Жоспары: Абстракт Кіріспе



жүктеу 11,93 Mb.
бет1/6
Дата20.04.2023
өлшемі11,93 Mb.
#42242
  1   2   3   4   5   6
туризм


Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті



РОС


Тақырыбы: «Қазақстандағы туризм саласы»

Орындаған: Мейрамбекова Алина, Айдарбек Аяла
Тексерген: Примжарова К.К


Жоспары:

  1. Абстракт

  2. Кіріспе

  3. Қазақстандағы туризмнің даму тарихы

  4. Қазақстандағы туризм саласының дамуы

4.1. Қазақстандағы туризм саласының проблемалары
5. Қазақстандағы дамыған әйгілі туризм ошақтары
6. Қазақстанның ішкі туризмі бойынша дамыған аймақтардың статистикасы
7.
8. Қорытынды
9. Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеудің қысқаша мазмұны:
Қазіргі таңда біз туризм сөзін әр-жерден естіп жатырмыз және көптеген адамдарды қызықтыруда. Шетел туристтерін Қазақстанның қонақжайлылығы, көрікті жерлері мен адамдары таңғалдыруда.
Біздің еліміз қаншама қорықтар мен көрнекті орындарға бай болып саналады. Мемлекетіміз тәуелсіздік алған күннен бастап халықаралық деңгейге шығуға аяқ басуда және біздің мәдениетіміз көпшіліктің назарында қалуда. Сол себепті біз туризм саласын зерттеу нысанына алып, тарихы, даму жағдайы, атақты жерлер мен шетел туристтерінің ойларымен таныстырамыз.
Бұл сала мемлекеттердің болашақта нарыққа шығуы мен пайда табуына себеп болатын күш деп есептейміз.

Туризм – белсенді демалыс түрі, ол тұрғылықты жерінен тысқары жерде еңбек етуден басқа кез келген мақсатпен саяхаттауды білдіреді. Туристік қызметті ұйымдастыру күрделі, көп деңгейлі процесс және табиғаты бойынша көп функциялды.Туристік саяхаттың мақсаттары өте әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер тау шыңдарын бағындыруды армандаса, енді біреулер жағажайда күнге қыздырынуды қалайды, енді біреулер киелі жерлерде тізе бүгіп саяхатқа шығады. Туризм – экономиканың ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Дүниежүзілік нарықта туристік өнім табыстылығы жағынан мұнай мен газбен бәсекеге түседі. Туризм саласы ұлттық экономиканың дамуына оң әсер етеді. Туристік инфрақұрылымның кеңеюі аймақтардың экономикалық дамуын ынталандырады.


Осы себептермен Қазақстан туризм саласын көп күш салып отыр.
Бұл зерттеу жұмысының өзектілігі- Қазақстанның туристтік орындарға бай екендігін және дамыған мемлекеттерден басқа елдерден қалыспайтындығын ашып көрсету.
Біздің мақсатымыз:

  1. Қазақстандағы туризм саласының тарихын ашып көрсету. Көбісі туризм саласының даму тарихын білмейді және шетел туристтері бізден осы жердің ерекшелігі мен тарихы туралы сұрағанда, не айтарымыз бен фактілерді білмей, ойланып қаламыз, сол үшін осы стереотипті жою керек деп санаймыз.

2. Көбісі білмейтін, ежелгі тарихи орындармен таныстыру. Көпшілік адамдар тек танымал және көп адамдардың ауыздарынан шығып жатқан жерлерді ғана біледі, туризмнің дамуына қол тигізген тарихи ошақтарымызды көбісі білмейді, сол себепті олардың іздері ұмытылуда, осы жағдайды болдырмау біздің қолымызда.
3. Туризм саласын дамытуға қол ұшын созу. Қазақстан дәл қазір көпшілік мемлекеттерден артта қалып жатыр, сондықтан біз бірігіп елімізді халықаралық нарыққа дамытуымыз қажет деп ойлаймыз.
Біздің міндетіміз: Еліміздің туризм саласы бойынша тарихы мен біздің киелі ошақтарымызды білу және де оларды әлемге таныту.
Біздің зерттеу объектіміз: Алматы қаласы. Себебі қазіргі уақытта көбісі Алматыға Көлсай, БАО, Көктөбе, Шарын каньоны және т.б жерлерді тамашалау үшін келеді. Қалалар бойынша Алматы қаласы туризм бойынша дамыған және алда келе жатқан қалалардың бірі және зерттеу барысында туристтік орындармен тереңдетіп таныстыратын боламыз.
Кең байтақ Қазақстан – ғажайып дала халқының елі. Көшпелі көшпенділер ежелден кең-байтақ елді мекен етіп, мұнда өзіндік ерекше мәдениетін қалыптастырды.Дамыған мегаполистер мен киелі далалардың таңғажайып қарама-қайшылығы саяхатшыларды қызықтырады.
Отырардың көне қоныстары мен Түркістанның тарихи ескерткіштері; таза тау көлдері, қар басқан шыңдар, тың ормандар мен терең каньондар; нағыз киіз үй, қымыз, бешбармақ; Астананың заманауи туристік архитектурасы және Шымкент пен Алматының кеңестік ғимараттары; «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен шағын еуропалық елдегідей ұлттық саябақтар – мұның барлығы Қазақстандағы туризмнің не екенін түсінгісі келетін қонақтарды күтеді.
Қазақстанның ландшафтының алуан түрлілігі бір мезгілде таң қалдырады.
Сондықтан біздің айтарымыз,егер сіз көшпелі мәдениетке қол жеткізгіңіз келсе және сонымен бірге табиғаттың керемет сұлулығынан ләззат алғыңыз келсе, онда Қазақстан сіздің елдеріңіздің тізімінде болуы керек.

Қазақстанда қанша ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра нысандары бар? Қазақстандық демалыс саласы қандай жетістікке жетті? Ал соңғы 30 жылда қазақ даласының келбеті қалай өзгерді? Қазақстан аумағында туризмнің пайда болуы 20 ғасырдың басынан бастау алады. Еліміз Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқаннан керемет қорықтар мен ежелгі қалаларымен көптеген адамдарды таңғалдыруда.


Ең алғашқы әрекет 1992 жылы қабылданған “Туризм туралы” заңы болды. Алматы және Астана қалаларында халықаралық отельдер ашыла басталды. Мысалы, 1998 жылы «InterContinental» атты Астана қаласында ашылған халықаралық 5-жұлдызды отельді алуға болады.Сонымен қатар Астана қаласы маңында ең алғашқы ұлттық Қарқаралы саябағы құрылған болатын.
2000 жылы алғашқы ұлттық “Бурабай паркі” ашылған болатын. 2001 жылы “Ұлттық Бурабай паркі” ашылды.[1] 21 ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, біздің ежелгі мәдени ошақтарымыз ЮНЕСКО-ға кіруде.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері, Сарыарқа-Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері(Қорғалжын, Наурызым қорықтары), Батыс Тянь-Шань, Ұлы Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі атты 5 объект ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.[2] Алматының ең атақты туризм ошағы 2007 жылғы Көлсай көлдері көптеген туристтерге толып жатыр. Астана қаласында 2017 жылғы ЭКСПО көрмесіне тоқталып өтсек, бұл көрменің мақсаты- жасыл технология идеясы, технологиялардың жаңғыруы, әлем бойынша энергиямызды сақтау болып табылады және де бұл дүниежүзілік көрмені 4 миллионнан астам адам тамашалап, 115 мемлекет қатысып, өз идеяларымен бөліскен еді. Қазақстанның туризмін халықаралық деңгейге шығарып жатқан Димаш Құдайбергенов Қазақстанның алғашқы туризм елшісі 2018 жылы атанған еді. Қазақстанның қазіргі масштабты отельдердің бірі- Rixos Water World Aktau. Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз бес жұлдызды қонақ үй. Қонақ үй қонақтарына барлығын қамтитын сәнді демалыс ұсынады. Курорт Каспий теңізінің көркем жағасында Ақтау қаласының маңында орналасқан.[1] Осы факторлардың әсерінен дәл қазір туристтерге толы курорттық жер болып саналады. Оған қоса Ақтау мен Алматыдан артта қалып жатпаған Шымкент қаласындағы Сайрам қалашығы- Қожа Ахмет Ясауидің туған жері, қаладан тыс Отырар оазисі және Арыстан-баб кесенесі орналасқан.[3] Түркістан қаласында қазіргі таңда туристтерге толы және келушілердің саны артып жатқан 2021 жылы бастауын алған көпфункционалды “Караван-Сарай” туристтік комплекс көпшіліктің ұсынысымен естіп жатырмыз. [1] Қазақстандағы туризм ел тәуелсіздігінің жариялануымен жаңа тыныс алды. Дәл осы сәттен бастап елде халықаралық туризм белсенді дами бастады, бұл Қазақстанды мәдени-тарихиден іскерлікке, спорттан денсаулыққа дейін әр қырынан танытуға мүмкіндік берді.

Дүние жүзі бойынша туризмнің статистикасына шолу жасар болсақ, Қазақстан, өкінішке орай, туризм бойынша ең дамыған елдер тізімінің ең соңына түсті. Қазақстан АҚШ-тың бағалауы бойынша туризм бойынша үздік елдердің әлемдік рейтингінде 84-ші орынға ие болды. Иранмен бірге әлемнің 85 елінің арасында соңғы орынға шықты. Бұл рейтинг аймақтағы Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, сонымен қатар Замбия, Ливан, Мьянма және т.б. елдермен салыстырғанда Қазақстанның туризм саласын дамытуда әлі қаншалықты алға жылжымағанын көрсетеді.[4]




жүктеу 11,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау