Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 63-беті
63
25) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік əріптік жүйесі - халықаралық
тəжірибеде қабылданған əріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сəйкес келетін жəне білім
алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің
деңгейін бағалау жүйесі;
26) оқу жұмыс жоспары (бұдан əрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ жəне білім алушының
жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес əзірлейтін құжат;
27) оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай
қалыптасатын олардың нақты оқыту нəтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру
бағдарламасының құрылымдық элементі;
28) оқу пəніне жазылу (Enrollment) - білім алушылардың оқу пəніне белгілі бір
тəртіппен алдын ала жазу рəсімі;
29) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық оқу кезеңі
бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пəндерінің балдық
бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының
таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің
таразыланған орташа бағасы;
30) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан
əрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім
алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының
басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан əрі - ОСӨЖ), оқытушының
басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан əрі - ОМӨЖ) жəне
оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан əрі -
ОДӨЖ) болып бөлінеді;
31) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын
тіркеумен айналысатын жəне білімін бақылаудың барлық түрлерін жəне оның академиялық
рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
32) пəндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пəннің сипаттамасын, мақсаттары мен
міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік
жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін,
оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы жəне əдебиеттер
тізімі;
33) пəннің сипаттамасы (Curse Description) - пəннің мазмұнын, мақсаттары мен
міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пəннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен
тұрады);
34) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пəнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу
үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пəндер;
35) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пəнді игеру үшін қажетті білім,
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пəндер;
36) транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық жəне əріптік жүйесі бойынша
кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пəндердің тізбесі бар құжат;
37) тьютор - студенттің нақты пəнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін
атқаратын оқытушы;
38) үлгілік оқу жоспары – білім беру бағдарламасының оқу пəндерінің тізбесі мен
көлемін, оларды оқытудың тəртібін жəне бақылау нысандарын реттейтін құжат;
39) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық
тəлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының
қалыптасуына) жəне оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін
оқытушы;
40) элективтік пəндер - белгіленген кредит шеңберінде жəне білім беру ұйымы енгізетін
таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін əлеуметтік-экономикалық
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 64-беті
64
дамытудың ерекшеліктерін жəне нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп
пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пəндері.
2 Оқытудың кредиттік технологиясындағы білім беру бағдарламалары мен оқу
жоспарлары
7. Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарымен белгіленеді жəне оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске
асырылады.
8. Оқу жоспарлары үш нысанда əзірленеді:
1) үлгілік оқу жоспарлары;
2) оқу жұмыс жоспарлары;
3) жеке оқу жоспарлары.
9. Оқу жоспарларының барлық нысандарында əрбір оқу пəніне əріптік жəне сандық
белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пəндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі
пайдаланылады.
10.ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттегі əрбір оқу пəнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен
анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
11. ОЖЖ-да əрбір оқу пəнінің тізбесі жəне міндетті компонент пен таңдау бойынша
компоненттегі
еңбексыйымдылығы
кредиттермен,
оларды
оқыту
тəртібімен,
оқу
сабақтарының түрі жəне бақылау нысандарымен анықталады.
12. ОЖЖ оқу жылына əзірленеді жəне ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі
негізінде университет ректоры бекітеді.
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып
табылады.
13. ОЖЖ-ның жəне ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын жəне əзірлеу тəртібін
университет дербес айқындайды.
14. ЖОЖ əрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды.
15. ЖОЖ-ды үш данада факультет деканы (бөлім басшысы) бекітеді: бірі - деканатта
(бөлімде) сақталады жəне ол білім алушының білім беру бағдарламасын орындауына жəне
меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық аттестаттауды
ұйымдастыру үшін офис Регистраторға, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады.
16. Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу
пəндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пəндердің каталогы
(ЭПК) əзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары)
жəне күтілетін нəтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, жəне
біліктіліктері) көрсетілген пəнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.
Аталған каталогта əрбір оқу пəндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін
көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пəндерді баламалы таңдау мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
17. Университет оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді:
оқулықтар, оқу құралдары, оқу пəндері бойынша əдістемелік құралдар жəне əзірленімдер,
көп таратылатын материалдар жəне өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды
оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.
Əрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен
қамтамасыз етіледі.
3 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |