30
Айнаны конфигурациялап болған соң, жұмыс станцияларына өтіп,
\UNC\PATH жаңарту сервері ретінде орнатыңыз. Бұл әрекетті төмендегі
қадамдарды орындау арқылы аяқтауға болады:
•
ESET Smart Security Кеңейтілген параметрлерін ашыңыз да,
Жаңарту опциясын басыңыз
•
Серверді жаңарту опциясынан кейін орналасқан
Өңдеу… опциясын
басыңыз да, \\UNC\PATH пішімде жаңа серверді қосыңыз:
•
Жаңарту серверлері тізімінен осы жаңадан-қосылған серверді
таңдаңыз
Ескертпе:
Дұрыс орындалу үшін, Айна қалтасының жолы Юникодта көрсетілуі
тиіс. Көрсетілген дискілерден жаңарту орындалмауы мүмкін.
4.4.1.2.4.2 Айна жаңарту ақаулықтарын жою
Айна қалтаға қатынасу әдісіне қарай, әр түрлі қиындықтар
орын алуы мүмкін. Көбінесе айна серверден жаңарту кезіндегі
қиындықтарға төмендегі мәселелерден біреуі себеп болады: Айна
қалта параметрлерін дұрыс сипаттамау, Айна қалтадағы дұрыс емес
түпнұсқалық растама деректері, Айна файлдарды Айнадан жүктейтін
жергілікті жұмыс стансалардағы дұрыс емес конфигурация немесе
жоғарыдағы себептердің тіркесімі. Мұнда Айнадан жаңарту кезінде
келіп шығуы мүмкін өте жиі кездесетін ақаулықтардың қысқаша
сипаттамасы ұсынылады:
•
ESET Smart Security Айна серверге қосылуға қатысты
қате туралы есеп береді — жергілікті жұмыс стансалары
жаңартуларды жүктеп алатын жаңарту серверінің (айна қалтадағы
желінің жолын) қате сипаттамасы себеп болатын сияқты. Қалтаны
тексеру үшін, Windows
Бастау мәзірін басыңыз,
Іске қосу басыңыз,
қалта атын енгізіп,
OK түймесін басыңыз. Қалтаның мазмұны
көрсетілуі керек.
•
ESET Smart Security пайдаланушы аты мен құпиясөзді
талап етеді — жаңарту бөліміндегі түпнұсқалық растама
деректерін (пайдаланушы аты мен құпиясөз) дұрыс енгізбеу
себеп болатын сияқты. Пайдаланушы аты мен құпиясөз
бағдарлама өзін жаңартатын жаңарту серверіне қатынастыру
үшін пайдаланылады. Түпнұсқалық растама деректерінің
дұрыс екеніне және дұрыс пішімде енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
Мысалы, домен/пайдаланушы аты немесе жұмыс тобы/
пайдаланушы аты және сәйкес құпиясөз. Егер Айна сервері
«Барлығына» қолжетімді болса, бұл кез келген пайдаланушы
кіруге болатыны еместігін ескеріңіз. «Барлығы» бұл кез келген
авторизацияланбаған пайдаланушыны дегені емес, ол қалтаның
барлық домен пайдаланушыларына қолжетімді екінін білдіреді.
Егер нәтижесінде қалта «Барлығына» қолжетімді болса, домен
пайдаланушысының аты мен құпиясөз жаңарту параметрлері
бөлімінде бәрібір енгізілуі керек.
•
ESET Smart Security Айна серверге қосылуға қатысты қате
туралы есеп береді — Айнаның HTTP нұсқасына қатынасу үшін
анықталған порттағы байланыс бұғатталған.
4.4.2
Жаңарту тапсырмаларын жасау туралы
Негізгі мәзірден
Жаңарту опциясы түймесін басқаннан кейін шығатын
ақпараттық терезедегі
Вирус қолтаңбасының дерекқорын жаңарту
опциясын таңдау арқылы жаңартуларды қолмен іске қосуға болады
.
Жаңартулар жоспарланған тапсырма ретінде де іске қосуға болады —
Жоспарланған тапсырманы конфигурациялау үшін
Жоспарлағыш'>Құралдар >
Жоспарлағыш тармағын таңдаңыз. Әдепкі мәні бойынша, мына
тапсырмалар ESET Smart Security бағдарламасында іске қосылады:
•
Үнемі автоматты түрде жаңарту
•
Телефон арқылы қосылғанда автоматты түрде жаңарту
•
Пайдаланушы кіргеннен кейін автоматты түрде жаңарту
Жоғарыда айтылған жаңарту тапсырмаларының әрқайсысы
сіздің қажеттіліктерінізге сай өзгеруі мүмкін. Әдепкі жаңарту
тапсырмаларынан басқа, сіз жаңа жаңарту тапсырмаларын
пайдаланушылық конфгурациямен жасай аласыз. Жаңарту
тапсырмаларын жасау және конфигурациялау туралы қосымша
мәліметтер алу үшін «Жоспарлағыш» бөлімін қараңыз.
4.5 Жоспарлағыш
Егер ESET Smart Security бағдарламасында Кеңейтілген
режим қосылған болса жоспарлағышқа қол жетімді болады.
Жоспарлағышты ESET Smart Security бағдарламасының Құралдар
негізгі мәзірінің астында табуға болады. Жоспарлағыш алдын ала
белгіленген күні, уақыты, және пайдаланылатын профиль сияқты
барлық жоспарланған тапсырмалардың жиын тізімін қамтиды.
Әдепкі мәні бойынша,
Жоспарлағыш ішінде келесі жоспарланған
тапсырмалар көрсетілуі тиіс:
•
Үнемі автоматты түрде жаңарту
•
Телефон арқылы қосылғанда автоматты түрде жаңарту
•
Пайдаланушы кіргеннен кейін автоматты түрде жаңарту
•
Пайдаланушы кіргеннен кейін автоматты түрде файлдарды
тексеруді бастау
•
Вирус қолтаңбасының дерекқоры жаңартуы сәтті
орнатылғандан кейін автоматты түрде файлдарды тексеру
Бар жоспарланған тапсырманың (әдепкі мен пайдаланушы орнататын)
конфигурациясын өзгерту үшін,
Өңдеу түймесін тінтуірдің оң жағымен
басыңыз, немесе өзгеретін тапсырманы таңдаңыз да,
Өңдеу түймесін
басыңыз.
4.5.1
Жоспарланатын тапсырмалардың мақсаты
Жоспарлағыш конфигурациясы мен сипаттары алдын ала орнатылған
жоспарланған тапсырмаларды басқарады және іске қосады.
Конфигурациясы мен сипаттары күн мен уақыт және тапсырманы
іске қосу кезінде пайдаланылатын белгіленген профильдер сияқты
ақпаратты қамтиды.
4.5.2
Жаңа тапсырмалар жасау
Жоспарлағышта жана тапсырма жасау үшін,
Қосу түймесін басыңыз
немесе мазмұн мәзірінде
Қосу тармағын таңдаңыз. Жоспарланған
тапсырмалардың бес түрі бар:
•
Сыртқы бағдарламаны іске қосу
•
Жұрнал жүргізу