Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет85/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135

Қазақ тілі 

 

261 



3. Грамматикалық түсініктемелер 

 

ФОНЕТИКА 

 

1.  Сөйлеу  тілінде  дыбыстау  мүшелері  арқылы  айтылып, 

естілетін  тілдік  құбылысты  дыбыс  дейді.  Дыбыс  –  сөздің  ең 

кішкене бөлігі. Дыбысты айтады және естиді. 

2. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді. Яғни 

әріп – дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.  

3.  Әріптердің  рет-ретімен  тізілген  жиынын  алфавит 

(әліпби)  дейді.  Қазақ  тілінің  алфавиті  42  әріптен  тұрады. 

Олардың тізбектелген қатары мынадай:  а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, 

з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, 

і, ъ, э, ю, я.  

4. Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.  

5.  Қазақ  тілінде  дыбыстар  өкпеден  шыққан  ауаның 

шығуына  қарай  дауысты  дыбыс  және  дауыссыз  дыбыс  болып    

2-ге бөлінеді. 

 

1-тапсырма. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар. 

 

Астана,  тәртіп,  жазушы,  алтыбақан,  кітап,  оныншы, 



инженер, кесек, студент. 

 

2-тапсырма.  Қазақ тіліне тән дыбыстарды жазыңыздар. 

 

3-тапсырма.  Дыбыстан  әріптің  айырмашылығын  айтып, 

қанша дыбыс, қанша әріп барын жазыңыздар. 

 

4-тапсырма.  Төмендегі  дыбыстардан  антоним  сөздер 

құраңыздар. 

 

А, л, ж, т, с, қ, н, б, ы, і, е, к, и, ө, о, р, ү, з, м, д, г. 



Үлгі; бар-жоқ. 

 

5-тапсырма.  Жеті  санына  байланысты    сөздерді  жазып, 

«Жеті – қасиетті сан» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңыздар. 

 

6-тапсырма.  Төмендегі  сөздерге  тиісті  дыбысты  қойып, 

сол сөздерге синоним сөздер жазыңыздар




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

262 


Үл...ілі,  е...еу,  қай...р,  пә...ер,  қор..ақ,  жо...ары,  мейірі...сіз, 

м...йдан. 

 

7-тапсырма. Аян, Саян, саяжай сөздеріне дыбыстық талдау 

жасаңыздар. 



 

8-тапсырма.    Төмендегі  сөздердің  дыбыстарын  өзгертіп 

жазып, сөз мағынасына тигізетін әсерін түсіндіріңіздер

 

Қас, жақ, көк, мал, тек. 



Үлгі: кез, тез, сез, без, жез. 

 

9-тапсырма. Дыбыс туралы жұмбақтың шешуін табыңыздар.  

 

Түнде бармын, 



Қыста жоқпын. 

Күнде бармын, 

Күзде жоқпын.  

                                

 

 

 



  (--) 

10-тапсырма.    Тіл  туралы  мақал-мәтелдер  жазып,  қанша 

дыбыс, қанша әріп барын айтыңыздар. 



 

11-тапсырма. Қазақтың төл сөзінде кездеспейтін дыбыстарды 

және  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  жазыңыздар.  Оларды  мысалмен 

дәлелдеңіздер. 

 

12-тапсырма.    «Желтоқсан  желі»  деген  тақырыпқа  шағын 

шығарма жазыңыздар. 

 

13-тапсырма. «Нарық» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.  

 

14-тапсырма.  Үзіндіні  оқып,  төмендегі  сұраққа  жауап 

беріңіздер.  

 

Мақал-мәтел – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, 



тіл  байлығының  алтын  қазынасы.  Олардың  көбі  –  халықтың 

кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  өсиеті,  қымбат  мұрасы.  Халық 

санасында  талай  ғасырлар  бойында  қалыптасқан  мақал-

мәтелдерді  айтылатын  оймен  орайластырып,  орынды  қолданса, 

сөз  мірдің  оғындай  өткір,  көңілге  қонымды,  көркем  әрі  бейнелі 

болады. Сондықтан "Сөздің көркі – мақал" деп тегін айтылмаған.  




Қазақ тілі 

 

263 



Мағынасы  үзіндідегі  негізгі  оймен  байланысты  емес 

сөйлемді көрсетіңіз. 

A) Мақал-мәтелдер  халықтың  даналығын,  тіл  байлығын 

көрсетеді.  

B) Айтылған  сөз  мірдің  оғындай  өткір,  көңілге  қонымды, 

көркем әрі бейнелі болу үшін шешен болу керек. 

C) Мақал-мәтелдер – көптеген ғасырлардың жемісі. 

D) Сөз  сөйлеудің  майталмандары  айтар  ойларын  мақал-

мәтелмен көріктендіріп отырған. 

E) Ата-бабаларымыз  өмірден  түйген  тұжырымды  ойларын 

өзінен кейінгілерге өсиет ретінде қалдырып кеткен. 

 

15-тапсырма.    «Бабалар  дәстүрі»  деген  тақырыпқа  ой-

толғау жазыңыздар. 

 

16-тапсырма.    Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөзді  қойып, 

мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер. 

 

 Жүк ауырын ... көтереді, 



 Ел ауырын ... көтереді. 

 

17-тапсырма.  Мәтіннен үш сөз алып, дауысты дыбыстарға 

фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыздар.  

 

Адам  өзі  тапқан  нәрселерін  күнде  тексерсе,  күнде  өседі. 



Көп  заман  тексермесең,  тауып  алған  өнеріңнің  жоғалғандығын 

және  өзіңнің  ол  мезгілдегіден  бір  басқа  адам  болып  кеткеніңді 

білмей  қаласың.  Жоғалған  өнер  «мен  жоғалдым»  деп  хабар 

беріп  жоғалмайды.  Енді  қусаң,  бағанағы  әуелгі  табуыңнан 

қиынырақ тиеді.  

Абай 

 

18-тапсырма.    Абайдың  нақыл  сөздеріндегі  сөз  таптарына 

фонетикалық (дыбыстық) талдау жасаңыздар. 

 

                       Абай афоризмдері 

 

1.  Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,  

      Еңбек қылмас еріншек адам болмас. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау