Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет29/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
umkd-1

Құрылымдардың топтары мен түрлері

Кендердің құрылымдары алты морфогенетикалық топтарға бөлінеді: түйірлік, коррозиялық, метатүйірлік, коллоидтық, кристаллобластық және катакластық (кластық).

Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар

Түйірлік немесе кристалтүйірлік құрылымдар, кристалды түйірлердің бірігіп өсуімен сипатталады, олардың пішіндері және өлшемі температураға, қысымға және ерітіндінің құрамына байланысты өзгереді. Олар магмалық ошақта, тұзды алаптарда таужыныстардың және кен балқымалардың ашық қуыстарда және сулы ерітінділердің кристалдануында дамиды. Кристалдану процесінде түйірлердің өлшемі 0,001 мм- ден бірнеше сантиметрге жететін толық кристалды агрегаттар қалыптасады. Кристалды түйірлердің пішіндері идиоморфты (сирек емес дөңгелектенген), гипидиоморфты, қаңқалы және аллотриоморфты. Ертерек бөлініп шыққан минералдардың кристалдары өте сирек дұрыс кристаллографиялық пішінді болады. Әдетте, олар қалдықты ерітінділермен кемірілген. Кристалды түйірлер біртектік, белдемдік, секторлык, егіздіктік және пойкилиттік құрылысты. Пішіндері идиоморфты (гипидиоморфты) және аллотриоморфты түйірлердің арасында ылғи коррозия құбылыстары байқалады.

Пішініне, өлшеміне және бірігіп өсуіне байланысты, агрегатта түйірлік құрылымдардың әртүрлі морфологиялық түрлері бөлінеді. Егер агрегат идиоморфты түйірлермен құрастырылған болса, оның құрылымы идиоморфтытүйірлік, ал егер барлық дерлік түйірлердің келбеті аллотриоморфты болса, сонда агрегаттың құрылымы аллотриоморфтытүйірлік болады. Әр түрлі дәрежедегі идиоморфизмі (идиоморфты, гипидиоморфты және аллотриоморфты) бар түйірлердің бірлестігі гипидиомрфтытүйірлік құрылымын көрсетеді. Мұндай бірігіп өскендерде ертерек бөлініп шыққан минералдардың кристалды түйірлерінің идиоморфты және гипидиоморфты, ал кешірек минералдардың аллотриоморфты келбеттері болады.

Ол бейкенді минералдардың (оливин, пироксендер, амфиболдар, плагиоклаздар) идиоморфты түйірлерінің кенді минералдардың (магнетит, титаномагнетит, ильменит, пирротин, пентландит, халькопирит және т.б.) ксеноморфты түйірлерімен бірігіп өскенін сипаттайды.

Әр түрлі пішінді және өлшемді түйірлері бар кристалды агрегаттарға порфирлілеу және пойкилиттік құрылымдар тән. Порфирлілеу құрылымда кешірек аллотриоморфты ұсақ түйірлердің арасында ертерек жаралған ірі кристалдар дарақтары болады. Пойкилиттік құрылымда ірі аллотриоморфты түйірлердің ішіндегі ұсақ кристалдар, ертерек түзілімдер болады.

Коррозиялық құрылымдар

Коррозиялық құрылымдар минералды агрегатта ертерек бөлініп шыққан минералдардың кристалдар түйірлерін минералжаралу процесінде, өзінің химиялық құрамын, температурасын және қысымын өзгерткен қалдықты ерітінділермен кемірілуі нәтижесінде қалыптасады. Коррозия процесінде ертерек бөлініп шыққан минералдардың әлпеті өзгереді. Осылай, мысалы, идиоморфты және гипидиоморфты кристалдардың болмашы кемірілуінен қанқалы пішіндер қалыптасады, ал теренірек кемірілгенде кристалдардан тек жұрнақтар қалады. Қалдықтардың орналасуы бойынша кейде бастапқы түйірлердің өлшемдері мен пішіндерін елестетуге болады. Мономинералды аллотриоморфтытүйірлік бөліктерінің орны басылғанда, орны басылған минералда кемірілу шекарасын бойлай көптеген жұрнақтар орналасқаны байқалады. Әдеттегідей, бұрыс пішінді түйірлермен салыстырғанда идиоморфты түйірлер орынбасуға қиындау көнеді. Кристалдардың ішкі бөлімдері, кристалдық жақтарымен салыстырғанда жеңіл орынбасылады. Кейбір жағдайда кристалдың жеке ішкі белдемдерінде таңдаулы орынбасу байқалады.

Кешірек бөлініп шыққан минералдар, қаңқалы және жұрнақты пішінді түйірлердің жарықшақтарын және кемірілу қуыстарын толтырады, ал сонымен бірге оларды керіштейді.

Деффузиялық орынбасу процесінде қалыптасқан кешірек минералдардың метасоматиттік түйірлері, кейде орны басылатын минералдың ішкі құрылысын (белдемдігін, егіздіктіктерін, жіктілік жарықшақтарын және дербестелмелерін) мұра етеді.

Коррозиялық құрылымдардың осы ассоциациясының ертерек және кешірек минералдар арасын тістік шекара сипаттайтын белгісі болады, ол кемірулік құрылымды бөлуінін негізі болды.

Коррозиялық құрылымдардың тобында келесі морфологиялық түрлер бірігеді: қаңқалық , белдемдік, жұрнақтық және кемірулік.

Парагенетикалық ассоциацияларда коррозиялық құрылымдар, минералдардың бөлініп шығуының ретін анықтауында үлкен рөл ойнайды. Олардың кристалды агрегатта таралуы түйірлік құрылымдарға қарағанда тәуелді болады.

Коррозиялық бітімдер және құрылымдар ұксас морфологиялық түрлерді иеленеді, сондықтан, зерттеушіге морфологиялық бірліктің (минералды агрегат немесе минералды түйір) бірігіп өсуінің типын дәл анықтауын қажет етеді. Морфологиялық бірліктердің пішіні бірдей болған жағдайда, коррозиялық бітімдер және құрылымдардың морфологиялық түрлеріне бірдей аттар қолданады. Коррозиялық бітімдер және құрылымдардың морфологиялық түрлерін анықтағанда гипогенді және гипергенді минералдар (бітім) агрегаттарының өзара бірігіп өскендерін немесе ерте және кешірек ассоциация минералдарының (бітім), өзара бірігіп өскендерін, бір парагенетикалық ассоциациядағы (құрылым) минералдардың және олардың түйірлерінің өзара бірігіп өскендерінен айырып алуды білу керек.

Метатүйірлік құрылымдар

Метатүйірлік құрылымдар таужыныстардың, кендердің және минералдардың орынбасу нәтижесінде, қатты ортада қалыптасқан минералды түйірлермен сипатталады. Мұндай түзілімдер метакристалдарға және метатүйірлерге бөлінеді.

Әдетте метасоматитті агрегаттарда құрамы мономинералды болады. Химиялық құрамы бойынша кейбір минералдардың метакристалдары сыйстырушы таужыныстар мен кендердің минералдарынан анық ажыратылады, мысалы, таужыныстарда пирит және кобальтин метакристалдары, немесе кварцтағы және таужыныс құрастырушы минералдардағы молибденит метакристалдары, немесе пириттегі энаргит метакристалдары. Бірақ, бұл минералдарда орны басылатын минералдардан алынған жұрнақ элементтер ылғи қоспалар түрінде болады. Кейбір элементтер (темір, титан және басқалары) жай тотықтар түрінде түзіледі және метасоматиттік агрегаттар айналасында өзіне тән ореолдар қалыптастырады, мысалы, титаномагнетиттің метасоматиттік орынбасуында пайда болған гематит агрегаттарының айналасындағы лейкоксен мен рутилдың ореолдары.




жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау