Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
228
белгі − щаңырақ. Шаңырак − үй, Отан деген ұғымды білдіреді,
қазақ үшін киелі үғым. Қазақ халқында «Отан от басынан
басталады» деген мақал бар. − Шаңырақ, сіздің үйіңіз. Қара
шаңырақ − Ұлттық алтын бесік. Шаңырақты айнала күн
сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны қос пырақ
қанатымен көмкеріп тұр. Жоғары жағында бес бұрышты
жұлдыз. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің кұшағы бес құрылыққа
бірдей ашық екенін білдіреді. Елтаңбаны жасаған − Жандарбек
Мәлібеков пен Шота-АманУәлиханов.
572-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін
пайдалана отырып, өзіңіз оқитын оқу орнын суреттеп беріңіздер.
Жоғары оқу орны, биік ғимарат, кітапхана, оқу залы,
дәрісхана, жатақхана, оқытушылық құрам, көркем өнерпаздар
үйірмесі, инженер мамандар, техника саласы, сумен жабдықтау.
573-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Шаңырақ − жарық түсіру және түтін шығару үшін жасалған
киіз үйдің төбесіндегі күлдіреуішті шеңбер ағаш (оның шеңбер
аймағы киіз үйдің ірге шеңберінің 1/3).
Уық − кереге мен шаңырақтың арасын қосып тұратын бір
басы түзу, екінші басы бүгілген жіңішке сырықтар.
Кереге − киіз үйдің қабырғасын құрайтын, тор көзді
жиналмалы ағаш бұйым.
574-тапсырма. Ғибрат сөздерді жадыларыңызда сақтаңыздар.
Адамдық өмірдің негізгі мақсаты − шындық іздеу, шындық
табу.
Адамды түсіндіру, адамды түсіне білу деген нәрселер
білімнің басты шарты.
Ғылым шындық жолынан тайса адам баласын апатка
ұшыратады.
Өзін-өзі ұстай білу − барлық жақсылықтың басы.
Надан адамды әкімшілік басына қою − жас баланың қолына
ұстара беру сияқты: ол сол ұстарамен өзін де, өзгені де
қансыратады.
Қазақ тілі
229
Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы
келген бақ көтеріп, таққа отыру бола береді, бірақ соның
буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар бар.
Менің білгенім – ешнәрсе білмейтінім.
«Әл-Фараби және Абай» кітабынан
575-тапсырма. Термин сөздердің жасалу жолын анықтап,
жаттап алыңыздар.
ажырамалы жылытқыш
айналма жаққыш
айырлы
электроұстағыш
арматураны бекіткіш
ауабөлгіш
ауажинағыш
ауақыздырғыш
ауаөткізгіш
ауыстырғыш
әйнеккескіш
ауаүлестіргіш
әшекейлегіш
576-тапсырма.
Төменде
берілген
терминдерді
мазмұндаңыздар.
Дәліз (веранда) дегеніміз – үймеретке жапсыра немесе
оның ішіне салынған ашық немесе әйнектелген жылытыл-
майтын бөлме, сол сияқты жеңіл павильон түрінде үймереттен
жеке тұрғызылған ғимарат.
Іргетас (фундамент) дегеніміз − топыраққа 15 000 м
жететін
және
жоғары
шоғырланған
жүктеменің
түсуін
қамтамасыз ететін ғимараттың құрылымдық элементі. Қаңқалы
ғимараттардың іргетасы табиғи негізінде және қада типтес
іргетастар түрінде ажыратылады.
Кеуек бетон дегеніміз − біркелкі таралған кеуектерден
тұратын минералды тұтқырғыш пен кремнеземдік құрам
негізіндегі жасанды кеуекті материал.
Сәулет объектісі дегеніміз − сәулет жобасы негізінде
құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені,
олардың бейнесі, жайластырушылық, көрініс, не бақпарк
өнерінің объектісі.
Бетонтөсегіш дегеніміз − бетон қоспасын қабаттың
қажетті қалыңдығымен, біркелкі әперу үшін қоректендірушісі
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
230
бар бункер, қосымша тегістейтін, тығыздайтын, түзеткіш
жабдығы болуы мүмкін.
577-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыздар.
Алматының алғашқы сәулетшісі А.П. Зенков жайында
Ескі Алматының алғашқы сәулетшісі
А.П. Зенков (1863−1936) болды. Оның
Верныйдағы сәулетшілік қызметі 1887 жылы
жер сілкінісіне кірпіштен салынған әкімшілік
ғимараттар мен тұрғын үйлердің қирағанынан
кейін басталды. Инженер Криштановскиймен
бірге
қаланы
дамытудың
тұңғыш
бас
жоспарын жасады.
Талантты
сәулетші
жер
сілкінісіне
ұшыраған аудандарда құрылыс жүргізудің
жаңа әдістерін ұсынды. Ол ағаштан үйлер салу тәжірибесін іске
асырып, оны белсенді түрде насихаттады, ағашты жер сілкіну
қаупі бар аудандарға неғұрлым сенімді құрылыс материалы деп
есептеді. А. Зенков ағаштан ерекше
әдемі,
оюлармен
өрнектелген
ғимараттар салуға болатынын
көрсетті. Оның жобалары бойынша
ескі Верныйда гастрономиялық
дүкен, офицерлер үйі, губернатор-
дың үйі және т.б. салтанатты
ғимараттар салынды. Зенковтың
сәулетшілік шеберлігінің шыңы, тамаша туындысы, ағаштан
салынған құрылыстың ғажап үлгісі − Әулие Вознесенск
Кафедралық соборы. Биіктігі 56 м болған қаладағы сол кездегі
ең әдемі ғимарат ХХ ғасырдың басында салынды. 1887 жылы
10 маусымда болған жойқын жер сілкінісінен кейін қаладағы
1799 үйден тек қана осы Кафедралық собор аман қалды. Собор
ешбір темір шегесіз, тік қойылған төртбұрышты ағаш
бөренелердің күрделі жүйесімен бекітілді. Ол жерасты
дүмпулері мен 1911 жылы болған тағы бір күшті жер сілкінісіне
төтеп берді.