Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет31/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75
umkd-1

а. Өзіндік кристаллобластық құрылымдар топшасы

Өзіндік кристаллобластық құрылымдар түйірлік, метатүйірлік, сынықты, жасырын кристалдық және коллоидтық құрылысты қатты күйіндегі агрегаттардың қайта кристалдану процесінде құрастырылады. Жаңа түйірлер – кристаллобластар бастапқы минералды түйірлердің және коллоидтық заттардың орнында қалыптасады. Минералды агрегатта бастапқы майда түірлік, ал содан кейін ұсақ, орта және ірі түйірлік құрылымдар дамиды. Кендердің қайта кристалдануы минералдық құрамының өзгеруі және өзгермеуімен журуі мүмкін. Әсіресе кендердің құрамы едәір өзгеруі темір, марганец, алюминий және басқа шөгінді кенорындардың метаморфизмінде жүреді.

Кристаллобластардың идиоморфты, гипидиоморфты және аллотриоморфты пішіндері минералдардың өзіндік қысылған ортаның жағдайында кристаллографиялық пішіндерін жетілдіруінің әр түрлі болуымен себептенеді және минералдың кристалдануында өсу күші мен жылдамдығы тәуелді болады. Кристаллобластарға изометриялы, дөнгелек, линза тәрізді және табақша пішіндер ең типтік болады. Кейде линза тәрізді, призмалы және табақша пішіндер бір- біріне параллел бағдарланады. Ірі кристаллобластар мен ксенобластар пойкилиттік құрылысымен сипатталады, ол басқа минералдардың ұсақ бластарының кірінділерімен көрінеді. Кейбір кристаллобластарында кірінділер байкалады, олар қатты ерітінділердің ыдырау өнімдері немесе ертерек минералдардың сынықтары болады. Бір бағытты қысымның жағдайында қалыптасқан кристаллобластарда кейде полисинтетикалық-егіздіктену құрылысы белгіленеді. Бірақ бластардың ішкі құрылысының сипатты ерекшелігі олардың толық біртектілігі болады. Төмен және орта қаттылықты (галенит, халькопирит, антимонит және т.б.) минералдар, әдетте, қайта кристалдану процесіне жеңіл ұшырайды. Өте жұмсақ минералдар, мысалы, молибденит, және өте қатты минералдар, мысалы, касситерит, қиын өзгереді. Ірі кристалды агрегаттарда кристалдардың майда түйірлі массалары, түйірлердің және егіздіктердің шекарасында немесе жарықшақтарда жаңадан жаралуын бастайды. Терең қайта кристалдану процесінде түйірлерде белдемдік құрылыс, өсу егіздіктері және эммульсиялық қатты кірінділер жойылады, агрегаттарда қатты ерітінділер, коллоидтық, метаколлоидтық, түйірлік, метатүйірлік, коррозиялық және катакластық құрылымдар жойылады. Осы топшада келесі құрылымдардың морфологиялық түрлері бөлінеді: идиморфтыбластық, қаңқалық, аллтриоморфтыбластық, гипдидоморфтыбластық, бағдарланған бластық және порфиробластық.

б. Метаколлоидтық құрылымдар

Метаколлоидтық құрылымдар туынды құрылымдар деп аталады, ол гелдердің қатты қалыпыда кристалдануынан қалыптасқан. Гелдердің қайта кристалданғанында сульфидтер, кремнезем, карбонаттар және сульфаттар әсіресе түрін қатты өзгертеді.

Сфералық, саысты, және ұзартылған агрегаттардың кристаллобластарында, шариктер, бүйректер, фестондар, желішектер, сталактатиттер, сталагмиттер және жолақшалар – жиі сәулелі және талшықты пішінді, және сфералық, жартылай сфералық және сауысты коллоидтық түзілімдердің, сыртқы келбетіне прерпендикуляр орналасады. Концентрлік-белдемді агрегаттарда бластардың радиалды-сәулелі және талшықты пішіндері кедергісіз бір белдемнен басқаға өтеді.

Онан ары радиалды-сәулелі және талшықты агрегаттардың қайта кристалдануында гранобластық құрылым қалыптасады. Коллоидттық массалардың қайта кристалдануында заңсыз орналасқан және ештемемен толтырылмаған немесе кешірек минералдармен толтырылған, бұрыс пішінді ұсақ қуыстар мен кеуектер пайда болады. Метаколлоидты агрегаттарда сфералы, колломорфты-жолақты және сауысты пішіндер сақталады, сонымен бірге кейде коллоидтық заттың концентрлік-белдемді құрылысы және кебу жарықшақтары байқалады. Осы топшаның құрылымдарының морфологиялық түрлеріне радиалдық-сәулелі және талшықтық жатады.

в. Катты ерітінділердің ыдырау құрыл ымдарының топшасы

Катты ерітінділердің ыдырау құрылым дары жиі жеке минералды түйірлердің құрылысын сипаттайды. Салыстырмал ы жоғары температурада балқымамен ерітінділер түзілген, олар құрамы күрделі минералдарда – қатты ерітінділерде байқалады; мұндай минералдар температураның жай төмендеуінде тұрақсыз болып қалады және қатты қалыпта қарапайымырақ химиялық қоспаларға ыдырайды. Басты минералдардың торында компоненттердің бір - бірі нен толық бөлуіне дейін қатты ерітінділер ыдырағанда, еріген затың атомдары немесе иондарының диффузиясы жүреді. Қатты затта басында өте жұқа ретсіз орналасқан жаңа минералдың тамшы тәрізді бөлшектері (мысалы, сфалериттегі халькопирит эмульсиясы) қалыптасады немесе қаңқалы пішінді ұсақ кристаллобластар (мысалы, халькопириттегі сфалерит жұлдызшалары ).

Жай суығанда ыдырау өнімдері басты минералдың кристаллографиялық бағыты немесе белдемдігі бойынша бағытталады (мысалы, ильмениттің жұқа табақшалары және линзашалары магнетиттің жіктілік жазықтығын бойлай орналасады; халькопириттің эмульсиясы сфалериттің белдемдік жарықшақтарын және егіздік шектерін толтырады). Осылай минералдардың бөлек түйірлерінде табақша, шарбақтық және белдемдік құрылыстар қалыптасады. Кейде ыдырау өнімдері басты минералдың шекарасына диффузиялық жылжиды және аларындағы қеңістікті бұрыс пішінді бөліктер түрінде толтырады. Осы бірігіп өскен типке пентдандит және пирротин алау тәрізді құрылымдары жатады. Ыдырау өнімдері бұрыс пішінді бөліктер және түйірлерде байқалады. Ыдырау өнімдері мен басты минералдың кірінділерінің шекарасы тұра. Қатты ерітінділердің ыдырау өнімдері құрылымдарының тек кірінділердің пішіні ғана емес, тағы басты минерал мен ыдырау өнімдерінің араларындағы сандық қатынасы тұрақты болуы сипатты ерекшелігі болады.

Кендерде қатты ерітінділердің ыдырау құбылыстары кристаллохимиялық қасиеттері жақын болғандығымен өзгешеленетін минералдарға тән, мысалы, магнетит — ильменит, пирротин — пентландит, сфалерит — халькопирит, халькопирит — кубанит, борнит — халькопирит, борнит — халькозин, платина — ирридий, халькозин — неодигинит, сфалерит — станнин, халькопирит — құлпырмалы кен, шпинель — магнетит, хромит — ильменит, гаусманит — якобсит және т.б.

Жаңа минералдың кристаллобластары басты минералмен бірігіп өскендері қатты ерітінділердің ыдырау құрылымдары деп аталады. Осы топшаға тән құрылымдарының морфологиялық түрлері: эмульсиялық,бағдарланған - эмульсялық, жұлдызша , табақша , және шарбақша , графикалық, субграфимкалық, алау тәрізді және ілгектік.

Катакластық және кластық құрылымдар

Катакластық және кластық құрылымдар кластық түйірлермен –сынықтармен сипатталады, олар динамометоморфизм немесе мору себепкерлерінің әсерінен минералдарды уату және жаншылуынан қалыптасқан. Егер кластық түйірлер ыдырамаса, бірақ уату немесе жарылған жарықшақтарымен ажыратылып турса – онда бұл катакластық құрылымдар. Егер кластық түйірлер ыдыраса ерітінділер және ауамен, немесе мұздықтармен белгілі қашықтыққа тасымалданса және жұмырланған, жартылай жұмырланған және сүйір бұрышты сынықтар қайтадан түзілсе – бұл кластық құрылымдар. Катакластық құрылымдар минералды агрегатта оның түзілуінен кейін қалыптасады, ал кластық құрылымдар дамыған минералды агрегатта, бірге пайда болады.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау