Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет80/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135

Қазақ тілі 

 

243 



613-тапсырма.  Берілген  тақырыптар  бойынша  әңгіме 

сұхбат құрастырыңыздар. 

 

Құрылыс акустикасы 



Құрылыс алаңы 

Құрылыс индустриясы 

Өндірістік шу 

 

614-тапсырма. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті 

сөздермен сөз тіркестерін қойыңыздар. 

 

Ғимарат  ішіндегі  шуды  бәсеңдету  үшін  оны  ...  жұтқыш 



материалдармен  қаптайды.  Құрылысты  ...  шумен  күресу 

мәселесіне  ерекше  мән  беріледі.  Құрылыс  акустикасы  – 

ғимараттардың қоршау құралымдарын сыртқы, ішкі орталардың 

...  оқшаулау  мәселелерімен  айналысатын  саласы.  Құрылыс 

алаңына  зауыттарда  дайындап  әкелінген  ...  және  ...  элементтер 

мен  бөлшектерді  құрастыратын  құрастыру  алаңына  айналады. 

Құрылыс  индустриясы  –  құрылыс  нысандарын  ...  ...,  ұлғайту, 

күрделі  жөндеуден  өткізу  жұмыстарын  индустриялық  әдіспен 

жүзеге асыратын құрылыс құрастыру ұйымдарының жиынтығы. 

 

615-тапсырма.  Мәтіннен  етістіктерді  тауып,  оларды  өткен 

шақта жазыңыздар. 

 

616-тапсырма.  Мәтінді  абзацтарға  бөліп,  қалаған  біреуін 

орыс тіліне аударыңыздар. 

 

617-тапсырма.  Қала  құрылысының  дамуы  туралы  өз 

ойларыңызды әңгімелеп беріңіздер. 



 

618-тапсырма.  Мәтін  мазмұнын  пайдаланып,  сөйлем 

құрастырыңыздар. 

 

Құрылыс акустикасы_________________________________ 



Құрылыс алаңы_____________________________________ 

Құрылыс индустриясы_______________________________ 

Құрылысты жобалау_________________________________ 

Өндірістік мекемелер_________________________________ 

Қоғамдық орындар___________________________________ 



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

244 


Тұрғын үйлер_______________________________________ 

Монтаждау алаңы___________________________________ 

Индустриялық әдіс___________________________________ 

Мердігерлік тәсіл____________________________________ 

  

619-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар. 

 

кесектер – бруски    



су құбырының өткізгіші – ввод водопровода  

жоғары өрмелеу жұмыстары – верхолазные работы 

құрылысқа 

қатысушылардың 

әрекеттестігі 

– 

взаимодействие участников  строительства  



жару жұмыстары – взрывные работы 

құйынды шаңдату –вихревые напыление 

құрылыстағы су көлігі – водный транспорт в строительстве 

су төкпе – водоотлив 

су жұтылу – водопоглощение 

ауа ауыстыру – воздухообмен  

 

620-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысыңыздар. 

                                    

Құрылыс механикасы 

 

Құрылыс механикасы – ғимараттардың беріктігін, қатаңдығын, 

соққы  мен  дірілге  төзімділігін  есептеу  тәсілдері  мен  принципі 

жайындағы  ғылым.  Құрылыс  механика-

сын  кейде  құрылыс  статикасы  немесе 

құрылыс  теориясы  деп  те  атайды.  Басты 

мақсаты  –  құралым  бөліктерінде  әртүрлі 

сыртқы  әсерлерден  пайда  болатын  ішкі 

күштердің  мөлшерін  есептеуге  арналған 

әдістерді  табу;  ақаулану  және  дефор-

мация  шамаларын  анықтау;  орнықтылық 

жағдайларды зерттеу.  

Құрылыс  механикасында  құрылыс 

құралымдары  мен  оның  құрамды  бөліктері  мынадай  түрлерге 

бөлінеді:  1)  бір  өлшемі  қалған  екеуінен  әлдеқайда  үлкен 

элементтерден  құралған  стержендік  жүйелеу;  2)  екі  өлшемі 




Қазақ тілі 

 

245 



үшіншісінен  әлдеқайда  үлкен  элементтерден  құралған  тақта, 

плита,  қабықшалар;  3)  үш  өлшемі  бір-біріне  қарайлас 

элементтерден 

құрылған 

біртұтас 

массивтер. 

Құрылыс  

механикасын  зерттейтін  мәселелер  материалдар  кедергісі, 

серпімділік,  пластикалық  және  сусымалық  теориялармен  тығыз 

байланысты.  Құрылыс  механикасы  көбінесе,  стержендік 

жүйелерді есептеу тәсілдерін және оның теорияларын қарастырады.  

Стержендік  жүйелер:  жазықтағы  және  кеңістіктегі  фермалар 

мен  рамалар,  арқалықты  жүйелер,  арқалар,  тіректер,  қабырғалар, 

т.б.  Қабылданған  есептеу  сұлбалары  бойынша  құрылыстар 

статикалық анықталған және статикалық анықталмаған жүйелерге 

ажыратылады.  Құрылыс  механикасында  материалдар  кедергі-

сіндегі сияқты жеңілдетілген теориялар пайдаланылады. Бірақ бұл 

жеңілдіктер  қолданылатын  әдістердің  дәлдігін  кемітеді,  кейде 

айтарлықтай  қателіктерге  соқтырады.  Сондықтан  мәселені  өте 

қарапайым түрге дейін оңайлатуға болмайды.  

Табақ-пластинка,  тақта-плита  және  қабықшаларды  есептеу 

серпімділік  теориясына  негізделген.  Егер  қарастырылмақшы 

мәселе  серпімділік теориясының заңдарынан алшақ жатса, онда 

әсер  етуші  күштер    мен  деформациялар  пластикалық  немесе 

сусымалық  теориялар  бойынша  есептеледі.  Ал,  тұтас  массивті 

құралымдардың  ішкі  күштерінің  кернеулерін  жалпы  жағдайлар 

үшін анықтау әлгі күнге дейін толық шешілмей отыр. Сусымалы 

заттардың  теориясы  мен  тірек  қабырғалары  есептеу  арқылы 

сусымалы  заттардың  тірек  қабырғаға  түсіретін  қысымын 

анықтаумен бірге ол қабырғалардың беріктігі мен орнықтылығы 

жеңілдетілген  әдістер  бойынша  анықталады.  Сол  себепті 

есептеу  кезінде  топырақтың  тосқауылдарға  түсіретін  қысымы 

қарапайымдатылып, әрі жеңілдетіліп қарастырылады.  

Құрылыс  механикасының  ең  негізгі  теоремаларының  бірі  – 

мүмкін  болатын  қозғалыстардың  жалпылама  принципі.  Осы 

принциппен басқа да теоремалар шығады. Статикалық анықталған 

жүйелерге  әсер  ететін  тұрақты  жүктемелерді  анықтау  үшін 

аналитикалық  және  графиктік  әдістер  пайдаланылады.  Құрылыс 

механикасында кинематикалық әдістер де қолданылады.  

Құрылыстарға  әсер 

ететін  жылжымалы  жүктемелер 

сызықтық  әсерлер  арқылы  анықталады.  Статикалық  анықтал-

маған  жүйелердің  есептері  үш  түрлі  әдіспен  шешіледі.  Олар 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау