Қазақ тілі
283
Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.
111-тапсырма. Бір-біріне антоним болатын сөздерді орнына
қойыңыздар.
Жаман, дос, жақсы, адал, қас, үлкен, арам, кіші, кең, жас,
аз, ақымақ, ашық, ақылды, жабық, тар, кәрі, көп.
112-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті антонимдерді
қойыңыздар.
Адал еңбек елге жеткізер,
................. қулық елден кеткізер.
Мұратыңа жеткенше,
Дос-........... сыр берме. (Б. Момышұлы)
Ақылсыз достан
......... дұшпан артықты. (Шалкиіз жырау)
113-тапсырма. Мына сөздерге антоним және синоним
болатын сөздер жазыңыздар.
Өжет, бар, жарық, алыс, мол, бейнет, оңай.
114-тапсырма. Өлеңдегі антоним сөздерді тауып, осы
сөздерді тақырып етіп, ойтолғау жазыңыздар.
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Бір сынаған жаманды
Екіншілей сынама.
(Ақтайлақ шешен)
115-тапсырма. Мәтіндегі сөздерден синоним, омоним,
антонимге мысал жазыңыздар.
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен
сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын
ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.
Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені
қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.
(Б. Момышұлы)
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
284
116-тапсырма. Мақалдан антонимді табыңыздар.
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз .
117-тапсырма.
Төмендегі
антонимдердің
синонимін
жазыңыздар.
Озу-қалу, рақат-бейнет, шарапат-кесепат, алғыс-қарғыс.
118-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерден антоним бола алатын
сыңарларын тауып жазыңыздар.
Батырларға тән ортақ қасиет: өжеттік, ерлік, адалдық, досы
үшін отқа түсу, Отанға шексіз сүйіспеншілік және жеңімпаздық.
119-тапсырма. Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-
мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңыздар.
120-тапсырма. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне
әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңыздар.
121-тапсырма.
Әсем,
тез,
шебер,
зор
сөздерінің
антонимдерін тауып жазып, сөйлем құрастырыңыздар.
122-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып
жазыңыздар.
Алыс, ескі, жас, ұзын, қуану, терең, оңай.
123-тапсырма. Төмендегі
етістіктердің антонимдерін
тауып, оларға сөйлем құрастырыңыздар.
Қалу, жиналу, жабу, қайту, ескіру, кедейлену.
124-тапсырма. Берілген етістіктердің антонимдерін тауып,
оларды қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
Озу, шашу, бару, жаңару, баю, ашу.
125-тапсырма. Мына сын есімдердің антонимдерін тауып,
сөйлем құрап жазыңыздар.
Қазақ тілі
285
Пысық, ірі, адал, оң, оңай.
126-тапсырма. Төмендегі сөздердің қарсы мағыналас
сыңарларын тауып, сөйлем құрастырыңыздар.
Қысқа, тұщы, алыс, солтүстік.
127-тапсырма.
Сөйлемнен
антоним
болатын
сөзді
көрсетіңіздер.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, екі түрлі нәрсе ғой сыр
мен сымбат.
Омоним
Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі
сөздер.
Мысалы: «Жақ» омоним сөзінің мағыналары:
Адамның жағы/ От жақ / Оң жақ / Маған жақ бол / Қара
бояу жақ
Омонимдердің жасалу жолдары:
1. Жұрнақ арқылы: шығыс ( шық +ыс), жастық ( жас + тық);
2. Кірме сөз арқылы: бақ (парсы. «бақт»), сап (араб «саф»);
3. Сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);
128-тапсырма. Мақалдан омоним болатын сөзді табыңыздар.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды
129-тапсырма. Үш, бес, жеті, сандарына арналған асыл
сөздерді жазып, омоним сөздер болса, астын сызыңыздар.
130-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқып, омонимдерді
тауып, мағыналарын анықтаңыздар.
Шаш – адам көркі. Тауықққа жем шаш.
Бас ауырады. Кібіртіктемей, аяғыңды бас.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
286
131-тапсырма. Сөйлем құрамынан омонимдерді тауып,
мағыналарын анықтаңыздар.
Сылдыр үн көңілді көктемді қошеметтейді. Бір кезде осы
дыбысқа адам үні араласқандай болды.
132-тапсырма. Қол, үй, қой омонимдерін қатыстырып,
сөйлем құрастырыңыздар.
133-тапсырма. Айт, жан, ен, бөле сөздері омоним болатындай
бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
134-тапсырма. Күрес, жең, шағын сөздері омоним
болатындай сөз тіркесін құрастырыңыздар.
135-тапсырма. Сөйлемнен терминдерді теріп жазып, ол
термин қай салаға қатысты екенін айтыңыздар.
Тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын
геометриялық фигураға жуықтау болады.
Синоним
Синоним – айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналары бір-біріне
жақын сөздер.
Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты.
136-тапсырма. Төмендегі сөздерге синоним болатын
сөздерді жазыңыздар.
Ұстаз, ақын, үй, құрметтеу.
137-тапсырма. Синонимнің омонимнен айырмашылығы неде?
138-тапсырма. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыздар .
Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайым-
дылығы, тілектестігі, ниеттестігі.
(В.А. Сухомлинский )
Достарыңызбен бөлісу: |