Сабақтың тақырыбы Функция. Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны. Функцияның берілу тәсілдері



жүктеу 114,5 Kb.
бет1/6
Дата23.11.2018
өлшемі114,5 Kb.
#24415
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Алгебра 10 сынып.

Пән мұғалімі: Акбанбаева М.У


Сабақтың тақырыбы

Функция. Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны. Функцияның берілу тәсілдері.




Сабақтың мақсаты мен міндеттері

  • Оқушыларға функция ұғымының дамуы тарихынан мағлұматтар беріп, олардың функция ұғымы бойынша жалпы көзқарастарын кеңейту, байыта түсу;

  • Оқушылардың функцияның берілуі жөніндегі нақты көзқарастарын және оны іс жүзінде қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру;

  • Функциялардың берілу тәсілдерін амалдарды анықталу облыстарымен бірге қарастыру қажеттілігін түсіндіру;

  • Функцияның анықталу облысы мен сәйкес өрнектің мүмкін мәндері жиынының (ММЖ) айырмашылығын көрсету.




Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

Білім мен біліктілік:

  • Функцияның анықталу облысы мен мәндер облысын табуды меңгереді;

  • Функцияның берілу тәсілдерін біледі.( аналитикалық, графиктік, кестелік)




Математикалық тілдерін дамыту міндеттері

Осы тақырып бойынша терминологияларды жақсы меңгереді(функция, функцияның анықталу облысы, функцияның мәндер облысы, сәйкестік, аналитикалық, графиктік, кестелік ), терминдердің мағынасын түсінеді әрі математикалық тілде сөйлеу мәдениеттері дамиды.













Оқытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер

Салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу , диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.




Ресурстар (дереккөздер)

1.Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары-10 сынып (Атамұра)

2.Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары-10 сынып ,

дидактикалық материалдар

3.А.Е.Әбілқасымова Алгебра және анализ бастамалары-10 сынып (Мектеп)

4. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анал. баст.-10 сынып, Оқыту әдістемесі

5. А.Е.Әбілқасымова. Алгебра және анализ бастамалары, Дидактикалық материалдар. (Қоғамдық- гуманитралық бағыт)

6. А.Е.Әбілқасымова. Алгебра және анализ бастамалары, Есептер жинағы. А.Е.Әбілқасымова. Алгебра және анализ бастамалары,Әдістемелік нұсқау.





Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру сабағы




Сабақтың эпиграфы

Математикада формулаларды жаттау емес , олардың шығу жолын түсіну маңызды.




Сабақтың әдістемелік нұсқауы

Функция ұғымын неғұрлым нақты түсіну үшін оқулықта, алдымен тұрақты және айнымалы шамалардың анықтамалары, олардың түрлері және оған мысалдар беріліп, соның негізінде функцияның анықтамасы мен белгіленуі келтіріледі. Функция ұғымын анықтаудың маңызды үш жағы арнайы бөліп көрсетілген. Оны оқушылар саналы түрде терең меңгеруі тиіс.

Осы мақсатта функцияның анықталу облысын табуға арналған әр түрлі мысалдар іріктеліп алынған.

Сондай – ақ оқулықты берілген әр түрлі функциялардың анықталу облысын табу жайында жасалған қорытындыға баса назар аудару керек. Оны оқушылардың немқұрайлы жаттап алуына емес, есеп шығару үшін қолдану білік, дағдыларын меңгеруіне қол жеткізу қажет.

Тақырыпты түсіндіру барысында оқушылар функцияның қай уақытта беріледі деп есептелетіні жөнінде нақты көзқарас қалыптастырулары қажет. Функция берілген болып есептелуі үшін оның анықталу облысы мен әсер ету заңдылығы берілуі қажетті және жеткілікті екенін айқын сезінулері керек.






Сабақ жоспары




Сабақтың этаптары

Оқыту материалының мазмұны

Дидактикалық міндеттер

1. Сабақты ұйымдастыру

 сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Жұптастырып, топпен жұмыс істеу.






2. Жаңа тақырыпты

баяндау кезеңі

Математикадағы маңызды және күрделі ұғымдардың бірі- функция ұғымы. Функция ұғымына қатысты шамалар тұрақты және айнымалы болып екіге бөлінеді. Тұрақты шамалар абсолют тұрақты және параметр, айнымалылар тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.

Анықтама. Кез-келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атайды.

Мысалы, кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800 –қа тең.



Анықтама. Берілген жағдайда ғана тұрақты, толық анықталған сандық мәнін сақтайтын тұрақты шаманы параметрдеп атайды.

Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.

Анықтама. Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынның нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады.

Функцияны y=f(x), y=φ(x), y=g(x) және т.с.с белгілейді, мұндағы х-тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі; у-тәуелді айнымалы немесе функция; f, φ,g, т.с.с – ереже немесе заңдылық. f(x) функциясы белгілі бір мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы D(f(x)), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны E(f(x)) деп атайды.



Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында төмендегі мысалдарды қарастыру:

1 мысал: функцияның анықталу облысын табыңдар.

Шешуі: теңсіздігін шешеміз. демек, квадрат теңдеудің түбірі жоқ және болғандықтан, теңдеудің графигі Ox осінің жоғарғы жағында орналасатын парабола. Сондықтан үшмүшесінің мәні x -тің кез келген мәнінде оң болады. Осыдан .

жүктеу 114,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау