Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет10/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

 
35
стандарттық ауытқуларға кем (-2 СА) болса, бұл бойдың өсуінің 
тежелуі немесе тамақтанудың созылмалы тапшылығы деп саналады.   
 Индекс мəндері -2 СА жəне одан төмен, немесе +2 СА жəне орташа 
мəннен жоғары деңгей аралығындағы тұлғалар тағамдық статусы бұзылған 
жандар ретінде саналынады. Егер бойы-жасы индексінің мəні -2 СА жəне 
одан төмен болса, онда ол бойдың өсуінің тежелуі немесе созылмалы 
тамақтану жетіспеушілігі болып саналады. ДМИ мəні орташа мəннен 2 
стандарттық мəнге (-2 СА) кем болса, ол салмақтың кемдігін немесе 
гипотрофияның орташа дəрежесін білдіреді, ал егер ДМИ  1.5 стандарттық 
ауытқулардан (-1.5 СА) кем болса – гипотрофияның жеңіл түрі саналады. 
ДМИ мəні орташа мəннен 2 стандарттық ауытқулардан (+2 СА) артық 
балалар мен жасөспірімдер  семіздігі бар тұлғалар ретінде белгіленсе, 
ДМИ мəні 1.5 стандарттық ауытқулардан (+1.5 СА) артықтар - дене 
салмағының артықшылығы барлар қатарына жатады. Мектепке дейінгі 
жəне бастауыш сынып оқушыларының ДМИ мəні жоғары сынып 
оқушыларына қарағанда кемірек. 
Салмақтың жасына индексінің мəнінің азаюы (немесе жасына 
қарағанда салмақтың кемдігі) бойдың өсуінің тежелуінің не/немесе 
гипотрофияның да салдары болуы ықтимал. Осы себептен де салмағы-
жасы индексі тамақтану статусының интегралды көрсеткіші болып 
саналады. Сонымен, аталған кестелерді қолдана отырып, өзіндік тағамдық 
статусыңызды анықтауға болады жəне ұзақ уақыт бойы қабылдаған 
тағамдық калорияларыңыз туралы білетін боласыз. 
Ересектердің дене массасының индекстері мен бойы-салмағы 
көрсеткіштері 9-кестеде көрсетілген. Бұл кестені пайдалану барысында 
келесі əдістерді қолданады. Өз бойыңыздың ұзындығын кестенің сол 
жағына белгілеңіз жəне кестенің өне бойы арқылы көлденең жүргізілген 
сызықпен сіздің салмағыңызға сəйкестікті көрсететін ұяға дейін барыңыз. 
Содан кейін өзіңіздің ДМИ деңгейін көрсетіп анықтайтын тік сызықты 
жүргізіңіз. ДМИ мəні 19-дан 24,9-ға дейін болса, ол қалыпты 
көрсеткіштерді білдіреді; ДМИ 25 -тен 29,9-ға дейін салмақтың 
артықтығын; ДМИ 30-дан артса, ол Сіздің семіздіктен зардап 
шегетініңізді көрсетеді. 
 
ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК, ЭНЕРГИЯНЫ ҚАБЫЛДАУ ЖƏНЕ 
ШЫҒЫНДАУ 
 
Қазіргі заманда адамдар аз қимылдауға бейімдеу. Солай болған күнде 
де физикалық белсенділік салауатты өмір сүру қалпының негізгі құрамдас 
бөлігінің бірі жəне салмақты қалыпты ұстаудың кепілі. Физикалық 


 
36
Физикалық белсенділік 
9
 
Қаңқа сүйек бұлшық-етінің 
қимылы ретінде сипатталады
 
9
 
Энергия шығынымен қатар 
оған қажеттілікті де 
арттырады
 
9
 
Қалыпты салмақты сақтауға 
жəне семіздіктің алдын алуға 
аса қажетті құрал
 
9
 
Физикалық дайындықтың 
қажетті деңгейін ұстайды
 
9
 
Денсаулықты жақсартады 
жəне созылмалы аурулардың 
алдын алуға көмектеседі
 
белсенділік энергия шығындаумен 
орындалатын қаңқа сүйектің ет-
бұлшық еттің қимылы.  
Физикалық дайындық дегеніміз 
белгілі бір дəрежеде физикалық 
белсенділік таныта алу мүмкіндігі. 
Физикалық дайындық деңгейін 
қалыпты ұстап тұру еңбек 
талаптарын орындау мүмкіндігі 
жəне дем алу кезінде жайлылық пен 
рахаттана алу.  
Физикалық белсенділігі 
жеткілікті деңгейлі тұлғалар 
созылмалы аурулармен сырқаттануы 
кемірек болады. Керісінше, кем 
қимылдап, көп отыратын тұлғалар 
семіздікке бейімдеу жəне көптеген 
созылмалы аурулармен ауырады, 
оларда жүректің коронарлық аурулары, қан қысымының жоғарылығы, 
екінші типтегі диабет, остеопороз жəне обырдың кейбір түрлері жиі 
дамиды. Сонымен қатар, физикалық белсенділіктің жеткілікті деңгейі 
тұнжыраушылық депрессияларының алдын алып, кейбір психикалық 
жағдаяттарды болдырмайды.  
Статистикалық мəліметтер көрсетуінше кем қимылдайтын адамдарға 
қарағанда, физикалық белсенділік өмір сүру қалпын ұстайтын адамдар 
арасында өлім-жітім деңгейі төмен. 
Физикалық ауыртпалықтарды көбінесе үш мақсатпен орындайды: 
артық салмақты азайту, қан тамыры-жүрек ауруларын алдын алу жəне 
бұлшық еттердің массасын арттыру. Алғашқы екеуін іске асыру орташа 
физикалық аурытпалықтар арқылы шешілуі əбден ықтимал. Аталған 
себептермен, физикалық өмір сүру қалпын өзгертуді орташа физикалық 
ауыртпалықтармен айналысу арқылы бастау керек. Мысалы, күндігіне 
орта есеппен 150 калория немесе аптасына 1000 калория жұмсалатын күн 
сайынға жарты сағаттық қыдырудан бастаған жөн. Бұл физикалық 
ауыртпалықтардың уақытын жəне үрдістігін арттырып отыруға болады, 
жүрудің үдемелілігін сағатқа дейін созу, жүгіру, созылғыштық 
жаттығуларды қосу немесе спорт ойындары  (теннис, баскетбол жəне т.б.). 
Бұлшық ет массасын арттыруға физикалық ауыртпалық бұдан көп жəне 
үдемелі болуы керек. 
Түрлі физикалық ауыртпалықтар үрдістігі түрлі тиімділік қалпын 
көрсетеді. Жүгіру жəне аэробика сияқты үрдістік дəрежедегі физикалық 


 
37
ауыртпалықтар калорияны көбірек жұмсауға мүмкіндік əпереді. Олар 
физикалық дайындық жағынан болсын, артық салмақ немесе семіздіктің 
алдын алу жағынан болсын аса тиімді. Тренажерларды пайдалану, 
сонымен қатар созылғыштық жаттығулары,  гантельмен немесе штангамен 
жұмыс істеу бұлшық еттердің күші мен төзімділігін арттырады, сол 
арқылы бұлшық ет массасын өсіреді. Бұл əсер аптасында кемінде екі рет 
физикалық ауыртпалықтармен айналысқанда байқалады. 
 
ҚАЛЫПТЫ САЛМАҚТЫ ДЕМЕП ҰСТАҢЫЗ 
 
Семіздік əлемдегі аса маңызды проблемалардың біріне айналды. 
Дамыған елдерде халықтың үштен бірі одан зардап шегеді. Балалар мен 
жас өспірімдер арасында жиі кездесе бастаған семіздік көп 
алаңдатушылық тудыруда. Семіздігі бар адамдарда қан қысымының 
артықтығы, екінші типтегі диабет, май алмасудың бұзылыстары, жүрек-
қан тамыр аурулары, обырдың кейбір түрлері, ми қан айналымының 
бұзылыстары, өт қабының аурулары, өкпе аурулары, подагра жəне сүйек 
пен буынның аурулары қабаттасып қатар жүреді.  
Салмақтың артықтығы мен семіздік тек қана қабылданған калория 
организмнің энергетикалық шығынынан артық болған жағдайда пайда 
болады. Дененің қалыпты салмағын ұстап тұру үшін қабылданған калория 
оның шығынымен үйлесімді болғаны шарт. Артық салмақтың кемуі 
калория шығыны қабылдағаннан артқанда ғана қамтамасыз етіледі. 
Семіздікпен күресу үшін калорияны кем қабылдап, физикалық 
белсенділікті арттыру керек. 
Артық салмақтылық пен семіздіктің алдын алу аса маңызды, өйткені 
салмақты қалыпты ұстап отырғанға қарағанда, салмақ кеміту аса көп күш 
жұмсайтын ыждаһаттылықты талап етеді. Салмақ қосу біртіндеп ұзақ 
уақыт жүретін болғандықтан, тіптен аздаған калорияға деген ұстамдылық 
салмақ арттырудың алдын алуға мүмкіндік береді. Жəне бұл тұрғыда 
физикалық ауыртпалықтар белсенділігін арттырса құба-құп. 
 
Семіздігі бар тұлғаларға міндетті түрде салмақ кемітуге нұсқаулық 
кеңестер беріледі. Бұларға 4-5 килограммға арықтағанның өзі денсаулықты 
əжептеуір жақсартады. Балалар мен жас өспірімдердің ары қарай салмақ 
қосуын шектеу үшін жасалған шаралар, олардың өсіп-дамуына кедергі 
келтірмеуі керек. Дененің артық салмақтылығы мен семіздік жағдайында 
қадағалау шаралары калория қабылдауды кемітіп, физикалық 
ауыртпалықтарды арттыру арқылы жүргізіледі. Балалар мен жас 
өспірімдерде калорияны шектеу толыққұнды белоктарға, көпқанықпаған 
май қышқылдарына, витаминдер мен микроэлементтерге қатысы болмауы 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау