Дәріс 12. Минералдың типоморфизмі және минералдың генерациясы
Минералдың типоморфизмі – бұл жаралудың жағдайын, уақытын, әдісін белгілейтін минералдың қасиеті, сондықтан өзінің типоморфтық ерекшелігіне байланысты генезисін көрсетеді.
Минералдың генетикалық белгілері көп, бірақта олардың кейбіреуі минералдың қандай геологиялық процеске жататынын, қандай процестің стадиасы немесе парагенетикалық ассоциациясы және жаралу температурасы қандай екенін дәл көрсетеді. Бұл белгілер типоморфизм деп аталады, ал белгілі бір минералжаралудың геологиялық процесіне тән минералдар – тиморфты минералдар деп аталады. Типоморфты минералдарға мысал ретінде пегматиттің соңғы даму стадиасында жаралған поллуцитті айтуға болады. Минералдың типоморфизімін оқудағы негізгі түсінік типоморфты минералдар және минералдың типоморфты ерекшелігі болып табылады.
Типоморфты минералдар – бұл белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда жаралған минералдар.
Сол сияқты минералдар ассоциациясының типоморфизмі туралы айтуға болады, минералжаралу процесінің белгілі бір стадиасына тән. Мұндай жағдайда минералдың өзара байланысты типоморфты ерекшелігі зерттеледі, мысалға, гранат және пироксен, скарндағы плагиоклаз және скаполит.
Минералдың типоморфтық ерекшелігі – бұл пішіннің, құрамның, құрылымның және индивидттерінің қасиетерінің ерекшелігі. Егер бір минералдар, минералдар денесінде бірнеше әртүрлі жасты агрегатта кездессе, онда типоморфтық ерекшелігімен ерекшеленетін осы минералдың генерациясын бөледі.
Минералдың физикалық қасиетін, кристадық құрылымын, химиялық құрамын, пішінінің типоморфизімін бөледі. Соған сәйкес минералдың морфологиялық, химиялық, құрылымдық және физикалық типоморфтық ерекшелігін бөледі.
Морфологиялық типоморфтық ерекшелігі:
1.минерал индивидттерінің пішіні және қыры, минералжаралудың әртүрлі жағдайында сыртқы симметриясының төмендеуі немесе жоғарылауы, төбесі мен қырының пайда болуы, қаңқалы және жіптәрізді кристалдар;
2.қырының микроморфологиясы (скульптура) – штрихтары және өрнектері, өсу фигурасы, еруі, регенерациясы;
3.минерал индивидттерінің ішкі құрылысы (анатомия) – макро- және микробіртекті емес (белдемді, блокты, мозаикалы), газды-сұйық және басқа қосылыстардың сипаттамасы;
4.қосарлана және эпитакты тұтасуың сипаттамасы;
5.минералдар агрегатының жаралу сипаттамасы;
морфологиялық ерекшелігі жете зерттелген минералдар: кварц, кальцит, флюорит, касситерит, циркон және басқа.
Химиялық типоморфты ерекшеліктері:
1.стехиометрдің химиялық құрамының сәйкестілігі (мысалға пиритте), әртүрлі координацияда болатын катион мен анионның вариация құрамы;
2.минералдарда изоморфизм және микроқосылым ретінде кездесетін қосымша элементтердің құрамы (касситерит пен вольфрамиттегі ниобий және тантал, бериллдегі сілтілер, апатит және флюориттегі сирек металдар),
3.минералдардағы мынадай элементтердің изотоптағы құрамы: күкірт, көміртегі, оттегі, сутегі, қорғасын, уран;
4.минералдың гидратация деңгейі.
Құрылымды типоморфты ерекшелігі
1.құрылымның ерекшелігі, мысалға элементарлық ұяшықтың параметрі және құрылымдық тығыздығы – құрылымның компактілі коэффициенті (кварцта, гранатта);
2.полиморфизм (кремнезем, сульфид қатарының, көптеген силикаттардың) және политипизм (слюданы, молибдениттің);
3.құрылымдық деңгейі – рентгенді триклиндігі, құрылымды–оптикалық қасиеті (дала шпатында, каолинитте);
3.құрылымның дефектілігі – дислокацияның тығыздығы, вакансияның сипаттамасы,
метамикті ыдыраудың деңгейі (циркон, ортит, пирохлор).
Физикалық типоморфты ерекшелігі
1.минералдың түсі, сызығының түсі, жылтырлығы, микроқаттылығы, тығыздығы және минералдың кейбір диагностикалық қасиеттері; бериллдің,
топаздың, турмалиннің, апатиттің, гранаттың, кварцтың флюориттің, слюданың, титаниттің және дала шпаттың типоморфтық ерекшеліктері болып түсі саналады.
2.минералдың арнайы физикалық қасиеттері (физика-химиялық) –
люминеценттік (шеелит, цирконда), термолюминеценттік (кварцта, флюоритте), электрлік, электрөткізгіштік, термо-электрқозғағыштық күш (кварцта, турмалинде, бериллда, пиритте), магнитті (Кюри нүктесі, меншікті магниттілігі, туынды магнитті – магнетитте, ильменитте), термикалық, жұтылу спектрі тән (оптикалы, электронды парамагнитті резонанс, ядерлі гамма-резонанс, ядерлі квадрупольді резонанс, ядерлі магнитті резонанс), суспензияның сулы көрсеткіші;
3.минералдың кристаллооптикалық қасиеті – сыну, қосарланасыну, шағылысу қасиеті, оптикалық осьтің бұрышы, плеохроизм. Бериллдің жаралу жағдайын оның сыну көрсеткішіне қарап анықтауға болады.
Минералдың типоморфизмдерін зерттегенде аса мән беретін жағдай, әртүрлі жағдайда жаралған, табиғатта типоморфтық ерекшелігі ұқсас минералдың болуы.
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай минералдар типоморфты деп аталады?
2.Минералдың типоморфты ерекшелігін атап шығыңыз.
3.Минералдың типоморфизімін зерттегенде «сквозных» минералдың маңызы?
Достарыңызбен бөлісу: |