Қазақ тілі
303
І
Біз келеміз
ІІ
Сендер келесіңдер
Сіздер келесіздер
Көпше
ІІІ
Олар келеді
Жіктік жалғауы негізінен етістікке және есім сөздерге
жалғанады.
177-тапсырма. Мәтінді оқып, жалғаулардың түрлерін
ажыратыңыздар.
Мұнай – байлық. Мұнай – мақтаныш. Екінің бірінің
пешенесіне жазылмаған «қара алтын» байлығының арқасында
күллі әлем қазақ елін таныды. Бүгінде ол өмірлік маңызды
мәселеге айналды.
Мұнайың болса сырттан келетін инвестиция да, несие де
мол. Онсыз қирап жатқан экономиканы, тоқтап тұрған
кәсіпорындарды қозғалту мүмкін емес. Соның бәріне де мұнай
үлкен кепілдік болып табылады. Елдің еңсесін көтеріп, жұмыс
істеуіне де жол ашылады.
Мұнай – ақша. Тек соның көзін тауып, қажетті мұқтаж-
дықтарға жұмсап, жергілікті халық оның игілігін көруі керек.
178-тапсырма. Төмендегі сөздерге керекті жіктік жалғауын
қосып оқыңыздар.
Мен баяғы Жамбыл... , өлең сөзге даңғыл... . Сен маған
кім... ? Сен менің ақылшым... , тірегім... . Сіз оған қарсы... ба?
Сіз сахарада менің де әңгімелесетін, жалғыз мәжілістесім
есебінде қажет... , қадірлі ... . Екі жұмадан бері тыныш... . Сіз
оған міндетті емес... . Біздер еңбекті сүйетін ел... . Сіз аса
талантты офицер... . Біз сүйеміз бейбіт күнді, бейбіт күнде туған
... . Біздің өмір күндей нұрлы, бақыт құшқан ұлан... ! Бұл істі
істеген мен, Базаралы... !
179-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің
орнына жедел өткен шақтың жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Былтыр сендер қандай сабақтардан емтихан тапсырды... ?
Сіз бұл сөзді бекер айтты... . Сіздер мені байқамай төмен түсіп
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
304
кетті... . Оқыған кітаптарыңыздың аттарын қайда жазып
қалдырдыңыз, біз таппа... .Жарты сағаттан кейін сендер ұйықтап
қалды... . Менің әкемді сен көрді... бе? Мен Исамен әңгімелесіп
отырып, көп нәрсені ұқты... .
180-тапсырма. Мәтін бойынша жіктік жалғауын теріп
жазыңыздар.
Ат – адамның қанаты. Ат үстіндегі кісінің көкжиегі қашан
да кең, көңілі көтеріңкі, еңсесі биік. Тек атың жүрдек болсын.
Пай-пай, тоқымыңда ойнаған жүйрігің, жалын желге желпіп,
елбең қағып, есіле майсаңдап келе жатса, сен бесіктегі
балғындай тербелесің ғой. Сонда сені ат емес, бүкіл дала
тербетеді, әлдилейді... Сенің ән салғың келеді. Ол үшін сәл
тебініп қал. Атың сар желе жөнелсін. Сен оң қолыңды баяу
бұлғап, атыңды сипай қамшыла, ұрма, ат сауырын қамшымен
сипа. Міне, енді даланы сен тербете бастадың. Қане, енді кең
дүниені әлдиле, ән сал.
181-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, көптік жалғауын
табыңыздар.
Интернет – бұл әлемдегі миллиондаған компьютерлерді
біріктіретін жүйе. Интернет – бұл бүкіл әлемдік біртұтас
ақпараттық жүйе, кеңістік. Егер біз интернеттің тарихына үңілер
болсақ, оның 1969 жылдан басталатынын көреміз. 1980 жылдан
бастап ЭВМ компаниясы дербес компьютерлер шығаруды
конвейерге қойды. Интернетті тұтынушылар саны бірнеше
мыңнан қазіргі кезде 60 млн-ға жетті. Интернет адамға шексіз
көлемде әралуан тақырыпта ақпараттар бере алады. Интернет
арқылы бейне, дыбыстық мәтінді ақпарлар алуға болады.
Студенттер өздеріне қажетті тақырыпта жазылған кітаптарды,
ғылыми жұмыстарды, рефераттарды, т.б. кітапханаларға
бармай-ақ еркін, тез тауып алады.
182-тапсырма. Мәтіндегі ойды түсініп оқып, адам өміріндегі
тілдің орнын әңгімелеңіздер. Мәтін бойынша жалғауларды
ажыратыңыздар.
Қазақ тілі
305
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз –
адамның ең жоғарғы қасиеті. Мұралардың ең қымбаты – сөз.
Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық
көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.
Асыл сөз мәңгі жасайды.
(Ғ. Мұстафин)
183-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жалғаулардың
астын сызыңыздар. Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы
ойланып, өз пікірлеріңізді айтып беріңіздер.
Ана тілім
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ана тілім –
Дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім –
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жазың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл-жағым!
(Н. Айтов)
184-тапсырма.
Мәтінді
оқып, жалғаулардың астын
сызыңыздар.
Жер серіктерінің қызметі
Ғаламшарымызды айнала ұшып жүрген Жер серіктерінің ел
үшін пайдасы орасан зор. Оның түрлері де сан алуан. Мысалы,