34
дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи
қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру
үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі
өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен
қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);
формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке,
теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық
сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және
арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);
қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі —
жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі;
олардың бәрі білім алушының дене және психикалық денсаулығына
зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын
әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;
балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша
білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз:
балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы
әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық
принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың
жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;
әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға
жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен
уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.
Мектеп оқушыларының сабақтан тыс қызметі тиімділігінің
диагностикасы
Диагностиканың мақсаты – оқушылар айналысатын сабақтан тыс
қызмет түрлері тәрбиелеуіш болып табыла ма және қандай деңгейде
дегенді анықтау. Бұл сабақтан тыс салада кездесетін барынша өткір
мәселелерді анықтау және шешу үшін, тәрбиелеудің оң тәжірибесін
сараптау, жалпылау және тарату үшін жасалады.
Диагностика мәні не болуы тиіс, тәрбиелеу тиімділігін бағалау
үшін нақты нені зерттеу керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін тағы бір
мәрте тәрбиелеудің анықтамасына жүгінейік.
Тәрбиелеу – жағымды жағдайлар жасау арқылы бала тұлғасын
дамыту үрдісін басқару. Тиісінше диагностика да оқушы тұлғасын және
сабақтан тыс қызметте жасалатын тұлғаны дамыту жағдайларын
зерттеуге бағытталуы тиіс. Осыдан келіп диагностиканың үш негізгі
мәнін бөліп қарауға болады.
Бірінші диагностика мәні – бұл тәрбиеленушінің өз тұлғасы
Оқушы тұлғасын дамыту қандай бағыттарда жүреді? Ол қандай
құндылықтарға бағыт алған? Тәрбиелеу үрдісінде балада қоршаған
әлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қандай қарым-қатынастар
қалыптасады?
35
Мектеп оқушысы тұлғасында болып жатқан өзгерістерді түрлі
тәсілдер арқылы білуге болады. Бұл мектеп оқушыларының күнделікті
өміріндегі, арнайы жасалатын педагогикалық жағдайлардағы; оқушыны
адами қарым-қатынастардың күрделі әлеміне апаратын рөлдік, іскерлік,
ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік
ойындардағы,
педагогтер
ұйымдастыратын өзекті мәселелер бойынша топтық пікірталастардағы
жүріс-тұрысын және эмоционалды-адамгершілік жағдайын бақылау
болуы мүмкін. Бұл оқушының жазбаша жұмысына: күнделіктеріне,
шығармаларына, эсселеріне, мектеп газеттеріндегі мақалаларына
талдау жүргізу және т.б. болуы мүмкін.
Диагностиканың үшінші мәні – балалар ұжымы оқушы
тұлғасын дамытудың аса маңызды жағдайларының бірі ретінде
Мектептерде сабақтан тыс қызмет дәстүрлі түрде ең алдымен
ұжымда ұйымдастырылады: үйірме сыныбында, спорт секциясында,
балалардың қоғамдық бірлестігінде және т.б.
Қазіргі заманғы бала тұлға ретінде бірнеше түрлі – қызмет сипаты
бойынша, оларға балалардың ену тәсілі бойынша, осы ұжымдарда
олардың іске асыратын рөлдерінің сипаттамасы бойынша және оларда
балалардың болу ұзақтығы бойынша әртүрлі ұжымдарда дамиды.
Ұжымның оқушыға әсері көп аспектілі: өздерінің бір қасиеттері
есебінен ол тұлғаны бір сарынға түсіру, оны орташалау үрдісін
тудыруы мүмкін, ал екінші қасиеттер есебінен ол оқушының
бірегейлігін, оның шығармашылық әлеуетін дамытуы мүмкін.
Сол себепті балалар ұжымының даму деңгейін зерттеу маңызды
(А.Н. Лутошкиннің «Біздің ұжымымыз қандай?» диагностикалық
әдістемесі).
Мектеп
оқушыларының
өзара
қызмет
сипатын
диагностикалау үшін социометрия әдістемесін қолданған тиімді.
Диагностиканың үшінші мәні – бұл педагогтің кәсіби
ұстанымы, оқушы тұлғасын дамытудың тағы бір аса маңызды
шарты
Ұстаным бұл – сана мен адамның қызметінің бірлігі, бұл жерде
қызмет оның базалық құндылықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі
ретінде қатысады.
Осыған орай мынаны анықтау маңызды: тәрбие педагогтің
саналы түрде таңдап алған қызметі болып табыла ма (немесе педагог
өзіне біреумен жүктелген міндеттерді орындай ма); педагогтерде
қандай кәсіби құндылықтар қалыптасқан (немесе ондай құндылықтар
мүлдем жоқ, және педагог өзінің жұмысын немқұрайлы атқара ма)?
Сол сияқты педагогтік ұстанымның сипаты да жоғары маңызға
ие. Тәрбие берушінің бойында гуманистік немесе авторитарлы
педагогикалық ұстаным қалыптасқан ба, ол тәрбиеленушінің өзін-өзі
басқаруын бағамдай ма немесе оны өз ойларын іске асыру үшін
36
қарастыра ма? Бұл жерде педагогтің тәрбиеші ретіндегі кәсіби
ұстанымының диагностика әдісін қолдануға болады.
Сабақтан тыс қызметтегі нәтижелер мен формалардың өзара
байланыстарын, оның диагностикасын түсіну педагогтерге мүмкіндік
береді:
сабақтан тыс қызметте нәтижелер туралы айқын көріністері бар
білім бағдарламасын әзірлеуге;
белгілі бір деңгейде нәтижеге қол жеткізуге кепіл болаты
сабақтан тыс қызмет үлгілерін іріктеп алуға;
нәтижелердің бір деңгейінен келесі деңгейіне ауысу логикасын
құруға;
сабақтан
тыс
қызметтің
тиімділігі
мен
нәтижелілігін
диагностикалауға;
сабақтан тыс қызмет бағдарламасының сапасын бағалауға
(қандай нәтижеге таласады, таңдап алынған үлгілер болжанған
нәтижелерге сәйкес келе ме т.б.).
Соның арқасында, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру түрінің
біреуін мектепте жүзеге асырудың нәтижесінде тәрбие беру жүйесінің
тиімділігі мен оқушылардың әлеуметтенуі арта түсуі мүмкін, сондай-
ақ, мектеп өміріне айырықша үлес қосуға жағдай туады.
Мектептегі сабақтан тыс қызметтің елеулі сипаттамалары
мыналар:
оқушылардың білім алу мұқтаждықтарына ата-аналардың,
қоғамның, мемлекеттің бағдарлануы;
құндылықтарды баланың өзінің әрекеті арқылы қабылдауы,
мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналардың, қатарластарының және
басқа да ол үшін маңызды адамдардың педагогикалық ұйымдасқан
ықпалдастығы;
базалық құндылықтардың әртүрлі көздерін пайдалану (оқу
материалдарының мазмұны, фольклор, көркем әдебиет, фильмдер және
т.б.);
жалпы білім беретін мектептерде басым рөлге ие тәрбие беру мен
әлеуметтенудің әртүрлі субъектілері қызметтерінің бірлігі;
балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде орталық тәсілді іске
асыру.
Көп қырлы қызмет түрлері енгізілген және айналадағы өмірде
жағымды қарым-қатынас жүйесіне қосылған баланың өмірі
материалдық және рухани құндылықтар жинақтауға әсер етеді. Бұл
ретте ол тұтынушыдан материалдық және рухани игіліктер өндірушіге
біртіндеп өтуге ықпал етеді, ал ол өз кезегінде тұлғаның
әлеуметтенуінің өзегі, даму мен адамның өсуінің көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |