Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

31 
 
мектеп  жарғысына  қосымша  білім  беру  блогын  ұйымдастыру  жөнінде 
бап енгізу керек. 
Бұл  бап  әр  мектепте  іске  асырылатын  қосымша  білімнің  білім 
беру  бағдарламаларының  мазмұны  мен  түрі  анықталғыш  бағыты  бар  
аса  маңызды  жеке  сипаты  болады.  Сонымен  қатар,  тұжырымында 
бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:   
•  білім  беру  ұйымдары  қандай  мақсатпен  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларын  (тұлғаның  жан-жақты  дамуы,  өздігінен  білім  алуда 
балалардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  оқытуда  бейіндікті 
қамтамасыз ету және т.б.); 
•  мектептерде  балаларға  қосымша  білім  беру  қандай  бағыттарда 
жүзеге асырылады
• 
оның 
мазмұны 
қандай 
бағдарламалардың 
(үлгілік, 
модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады
•  балалар  бірлестіктерде  (үйірмелер,  клубтар,  студиялар, 
секциялар  т.с.с.)  қосымша  білім  беру  аясында  білім  беру  үдерістері 
қандай нысанда іске асырылады
• қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады
•  педагогикалық  қызметтерге  осы  бағдарламаларды  іске  асыру 
үшін кім жіберіледі;  
• мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, 
тегін, аралас) іске асырылады?   
Бапты  тұжырымдау  неғұрлым  кәсіби  тұрғыда  болуы  үшін,  оны 
дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.  
Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже  
дайындау. 
Үшіншіден,  мектеп  бір  немесе  бірнеше  арнайы  ұйымдармен  – 
балалар  шығармашылық    орталығымен  (үйлерімен),  балалар  спорт 
мектептерімен,  мұражайлармен,  кітапханалармен  тағы  с.с.  әрекеттесу 
туралы шарт жасау
Төртіншіден,  қосымша  білім  беру  блогында  жұмыс  істейтін 
барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау. 
Сонымен  қатар,  лауазымдық  нұсқаулар  олардың  мақсаттарын, 
қызметтерін,  құқықтарын,  міндеттерін,  жауапкершіліктерін  белгілейді 
және келесі жағдайларда қажет: 
•  мектептегі  қызметкердің  мәртебесі  мен  жұмысының  көлемін 
анықтау қажет;   
•  оның  кәсіби  міндеттерін  көрсеткенде,  белгісіздікті  жою  және 
қызметтердің шеңберіне шек қою. 
Білім беру үдерісін ұйымдастыру 
Қосымша  білім  беру  блогының  жұмысы  жылдық  және 
жоспарлардың  басқа  түрлерімен,  мектеп  директоры  немесе  оның 
қосымша  білім  жөніндегі  орынбасары  бекіткен  қосымша  білім  беру 


32 
 
бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.     
Қосымша  білім  беру  блогында  оқу  жылы  15  қыркүйекте 
басталады  және  ағымдағы  жылғы  25  мамырда  аяқталады.  Жазғы 
каникул  кезінде  білім  беру  үдерісін  (білім  беру  бағдарламаларында 
қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, 
түрлі  бағыттардағы  лагерлерде  және  тағы  с.с.  жалғастыруы  мүмкін. 
Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп 
күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге 
рұқсат етіледі.     
Балаларға  қосымша  білім  беру  бірлестіктеріндегі  сабақ  кестесі 
балалардың  және  жасөспірімдердің  міндетті  оқу  жұмыстарына 
қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.   
Осыған  байланысты,  әрбір  баланы  бірлестікке  қабылдағанда, 
денсаулығының  жағдайы  туралы  анықтаманы  және  таңдаған  бейіні 
бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы 
дәрігерден қорытындысын  көрсетуі қажет.    
Сабақ  кестесі  оқу  жылының  басында  білім  алушылардың  ең 
қолайлы  еңбек  және  демалыс  тәртіптерін  ескере  отырып,  педагог 
қызметкерлердің  ұсынысы  бойынша  әкімшілік  құрастырады.  Сабақ 
кестесін  мектеп  директоры  бекітеді.  Сабақтарды  ауыстыру  немесе 
сабақ  кестесін  өзгерту  қосымша  білім  беру  блогы  бойынша  әкімшілік 
келісімі  бойынша  жасалады  және  құжатпен  ресімделеді.  Мектептегі 
каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі. 
Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы: 
- бірінші оқу жылы - 12-15 адам; 
- екінші оқу жылы- 10-12 адам; 
-  үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам; 
Оқу-зерттеу  қызметіндегі  балалардың  тізімдік  құрамы  8  адам 
(мұндай  топтарда  білім  алушылардың  саны,  оқу  топтарына  қарағанда 
аздау,  4-8  адам;  сабақтар    2-4  адамнан  тұратын  топтарда  өткізілуі 
мүмкін.   
Қосымша  білім  беру  блогында  қалалық,  республикалық  және 
халықаралық  байқауларға  қатысатын  балалармен  жеке  жұмыс  жасау 
қарастырылған (аптасына 2-ден  6 сағатқа дейін). 
Жыл  бойы  сабаққа  қатысуы  төмендеген  жағдайда,  топтарды 
біріктіруге  немесе  таратуға  болады.  Бұл  жағдайда  артылған  қаражат 
балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.  
Аптадағы  сабақтардың  ұзақтығы  мен  саны  қосымша  білім  беру 
педагогінің  білім  бағдарламаларымен,  сондай-ақ  қосымша  білім  беру 
ұйымдарындағы  балалардың  қызметтерінің  тәртібі  мен  талаптарына 
сәйкес   анықталады. 
Сабақтарда  компьютерлік  техникаларды  пайдалану  Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек. 


33 
 
Бағдарламаға  сәйкес  педагогке  білім  беру  қызметіндегі  әртүрлі 
нысандарды: 
аудиториядағы 
сабақтар, 
дәрістер, 
семинарлар, 
жаттықтыру 
сабақтары, 
экскурсиялар, 
концерттер, 
көрмелер, 
экспедициялар  және  т.б.  пайдалануға  болады.  Сабақтар  бүкіл  топпен, 
сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын  топтарда немесе жеке өткізуге болады. 
Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды 
аттестаттауға  құқылы.  Тест,  сауалнама,  сынақ,  сұхбаттасу,  баяндама, 
реферат,  олимпиада,  байқау,  көрме,  конференция,  концерт,  басылым 
және т.б.  
Білім  алушыларды  балалар  бірлестіктеріне  бағдарламада 
қарастырылған  мерзімге  қабылдайды.  Мектеп  жарғысын,  Ішкі  тәртіп 
ережесін  бұзған  жағдайда  білім  алушыларды  бірлестіктен  шығарады. 
Білім  алушы  науқастанған  жағдайда  немесе  шипажайлық-курорттық 
емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.  
Оқушылардың 
қызметтері 
бірдей 
жастағы 
және 
қызығушылықтары  бойынша  әртүрлі  бірлестіктерде  (оқу  тобы,  клуб, 
студия,  ансамбль,  театр  және  т.б.)  іске  асырылады.  Бірлестіктің 
жұмысына  тізімдік  құрамына  кірмесе  де,  педагогпен  келісіп,    ата-
аналарға да қатысуға болады. 
Әрбір  білім  алушы  бір  уақытта  болатын  әртүрлі  бағыттағы 
бірлестіктерде  оқуға,  сонымен  қатар  оқытудың  бағытын  өзгертуге 
құқығы бар. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  бірлестіктеріндегі  білім  беру 
үдерісінің мазмұны.  
Қосымша  білім  беру  жүйесінде  көркем-эстетикалық,  экология-
биологиялық, 
тарихи-өлкетану, 
әлеуметтік-педагогикалық, 
дене 
шынықтыру  –  сауықтыру  және  т.б.  бағыттардағы  балаларға  қосымша 
білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады. 
Бірлестіктерде  сабақтарды  бір  тақырыптық  немесе  кешенді 
(біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.   
Кешенді  білім  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  2  немесе  одан 
көп  педагогті  тартуға  болады,  оқу  жүктемесі  қосымша  білім  беру 
бағдарламасында көрсетіледі. 
Педагог  бағдарламаның  Түсінік  хатында  көрсетілген  білім  беру 
міндеттерін, 
психологиялық-педагогикалық 
мақсаттылығын, 
санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру 
бағдарламасының  мазмұны,  оны  іске  асыру,  әдісі  мен  формасы, 
бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.  
Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын 
пайдалануға  немесе  мектеп  директоры  бекіткен  балаларға  қосымша 
білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады. 
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім 
беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек: 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау