Пайдаланушы нұсқаулығы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата28.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2433
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

33

4.8  Пайдаланушы интерфейсі

Сіз жұмыс ортасын өз талаптарыңызға сай баптап алу мақсатында 

ESET Smart Security бағдарламасындағы конфигурация опцияларын 

өзгертуіңізге болады. Осы конфигурациялау опцияларына ESET 

Smart Security Қосымша параметрлер тармағындағы 

Пайдаланушы 

интерфейсі тармағында қолжеткізуге болады.

Пайдаланушы интерфейсі элементтері бөлімі пайдаланушыларға 

Кеңейтілген режимді ауыстыруға мүмкіндік береді, егер қажет болса. 

Кеңейтілген режимі ESET Smart Security бағдарламасы үшін егжей-

тегжейлі параметрлерді көрсетеді. 

Егер графикалық элементтер компьютердің жұмысын баяулатса 

немесе басқа ақаулықтар болса, 



Графикалық пайдаланушы 

интерфейсі опциясы өшірілуі тиіс. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар 

адамдар үшін графикалық интерфейсті өшіру қарастырылған, себебі 

ол компьютерде мәтіндерді оқитын арнайы бағдарламаларға кедергі 

болуы мүмкін. 

Егер Smart Security жетілдірілген экранын өшіргіңіз келсе, 

Бастау 

кезінде жетілдірілген экранды көрсету опциясын өшіріңіз. 

Стандартты мәзірді пайдалану опциясына негізделіп қосуға немесе 

өшіруге болатын ESET Smart Security экранының жоғарғы жағында 

стандартты мәзір бар. 

Егер 


Құрал кеңестерін көрсету опциясы қосылған болса, кез келген 

опцияға меңзерді қойғанда олардың қысқа сипаттамалары көрсетіледі. 



Қосылған бақылау элементті таңдау опциясы меңзер қойылған 

аумақтағы кез келген элементті бөлектеуге арналған. Бөлектелген 

элемент тінтуір түймесі басылғаннан кейін іске қосылады. 

Анимация әсерлерін азайту немесе үлкейту үшін, 



Анимациялық 

басқару элементін пайдалану опциясын таңдап, Жылдамдық 

жүгірткі тақтасын солға немесе оңға жылжытыңыз.

Түрлі әрекеттердің үрдісін көрсету мақсатында анимацияланған 

белгішелерді пайдалану опциясын қосу үшін 



Анимацияланған 

белгішені пайдалану… құсбелсін қойыңыз. Егер маңызды оқиға 

орын алғанда бағдарлама ескерту дауысын шығаруды қаласаңыз, 



Дауыс сигналдарды пайдалану опциясын қосыңыз. 

Сондай-ақ, 



Пайдаланушы интерфейсі мүмкіндіктері ESET Smart 

Security бағдарламасының орнату параметрлерін құпиясөзмен қорғау 

опциясын қамтиды. Бұл опция 

Параметрлерді қорғау ішкі мәзірінің 

Пайдаланушы интерфейсі тармағының астында ораналасқан. 

Жүйені ең жоғары қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін бағдарлама 

дұрыс конфигурациялануы қажет. Кез келген орынсыз өзгерту 

маңызды ақпараттың жоғалуына әкелуі мүмкін. Орнату парамерлерін 

қорғау үшін құпиясөз орнату үшін 

Құпиясөз енгізу… опциясын 

басыңыз


4.8.1 

Ескертулер мен хабарландырулар

Пайдаланушы интерфейсі ішіндегі Ескертулер мен 

хабарландырулар параметрлері бөлімі ESET Smart 

Security 4 бағдарламасында өңделетін ескертулер мен жүйе 

хабарландыруларын конфигурациялауға мүмкіндік береді. 

Бірінші элемент — 



Көрсету ескертулері. Бұл опцияны өшіру барлық 

ескерту терезелерін өшіреді және шектелген мөлшердегі белгілі 

жағдайларда ғана пайдалы. Пайдаланушылардың басым көпшілігіне 

біз әдепкі опцияны (қосылған) сақтауды ұсынамыз.

Қалқымалы терезелерді белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде 

жабу үшін 



Ескерту терезелерін автоматты түрде жабу (сек.) 

опциясын таңдаңыз. Егер пайдаланушымен жабылмаған болса, 

олар белгіленген уақыттан кейін жабылады.

Жұмыс үстеліндегі ескертулер мен кеңестер ақпараттық маңызы бар, 

яғни олар пайдаланушының араласуын сұрамайды және ұсынбайды. 

Олар бейнебеттің оң жақ бұрышында ескертпе науа аумағында 

көрсетіледі. Жұмыс үстеліндегі ескертулерді көрсетуді іске қосу үшін, 

Жұмыс үстеліндегі ескертулерді көрсету опциясын таңдаңыз. 

Басқа егжей-тегжейлі опциялар - ескертуді көрсету уақыты мен 

терезе мөлдірлігі опцияларын 

Ескертулерді конфигурациялау… 

түймешігін басып өзгертуге болады. Ескертулерді қарап алу үшін 



Қарап алу түймешігін басыңыз. Кеңестерді көрсету уақыты ұзақтығын 

конфигурациялау үшін 



Кеңестерді тапсырмалар тақтасында (сек.) 

опциясын қараңыз.




34

 

Қосымша 



Ескертулер мен хабарландыру орнату парамтерлерін 

енгізу үшін 



Пайдаланушының араласуын қажет ететін 

хабарландыруларды ғана көрсету опциясын қамтитын 

Қосымша параметрлер… тармақты басыңыз. Осы опция арқылы 

пайдаланушының араласуын қажет етпейтін ескертулер мен 

хабарландыруларды көрсетуді қосуыңызға/өшіруіңізге болады. 

Барлық белсенді емес ескертулерді тоқтату үшін, Бағдарламаларды 

толық экран мәзірінде іске қосу кезінде тек пайдаланушының 

араласуын қажет ететін хабарландыруларды көрсету опциясын 

қосыңыз. Ашылмалы мәзірді көрсету үшін оқиғалардың ең аз сөзбен 

толтыру опциясынан ескертулер мен хабарландырулар басталу 

қауіптілігі денгейі көрсетілуін таңдауыңызға болады. 

Осы бөліктің соңғы мүмкіндігіне ескертулердің мекенжайларын 

бірнеше пайдаланушы ортасында белгілеу жатады. 

Бірнеше 

пайдаланушы жүйелерде ескертулерді пайдаланушының 

бейнебетінде көрсету: өріс ESET Smart Security 4 бағдарламасынан 

маңызды ескертулерді кім алатынын анықтауға мүмкіндік береді. 

Әдетте бұл жүйе немесе әкімші болады. Барлық жүйе ескертулері 

әкімшіге жіберілетін болса, бұл опция терминалдар серверлері үшін 

ерекше пайдалы.

4.9  ThreatSense.Net

ThreatSense.Net Жылдам Ескерту Жүйесі — ESET компаниясын 

жаңа инфильтрация туралы жылдам және тұрақты түрде ақпаратпен 

қамтамасыз етіп тұратын құрал. Екі бағыттық ThreatSense.Net Жылдам 

Ескерту Жүйесінің басты мақсаты ұсынылатын қорғауды күшейту 

болып табылады. Біз жаңа қауіптерді көріп тұрғанымызға сенімді 

болудың ең жақсы жолы — мүмкіндігінше көбірек тұтынушыларға 

«қосылып» оларды Қауіп барлаушы ретінде пайдалану. Екі опция бар: 

• 

ThreatSense.Net Жылдам Ескерту Жүйесін қоспауға шешім 



қабылдасаңыз болады. Бағдарламаның ешқандай мүмкіндіктерін 

жоғалтпайсыз және біз ұсынатын ең жоғары деңгейдегі қорғаныспен 

қамтамасыз етілесіз. 

• 

Жылдам Ескерту Жүйесін бізге жаңа қауіп туралы қол қойылмай 



және бір файлдың ішінде жаңа қауіп кодын қамтитын хабар 

жіберетін етіп конфигурациялауыңызға болады. Бұл файл ESET 

компаниясына егжей-тегжейлі талдау үшін жіберілуі мүмкін. 

Осы қауіптерді зерттеу ESET компаниясына қауіптерді табу 

қасиеттерін жаңартуға көмектеседі. ThreatSense.Net Алдын 

ала Ескерту Жүйесі жаңадан табылған қауіптерге қатысты 

компьютеріңіз туралы ақпарат жинайды. Бұл ақпарат қауіп 

пайда болған үлгісін, оның  көшірмесін, жолын, файл атын, 

күн мен уақытын, компьютеріңізде қауіп пайда болған барысын 

және компьютеріңіздің амалдық жүйесі туралы ақпаратты 

қамтуы мүмкін. Осы ақпараттардың кейбірі каталог жолындағы 

пайдаланушы аты сияқты жеке ақпараттарды қамтуы мүмкін. 

Егер ол кейде сіз туралы немесе компьютеріңіз туралы біздің ESET 

лабораториямызға ақпарат жібергенде, бұл ақапараттар ТЕК жаңа 

қауіппен күрес мақсатынан басқа мақсаттарда пайдаланылмайды. 

Әдепкі мәні бойынша, ESET Smart Security бағдарламасы күдікті 

файлды ESET лабораториясына жіберу алдында сұрайтын 

етіп конфигурацияланған. .doc немесе .xls сияқты кейбір белгілі 

кеңейтімдегі файлдар қауіп бар-жоқтығына қарамай жіберуден 

шығарылатынын ескеріңіз. Сонымен бірге, сіз немесе сіздің 

компанияңыз жіберуден бас тартпақшы болған басқа кеңейтімдерді 

қосуыңызға болады.

ThreatSense.Net параметрлері Қосымша параметрлер тармағында 

яғни 


Құралдар > ThreatSense.Net тармағында бар. ThreatSense.Net. 

Алдын ала Ескерту жүйесі құсбелгісін қойыңыз. Бұл сізге Қосымша 

параметрлер… түймесін іске қосып, басуға мүмкіндік береді.

4.9.1 

Күдікті файлдар

Күдікті файлдар қойындысы талдау үшін жіберілетін қауіптерді ESET 

лабораториясына жіберу жолын конфигурациялауға мүмкіндік береді. 

Егер күдікті файл болса, оны талдау үшін біздің вирус 

лабораторияларымызға жіберуіңізге болады. Егер бағдарлама 

қауіпті болып табылатын болса, оның табылуы келесі вирус 

қолтаңбасының жаңартуына қосылады.

Файлдарды жіберу автоматты түрде орындалатындай етіп орнатуға 

болады. Егер бұл опция таңдалған болса, қауіпті файлдар артқы 

фонда жіберіледі. Егер талдауға қандай файлдар жіберілгенін біліп 

және жіберуді растап отырғыңыз келсе, 



Жіберу алдында сұрау 

опциясын таңдаңыз: 

Бірде бір файлдарды жібергіңіз келмесе, 

Талдауға жібермеу 

опциясын таңдаңыз. Талдау үшін жіберілетін файлдар ESET 

компаниясына берілетін статистикалық ақпараттарға әсер етпейтінін 

ескеріңіз. Статистикалық ақпарат келесі тарауда сипатталған өзінің 

параметрлері бөлімінде конфигурацияланады. 

Жіберілетін кезі 



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау