Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет9/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

 
32
тағамдық термогенез санының мөлшерінің өзгергіштігін жекелікті 
анықтайтын бұл феноменге генетикалық факторларда əсер етуі ықтимал. 
 
Тіндердің өсуі жəне түзілуі 
 
Балалар мен жасөспірімдердің тіндерінің өсіп дамуы да қосымша 
энергия шығындаумен жүреді. Бұл энергия үлесі салыстырмалы түрде 
алғанда көп емес, орта есеппен күндігіне 5-30 килокалория ғана жəне де ол 
жасына, жынысына жəне оқушы ұлдарда 6-16 г/күндігіне, оқушы қыздарда 
0-13 г/күндігіне жүретін салмақ қосу үрдісіне байланысты (3-кесте).  
Жаңа туылу кезеңінде тағамнан түсетін энергияның 12-15% жаңа 
тіндердің түзілуіне, яғни дененің өсуіне жұмсалады. Жасы өсе келе бұл 
энергияның үлесі кеми түседі жəне 2 жастан кейін балалардың тағаммен 
түсетін энергиясының 1% ғана өсуге жұмсалады. Əрбір грамм тіннің 
өсуіне орташа есеппен 2 ккал қосымша энергия кетеді. 
 
ШЫҒЫНДАЛҒАН ЭНЕРГИЯНЫҢ ОРЫНЫН ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР 
АРҚЫЛЫ ТОЛТЫРУ  
 
Организмнің барлық энергетикалық шығындары белоктардың, 
майлардың, көмірсулардың есебінен толықтырылады. Бір грамм тағамдық 
белок пен көмірсулардан организмде 4, ал бір грамм майдан – 9 
килокалория сіңіріледі. Адамның энергияға деген тəуліктік мұқтаждығы 
тағамдық белоктар есебінен орта есеппен 10-15%, ал майлар есебінен – 25-
30% жəне көмірсулардан – 50-55% қамтамасыз етіледі. 
 
АДАМНЫҢ ЭНЕРГИЯҒА МҰҚТАЖДЫҒЫ 
 
Физикалық белсенділікті есептемегендегі энергияға орташа 
мұқтаждық 
 
Адамның энергияға деген қажеттілігі олардың шығынын теңдестіріп 
(жауып) отырады жəне энергия шығынының көлемімен анықталады – 
шығын көп болған сайын қажеттілік те арта түседі. Энергия шығындалуы 
сияқты қажеттілік те жасына жəне жынысына тығыз байланысты. 
Сонымен қатар энергияға мұқтаждық мөлшері адамның дене салмағы мен 
физикалық ауыртпалықтың үрдістігіне де байланысты. 4 жəне 5-кестеде 


 
33
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДҰ), Азық-түлік жəне Дəрі-
дəрмек Басқармасының (ФАО), Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Университетінің (БҰҰУ) балалар мен жасөспірімдердің физикалық 
белсенділік үрдісін ескермегендегі жынысына, жасына жəне дене 
салмағына байланысты энергияға деген орташа қажеттілігі туралы 
мəліметтері берілген.  
Кестеде көрсетілгендей, еркек жынысты балалар мен 
жасөспірімдердің энергияға қажеттілігі əйел жынысты өз қатарларына 
қарағанда жоғары. Барлық балалар мен жасөспірімдердердің энергияға 
қажеттілігінің абсолюттік деңгейі жас шамасына қарай біртіндеп 
көтеріледі. Бұл деңгей 17-18 жастағы ұл жасөспірімдерде (3 410 
ккал/күндігіне), сол жастағы қыздарға (2 503 ккал/күндігіне) қарағанда 
əлдеқайда жоғары. Барлық балалар мен жасөспірімдердің ккал/кг/күндігіне 
бірлігімен анықталатын  салыстырмалы энергияға қажеттілігі жасына 
қарай, керісінше біртіндеп кеми береді. Бұл деңгей 1-2 жас шамасындағы 
ең жоғары - ұлдарда (82.4 ккал/кг/күндігіне) жəне қыздарда (80.1 
ккал/кг/күндігіне). 
 
Физикалық белсенділікті ескергендегі энергияға орташа 
қажеттілік 
 
6-кестеде көрсетілгендей, ДДҰ/ФАО/БҰҰУ мəліметтері бойынша 
балалар мен жасөспірімдердердің энергияға қажеттілігі физикалық 
белсенділік деңгейімен де тығыз байланыста. Бұл кестеде балалар мен 
жасөспірімдердер физикалық белсенділіктері деңгейіне байланысты 3 
топқа бөлінген. Келесі жалпылама түсініктемелер қандай да бір жекеше 
топтарға қаншалықты энергия қажет екенін білуді оңайлатады.  
 
Жеңіл физикалық белсенділікті топтарға мына балалар мен 
жасөспірімдер жатқызылды: уақытты күнделікті бірнеше сағат бойы 
мектептегі сабақтарда отыру жағдайында өткізеді; физикалық жұмыспен 
немесе спортпен күнделікті айналыспайды; əдетінде транспортпен 
қатынайды; өзінің жеке уақытын физикалық қимылсыз өткізеді (мысалы, 
телевизор қарау, оқу, компьютерде жұмыс істеу немесе қозғалыссыз 
ойындар). 
Ұзақ қашықтықтарға жаяу қатынайтын немесе қатынау көлігі ретінде 
велосипедті пайдаланатын, аптасына бірнеше рет бірнеше сағаттап үрдісті 
еңбекпен немесе спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердерді  
үрдісті физикалық ауыртпалықтармен айналысатын үрдісті физикалық 
белсенділік тобына жатқызылды. 


 
34
Кəдімгі физикалық белсенділіктер тобына жеңіл физикалық 
белсенділік тобындағы балаларға қарағанда физикалық белсенділіктері 
ауырлау болғанымен, үрдісті физикалық тобындағылардан 
ауыртпалықтары жеңілдеу балалар мен жасөспірімдер жатқызылды.  
Үрдісті физикалық белсенділік танытатын 17-18 жасар ұлдарда (3 925 
ккал/күндігіне) жəне қыздарда (2 875 ккал/күндігіне) энергияға ең жоғары 
мұқтаждық байқалады. Физикалық белсенділігі төмен осы жас тобына 
жататын жандарда энергияға қажеттілік əлдеқайда төмен. 
 
ЭНЕРГИЯ МЕН ТАҒАМДЫҚ СТАТУСТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
АНТРОПОМЕТРИКАЛЫҚ СИПАТМЕЖЕЛЕРІ 
 
Ұзақ уақыт бойы энергия қабылдау деңгейі дене массасы 
(салмағы), бойы (дене ұзындығы), дене массасының индексі (ДМИ) 
сияқты антропометрикалық көрсеткіштерден байқалады. Дене 
массасының индексі мына формула бойынша шығарылады: ДМИ =  
Салмағы (кг)/Бойы (см)
2
 × 10 000. Созылмалы түрде тағамдық 
калорияларды  кем қабылдайтын балалар мен жасөспірімдердерде 
бойдың қысқалығы, ал калорияны артық қабылдаған жағдайда салмақ 
артықшылығы мен ДМИ көтеріледі. Қабылдайтын калория мөлшеріне 
байланысты салмақ тез өзгеретін болса, бой өте баяу өзгеріске 
ұшырайды. Аталған антропометрикалық көрсеткіштер бойынша 
адамның қаншалықты ұзақ уақыт бойы калориямен қамтамасыз етілгені 
жəне де жалпы тамақтану статусы туралы байламға келуге болады. 
2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдердің стандарттық 
ауытқуларын ескере отырып жасына, салмағына, бойына жəне дене 
массасының индексіне байланысты топтарға бөліну мəліметтерін 7 
жəне 8-кестелерде еркек жыныстылар мен əйел жыныстыларға жеке-
жеке берілген. Бұлай бөлу əрбір жас тобының сипаттамасына сəйкес 
энергиямен қалыпты жағдайда қамтамасыз етілген балалар мен 
жасөспірімдердің  негізгі бөлігі салмағы, бойы жəне ДМИ эталондық 
популяция арасында орташа мəннен 1 стандарттық ауытқулар (СА) 
шеңберінде біркелкі болады деп саналады.   
Салмақтың жасына (белгілі жастағы салмағы), бойының жасына 
(белгілі жастағы бой ұзындығы) жəне салмағы бойына (ДМИ) 
индекстері мəні эталондық популяцияның орташа мəнінен  -1 СА ден 
+1 СА-ға дейінгі шеңбердегі балалар мен жасөспірімдер қалыпты 
тамақтану статусты тұлғалар деп саналады. Бұл индекстердің мəні 
орташа мəнге неғұрлым жақын болған сайын, олар соғұрлым тиімді 
(оптималды) мəнге жақын. Егер бойы-жасы индексі орташа мəннен 2 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау