Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет48/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

144 



Оның  жасаған  тарихи  өмірі  барысында  белгілі  жағдайлар  және 

құбылыстар  адамның  тіршілік  әрекетіне  әсерін  тигізеді.  Бұл 

қоғам өмірінің материалдық және рухани жағдайын сипаттайды. 

Тарих 


адамның 

салауатты 

өмірін 

қалыптастырады, 



дамытады және оны алмастырады. Сондықтан салауатты өмірді 

тарихи  мағынада  қарап  түсіну  керек.  Салауатты  өмір  бұл 

жағдайда  адамның  құбылысы  және  іс-әрекет  әдістерінің 

өзгеруінің  нәтижесі  болып  саналады.    Осы  құбылыстың 

нәтижесінде  үйреншікті,  ескірген  тәртіп,  әдет-ғұрып  өзгереді 

және  қарым-қатынас  пен  мінез-құлықтың  жаңа  түрі  пайда 

болуына  себепші  қатынаспен  құндылықтың  жаңа  құрылымы 

пайда болады. 



 

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. 

       – Алматы: 2001.−115 б. 

 

319-тапсырма.  Мәтін  мазмұны  бойынша  достарыңызға 

сұрақ қойыңыздар. 



 

320-тапсырма.    Мәтінге  жоспар  құраңыздар,  жоспар 

бойынша  мазмұндау  кезінде  оны  өздеріңіз  білетін  мәліметпен 

толықтырыңыздар. 

 

321-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер. 

 

Сұрақтар 

Жауаптар 

Салауатты өмірдің мәні неде? 

 

Салауатты 



өмірдің 

негізгі 


көрсеткіштеріне не жатады? 

 

Мәдени ортаның мәні неде? 



 

Жеке  адамның  салауатты  өмірі  

неге байланысты? 

 

Әр  адамның  жеке  қасиеті  қоғамға 



қалай әсер етеді? 

 

Салауатты  өмірді  қанша  бағытта 



қарауға болады? 

 

 




Қазақ тілі 

 

 



145 

322-тапсырма. «Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы 

Елбасымыздың саясаты» тақырыбына ой қозғаңыздар. 

 

323-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша тест құрастыры- 

ңыздар. 


 

324-тапсырма. 

Шешендік 

сөзді 

окып, 


мазмұнын 

түсіндіріңіздер. 

 

Жаманменен сөйлессең, көңіліңді қалдырады 



Кез болсаңыз суайтқа, өтірік айтып нандырады. 

Өсекшімен сөйлессең, ұрмай-соқпай талдырады. 



(Жанқұтты шешен) 

 

325-тапсырма.  Мақал-мәтелді  орыс  тіліне  аударып, 

мағынасын  түсіндіріңіздер,  етістіктердің  есімше,  көсемше 

түрлерін  тауып,  қандай  жұрнақтар  арқылы  жасалып  тұрғанын 

айтыңыздар. 

  

Ақылды кісі азбайды,                      



Асыл бұйым тозбайды.                               

Оқып сөйлеме,  

Көңіліңе тоқып сөйле. 

Ақылды адам арын қорғайды,          

Сараң адам малын қорғайды.                             

 

Сауатсыздың сөзіне сүрініп 



құлайсың. 

Көре-көре көсем боласың, 

Сөйлей-сөйлей шешен боласың. 

Білмегенді кісіден сұра                             

Үлкен болмаса кішіден сұра. 

 

 



326-тапсырма.  «Салауатты  өмір  және  оның  ғылыми 

негіздері»  мәтініндегі  негізгі  мәселеге  байланысты  дөңгелек 

үстел ұйымдастырыңыздар. 

 

327-тапсырма.  Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  тірек  сөздерді 

теріп жазыңыздар.  



 

Темір дәуіріндегі сәулет және құрылыс ісі 

 

 



Құрылыс  ісін  өркендетуге  тұрғын  үй  салудың  маңызы  аса 

зор  болды.  Құрылыс  ісінің  шыға  бастаған  кезінде  қолдануға  ең 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

146 



оңай материалдар балшық пен ағаш болды, не солардың аралас 

құрамы  еді.  Олар  көбінесе  тұрғын  үй  салуға  қолданылды. 

Балшық  пен  ағаштан  үй  салу  өңдеуі  қиын  соғатын  тастан  оңай 

болды, оның үстіне тиісті өңдейтін құралдардың  жоқ болуы да 

тасты    кеңінен  қолдануға  қиыншылық  тудырды,  сондықтан  тас  

құрылыстар  біраз    кеш  туды,  онда  да  тастан  тек  табыну 

орындарын  салу  өте  табиғи  нәрсе  болды.  Ал  балшық  пен  ағаш 

тұрғын  үй    салуда  негізгі  материалдар  болды,  алайда  металл 

құралдар  болмаған  неолит  дәуірінде  ағашты  тас  құралдармен  

ыңғайлап  өңдеу    өте  қиын  еді.  Сондықтан  құрылыста  ағаш  тек 

табиғи түрде немесе өрескел өңделген қалпында пайдаланылады.  

Қола  дәуірінде  металл  құралдардың  (қола  балталар, 

тескіштер,  қашаулар,  т.б.)  ойланып  табылуы  ағашты  жақсылап 

өңдеуге,  кесуге,  жонып  тегістеуге,  тесуге  және  шауып  қиюға 

мүмкіндік  берді,  бұл  өз  кезіндегі    ағаш  құрылымы    мәселесін 

шешуге    жол  ашты.  Металл  құрал-саймандар    тас өңдеу    ісінде 

де, тас құрылымдары өркендетуде  де прогрестік рөл атқарды. 

 

328-тапсырма.  Жақшаның  ішіндегі  сөздерді  қажетті  

формасына келтіріп, жазыңыздар. 

 

1. Құрылыс (ісі) өркендетуге тұрғын  үй  (салу)  маңызы аса 



зор болды. 2. Құрылыс (ісі) шыға бастаған кезінде  (қолдану)  ең 

оңай    материалдар    балшық  пен  ағаш  болды.  3.  Олар  көбінесе 

тұрғын  үй  (салу)  қолданылды.  4.  Балшық  пен  (ағаш)    үй  салу  

өңдеуі  қиын    соғатын  (тас)  оңай    болды.  5.  Тастан  тек  табыну  

(орындары)  салу  өте    табиғи  нәрсе  болды.  6.  Қола    дәуірінде 

металл (құралдар)  ойланып табылуы ағашты жақсылап (өңдеу), 

(кесу),  (жонып  тегістеу),  (тесу)  және  (шауып  қию)  мүмкіндік  

береді.  7.  Металл    құрал-саймандар    тас  өңдеу  (ісі)  де,  тас 

құрылымдары (өркендету) де прогрестік рөл атқарады. 

 

329-тапсырма. Металл құралдары атауларының түсіндірме 

-сін біліп, жаттап алыңыздар. 

 

айбас − ет шабатын жарты ай  бейнелі  темір түйгіш  



ара − ағаш кесетін құрал; темір пышқы 

аталғы  –  қашау  темір;  екі  қолмен    ұстап ағаштың қабығын 

аршитын қисық пышақ. 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау