік, 
азаматтық  құзыреттіліктерін қалыптастыру; 
• 
балаларда  әлеуметтік-мәдени  ұқсастықты  қалыптастыру: 
этникалық, мәдени және т.б.; 
• 
балаларда  төзімділікті,  салауатты  өмір  салты  дағдыларын 
тәрбиелеу; 
• 
азаматтылық  пен  патриоттылық  сезімін,  құқықтық 
мәдениет, кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау