46
қамтамасыз
етеді.
«Жібек
жолы»
клубының
жұмысында
экскурсия,
жорықтар сияқты сабақтан тыс қызмет
формалары қолданылады.
4.
«Ата-балардың
тарихи
мұрасы.
Ескерткіштер»
бағытының
мақсаты азаматтық тұлғасын және ел
патриотын
қалыптастыру,
білім
алушыларда
азаматтылық
пен
патриоттылықты қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Аталған бағыт мектепте оқу пәндері, пәндік үйірмелер, шығармашылық
кештер, тарихи, мәдени-этнографиялық тақырыптар арқылы жүзеге
асырылады, өнер қайраткерлерімен кездесу және сабақ-экскурсиялар
Тұңғыш Президент мұражайы, Президенттің мәдени орталығы,
АЛЖИР саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражай-мемориалдық
кешенінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайымен
Украинадағы Қазақстан жылына арналған «Екі ел мен екі халық
диалогы» тақырыбында «Достық көпірі», ҚР ғарышкері Т.О.
Әубәкіровпен, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізілді.
5.
«Өз елінің патриоты» бағытының мақсаты білім
алушылардың азаматтық, және патриоттық тәрбиесіне бағытталған іс-
шаралардың тиімді жүйесін әзірлеу болып табылады. «Отанына
берілген ұлдар» әскери-патриоттық мерекесі, Республикалық Ұлан
сарбаздарымен кездесулер, «Жарқыл» әскери-патриоттық ойыны,
Азаматтық қорғаныс күні, сап және әндер байқауы, балалар ұйымына
қабылдауға арналған салтанатты сапқа тұру, «Ер дәрежесіне көтеру»
сынып сағаттары, сұхбаттар, викториналар, интеллектуалдық-
танымдық ойындар, «Біздің ту – біздің абыройымыз», «Біздің ту
жоғары, біздің ту керемет», «Олар ел әнұранын жазды», «Менің елімнің
рәміздері» байқаулары білім алушылардың сабақтан тыс қызметінің
дәстүрлі мерекелеріне айналды.
6.
«Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлер» қоғамда
тұлғаның сәтті түрде өзін-өзі жүзеге асырудың негізгі құрамдас бөлігі
ретінде Ұлттық педагогикаға, отбасы тәрбиесінің дәстүріне сүйене
отырып болашақтағы отбасы өміріне қыз бен ер баланы дайындау,
білім алушыларды отбасы институтына нақты оң қатынас
қалыптастыруға бағытталған.
Өзін-өзі тану сабақтары, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,
«Мен, сен, ол, біз тату отбасымыз», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны»
мерекелері, «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Адамға қуаныш сыйла»
акциялары, «Қайырымды істер мектебі» іскерлік ойыны, халықаралық
әйелдер күні, Ұстаздар күні, балаларды қорғау күндеріне арналған
47
мерекелер, «Бақытты адамның ережесі» рөлдік ойыны, «Менің ер/әйел
идеалым» турнирі, «Ата-аналарға қамқор болу – әр адамның ар-
намысы», «Қыз өссе елдің көркі», «О, махаббат сен әлі тірісіңбе?!»
тақырыптық сынып сағаттары, «Шиеленіс», «Байланысу», «Мен және
этикет» сұхбаттары, «Өзіңді таны», «Менің қалауым», «Мен туралы
айтшы» психологиялық сұхбаттары, «Жігіт сұлтаны», «Қыз аруы»,
«Арулар мен арыстар» байқаулары – білім алушылардың сабақтан тыс
қызметінің формалары.
Өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдаланудың мәселелері жан
жақты тәрбиелеу мен даму мақсаты қоғамға әрдайым маңызды болды.
Балаларды тәрбиелеу өз қызметтерінде қай уақытта да шығады. Алайда
бұл тәрбиені сабақ уақытынан бос уақытта жүзеге асыру өнімді.
Осылайша оқушылардың сабақтан тыс уақыты мәдени-шығармашылық
қызмет пен рухани-адамгершілік басымдылыққа, сана-сезімнің
жоғарғы деңгейіне бағытталған.
№ 37 мектепте білім алушылардың сабақтан тыс қызметі үшін
жағдайлар жасалған.
Мектептің аталған бағыт бойынша барлық жұмыс жүйесі
мүмкіндік беруге шақырады:
балалардың еркін таңдалған бағдарламалары, бірлестіктері,
олардың табиғатына жақын, ішкі талаптарына жауап береді;
білім беру сауалдарын қанағаттандыруға көмектеседі, өзінің
табысты екндігін сезінеді, таланттарын, қабілеттіліктерін іске асырады
және дамытады;
өмірлік және әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді болу, өз
таңдауына жауапты бола алу;
өз елінің белсенді азаматы болу, табиғатты жақсы көру және
қорғай білу, әлемде бейбітшілікті сақтауға күресуде белсенді өмірлік
ұстанымға ие болу.
Мектептің педагогикалық ұжымы жасаған «Мәдени мұра»
бағдарламасы елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы «Мәдени
мұра» мемлекеттік бағдарламасын тәжірибелі түрде жүзеге асыру
болып табылады. Тек отбасына, мектепке, қалаға, елге және
дәстүрлерге махаббат арқылы тәрбиелеуде ғана біз өз Отанының
азаматын, патриотын тәрбиелей аламыз.
Рудный қаласы әкімдігінің № 10 мектеп-гимназиясының
сабақтан тыс қызметі тәрбие жұмысын дамыту факторы ретінде
Бүгінгі күнде формальдық білім беру жүйесі оқшауланған
болсада, әрдайым дамып отырған технологиялық, әлеуметтік және
экономикалық өзгерістерге сәйкес келмейді деп ғылыми тұрғыда
48
дәлелденген, сондықтан оны формальды емес білім беру тәжірибесі
байытылып отыру керек.
«Сабақтан тыс қызмет» бөлімінің бағыттары бойынша сабақты
ұйымдастыру мектепте білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып
табылады және білім алушылардың дамуына бағытталған сабақтардың
кең спектрын таңдауға мүмкіндік береді.
№ 10 мектеп-гимназиясының ұжымы тұлға қажеттіліктерін
қанағаттандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім
алушылардың күннің екінші жартысында пайдалы бос уақыт
инфрақұрылымын құруға ұмтылады. Білім алушыларға жеке
қызығушылықтарды дамытуға, жаңа өмір кезеңінде әлеуметтілікті сәтті
өту, мәдени нормалар мен құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін
ерекше
білім
беру
кеңістігі
құрылған.
Бастауыш
сыныптары
мұғалімдерінің, қосымша білім
беру
педагогтерінің,
дене
шынықтыру және бейнелеу өнері
мұғалімдерінің арқасында мектеп
білім алушылардың сабақтан тыс
қызметті
тиісті
деңгейде
ұйымдастыра алды.
Мектептен тыс қызмет пен балаларға қосымша білім беру
арасындағы байланыстырушы түйін факультативтер, мектептің ғылыми
қоғамдары, үйірмелер, таңдау бойынша оқу курстары сияқты іске
асыру формалары болады. Сабақтан тыс білім беру қызметінің барлық
қызметтеріне негізгі критерийлерді жатқызу үшін осы қызметтің
мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ оның жұмыс мазмұны мен әдістері
кіреді.
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудағы негізгі міндеттер:
әртүрлі қызмет түрлеріне білім алушылардың қызығушылықтары,
икемділіктері, қабілеттіліктері, мүмкіндіктерін анықтау;
сабақтан тыс қызметтің таңдалған саласында баланың жеке
дамуы үшін жағдай жасау;
білім
алушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру;
қызметтің таңдалған бағытында білім, білік, дағды жүйесін
қалыптастыру;
шығармашылық қызметті, шығармашылық қабілет тәжірибесін
дамыту;
алынған білім, білік және дағдыны жүзеге асыру үшін жағдай
жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |