Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет12/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

 
41
 
4
-бөлім
 
Белоктар 
 
БЕЛОКТАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
 
Белоктар, немесе протеиндер (грекше protos - бірінші, алғашқы) – 
бұлар құрамында азоты бар жоғарымолекулярлық табиғи құрамалар, 
олардың молекулалары амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған.
 
Белоктар көміртектен (51-53%), оттектен (21.5-23.5%), азоттан (16%),  
сутектен (6.5-7.3%) жəне күкірттен (0.3-2.5%) тұрады. Кейбір белоктар 
құрамына аздаған мөлшерде фосфор, селен жəне басқа элементтер де 
кіреді. Көміртек, сутек, оттек атомдары неше түрлі комбинация жасап 
байланысу арқасында  амин қышқылдары деп аталатын теңдесі жоқ  
молекулалар құралады. Олар белок молекулаларының құрылыстық 
блоктары болып табылады. 
Белоктың аса маңызды блогы - азот болып табылады, яғни азоттың 
арқасында олар көмірсулар мен майлардан өзгешеліктерге ие. Барлық 
белоктарда азоттың мөлшерінің (16%) тұрақтылығы белоктың тағамдағы 
жəне биологиялық орталардағы (қан, зəр, нəжіс жəне т.б.) мөлшерін 
анықтауға пайдаланылады. Тағам немесе биологиялық материал сынамасы 
қышқылда жағылады, содан кейін азот мөлшерін 6.25 санына көбейту 
арқылы белоктың мəні анықталады. 
Азоттың табиғаттағы шексіз айналымдық өзгерулерін өсімдіктер амин 
қышқылдары мен белоктарды биосинтездеуге пайдаланады. Өсімдіктермен 
қоректену арқылы жануарлар амин қышқылдарын ассимиляциялайды жəне 
оларды өзіндік белоктарға айналдырады. Адамдар да жануар жəне өсімдік 
тектес өнімдерді пайдалану арқылы тағамның амин қышқылдарын өзіндік 
тіндік белоктарға айналдырады. Тірі организмдер өлгеннен кейін 


 
42
микроорганизмдер оларды органикалық молекулаларға ыдыратады, азот 
топыраққа түседі, азотты сіңіретін бактериялармен ассимиляцияланады 
жəне органикалық заттарға айналады; осылай цикл қайталана береді.  
 
Амин қышқылдары 
 
Табиғи амин қышқылдар саны орта есеппен 150 тарта бар деп 
есептелінеді, бірақ адам денесіндегі жəне тағамдар құрамындағы 
белоктарға тек қана 20 амин қышқылдары енеді. Адам организміндегі осы 
20 амин қышқылының тек 11 ғана (алмастырылатын амин қышқылдары) 
синтезделінеді, ал қалған 9 (алмастырылмайтын амин қышқылдары) 
тағамдық заттардың құрамында сырттан түсуі керек (11-кесте). 
Алмастырылмайтын амин қышқылдарына лизин, треонин, метионин, 
валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин, триптофан и гистидин (тек жаңа 
туылған балалар үшін ғана алмастырылмайтын амин қышқылы) жатады. 
Егер бұл амин қышқылдарының тағамдағы мөлшері жеткіліксіз болса, 
онда адам организмінің қалыпты дамуы мен функциялық қызметтері 
бұзылады. Осылайша, алмастырылатын амин қышқылдары тамақпен 
түседі жəне адам организмінде синтезделінеді, ал 
алмастырылмайтындарын адам тек тамақтан ғана ала алады. 
Алмастырылатын амин қышқылдарының да кейбір мөлшері тағаммен 
түсуі керек. Бұлай болмаған жағдайда олардың құрылуына 
алмастырылмайтын амин қышқылдары жұмсалады. 
Түрлі амин қышқылдарының комбинацияларына байланысты 
организмде атқаратын түрлі өзіндік қана функциялық қызметтер атқаратын 
белоктар құралады. Басқашалап айтсақ, амин қышқылдарының түрлі 
комбинациялары “белоктар тіліне” сан алуандық ерекшеліктер береді, олар 
организмдегі сан алуан белоктар əр қайсысының қандай функция 
атқаратынына бұйрық береді.  
Белоктардың қасиеті оларды құрайтын амин қышқылдарының 
тізімімен, олардың жалпы санымен жəне амин қышқылдарының бір-
бірімен кезектік байланыстырылған орынымен анықталады. Белок 
құрамына қалағанынша кезектік тізімге кіретін 20 амин қышқылдарының 
комбинациясы теңдесі жоқ белок молекулаларының түрін шексіз түзуге 
мүмкіншілік береді. Адам денесіне кем дегенде 30000 жуық түрлі белоктар 
енеді. Тек бауырда ғана 1000 жуық түрлі белок-ферменттер бар, олардың 
əрқайсысы өзіндік арнаулы  функциялар атқарады. Белок 
молекуласындағы амин қышқылдарының кезектік орналасуы генетикалық 
тұрғыдан беріледі.
 


 
43
Адам организміндегі 
белоктардың негізгі 
функциялары: 
9
 
Пластикалық – белоктар 
барлық жасушалар мен 
тіндердің синтезіне, өсуі мен 
жаңаруына қатынасады 
9
 
Энергетикалық – белоктар 
рационның тəуліктік 
калориялылықтың 10-15% 
қамтамасыз етеді 
9
 
Ферменттік – белоктық 
бөлігі (апофермент)  
ферменттердің барлығының 
негізін құрайды 
9
 
Қорғағыштық – барлық 
антиденелер белоктардан 
құралады 
9
 
 Гормондық – көптеген 
гормондар белоктардан 
құралады 
9
 
Транспорттық – белоктар 
органдар мен тіндерге түрлі 
заттарды тасымалдауға 
қатынасады 
Тағам белоктары ас қорыту процессінде организмде амин 
қышқылдарына дейін ыдырайды, сосын асқазан-ішек жолдарында сіңіріліп 
қанға түседі. Содан кейін организм бұл амин қышқылдарын өзіндік 
белоктар түзуге жұмсайды жəне де энергия алу қажеттіліктерін іске 
асырады. Тағамдар жоқ болған жағдайда, организм өзіндік амин 
қышқылдары ресурстарын пайдаланады.  
 
Адам организмдегі белоктың функциялары 
 
 Белоктар біздің организмдегі 
аса маңызды молекулалар. Белоксыз 
өмір жоқ. Сіз өзіңіздің 
органдарыңыздың, сүйегіңіздің, 
шеміршектеріңіздің, бұлшық 
еттеріңіздің, шаштарыңыздың, 
теріңіздің белоктардан тұратынын 
білесіз бе? Белоктар біздің органдар 
мен тіндерді құрайтын құрамдастар 
(“кірпіштер”).  Бұл функция 
пластикалық деп аталынады – 
тағамдық протеиндерден адам 
денесінің белоктары синтезделінеді. 
Белоктар организмнің 
жасушалары мен тіндерінің өсуі мен 
жаңаруына құрылыс материалы 
болып табылады. Осыған 
байланысты балалар мен 
жасөспірімдердің өсіп келе жатқан 
организмі үшін белокты күнделікті 
қажетті мөлшерде қабылдау аса 
маңызды. Адам организмінде белок 
үнемі жұмсалғанымен ол қорға 
жиналмайды, сондықтан оны 
күнделікті тамақпен қабылдау керек. 
Белоктық ашығу кезінде амин 
қышқылына деген мұқтаждықты 
өтеу үшін адам денесіндегі өзіндік 
белоктар бөлшектенеді. 
Олар организмнің физиологиялық процесстерінде негізгі роль 
атқарады. Белоктардан ферменттер, антиденелер, гормондар, оның ішінде 
гемоглобин сияқты өмірлік аса маңызды молекулалар түзіледі. 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау