110
Көп нүктеге балама ретінде сөйлемді былайша да құрауға
болады: «Айыпталушы», – деді прокурор, – «20 жыл бас
бостандығынан айыру жазасына лайық». Мұндай тәсілді
мақаланың құрылымын жақсарту үшін ғана қолдану ке-
рек. Ол материалдың мазмұнын өзгертпеуі керек және оны
бұрмалауға да болмайды.
Аудио және бейнетаспаға түсіру және замет-
ка жазу
Жеке әңгіменің құпиялылығына диктофон немесе магнито-
фон бөгет жасауы мүмкін, дегенмен баспасөз мәслихатында
бұл құралдардың үлкен көмегі тиеді.
Таспаға басу немесе жазу процесі журналисті алаңдатуы
ықтимал. Сұхбат берушінің ойын бөлуі де мүмкін. Егер
қолмен жылдам жаза бастасаңыз, әңгімелесуші «көп сөйлеп
кеткен жоқпын ба?» деп күдіктеніп қалуы кәдік. Бірақ, қалай
болғанда да, нақтылық әңгімені тұтастай жазып отыруды
қажет етеді. әсіресе, тура дәйексөз келтіретін болсаңыз, ба-
рынша мұқият жазуға тиіссіз.
Бұл жерде журналистерге стенографияның тәсілдерін білу көп
көмектеседі. Стенография – журналистің қолындағы кәсіби
құрал, одан сәл хабарыңыз болған күннің өзінде де бұл сіз
үшін үлкен артықшылық. Ағылшын тілінде стенографияның
Teeline және Pitman деп аталатын өте тиімді жүйелері бар.
Интернет және интернет желісі арқылы іздеу де көптеген оқу
курстарын табуға көмектеседі.
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
111
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Сұхбат дайын
болғаннан кейін қойын
кітапшаңызға тағы
да бір рет мұқият на-
зар аударыңыз. Жазбаға
қарап отырып, мүлт
кеткен жеріңізді түзеп,
түсініксіз тұстары болса,
оны жөнге келтіріңіз
Стенографияның қарапайым түрі – дауысты дыбыстар-
сыз жазу. Бұл тәсіл тез жазуға көмектеседі және келешекте
жазғаныңызды түсінуге де тигізетін пайдасы зор.
Қандай жүйені қолдансаңыз да, сұхбаттан кейін жазба
кітапшаңызды тағы бір рет қарап, жазғаныңызды еске түсіріп,
қалт кеткен немесе түсініксіз жерлері болса, оны қайтадан
қалпына келтіру керек.
Ең жақсысы, жазу құрылғысын пайдалану. Ақпарат берушіге
мұны оның сөзінің нақты және толық болуын қамтамасыз ету
үшін қажет деп түсіндіріңіз. Нақтылықтың болуына екі жақ та
мүдделі.
Жазатын аппаратураны, микрофон, батарейка, таспа және
дискі сияқты құралдарды алдын ала екі қайтара тексеру керек,
бұл проблеманың алдын алады. Журналист үшін кереметтей
сұхбат алып келіп, артынан сұхбат кезінде магнитофонның
жұмыс істемей тұрғанын білуден асқан масқара жағдай жоқ.
Сұхбат берушімен кафетерийде немесе қоғамдық орындар-
да кездесу қалыптасқан дағды. Алайда, жұрттың барлығы
бірдей мұндай жерде өзін еркін сезінбейді. әсіресе, егер сіз
ілесіп жазып отыратын болсаңыз немесе магнитофонға жа-
затын болсаңыз, сұхбат беруші өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін.
әсіресе, мейрамханалар мен кафелерде сұхбаттасу қиын.
Ыдыс-аяқтың салдыры сұхбат берушінің дауысын естіртпеуі
мүмкін. Сондықтан, микрофонды барынша жақын қоюға ты-
рысу керек.
112
Маңызды сұхбат дайындау кезінде барлық дыбыстық жаз-
балардың транскрипциясын жасау қажет. Бұл өте ауқым-
ды жұмыс. Алайда, кейде пікірталастың толық мәтіні мен
қызықты дәйексөздер маңыздырақ болып келеді. Ал бір
қарағанда олай көрінбеуі мүмкін. Қағазға түсірілген жазба-
ларды сақтап қойған жөн, ол келешекте мұрағатпен жұмыс
істеу барысында қажет болады. Ескі таспаларды жинағаннан
гөрі қағазға басылған құжатты жинау жеңілірек, оны қолдану
да қолайлы.
Стенограмманың талдаулары мен жазба кітапшаларыңызға
міндетті түрде дата қойыңыз, содан кейін ғана оларды сақтап
қоюға болады. әлдеқандай жағдай болып, сіздің мақалаңызға
қатысты дау туындаса немесе сот іс қозғаса, алғашқы
жазбаларға қайта оралуыңызға тура келеді. Батыстағы
көптеген журналистік ұйымдар жазба кітапшаларын үш
жылға дейін сақтау керек деген кеңес береді.
7-тарау: Дәйексөздер келтіру
113
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ЖАТТЫҒУЛАР
Журналист жұмысында кездесетін төмендегі мысалдар мен
дилеммаларды әріптестеріңізбен талқылаңыз.
1. Дамушы елдерге көмек көрсететін агенттіктің жетекшісімен
көлемді сұхбат жасадыңыз делік. Сұхбат барысында ол
өзінің үстінен қарайтын басшылардың парақорлық пен
жемқорлыққа қатысы бар екенін ескертті. Сіз өте салмақты
материал жасадыңыз, барынша маңызды дәйексөздерді
қолдануға тырыстыңыз. Алайда, материал жарияланардың
алдында әлгі азамат қатты алаңдаулы күйде сізге телефон
соқты. Осы сұхбат жарияланатын болса, жұмысынан айы-
рылып қалуы мүмкін екенін, ол аз болса жеке өміріне же
қауіп төнуі ықтимал екенін айтты. Сол себептен, өзінің
алдыңғы айтқандарын сәл жұмсартқысы келетінін алға
тартты.
Бұл жағдайда кіммен ақылдасар едіңіз?
Егер ол азаматтың айтқанына көнсеңіз, неден ұтасыз, не-
ден ұтыласыз?
2. Ел премьер-министрімен «баспасөзде жариялау үшін»
деп эксклюзивті сұхбат алдыңыз. Сұхбат барысында пре-
мьер бірнеше министрді сынға алды. Дәлірек айтқанда,
ол министрлердің үкіметке көзқарасының теріс екенін
алға тартып, осы әрекеттері арқылы ел экономикасының
қауіпсіздігіне нұқсан келтіргелі жүр дегендей айтты.
Кеңсеге қайтып келуіңіз мұң екен, премьер-министрдің
Достарыңызбен бөлісу: |