Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет74/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақыл
ау­сұрақтары:
1. Шығай ханның жүргізген саясатына баға беріңіз. 
2. Тәуекел ханның сыртқы саясаттағы жетістіктері мен дипломатиялық шебер-
лігін анықтаңыз.
3. Тәуекел ханның тұсындағы қазақ-орыс қатынастарын талдап көрсетіңіз.
4. Т.И. Сұлтанов, М.Қ. Әбусейтова, Б.Б. Кәрібаев және т.б. зерттеушілердің 
еңбектерінің негізінде ХVІ ғ. қазақ билеушілерінің жүргізген саясатын 
сипаттаңыз. 
­


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
219
§­5.­Есім­хан­тұсындағы­Қазақ­хандығының­саяси­тарихы
ХVІ ғ. соңы – ХVІІ ғ. басы Қазақстан тарихындағы ерекше кезеңдердің 
бірі болды. Қазақ хандығының халықаралық жағдайы үлкен өзгеріске ұшы-
рады. Себебі 1635-1758 ж. Жоңғар хандығы құрылып, бұл көшпелі мемлекет 
қазақтарға үлкен қауіп туғызды. Сондай-ақ оңтүстік-батыс ай мақтарда да, 
Мауареннахрдағы билеуші Шибан әулетінің орнына Аштарханилер әулеті 
билікті өз қолдарына алды. Бұл кезеңде қазақ мемлекеттігінің, көршілес 
елдермен және халықтармен белсенді әскери-саяси, сауда және мәдени 
қатынастарының нығаю уақыты. Осы кезде қазақтардың билігі Ташкент, 
Түркістан, Сауран, Әндіжанға жүріп тұрды және ол қалалар үшін қазақ 
билеушілері мен жаңа әулет Аштарханилер (1598-1743 ж. Мауараннахрды 
билеген әулет) арасында үнемі соғыстар жүрді. Дәл осындай кезеңде Қазақ 
хандығындағы билік Есім ханның қолына өтті. 
Есім хан – Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Он-
дан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық 
Яқшым бике (Жақсы бике болуы да мүмкін). Тәуекел хан екеуі бір анадан 
туған. Оның толық есімі – Есмұхаммед (Ишмұхаммед), бірақ жазба де-
рек мәліметтері мен ауыз әдебиетіндегі материалдарда, сондай-ақ тарихи 
әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, Есім түрінде кездеседі. Т.И. Сұлтановтың 
дәлелдеп көрсетуі бойынша ортаазиялық халықтар мұндай қоссөзден тұра-
тын ұзақ атауларды өз тілдерінің ерекшеліктеріне сай икемдеп алып отырған. 
Мысалы, Досмұхаммед деген есімді Достымға, Хажымұхаммедті Қажымға, 
Шахмұхаммедті Шағымға, Жолмұхаммедті Жолымға өзгерткен. Қазақ хал-
қының ауыз әдебиетінде, қазақ тілді қазіргі тарихи әдебиеттерде бұл есім
Есім хан түрінде кездеседі.
Есім ханның нақты қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ оны ша-
малап айтуға болады. Қадырғали Жалайыр дерегіндегі Оразмұхаммедке 
қатысты «Сегіз жасында атасы Шығай ханнан айырылды. ...Он үш жасын-
да өз әкесі Ондан сұлтан шахит болды. ...Он алты жасында бүкіл хрис-
тиан падишахы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды» деген 
мәліметтерден Есім ханның ағасы Ондан сұлтанның 1555 жылы туып, 
1585 жылы қаза тапқанын білгеннен кейін, інісі Есім ханды шамамен
1560 жылдың о жағы мен бұ жағында дүниеге келген. 
1598 жылғы Орта Азиядағы оқиғаларды және соған байланысты Қазақ 
хандығының жүргізген саясатын баяндайтын деректерде Есім сұлтанның 
есімі алғаш рет нақты кездесе бастайды. Бұл кезде Есім сұлтан ағасы 
Тәуекел ханнан кейінгі ең беделді,ең атақты сұлтандардың бірі болатын. 
Т.И. Сұлтанов Есім ханды 1598 жылдың күзінде хан тағына отырды дей 
келе, Тәуекел ханнан кейінгі қазақ сұлтандары ішінде ең лайықтысы Есім 
сұлтан болатын деген пікір айтады. 
Тәуекел хан қайтыс болып, Есім хан таққа келгеннен кейінгі ең алғашқы 
жүзеге асырған шарасы Мәуереннахрға қатысты түйінді мәселені шешіп, 
оны ретке келтіру болатын. Искандер Мунши ол жөнінде былай деп жа-
зады: «Біршама уақыт өткеннен кейін Нахшбендилік шейхтердің арала- 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
220
суымен Ташкенттегі қазақ билеушісі мен ортаазиялық билеушілер арасын-
да бейбітшілік орнатылып, Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай 
әрекет жасамайды деген келісімге келеді». Бұл дегеніміз – Қазақ хандығының 
аумағына Түркістан мен Ташкент аймақтарының қосылуын Мәуереннахр 
билеушілерінің заңды түрде мойындағанын білдіреді. М.Қ. Әбусейітова-
ның пікірінше, бұл келісімшарт Түркістанды түпкілікті түрде, Ташкентті
200 жылға және Ферғананы уақытша Қазақ хандығының құрамына қосады. 
Біздің ойымызша, Есім ханның билікке келуі осындай аса маңызды ша-
раны жүзеге асырумен басталады. Жалпы алғанда, Шығай ханның ұлдары 
Тәуекел ханның қайтыс болуы мен Есім ханның саяси билікті қолына алуы 
– қазақ елі тарихында бір дәуірдің аяқталып келесі дәуірдің басталғандығын 
көрсетеді. 
Есім ханның билік етуінің алғашқы кезеңінде елдің сыртқы саяси 
жағдайы неғұрлым қолайлы болса, ішкі саяси жағдай соғұрлым қолайсыз
болады. Есім ханға қарсы бірінші боп Түркістан өңіріндегі қарақалпақ тай- 
палары бас көтереді. 1603 жылдың күз айында олар шайбанилық бір сұл-
танды хан көтеріп бөлектене бастайды. Екі жақ арасындағы алғашқы ұрыс - 
тар сәтсіз болып, қазақ ханы Түркістан, Ташкент, Сайрам қалаларынан айы-
рылады. Тек 1605 жылы ғана Есім хан қарақалпақ ханы Жалған Әбдіғап-
парды өлтіріп қана барып, елдің тұтастығы мен бірлігін сақтап қалады. 
Қарақалпақ бүлігінен кейінгі екінші бүлікке қазақ сұлтаны – Тұрсын 
Мұхаммед сұлтанның бүлігін жатқызуға болады. Шамамен 1613-1614 жыл-
дары Есім ханнан билікті тартып алған Тұрсын хан 13 жылдай Ташкентте 
хан болып отырады. Ал Есім хан болса Шығыс Түркістандағы шағатайлық 
хандарға кетуге мәжбүр болады. Есім ханның өмір жолында Тұрсын хан 
белгілі бір дәрежеде орын алатындықтан, төменде қысқаша болса да 
Тұрсынмұхаммед ханға тоқтала кетелік. 
Тұрсынмұхаммед ханның шыққан тегі ғылымда әлі күнге дейін анық-
талмаған. Бұл мәселеге арнайы көңіл бөлген Т.И. Сұлтанов оның әкесі 
Жолым сұлтан екендігін дәлелдейді. Жолым сұлтанның есімі XVI ғ. 
60-жылдарындағы оқиғаларды баяндайтын деректерде Хақназар ханмен, 
Шығай сұлтанмен бірге айтылуына қарағанда ол Жәнібек ханның тоғыз 
ұлының біреуінен тараған болса керек. Өкінішке орай, қай ұлдың ұрпағы 
екендігі әлі күнге дейін белгісіз. 
Т.И. Сұлтанов Тұрсын ханның қандай жағдайда Есім ханнан билікті тар-
тып алғанын ешбір деректе айтылмайтындығын айта келе, ол билікті алу үшін 
күресте Мәуереннахрдағы аштарханилық әулеттің билеушісі Имамқұл ханға 
(1611-1642 ж.) арқа сүйегенін жазады. 1613-1614 жылы Ташкент аймағын би-
леп отырған Тұрсын сұлтан аштарханилық ханға арызданып, онда кейбір қазақ 
сұлтандары мен қырғыздардың бірігіп оның ұлысы аумағына тонаушылықтар 
жасап отырғанын жеткізеді. Мұндай жағдайды Иманқұл хан қалт жібермей, 
қазақ билеушілері арасында іріткі салу үшін және Ташкент секілді геосаяси 
және экономикалық маңызы зор аймақта өз адамын отырғызу үшін бірден 
мол әскермен Ташкентке аттанады. Т.И. Сұлтановтың пікірінше, осы жылдан 
бастап Тұрсын хан Ташкенттің және оған көршілес аймақтардың билеушісі 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
221
әрі қазақтардың ханы болып есептеледі. Ол өз атынан ақша шығарып, баж 
салығы мен харадж салығын жинай бастайды. Мұндай жағдайда Түркістанда 
отырған Есім ханның қандай шара қолданатыны белгілі. Бірақта ешбір жаз-
ба деректе осы жылдары Есім хан мен Тұрсын хан арасында шайқастардың 
болғандығы жөнінде ешқандай мәліметтер кездеспейді. «Тұрсын ханның 
Есім ханмен қатынасы әр түрлі қалыптасты, ол бірде шиеленісіп әскери 
қақтығысқа дейін барды, кейін хандар бірін-бірі кешіріп, қайта достасты», – 
деп баяндайды Т.И. Сұлтанов. 
Есім хан өмірінің бір кезеңін Шығыс Түркістан аумағында өткізген 
жылдар құрайды. 1613-1614 жылы Тұрсынмұхаммед хан билікті иеленген-
нен кейін Түркістандағы Есім ханмен арадағы қатынас шиеленісіп кетеді. 
Жоғарыда айтып өткен қазақтың екі ханы арасындағы текетірес кезең
4-5 жылдай уақытқа созылады да, оның ақыры Есім ханның өз жақтастары-
мен бірге Шығыс Түркістан жаққа кетуіне алып келеді. 
1623-1624 жылы Есім хан Шығыс Түркістаннан қайтып оралады. Оның 
кері оралуының себептері жазба деректерде айтылмайды. Біз оның бірнеше 
себептері болған деп топшылаймыз. Бірінші себепке Апақ хан мен Абд ар-
Рахим хан арасындағы ұзаққа созылған нәтижесіз ұрыстардың салдары 
жатса керек. Ал екіншіге Тұрсын хан екеуінің арасындағы шиеленістердің 
бәсеңсіп, Ташкент билеушісінің арнайы шақырған деген болжамды жат-
қызамыз. Өйткені 1624 жылдан бастап ол Тұрсын ханмен бірге болады. 
Қалай болғанда да осы жылдан бастап Есім хан туған жеріндегі саяси 
оқиғаларға араласып, жазба деректерде жиі атала бастайды. Т.И. Сұлтанов 
«Бахр ал-асрар» дерегінің мәліметіне сүйеніп, 1624 жылы Есім ханның 
Тұрсын хан ұйымдастырған Андижан жорығына қатысқандығын айтып 
өтеді. Бұл жорық қазақ хандары үшін өте сәтті аяқталып, Бұхара әскерлері 
жеңіліске ұшырайды. Осыдан кейін Есім хан Түркістан қаласына орнығады. 
Түркістан қаласында оған жолығып, оны паналаған, ол туралы дерек 
қалдырған адам, ол – Әбілғазы бахадүр хан.
1625 жылы болашақ Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Түркістандағы 
Есім ханға келеді. Бұл туралы ол өзі жазған «Түрік шежіресі» атты кітабының 
«Үргеніш өзбегінің бұзылғанының баяны» деген тарауда айтып өтеді. Онда 
ол өз еліндегі қырғыннан қашып шығып, қазақтарға келгенін баяндайды. 
«Түркістанда Есім хан қасында үш ай тұрдым. Ол уақытта қазақтың ханы 
Тұрсын хан еді, ол Ташкентте тұратын еді, Түркістанға келді. Есім хан оны 
көре барды, мені есік алдына қойып, өзі барып Тұрсын ханға көрініс қылып, 
қайтып келіп, менің қолымнан жетектеп алып барды. Тұрсын ханға: «Бұл 
– Йадгар хан ұлы Әбілғазы, еш уақытта бізге бұл жамағаттан кісі келіп 
қонақ болған жоқ еді, бізден барғандар көп болар, бұл Сіздің қызметіңізде 
болғаны жақсы», – деді. Тұрсын хан: «Жақсы, сенің айтқаның болсын» деп 
өзімен бірге Ташкентке алып кетті. Ташкентте Тұрсын хан қасында екі жыл 
тұрдым. Екі жылдан соң Есім хан Тұрсын ханды өлтірді. Есім ханға: «Сіз 
екі ханнан пайда тие ме деп келіп едім, Сіздің ісіңіз мұндай болды, енді 
рұхсат болса, Имамқұлы хан қасына кетейін», – дедім. «Жақсы айтасың, со-
лай қыл», – деді. Келіп Имамқұлы ханды көрдім...». 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
222
Жоғарыда атап өткеніміздей, Есім хан мен Тұрсын хан бірде аразда-
сып, бірде татуласып жүрген болатын. Әбілғазының қазақ арасында болған 
екі жылдан астам уақытының алғашқы кезеңінде екі хан арасында татулық 
қатынас орнап тұрған еді. Тұрсын ханның Түркістанға келуі, Есім ханның 
оған барып көрісуі, Әбілғазы жөнінде айтқан әңгімелері біздің осы ойымызды 
дәлелдейді. Одан кейін екі хан арасындағы қарым-қатынас белгісіз себептер-
ге байланысты қайтадан бұзылып, араздық, алауыздық қайта орнайды. Бұл 
араздық екі хан арасындағы ұзаққа созылған күрделі әрі шиеленісті қарым-
қатынастың соңғы мәресі болды. Ақыры, ол қарым-қатынас Әбілғазының 
жазғанындай, 1627 жылы Тұрсын ханның өлтірілуімен аяқталады. Бұл 
оқиға әсерінің күшті болғаны соншалық, ол туралы халық ауыз әдебиетінде
XX ғасыр басына дейін сақталып, қағаз бетіне түсіріледі. Есім ханның Тұр-
сын ханды өлтіруі жазба дерек мәліметтерінде де көрініс берген. 
XVII ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – 
Марғасқа жыраудың жырында да Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруі тура-
лы жырланады. Онда былай делінеді: 
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын, 
Жазықсыз елді еңіретіп, 
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың, 
Қара албасты басқырсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен тақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңде келіп тұр: 
Алғалы тұр жаныңды, 
Шашқалы тұр қаныңды!».
Жазба деректерде де Есім ханның Тұрсынды өлтіруі туралы мәліметтер 
сақталған. XVII ғасырдағы ортаазиялық тарихшы Махмуд бен Уәли ол 
жөнінде былай деп хабарлайды: «Сол жылы (1626-1627 жыл) Есім сұлтан 
қалмақтарға жорық жасауға шешім қабылдайды. Ол «туы астына бүкіл 
алаш әскерін басқа да қоластындағы ұлыс адамдарын, Тұрсынға қарайтын 
қатағанның бір бөлігін жиып, Моғолстанның бір шетіне аттанады да, 
қалмақтарға шабуыл жасап, оларды тонауға ұшыратады. Осы кезде Тұрсын 
сұлтан көптен бері өзінің басты саяси қарсыласын жоюды көздеп жүрген 
болатын. Ол тез әскер жасақтап, Түркістанның бір жерінде орналасқан 
Есім ханның Ордасын талқандап, ондағы адамдарды қыруды көздейді. 
Оның адамдары Ордаға бас салып, көп адамдарды қырады да, Есімнің 
әйелдері мен балаларын, барлық қызметшілерімен Ташкентке алып кетеді. 
Жеңіске мақсаттанған Тұрсын хан Есімнің көзін біржолата жою үшін «оның 
жорықтан оралар жолын күзетіп, тұтқыйылдан ұстамақ болады». Осы 
мақсатты жүзеге асыру үшін ол өз әскерімен Есімге қарсы аттанады. Екі 
жақ Сайрам түбінде кездесіп, ұрыс басталып кетеді. Тұрсын жеңіліс тауып, 
Ташкентке қарай шегініп кетеді. Қалған әскерімен Тұрсын хан Ташкентке 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
223
келгенде Әндіжан жақтан басқа бір қарсыласының әскері шығып, Таш-
кентке үлкен қауіп төндіріп тұр екен. Бұл жағдай Есім ханға белгілі бола-
ды. Ол қолайлы сәтті құр жібермей, Сайрамнан тез жиналып, Ташкентке 
қарай аттанады. Екі қазақ ханының Ташкент түбінде екінші ұрысы болады 
да, Тұрсын хан әскері жеңіліс табады, ал Тұрсын ханның өзі қаза табады. 
Оны өзіне жақын адамдарының бірі өлтіреді. Есім хан Тұрсын ханның ба-
сын кесіп алып, Бұхара ханы Имамқұл ханға жібереді. Өз кезегінде Бұхара 
билеушісі Есім ханға Түркістан, Ташкент және тағы басқа қалалар мен елді 
мекендерді басқаруға хан жарлығын шығарады. Тұрсын ханның өлтірілуі 
туралы ортағасырлардағы ортаазиялық автордың мәліметі, міне осындай.
Дерек түрлеріндегі мәліметтердің Есім ханның Тұрсын ханды өлтіруі 
жөніндегі мазмұны бір-бірінен алшақ емес, ұқсас келеді, тіпті, бірін-бірі то-
лықтырып отырады десек те болады. Екі дерек түрінде де Есім хан жорықта 
жүрген кезде Тұрсын хан оның жұртын шауып, бала-шағасын тұтқынға 
алғандығы, мұны естіген Есім ханның Ташкентке аттанып, қарсыласын өл - 
тіргендігі қатарласып айтылады. Сол себепті де біз осы деректер мәлімет-
терінің сәл-пәл өзгешеліктеріне қарамастан оларды Есім ханның Тұрсын хан-
ды өлтіруін көрсететін ең негізгі және шынайы дерек деп білеміз. Осылайша, 
XVII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының ішкі саяси өмірінде 
ұзаққа созылған саяси текетірес Есім ханның жеңісімен аяқталады.
Есім хан Тұрсын хан мәселесін шешкеннен кейін өзінің Ордасы ор-
наласқан Түркістанға қайтып оралады. Онда ол бір жылдай өмір сүріп, келесі 
1628 жылы шамамен 70 жасқа қараған шағында өз ажалынан қайтыс болады. 
Оның денесі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанына қойылып, қабірінің басына 
кішігірім мавзолей салынады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау