35
Күдікті файлдар ESET лабораторияларына тез арада талдау үшін
жіберіледі. Бұл интернетке тұрақты байланыс болғанда ұсынылады
және қауіпті файлдар кешіктірмей жіберіледі. Опцияның екіншісі
Жаңарту кезінде күдікті файлдарды жіберуге арналған. Егер осы
опция таңдалған болса, жаңарту кезінде күдікті файлдар жиналып,
Жылдам хабарлау жүйесі серверлеріне жүктеледі.
Ерекшелік сүзгісі
Талдауға барлық файлдар жіберілуге тиісті емес. Шеттетулер сүзгісі
жіберуден белгілі файлдарды/қалталарды шығаруға мүмкіндік
береді. Мысалы, құжаттар немесе электрондық кестелер сияқты
құпия ақпаратты қамтуы мүмкін файлдарды шеттетулер тізіміне
қосқан пайдалы болу мүмкін. Жиі кездесетін файл түрлері әдепкі мәні
бойынша шығарылады (Microsoft Office, OpenOffice). Егер қажет болса,
қарап шығуға қосылмаған файлдар тізімін жалғастыруға болады.
Байланыс электрондық поштасы
Электрондық байланыс поштасы күдікті файлдармен бірге ESET
зертханасына жіберіледі және талдау үшін жіберілген файлдар
туралы қосымша ақпарат қажет болған жағдайда сізбен хабарласу
үшін пайдаланылуы мүмкін. Қосымша ақпарат қажет болмайынша,
ESET лабораториясынан жауап алмайсыз.
4.9.2
Статистика
ThreatSense.Net алдын ала ескерту жүйесі компьютеріңізде жаңадан
табылған қауіптерге қатысты қол қойылмаған ақпараттарды жинайды.
Бұл ақпараттар инфильтрация атын, табылған күн мен уақытты, ESET
Smart Security нұсқасын, компьютердің амалдық жүйесінің нұсқасын
және орналасуы параметрлерін қамтуы мүмкін. Әдетте статистика
ESET серверлеріне күніне бір немесе екі рет жіберіледі.
Жіберілген статистикалық буманың үлгісі:
# utc_time=2005‑04‑14 07:21:28
# country=“Slovakia“
# language=“ҚАЗАҚ“
# osver=5.1.2600 NT
# engine=5417
# components=2.50.2
# moduleid=0x4e4f4d41
# filesize=28368
# filename=C:\Documents and Settings\Administrator\
Local Settings\Temporary Internet Files\Content.IE5\
C14J8NS7\rdgFR1463[1].exe
Жіберілетін кезі
Жіберу уақыты бөлімінде статистикалық ақпарат жіберілуі уақытын
орнатуға болады. Егер
Тез арада жіберуді таңдасаңыз, статистикалық
ақпарат жасалынған соң дереу жіберіледі. Бұл параметрлер интернетке
тұрақты байланыс болғанда ыңғайлы. Егер
Жаңарту кезінде опциясы
таңдалған болса, статистикалық ақпарат жиналып, келесі жаңарту
кезінде жіберіледі.
4.9.3
Жіберу
Бұл бөлімде файлдар және статистикалық ақпараттардың
ESET Remote Administrator құралдарымен немесе тікелей ESET
лабараториясына жіберілуін таңдауыңызға болады. Егер күдікті
файлдар мен статистикалық ақпараттар ESET лабораториясына
жеткізілгені туралы сенімді болғыңыз келсе,
ESET Қашықтағы
Әкімші құралдарымен немесе тікелеу ESET лабараториясына
опциясын таңдаңыз. Егер осы опция таңдалған болса, файлдар
мен статистика барлық қолжетімді құралдармен жіберіледі. Күдікті
файлдарды Remote Administrator құралы арқылы жіберу файлдарды
және статистиканы қашықтағы әкімшілік серверіне жібереді және
ол әрі қарай ESET компаниясының вирустық лабораториясына
жіберуді қадағалайды.
Тікелей ESET лабараториясына опциясы
таңдалған болса, барлық күдікті файлдар мен статистикалық
ақпараттар ESET компаниясының вирустық лабараториясына
тікелей бағдарламаның өзінен жіберіледі.
Жіберілуді күтіп тұрған файлдар үшін бұл терезеде
Қазір жіберу
түймесі қосылған. Егер файлдар мен статистикалық ақпараттарды
дереу жібергіңіз келсе осы түймені басыңыз.
Файлдар мен статистикалық ақпараттар жіберудің жазу опциясын
қосу үшін
Тіркелуді қосу опциясына құсбелгі қойыңыз. Күдікті файл
немесе статистикалық ақпараттардың бір бөлігін жіберуден кейін
оқиға жұрналында жазба жасалады.
36
4.10 Қашықтағы әкімшілік
Қашықтағы әкімшілік — бұл желі ішінде қауіпсіздік саясатын атқаратын
және жалпы қауіпсіздік басқаруды қарап шығуға қолжеткізуге арналған
құрал. Үлкенірек желілерге қолданғанда бұның пайдасы ерекше
маңызды. Қашықтағы әкімшілік қауіпсіздік деңгейіне ұлғаюды енгізумен
шектелмей, клиенттік жұмыс стансаларындағы ESET Smart Security
басқару барысын жеңілдетеді.
Қашықтағы әкімшілік орнату параметрлері ESET Smart Security
бағдарламасының негізгі терезесінде қолжетімді.
Орнату > Бүкіл
кеңейтілген параметрлер тармағын енгізу… > Әр түрлі >
Қашықтағы әкімшілік.
Орнату терезесі қашықтағы әкімшілік режимін іске қосуды ұсынады,
яғни оған алдымен
Қашықтағы әкімшілікке қосылу құсбелгісін
қою қажет. Содан соң сіз төменде сипатталған опцияларға қолжеткізе
аласыз:
•
Сервер мекенжайы — Қашықтағы әкімшілік сервері орнатылған
желінің мекенжайы.
•
Порт — Бұл өріс қосылу үшін пайдаланылатын алдын ала сервер
портын қамтиды. 2222 алдын ала порт параметрлерін өткізіп
жіберуді ұсынамыз.
•
Сервермен қосылымдар арасындағы аралық (мин.) — Бұл
деректерді жіберу үшін ESET Smart Security бағдарламасы ERA
серверіне қосылатын жиілікті қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен
айтқанда, деректер осы жерде орнатылатын уақыт аралығымен
жіберіледі. Егер 0 орнатылса, деректер әр 5 секунд жіберіледі.
•
Қашықтағы әкімшілік түпнұсқалық растамасын қажет етеді —
Қашықтағы әкімшілік серверіне кіру үшін қажет болған жағдайда
құпиясөзді енгізуге мүмкіндік береді.
Өзгертулерді растау үшін және параметрлерді қолдану үшін
OK
түймесін басыңыз. ESET Smart Security бағдарламасы оларды
қашықтағы серверге қосылу үшін пайдаланады.
4.11 Лицензия
Лицензия тармағы ESET Smart Security бағдарламасы үшін және
ESET Remote Administrator, Microsoft Exchange арналған ESET NOD32
сияқты басқа ESET өнімдеріне арналған лицензиялық кілттерді
басқаруға мүмкіндік береді. Сатып алынғаннан кейін лицензиялық
кілттер Пайдаланушы атымен және Құпиясөзбен бірге жеткізіледі.
Лицензиялық кілтті
Қосу/алып тастау үшін лицензия реттеушісі
терезесінің сәйкес түймесін басыңыз. Лицензия реттеушісіне
Түрлі > Лицензиялар тармағында орналасқан Қосымша
параметрлер тармағынан қол жеткізуге болады.
Лицензия кілті — бұл сатып алу туралы ақпараттарды қамтитын
мәтін файлы: меншік иесі, лицензиялардың нөмірі және жарамдылық
мерзімі.
Лицензия реттеушісі терезесі пайдаланушыға
Қосу… түймесін
пайдалану арқылы лицензия кілтін жүктеуге және оның мәтінін
оқуға мүмкіндік береді, яғни ішіндегі ақпараттар басқару элементінде
көрсетіледі. Тізімнен лицензиялық файлдарды жою үшін
Алып
тастау түймесін басыңыз.
Егер лицензия кілтінің пайдалану мерзімі біткен болса және оны
жаңадан сатып алғыңыз келсе,
Тапсырыс беру… түймесін —
басыңыз, сіз біздің желідегі қорымызға қайта бағытталасыз.