Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет90/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135

Қазақ тілі 

 

279 



92-тапсырма.  Айтылуда  кейінді,  ілгерінді  ықпал  құбылысы 

байқалатын бірнеше сөздер ойлап жазыңыздар! 



          

93-тапсырма.  Сөз  тіркестерінің  мағыналарын  анықтап, 

кейінді ықпалды табыңыздар. 

 

Көз  сала  жүр.  Жүз  жыл.  Бас  штаб.  Жүз  шамалы. Торы  ала 



ат. Бара алмадым. Қара  ала. Күз сайын. Көп адам. 

 

94-тапсырма.  Сөздердегі  дыбыс  үндестігінің  қай  ықпал 

екенін түсіндіріңіздер. 

 

Көктөбе.  Жақыпбек.  Одаққа.  Орағыта  келіп.  Үйге  кел. 



Өнеркәсіп. Әлдекімдерден. 

 

Орфография және орфоэпия 

 

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы. 

Орфоэпия – сөздердің дұрыс оқылу заңдылығы. 

Сөздердің  айтылуы  мен  жазылуындағы  айырмашылықты 

төмендегі кестеден көруге болады: 

 

Жазылуы 



 

Айтылуы 

к Көзілдірік 

К   Көзүлдүрүк 

Өлең 


ө Өлөң 

Жұлын 


Жұлұн 

Қара ала 

Қарала 

Ақ ешкі 


Ағ ешкі 

     


 

95-тапсырма.  Мына  жұрнақтарды  қандай  сөздерге  жалғай  

аласыздар? 

 

             



-нікі                                    -қор 

            

-дікі                                    -паз 

             

-тар                                    -хана 

             

-дар                                    -кес 

             

-гер                                    -қой 

             




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

280 


96-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  тұсына  олардың 

орфографиялық нормасын сақтап жазыңыздар. 

 

жам бағу - 



            қағ алды - 

саптаяқ -   

            сарауыз - 

сегіз ғанат - 

            түйгіссе - 

тайақ - 


 

            жапан дүз - 

 

97-тапсырма.  Төмендегі  сөздерді  орфография  бойынша 

жазып шығыңыздар. 

 

Башшы -   



 

сүссе - 


өнүм - 

 

 



тұу - 

ыйық - 


 

 

тоқыу - 



 

98-тапсырма. Мына сөздердің айтылуын жазыңыздар. 

 

Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса. 



  

99-тапсырма.  Төмендегі  сөздерден  айтылуы  бойынша 

жазылған сөзді тауып, оны дұрыс жазыңыздар. 

 

Қонысбай,  дүйсембі,  сенбі,  жұмышшы,  бірқатар,  сүссе, 



Жүсіппек, жасса, балмұздақты, Талдығорған, әлдегім, Меңдіқұл. 

   

Сөз мағынасы 

 

Сөзді лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар: 

Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы. 

Сөздің  ауыспалы  мағынасы  –  сөз  мағынасының  ауысып, 

бастапқы  мағынасынан  өзге  мағынада  қолданылуы.  Сөздің 

ауыспалы мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады. 

Мысалы: 

 

Тура мағына 



Ауыспалы мағына 

Терең көл 

ашық терезе 

өткір қайшы 

домбыра шерту 

майлы төстік 

терең ой  

ашық мінез 

өткір көз 

сыр шерту 

майлы дастархан 

 



Қазақ тілі 

 

281 



Сөздің  көп  мағыналығы  (полисемия)  –  бір  сөздің  басқа 

сөздермен тіркескен кездегі әртүрлі мағынаға ие болуы. 

Мысалы: 

 

Адамның басы 



Судың басы (бұлақ) 

Сөздің басы (сәлем) 

Таудың басы (шың) 

 

100-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  ішінен  жалпылама 

қолданылатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыздар. 

 

Ел,  сыншы,  аялдама,  бақыт,  ақша,  футбол,  анықтауыш, 



қоғам, мемлекет, доға. 

 

101-тапсырма.  Асты  сызылған  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағыналарын түсіндіріңіздер. 

 

Атаң  мен  анаң  саған  өмір  сыйлады.  Өз  үйіңнің  бағын 



жандыра біл. 

 

102-тапсырма.  Сөйлемнен  ауыспалы  мағыналы  сөздерді 

тауып, сөйлем құрастырыңыздар. 

 

Ол ешнәрсеге мойын бұрмай, екі көзін кітап бетіне  қадаумен 



болды. 

 

103-тапсырма.  Берілген  сөйлемнен  тура  мағынасында 

қолданылып  тұрған  сөздің  астын  сызып,  қай  сөздің  ауыспалы 

мағынасы болатынын айтыңыздар.  

 

Оның басы ауырып, қызуы көтеріліп дәрігерге кетті. 



   

104-тапсырма.  Ауыспалы  мағынада  тұрған  сөзді  тауып, 

тура мағынасымен салыстырыңыздар. 

 

Үлкендердің айтқанына құлақ сал. 



 

105-тапсырма. Төмендегі сөздердің ауыспалы мағыналарына 

мысал ойлап жазыңыздар. 

 

Көз, аяқ, бет, құлақ, дүние. 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

282 


 

106-тапсырма. Мына сөздердің қайсылары нақты, қайсысы 

дерексіз мағынаны білдіріп тұрғанын айтыңыздар? 

Қымыз,  құрт,  ойшылдық,  тәтті,  адамгершілік,  үнсіздік, 

тыныштық. 



 

107-тапсырма.  Мәтіннен  ауыспалы  мағынада  қолданылып 

тұрған сөздерді тауып, астын сызыңыздар. 

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, 



Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 

...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 

Ол – ақынның білімсіз бейшарасы. 

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, 

Сонда да солардың бар таңдамасы 

Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысын 

Қазақтың келістірер қай баласы?! 

 

108-тарсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерінің  тура  мағынада 

жұмсалып тұрғандарын тауып, сөйлем құрастырыңыздар. 

 

Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім. 



 

109-тапсырма.  Берілген  тіркестерді  тура  және  ауыспалы 

мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңыздар

 

Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, 



жақсы өмір. 

 

Антоним 

 

Антоним  –  мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  сөздер. 

Мысалы: аласа – биік, ұзын – қысқа, ақ – қара, жақын – алыс, су 

жүрек – жүрек жұтқан.  



 

110-тапсырма.    Төмендегі  сөздердің  антонимдерін  тауып 

жазыңыздар. 

   



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау