Дәріс 8. Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары.
Минералдық заттардың белгілі бір физикалық-химиялық және геологиялық жағдайларда түзілуі және қайта түзілуінде пайда болған бітісе өскен пішіндері, кендердің бастапқы құрылымдары деп аталады.
Кендердің бітімдер мен құрылымдары бастапқы және туынды болып бөлінеді.
Әрбір генетикалық топ типоморфты бітімдер мен құрылымдарды біріктіреді, олар белгілі процестер арқылы кендердің түзілу мен өзгеруінің куәсі болады.
Бастапқы бітімдер мен құрылымдардың генетикалық топтары
Минералдық агрегаттың, минералдық түйірдің және коллоидтық заттар түзілуі геологиялық және физико-химиялық жағдайларымен байланысты, бастапқы бітімдер мен құрылымдар төрт генетикалық топтарға бөлінеді: I- магманың дифференциация процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар; II- шөгіндінің седиментация және диагенез процестерінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар; III- таужыныстар мен кендердегі ашық қуыстарды толтыру процесінде пайда болған бітімдер мен құрылымдар; IV- таужыныстар мен кендердің метасоматиттік орынбасу процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |