Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
240
Пирамиданы салушы …. аштық пен ауыр бейнеттен қырғынға
ұшырап отырды. Археологтар 80 .... есепке алған. Тас
қалаушылардың .... ерекше таң қалдырады.
604-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта
тұрғанын анықтаңыздар.
605-тапсырма. Пирамидасы, археолог, тас қалаушы,
сағана сөздерін септеңіздер.
606-тапсырма. Архитектура ғылымының өмірмен байланысы
тақырыбында шығарма жазыңыздар.
607-тапсырма. Мәтінде берілген сандарды жазбаша
жазыңыздар.
608-тапсырма.
Мәтінді
қазақ
тіліне
аударып,
өз
ойларыңызды қосып мазмұндаңыздар.
Преимуществом деревянных окон является то, что их можно
ремонтировать своими руками, то, что они экологически чисты,
имеют привлекательный вид натурального материала. Недостатки
заключаются в горючести, в том, что древесина может отсыревать
и подвергаться порожению микроорганизмами. Оконные рамы
делаются из ореха, дуба, бука, сосны, красного дерева.
Современные высокие технологии позволяют добиться высокого
качества окон и при правильной эксплуатации могут прослужить
более 50 лет.
609-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар.
Құрылыс акустикасы, алаңы, индустриясы
Құрылыс акустикасы – жалпы
акустика ілімінің ғимараттар мен
ғимараттардың қоршау құрылым-
дарын сыртқы, әрі ішкі орталар-дың
шуынан
оқшаулау
және
оны
Қазақ тілі
241
барынша азайту мәселелерімен айналысатын саласы. Ғимарат
ішіндегі
шуды
бәсеңдету
үшін
оны
дыбыс
жұтқыш
материалдармен қаптайды. Ірі қоғамдық орындар мен тұрғын
үйлер және елді мекендердегі құрылыстарды жобалағанда
барынша шуды азайту шаралары ескеріледі. Кәсіпорындардағы
өндірістік
шу
мен
ғимараттардың
инженерлік
құрал-
жабдықтарының шуымен күресуде шу көздерін оқшаулау, шу
өткізбейтін бөлмелер жасау, т.б. шаралар қарастырылады.
Құрылысты жобалау жұмыстарында шумен күресу мәселесіне
ерекше
мән
беріледі.
Құрылыс
архитектура-сының
материалдарын «Алматымонолитстрой», «ЦеНПСЛ» ЖАҚ-тары
, т.б. кәсіпорындар шығарады.
Құрылыс алаңы – құрылыс жүріп жатқан белгілі бір аумақ.
Құрылыс алаңына салынуға тиіс үйлер мен ғимараттар, сондай-
ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті уақытша салынған
әкімшілік-шаруашылық
және
мәдени-тұрмыстық
үйлер,
өндірістік қосалқы мекемелер, көмекші өндіріс орындары мен
шаруашылықтар
(жөндеу-механикалық
шеберханалар,
материалдар мен бұйымдар сақталатын әртүрлі қоймалар,
электр, телефон желілері, су мен газ құбырлары, т.б.)
орналасады. Қазіргі индустриялық құрылыстарда құрылыс
алаңы көбіне зауыттарда дайындап әкелінген материалдарды
және индустриялық элементтер мен бөлшектерді құрастыратын
құрастыру (монтаждау) алаңына айналады.
Құрылыс индустриясы – құрылыс нысандарын жаңадан
салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-
жабдықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық
әдіспен жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының
жиынтығы.
Құрылыс
индустриясының
үздіксіз
дамуы
шаруашылықтың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының
ұдайы өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының
өніміне құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел
орнатылып, құрастырылған, іске қосылуға даяр өндірістік
орындар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық,
т.б. ғимараттар жатады. Құрылыс индустриясының пайда болуы
қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың,
қатынас жолдарының, сауданың дамуына байланысты болады.
Неғұрлым күрделі жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
242
қажеттілігі
құрылысты
мамандандыруды,
оны
дербес
шаруашылық саласына айналдыруды қажет етті. Қазақстанда
құрылыс индустриясы құрылыстың жедел қарқынмен дамуы
және үнемі жетілдірілуі нәтижесінде қамтамасыз етілді.
Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізудің басты түріне айналып,
құрылыс индустриясын дамытуды едәуір жеделдетті. Кеңестік
дәуірде сонымен бірге, ұжымшар аралық құрылыс ұйымдары да
құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуға едәуір
септігін тигізді. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде құрылыс-
құрастыру ұйымдары түгелдей дерлік жекешелендіріліп, бір қатары
ірі холдинг – компанияларға айналдырылды. Олар негізінен
құрылысты мердігерлік тәсілмен жүргізеді.
Тәтіғұлов Ә.Ш., Ақбердин Ә.Ә., Тәтіғұлов Ә.Ә.,
Тәтіғұлов А. Ә. Архитектура мен жобалау негіздері.
Ғимараттардың құрылымдары. − Алматы: «KAZCOR»
4 т. 2005. − 328б.
610-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
611-тапсырма.
Сөз
тіркестеріне
күрделі
сөйлем
құрастырыңыздар.
1. Құрылыс акустикасы. 2. Құрылыс алаңы. 3. Құрылыс
индустриясы. 4. Өндірістік шу. 5. Мәдени-тұрмыстық үйлер.
6. Қосалқы мекемелер. 7. Телефон желілері. 8. Газ құбырлары.
9. Монтаждау алаңы. 10. Құрал-жабдықтар орнату. 11.
Индустриялық әдіс. 12. Өндірістік орындар. 13. Мердігерлік тәсіл.
14. Нарықтық экономика. 15. Жаңа үйлерді салу.
612-тапсырма. «Құрылыс» сөзімен бірнеше сөз тіркесін
құрастырыңыздар.
Құрылыс