Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері


I- магманың дифференциация процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар



жүктеу 0,71 Mb.
бет34/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
umkd-1

I- магманың дифференциация процесінде қалыптасқан бітімдер мен құрылымдар өзіндік магмалық кенорындарының кендер бітімдері мен құрылымдары магманың ликвация және кристалдану процестерінде қалыптасады. Магмада дифференциация қалпы кендердің құрылысы мен кенорындардың генетикалық типін анықтайды. Магмалық кенорындарды жаратылуына қарай ерте магмалық, кеш магмалық және ликвациялықтарға бөлу қабылданған. Магмалық кенорындарға, сонымен бірге кейбір ұшпа компоненттерге бай, қалдықты балқымалардан қалыптасқан пегматиттердің түрлері жатады.

Ерте магмалық кенорындарында магмадан бірінші кенді минералдар (хромит, магнетит, ильменит, сомтума платина және тобының металдары)кристалданады; таужыныс құрастырушы силикаттар (оливин, пироксендер, плагиоклаздар) бірге немесе кейін бөлінеді және ерте минералдарды кеміреді. Кенқұрастырушы минералдар осы кенорындарда идиоморфты, қаңқалы, гипидиоморфты және аллотриоморфты түйірлермен көрінеді, олар бір-бірімен бірігіп өсіп, орта түйірлік және коррозиялық құрылымдар қалыптастырады. Кен минералдардың кристалды түйірлері магмалық балқымаларда сеппелер, шағын ұялар және жолақшалар түрінде оқшауланады, сондықтан ерте магмалық кенорындарда біркелкі сеппелік, таңдақты және жолақша бітімдер типтік боп келеді.

Кеш магмалық және ликвациялық кенорындарда кен минералдары (хромит, сомтума платина, магнетит, ильменит, пирротин, пентландит, халькопирит) аса негізді және негізді магмалық таужыныстардың силикаттарынан (оливиннен, пироксеннен, плагиоклаздардан) кейін кристалданады. Сирек жағдайларда кен минералдар мен силикаттар бір уақытта кристалданады. Силикаттар түйірлері дұрыс кристаллографиялық пішінді және дөңгелек әлпетті болады. Силикаттар кристалдарының араларын және олардағы жарықшақтарын кен минералдардың аллотриоморфты тйірлері толтырады. Осындай бірігіп өскендерге ірі, орта, түйірлік құрылымдар тән (гипидиоморфтытүйірлік, порфирлілеу және аллотриомтытүйірлік). Кейбір кендердің типтерінде (титанмагнетиттік, илъменит-гема-титтік, ильмениттік, пентландит-халькопирит-пирротиндік) кенді минералдар, сидорониттік құрылым қалыптастырып, силликаттардың кристалдарын керіштейді. Магмалық кенорындарда метатүйірлік құрылымдар қосымша рөл ойнайды.

Кенді минералдар, ұшпа компоненттермен байытылған, қалдықты балқымалардан түзіледі. Осындай магмалық ошақта ликвациялық кристалдану және гравитациялық дифференциация процестерінде оқшауланатын кенді магмалар жолақтар, линзалар, қабатшалар, ұялар мен сеппелер құрайды. Силикаттар, соддан кейін кенді балқымалар кристалданғанда жолақты, ілгіштік, линза тәрізді, псевдоқабатты, нодулярлы, таңдақты және сеппелік бітімдер қалыптасады. Аталған бітімдер түрлерінің араларында біртіндеп ауысуы байқалады.

Кейде таужыныс құраушы силикаттар мен кен минералдардың түзілулерінде үзілістер орын алған, олар құыстарды толтыруға сипатты бітімдер (брекчиялық, брекчия тәрізді, ілгектік және желішектік) немесе сипатты метасоматиттік орынбасу бітімдер (реакциялық-жиектік, торлы және жұрнақтық) арқылы кенорындарда анықталады. Мұндай бітімдерде кеш агрегат кенді минералдармен құрастырылған (хромитпен, магнетитпен, пирротинмен және т.б.).

Пегматиттер минералдары, ұшпа компонентер және сирек элементтермен байтылған, қалдықты магмалық балқымадан бір уақытта немесе жуық уақытта кристалданған. Сондықтан пегматиттерде идиоморфтық, орайлы, аллотриоморфтытүйірлік, түйірлік, графикалық немесе жазба құрылымдар кең тараған. Ірі түйірлік агрегаттар, пегматиттерге тән ерекшелік болады. Ірі және зор кварц және дала шпаттар түйірлерінен құралған агрегаттың құрылымы пегматоидтық немесе блоктық деп аталады. Пегматиттерге шомбал, таңдақты, сеппелік, белдемдік және жолақты бітімдер типтік болады. Минералжаралу (пневматолиттік және гидротермалық) кеш сатыларында пегматиттерде қуыстарды толтыру (I топ) және метасоматиттік орынбасу (IV топ) бітімдер мен құрылымдар кен тараған.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау