Қазақ тілі
275
71-тапсырма. Соңғы буында ә, я және ю дыбысы бар, х
дыбысы және ог, рк, рг, ск, нк, лк, нг, нкт, кт, зд сияқты
дыбыстар тіркесінен аяқталған сөздерге қандай қосымшалар
жалғанады? Мысалдармен дәлелдеңіздер.
Үлгі: педагог, киоск, банк, ринг, пункт, факт, подъезд, т.б.
72-тапсырма. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып
келетін сөздерге мысал жазыңыздар.
73-тапсырма. Тек жіңішке қосымша жалғанатын дыбыстар
тіркесін жазып, мысал келтіріңіздер.
74-тапсырма. Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, олардың
мағынасын түсіндіріңіздер
75-тапсырма. Буындарға, дыбыстарға байланысты үндестік
заңын қайталай отырып, көркем әдебиеттен мысал келтіріңіздер.
Буын үндестігі
Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың
бірыңғай жуан, не жіңішке болып үндесуі.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне
негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері бірыңғай жуан, не
бірыңғай жіңішке болып келеді.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады.
Яғни, сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан
– жіңішкелігіне қарай жуан, не жіңішке жалғанады.
76-тапсырма. Буын үндестігі туралы айт және төмендегі
сөздерді буынға бөліңіздер.
Жарнама, алма, тау, құлын, жұлдыз, әке-шеше.
77-тапсырма. Жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке
буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жаз және
мысал келтіріңіздер.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
276
Аймақ, жұмыс, Кішітау, бүйір, Жезқазған, геометриялық,
қазіргі, сал-сері, географияда, солтүстік, оңтүстік, кездесулер,
қыз-келіншек.
78-тапсырма. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды
жазып, мысал келтіріңіздер.
79-тапсырма. Төмендегі сөздерден буын құрайтын дыбыс-
тардың астын сызыңыздар.
Кезекшілер, тауға, аспан, көкпен, жазық, арыстан, аққу,
айна, еңбекші, жылқы, күздеу, күлкі.
80-тапсырма. Төмендегі сөздерден буын үндестігіне
бағынбайтын қосымшаларды табыңыздар.
Университеттің, жүрекпен, түнімен, асхана, бейнет,
сіңілімдікі, бикеш, арызқой, жалақор .
81-тапсырма. Мәтіннен буын түрлеріне мысал келтіріңіздер.
Ақын
Қоңыр іңірде домбырасын тартып, ақын ойға кетіп
отырған. Осы ойды домбыраның қай пернесі айтып жібергені
есінде жоқ, домбыраны сүйей салып, ақын жазуға отырды. Ойда
жүрген кітап екен, бұрқыратып жазып кетті. Кітап атын
ойланбастан-ақ «Тайталас» қойды.
Бастан өткен, ойдан өткен, таразы көрген өмір тізбек-
тізбегімен қаламға оралды. Ақын бір терең теңізден жүзіп өтуге
бел байлағандай, өзіне-өзі сүйсініп, бақытты бір серпін
тапқандай. Жарауы келген бәйге атындай сырғып, бөгелмей
жазатын болды.
Ғ. Мүсірепов
82-тапсырма. Төмендегі сөздерге қосымша жалғап жазыңыздар.
Фильм, руль, альбом, киоск, повесть, грамм, конспект,
табель, банк.
Қазақ тілі
277
83-тапсырма. «Жазғы кеш» деген тақырыпқа шағын мәтін
құрастырыңыздар. Мәтіннен буын үндестігіне бағынбайтын
қосымшаларды табыңыздар.
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-
біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар:
ілгерінді ықпал
кейінді ықпал
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің
өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:
1) сөз бен қосымша арасында: қаш – са (қашша)
2) екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)
3) күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)
ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)
б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)
84-тапсырма. Дыбыс үндестігінің буын үндестігінен
айырмашылығын айтыңыздар.
85-тапсырма. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Мысалмен
дәлелдеңіздер.
86-тапсырма. Мына сөздерге [у] дыбысын жалғап жазып,
қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңыздар.
Тап, жап, қақ, тақ, соқ, жақ, төк, сөк, бүк, ақ.
87-тапсырма. Сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді
және кейінді ықпалды табыңыздар.
Атың кім? ақ, әкеп бер, сақ бол, көк аспан, көз сал, он бес,
төрт қанат.
88-тапсырма. Мәтінді буын және дыбыс үндестігіне қарай
талдап шығыңыздар.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
278
Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге
пысқырып та қарамайсың. Дене шынықтыру жаттығулары әр
адамның жасына, әл-қуатына сәйкес әрқилы болу қажет. Орта
жастағыларға салт атпен қыдыру тиімді болса, күш-қуаты
кеміген кекселерге жаяу жүргені пайдалы. Сондай-ақ, бозбалаға
қолайлы тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.
(Ибн Сина)
89-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, шешуінің атына
байланысты шағын мәтін жазыңыздар.
Тігуге де ыңғайлы,
Жығуға да ыңғайлы.
Көп қанатты мекен-жай.
Кейінді ықпал
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының
өзінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.
Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:
1. Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы;
2. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)
3. Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)
ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)
б) қос сөз: астан-кестен ( астаң- кестен).
90-тапсырма. Ілгерінді ықпалдан, кейінді ықпалдың
айырмашылығын түсіндіріңіздер.
91-тапсырма. Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді
ықпалды табыңыздар.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші
жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке
ханның басты кеңесшісі болды.
(«Қазақтың би-шешендері» жинағы)
Достарыңызбен бөлісу: |