Пайдаланушы нұсқаулығы



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата28.11.2017
өлшемі0,73 Mb.
#2433
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

40

Желілерге қосылу 

Сипаттама терезесінде желіде шарлау терезесінде таңдалған 

протоколды (TCP немесе UDP) пайдаланып, желі арқылы байланысатын 

үрдістер мен бағдарламалардың тізімі бағдарламасы қосылатын 

қашықтағы мекенжаймен бірге берілген. Сондай-ақ, тағайындалған 

IP мекенжайларын тағайындап, DNS-ты тексеруге болады.

Мәліметтер терезесінде сипаттама терезесінде таңдалған элементтер 

туралы ақпарат, мысалы файлдың өлшемі немесе оның тор белгісі 

туралы ақпарат бар.

Маңызды тіркелім жазбалары 

Жүйеге қатысты түрлі мәселелерге, мысалы іске қосылған кездегі 

бағдарламаларды көрсету, браузердің көмекші нысандары (BHO), 

т.б. сияқты қатысты таңдалған тіркелім жазбаларының тізімі бар.

Сипаттама терезесінде белгілі бір тіркелім жазбаларына қай файлдар 

қатысты екенін табуға болады. Қосымша мәліметтерді мәліметтер 

терезесінен көруге болады.

Қызметтер 

Сипаттама терезесінде Windows қызметтері ретінде тіркелген 

файлдардың тізімі бар. Қызметтің мәліметтер терезесіндегі файлдың 

белгілі бір мәліметтерімен бірге іске қосылуы үшін реттелетін жолын 

тексеруге болады.

Драйверлер 

Жүйеде орнатылған драйверлердің тізімі.



Маңызды файлдар 

Сипаттама терезесі Microsoft Windows

®

 операциялық жүйесіне 



қатысты маңызды файлдардың мазмұнын көрсетеді.

Жүйелік ақпарат 

Аппараттық құрал мен бағдарламалық құрал туралы егжей-тегжейлі 

ақпаратты, сондай-ақ, орнатылған орта айнымалылары мен 

пайдаланушы құқықтары туралы ақпаратты қамтиды.



Файл туралы мәліметтер 

Маңызды жүйелік файлдар мен «Program Files» қалтасындағы 

файлдардың тізімі. Сипаттама және мәліметтер терезелерінен 

файлдарға қатысты қосымша ақпаратты табуға болады. 



Туралы 

ESET SysInspector туралы ақпарат



5.4.1.3 

Салыстыру

«Салыстыру» мүмкіндігі пайдаланушыға екі қолданыстағы жұрналды 

салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктің нәтижесі — екі жұрналға 

ортақ емес элементтер жиыны. Бұл жүйедегі өзгерістерді бақылау үшін 

ыңғайлы — мысалы, зиянды кодтың әрекетін табуға болады.

Ол іске қосылғаннан кейін, бағдарлама жаңа терезеде көрсетілетін 

жаңа жұрналды жасайды. Жұрналды файлға сақтау үшін 

Файл -> 

Жұрналды сақтау тармағына өтіңіз. Жұрнал файлдарын кейінерек 

ашып, қарап шығуға болады. Бар жұрналды ашу үшін 



Файл -> 

Жұрналды ашу мәзірін пайдаланыңыз. Бағдарламаның негізгі 

терезесінде ESET SysInspector әрқашан бір уақытта бір жұрналды 

көрсетеді.

Екі жұрналды салыстырғанда, қазір белсенді жұрнал файлға 

сақталған жұрналмен салыстырылады деген қағида бар. 

Жұрналдарды салыстыру үшін 



Файл -> Жұрналды салыстыру 

опциясын пайдаланып, 



Файлды таңдау командасын таңдаңыз. 

Таңдалған жұрнал бағдарламаның негізгі терезесіндегі белсенді 

жұрналмен салыстырылады. Нәтижесіндегі салыстырмалы жұрнал 

тек сол екі жұрналдың арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. 



Ескертпе: Екі тіркеу файлын салыстырған жағдайда Файл -> 

Жұрналды сақтау командасын таңдап, оны ZIP файл ретінде 

сақтаңыз. Екі файл да сақталады. Егер сіз кейінірек мұндай файлды 

ашсаңыз, жұрналдар автоматты түрде салыстырылады.

Көрсетілген элементтердің жанында SysInspector салыстырылған 

жұрналдардың арасындағы айырмашылықтарды білдіретін 

таңбаларды көрсетеді.   деп белгіленген элементтерді тек белсенді 

жұрналда табуға болады және олар ашылған салыстыру жұрналында 

болмаған.   деп белгіленген элементтер тек ашылған жұрналда 

болған, бірақ белсенді жұрналда болмаған. 

Элементтердің жанында көрсетуге болатын барлық таңбалардың 

сипаттамасы:

 жаңа мән, бұрынғы жұрналда жоқ

 тармақ құрылымы бөлімінде жаңа мәндер бар

 жойылған мән, бұрынғы жұрналда ғана бар

 тармақ құрылымы бөлімінде жаңа мәндер бар

 мән / файл өзгертілген

 тармақ құрылымы бөлімінде жаңа мәндер бар/файлдар

 қауіп деңгейі төмендеді / ол бұрынғы жұрналда жоғарырақ болған

 қауіп деңгейі көбейді / ол бұрынғы жұрналда жоғарырақ болған

Сол жақтағы төменгі бұрышта көрсетілетін түсіндіру бөлімі барлық 

таңбаларды сипаттайды, сондай-ақ салыстырылып жатқан 

жұрналдардың аттарын көрсетеді. 

Кез келген салыстырмалы жұрналды файлға сақтап, кейінірек ашуға 

болады.


Мысал: 

Жүйе туралы бастапқы ақпаратты жазатын жұрналды жасап, оны 

previous.xml деп аталатын файлға сақтаңыз. Жүйеге өзгертулер 

жасалғаннан кейін, SysInspector бағдарламасын ашыңыз, ол жаңа 

жұрнал жасайды. Ағымдағы.xml деп аталған файлға сақтаңыз. 

Екі жұрналдың арасындағы өзгерістерді бақылау үшін 



Файл -> 

Жұрналды салыстыру тармағына өтіңіз. Бағдарлама жұрналдардың 

арасындағы айырмашылықтарды көрсететін салыстырмалы 

жұрналды жасайды. 

Егер сіз төмендегі команда жолы опциясын пайдалансаңыз, дәл осы 

нәтижеге қол жеткізуге болады: 

SysIsnpector.exe current.xml previous.xml



41

5.4.1.4 

SysInspector бағдарламасы ESET Smart Security 4 

бағдарламасының бір бөлігі ретінде

ESET Smart Security 4 бағдарламасында SysInspector бөлімін ашу 

үшін 

Құралдар > SysInspector түймесін басыңыз. SysInspector 

терезесіндегі басқару жүйесі компьютердің қарап шығу 

жұрналдарындағыға немесе жоспарланған тапсырмалардағыға 

ұқсайды. Жүйелік суреттермен орындалатын барлық әрекеттерге — 

жасау, қарап шығу, салыстыру, жою және экспорттау — бір немесе 

екі рет басумен жетуге болады.

SysInspector терезесінде жасалған суреттер туралы негізгі ақпарат, 

мысалы жасалған уақыты, қысқа түсініктеме, суретті жасаған 

пайдаланушының аты және суреттің күйі сияқты ақпарат бар.

Суреттерді 



Салыстыру, Қосу… немесе Алып тастау үшін 

SysInspector терезесіндегі суреттер тізімінің астында орналасқан 

сәйкес түймелерді пайдаланыңыз. Бұл опциялар да мазмұн 

мәзірінде бар. Таңдалған суретті қарап шығу үшін мазмұн мәзіріндегі 



Қарап шығу опциясын пайдаланыңыз. Таңдалған суретті файлға 

экспорттау үшін оны тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, 



Экспорттау… 

командасын таңдаңыз. Төменде бар опциялардың егжей-тегжейлі 

сипаттамасы берілген:

Салыстыру — бар екі жұрналды салыстыруға мүмкіндік береді. 

Бұл ағымдағы жұрнал мен ескірек жұрналдың арасындағы өзгерістерді 

бақылау үшін ыңғайлы. Опция күшіне енуі үшін салыстырылатын екі 

суретті таңдау керек.



Қосу жаңа жазба жасайды. Бұдан бұрын жазба туралы қысқа түсініктеме 

енгізу керек. Суретті (қазір жасалып жатқан суретті) жасаудың орындалу 

барысын пайызбен көру үшін Күй бағанын қараңыз. Барлық аяқталған 

суреттерге Жасалған күйінің белгісі қойылады. 



Алып тастау — порттарды тізімнен алып тастайды

Көрсету — таңдалған суретті көрсетеді. Сондай-ақ, таңдалған 

жазбаны екі рет шертуге болады.



Экспорттау… — таңдалған жазбаны XML файлында (сондай-ақ, 

қысылған ZIP нұсқасында) сақтайды



5.5  ESET SysRescue

ESET қалпына келтіру ықшам дискісі (ERCD) дегеніміз — ішінде 

ESET Smart Security 4 (ESS) бар жүктелетін диск жасауға мүмкіндік 

беретін бағдарламашық. ESET қалпына келтіру ықшам дискісінің 

басты артықшылығы — ESS дискіге және бүкіл файл жүйесіне 

тікелей қатынай отырып, басты компьютердің операциялық жүйесінен 

тәуелсіз жұмыс атқарады. Осының арқасында, әдетте, мысалы, 

операциялық жүйе жұмыс істеп тұрғанда т.б. жағдайда жою мүмкін 

болмаған инфильтраттарды жоюға болады.

5.5.1 

Ең төменгі талаптар

ESET SysRescue (ESR) бағдарламасы Windows Vista жүйесіне 

негізделген Microsoft Windows Preinstallation Environment (Windows 

PE) бағдарламасының 2.x нұсқасында жұмыс істейді. Windows PE 

ортасы Windows Automated Installation Kit (Windows AIK) жиынының 

бөлігі болып табылады, сондықтан ESR жасаудан бұрын Windows 

AIK жиыны орнатылуы керек. 32 биттік Windows PE нұсқасының 

қолдауына байланысты ESR дискісін тек 32 биттік ESS/ENA нұсқасында 

жасауға болады. ESR бағдарламасы Windows AIK 1.1 және одан 

кейінгі нұсқаларды қолдайды. ESR бағдарламасы ESS/ENA 4.0 және 

одан жоғары нұсқаларда бар.

5.5.2 

Қалпына келтіру ықшам дискісін жасау

Егер ESET SysRescue (ESR) ықшам дискісін жасауға қойылатын ең 

төменгі талаптар қанағаттандырылса, бұл тапсырманы орындау өте 

оңай болады. ESR шеберін қосу үшін, 



Бастау > Бағдарламалар > 

ESET > ESET Smart Security 4 > ESET SysRescue тармағын таңдаңыз.

Алдымен, шебер жүктеу тасушысын жасау үшін Windows AIK жиыны 

мен жарамды құрылғының бар-жоғын тексереді.

Келесі қадамда ESR орналастырылатын мақсатты құралды таңдаңыз. 

Ықшам диск/DVD/USB дискісіне қоса, ESR дискісін ISO файлына 

сақтауды таңдауыңызға да болады. Кейінірек ISO кескінін CD/DVD 

дискісіне жазуға немесе оны басқаша пайдалануға болады (мысалы, 

VmWare немесе Virtualbox сияқты виртуалды ортада).

Барлық параметрлерді анықтағаннан кейін, ESET SysRescue шеберінің 

соңғы қадамында құрастырманың алдын ала көрінісін көресіз. 

Параметрлерді тексеріп, құрастыруды бастаңыз. Қолжетімді опцияларға 

мыналар жатады:

Қалталар 

ESET Antivirus 

Кеңейтілген 

Жүктелетін USB құрылғысы 

Жазу

5.5.2.1 

Қалталар

Уақытша қалта — ESET SysRescue ықшам дискісін құрастыру 

кезінде қажетті файлдарға арналған жұмыс каталогы. 



ISO қалтасы — құрастыру аяқталғаннан кейін нәтижесінде алынған 

ISO файлы сақталатын қалта. 

Бұл қойындыдағы тізім бүкіл жергілікті және көрсетілген желілік 

құрылғыларды қолжетімді бос орынмен бірге көрсетеді. Егер мұндағы 

қалталардың кейбіреулері бос орны жеткіліксіз құрылғыда орналасқан 

болса, көбірек бос орны бар басқа құрылғыны таңдау ұсынылады. 

Әйтпесе, дискіде бос орын жеткілікті болмағандықтан, құрастыру 

уақытынан бұрын жабылып қалуы мүмкін. 



Сыртқы бағдарламалар

SysRescue орташадан жүктелгеннен кейін қосылатын немесе 

орнатылатын қосымша бағдарламаларды көрсетіп кетуге мүмкіндік 

береді.


Сыртқы бағдарламаларды қамту — сыртқы бағдарламаларды 

SysRescue құрастыруға мүмкіндік береді



Таңдалған қалта — SysRescue дискісіне қосылатын бағдарламар 

орналасқан қалта




жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау