Қазақ тілі
231
Юрий
Домбровский
өзінің
«Көне дүниені сақтаушы» атты
романында: «...Алматыны Зенковтың
құрылыстарынсыз таныстыру мүмкін
емес. Сәулетшілік сылдырмақтарға,
оюланған ағаш пен жұқа темірге
деген сүйіспеншілігімен қоса, оның
ғимаратын төменнен басына дейін
әшекейленген жаңа жылдық шыршаға
ұқсас ететін бөлшектердің қандай да бір шынайы, нақты бірлігі
болады... Оның ғимараттарында таңғаларлық әдемілік, нағыз
қуанышқа бөлейтін тамаша нәрселер бар. Ол адамдарды
қуантып және таңғалдырғысы келеді, әрине оған бұны іске
асырудың сәті түсті»,− деп жазды.
578-тапсырма.
Мәтіндегі
сөйлемдердің
тұрлаусыз
мүшелеріне сұрақтар қойып, олардың астын сызып, мәтінді
мазмұндаңыздар.
Қазақстанның жеті кереметі
Қазақстанның жеті кереметі де жоғарыда айтылған әлемнің
жеті кереметінің жалғасы іспеттес. Әр халық немесе мемлекет
өз аумағында пайда болған мәдениетінің асыл құндылықтарына
жататын ескерткіштерін түгелдеп, ардақтауға тиіс. Осы
тұрғыдан келгенде, қазақ жері тарихи ескерткіштерге мейлінше
бай. Алайда, соның ішінде жоғарыда айтылған кереметтерден
ешқандай кем түспейтін қазақ жерінің жеті кереметін атап
көрсеткен орынды.
Қазақ халқының дүниетанымында жеті саны аса қасиетті,
қастерлі сан. Оның мәні мен мағынасын ашып, құпиясын
шешуге ұмытылмай-ақ, «жеті қат көк», «жеті қазына», «жеті
жұт», «жеті өнер», «жетісін беру», «жеті шелпек», «жеті күн»,
«жеті қарақшы» секілді жеті санымен байланысты тағы да басқа
ұғымдардың
қазақ
халқының
дәстүрлі
мәдениеті
мен
көзқарасында ерекше орны бар екенін айтсақ та жеткілікті.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
232
Осы ретте бір топ ғалымдар арнайы зерттеу жүргізе отырып,
қазақ халқының рухани байлығынан айрықша маңызды орын
алған, теңдесі жоқ жердің тамаша жеті кереметін таңап алды. Олар:
1. Таңбалы тас суреттері. 2. Домбыра. 3. Киіз үй. 4. Алтын адам.
5. Маңғыстау жерасты мешіттері. 6. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
7. Астана-Бәйтерек. Осы аталғандар Қазақстанның жеті кереметі
болып саналатыны айқын. Таңбалы тас суреттері – қола дәуірінен
бастап, орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген
қауымдардың барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті
археологиялық ескерткіш.
579-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, олардан көптік
жалғауларын табыңыздар.
Площади, центральные улицы, полезные ископаемые,
подобный, мавзолей, коллектив, честь, познаваемость мира,
дома, суффиксы, подвесной, наследие, башня, чудесный.
580-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар
әзірлеп, археологиялық ескерткіштер жайында өз ойларыңызды
ортаға салыңыздар.
581-тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді табыңыздар.
1. әдепті 1. сақтау
2. алғыс 2. үнем
3. зиян 3. қарғыс
4. ысырап 4. пайда
5. бұзу 5. көргенсіз
Қазақ тілі
233
582-тапсырма. Екі топқа бөлініп, Қазақстандағы тарихи
ескерткіштердің
бүгіні
мен
ертеңі
жайлы
пікірталас
ұйымдастырыңыздар.
583-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Ежелгі, жеті керемет, асыл құндылық, ескерткіш, қазақ
жері, жеті өнер, дәстүрлі мәдениет, таңбалы сурет, қола дәуір,
аса көрнекті, қастерлі, кесене, мәртебе, танып білу.
584-тапсырма. Төмендегі сөздерге жіктік жалғауларын
жалғап, жекеше және көпше түрде жіктеңіздер.
Сәулетші, маман, мұнайшы, инженер, барлаушы, мүсінші,
өндіруші, ғалым, зерттеуші, тәуелсіз, тілші, құрылысшы, геолог.
585-тапсырма. Ұлы бабамыз әл-Фарабидің қанатты сөздерін
жазып алып, мағынасын түсіндіріп, естеріңізге сақтаңыздар.
1. Бақыт − әрбір адам ұмытылатын мақсат.
2. Бақытқа жеткізетін әрекет − тамаша әрекет.
3. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті
ойламауы қажет.
4. Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен
табандылық қажет.
586-тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндаңыздар.
Әлемнің жеті кереметі
Ал, енді тамсандарып, таңдай қақтырған әлемнің жеті
кереметі туралы тоқталайық.
Шамамен, біздің эрамызға дейін III ғасырда әлдекім
кереметтің үлгісі деп осы жетеуін ауызға алған. Бұл пікірге әлем
халқы, Жерорта теңізін жағалай қоныстанған елдер шек
келтірместен иланады да, ішінара түзету енгізушілер де табылады.
Дегенмен, жер бетінен әлдеқашан құрып кеткен, тек байырғы
қолжазбалар мен аңыздардан жаңғырығы жеткен әлемнің жеті
кереметі алып-қосары жоқ бұлжытпас құдіреттей қабылданады!