Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



жүктеу 5,28 Kb.
Pdf просмотр
бет1/37
Дата25.05.2018
өлшемі5,28 Kb.
#17628
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


ТƏЖІБАЕВ Ш.С. 
 
 
Оқушылардың 
салауатты  
тамақтануы  
туралы  
əңгіме 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008 


 
2
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі 
 Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 
Профилактикалық медицина академиясы  
Қазақ тағамтану академиясы  
 
 
  
 
 
 
 
 
ТƏЖІБАЕВ Ш.С. 
 
 
 
 
 
Оқушылардың 
салауатты тамақтануы 
туралы əңгіме 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008 
 
 


 
3
 
Кітап мұғалімдерге, оқушыларға жəне олардың ата-аналарына, сонымен 
қатар мектепке дейінгі жəне мектептік мекемелердің ас блок жұмыскерлеріне, 
медициналық жоғарғы оқу орындары мен  колледж студенттеріне арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың 
редакциялығымен  
 
 
 
 
 
 
 
Рецензенттер:    Алдашев А.А. – м.ғ.д., профессор  
Бекбосынов Т.К. – м.ғ.д., профессор      
 
                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
4
Мазмұны 
 
  
 
Бет 
 
Алғыстар 5 
 
Атқарушы тұжырым 6 
1–БӨЛІМ  
Кітаптың алғышарттары мен міндеттері 13 
2–БӨЛІМ 
Тағамдық заттар жəне тағамдық азық-түліктер – 
жалпылама мəліметтер 
20 
3–БӨЛІМ 
Тағамдық калориялар 29 
4–БӨЛІМ 
Белоктар 41 
5–БӨЛІМ 
майлар 49 
6–БӨЛІМ 
Көмірсулар  
60 
7–БӨЛІМ 
Витаминдер 70 
8–БӨЛІМ 
Минералдар 79 
9–БӨЛІМ 
Су  
88 
10–БӨЛІМ 
Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі 92 
11–БӨЛІМ 
Мектептік тамақтану проблемаларын шешу 
жолдары 
96 
 
Кестелер 105 
 


 
5
АЛҒЫСТАР 
 
Кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен дайындалып 
басылған. Комитет төрағасы Ж.К.Жөкеновке жəне Комитет Төрағасының 
орынбасары Шер Р.П., Комитеттің Балалар құқықтарын қорғау 
басқармасының бастығы Г.А. Саймасаеваға жəне бас сарапшы 
Л.Дауылбаеваға кітапты дайындап басып шығару процесстеріне көрсеткен 
кеңестік, ұйымдастырушылық жəне техникалық көмектеріне алғысымызды 
білдіреміз. 


 
6
Атқарушы тұжырым 
 
Бұрыс тамақтанудың таралуының негізгі себептері оқушылардың, 
мұғалімдердің жəне ата-аналардың салауатты тамақтану туралы қазіргі 
кездегі нұсқаулық ақпараттан жеткіліксіз хабардар болуында жатыр. 
Кітапта оқушылардың салауатты тамақтануы туралы ғылыми негізделген 
нұсқаулар келтірілген. Салауатты тамақтану қалыпты өсу мен дамудың, 
денсаулықты сақтау жəне созылмалы аурулар туындау қауіпін 
төмендетудің негізі болып табылады. Ол сонымен қатар қалыпты 
физикалық жəне ақыл-ойдың еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз етуге, 
оқуға мүмкіншіліктерді жəне мектептегі үлгерімін жақсартуға қажет.  
 
Бұл нұсқаулар ғылыми мəліметтерге негізделген жəне іс жүзіндегі 
тəжірибемен дəлелденген.  Олар адам денсаулығын сақтау үшін аса қажет 
салауатты тамақтану мен кейбір тағамдық заттардың маңыздылығы туралы 
қазіргі таңдағы жинақталынған білімді анализдеу мен синтездеу арқылы 
жасалынды.  
 
Əрбір кеңестік нұсқау кітаптың жекеше бөлімдерінде жеткілікті көлемде 
келтірілген. Дегенмен кейбір нұсқаулармен шектелмей, оларды біртұтас 
ұғым ретінде қабылдаған дұрыс. Егер аталған нұсқауларды ұстанып жəне 
соған сəйкес физикалық белсенділік танытқан жағдайда денсаулықты 
айтарлықтай нығайтып, еңбекке қабілеттілікті көтеріп, оқуға үлгерімді 
жақсартып жəне де түрлі аурулардың алдын алуға əбден мүмкін.  
 
Кітап оқушыларға, мұғалімдерге жəне ата-аналарға арналған. 
 


 
7
ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ, ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР МЕН 
КАЛОРИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ  
 
Негізгі нұсқаулар 
 
9
 
Түрлі тағамдық заттарға бай əртүрлі тағамдық өнімдер мен сусындарды 
пайдаланыңыздар. 
 
9
 
Тағамдарды таңдау барысында мыналарды пайдалануды шектеңіздер:  
• 
қаныққан майларды (жануар тектес майлар); 
• 
транс-майлық қышқылды майларды (маргариндер);  
• 
холестеринді; 
• 
тез сіңетін көмірсуларды (тəттілер);  
• 
тұздарды. 
9
 
Мектеп жасындағы балаларға алкоголь ішуге тиым салынады. 
9
 
Тағамдық заттардың мөлшері мынадай болуы керек:  
• 
үйлестірілген жəне кеңес етілген нормаларға сəйкестендірілген; 
 
• 
калорияға мұқтаждыққа сəйкес. 
 
ДЕНЕ САЛМАҒЫН ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰСТАУ 
 
Негізгі нұсқаулар 
 
9
 
Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау үшін: 
• 
Тағамдық өнімдер мен сусындарды энергия шығынына сəйкес 
калория көлемінде ғана қабылдаңыздар.
 
9
 
Дене массасының ұлғаюын болдырмау үшін:  
• 
тағамдық өнімдер мен сусындардан түсетін калория көлемін 
біртіндеп төмендетіңіздер;  
• 
сонымен қатар физикалық белсенділікті арттырыңыздар. 


жүктеу 5,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау