Бақылаусұрақтары:
1. «Қайта өрлеу» кезеңінің ерекшеліктері.
2. Хақназардың ұстанған ішкі саясаты.
3. «Қайта өрлеу» кезеңіндегі сыртқы саясаттың ерекшелігін деректер негізінде
талдаңыз.
4. Хақназар ханға ортағасырлық деректер негізінде сипаттама беріңіз.
Қазақхандығыныңсаяситарихынақатыстызерттеулер
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
212
§4.ШығайменТәуекелхандардыңтұсындағысаясиөзгерістер
1580 жылдан кейін Хақназар ханның аты деректерде кездеспейді, ал
оның немере інісі Шығай (Сығай) Қазақ ханы деп аталған еді. Осы уақытқа
дейінгі деректерде Шығайдың аты көп аталмаса да сұлтан деп берілетін.
Шығай әйгілі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдік (Йадык) сұлтанның
баласы. Анасы Абайқан бегім еді. В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде:
«Жәдіктің ұлы Шығай ұзақ ғұмыр кешкен, шамамен 80 жылдай», – дейді.
Т.И. Сұлтанов: «Шығай тосыннан болған хан. Оның үлкен гаремі, көп
әйелдері және ол үлкен жанұяның басшысы еді. Биліктің пирамидасы-
на Шайбанилық Абдолла ханның ықпалымен келді», – деп көрсетеді. Ал
А. Миллер «Денесі мен рухы әлсіз, кәрі, 80 жастағы Сығай Қазақ ханы болды.
Жәнібек әулетіндегі ең үлкені болғандықтан да билікке келгенін» атап өтеді.
Хафиз Таныш Шығай ханды көрген адам ретінде: «Шығай қыр мен шөлді
далада өсті, көптеген ұлы істерге қатысып, қиындықтарын көрді», – дейді,
Шын мәнінде, ол өз кезегінде көпті көрген тәжірибелі адам еді. Ол Хақна-
зармен бірге көптеген жорықтарға қатысып, кейіннен оның ісін алға жалғап,
хандықтың іргесін кеңейтіп, босағасын бекіте түсті. Қазақ сұлтандары мен
Хақназар ханның жау қолынан қапыда өлгенін ести сала, жасақты қолдың жи-
налуын күтпей, аз сарбазбен аттанып, Талас өзенінің бойында Баба сұлтан
мен Бұзағыр сұлтанның әскеріне бастап барады. Бірақта ол бұл жолы жаса-
нып келген жаудан жеңіліс тауып, шегінді.
Шығай хан мен Абдолла хан бір шешімге келмей тұрып-ақ Бұқара
ханы Қазақ ханына адам жіберді. Оларға Шығай хан: «Өзім тірі болсам
ешқашанда Баба сұлтанмен достаспаймын, оны көргім де келмейді», –
дейді. Абдолла ханға да керегі осы еді. Ол Ташкент пен Түркістан аймағында
Баба мен Бұзағыр сұлтанмен, ал Ферғанада Мехди, Абдол Ғаффар, Хашим
сұлтандармен екі жақты күресті жүргізуде Шығай ханның қолдауына
сүйенуді ойластырды.
Бұл жөнінде М.Х. Әбусеитова: «Хақназардың өлімінен кейін Шығай
Баба сұлтанға қарсы аттанды, осы ісімен келешекке үміті зор Абдолла ханға
адалдығын дәлелдегісі келді», – деп жазады. Сонымен қатар XVІ ғасырдың
80 жылдарынан бастап Шығай мен Тәуекел хандар Бұқара ханына қызметке
кіріп, боданына айналғанын атап өтеді. Шығай хан да жауы Баба сұлтанды
жою мақсатында 1581 ж. маусымда ұлы Тәуекел, басқа да сұлтандармен бірге
Абдолла ханнның ордасына келеді. Хафиз Таныш: «Ұлы мәртебелі өзіне тән
мейірбандылық пен қайырымдылығымен оған (Шығай ханға) сыйластығы
мен құрмет көрсетті. Оны аса мейірбандылығымен құрметтеп, ихта ретінде
Ходжент жерін берді.
Шындығына келгенде, Шығай ханға осындай құрмет көрсетіп, оған ихта
ретінде жер беруі қазақтардың Бұқара хандығымен терезесі тең ел екенін
және де Абдолла ханның Қазақ хандығында мүддесі болғаннан көрсетеді.
Ресми түрде Шығай хандық билікте отырғанымен, іс жүзінде ұлы
Тәуекел сұлтан қазақ әскерін басқарып отырған. Хан тағында Шығай
екі-ақ жыл отырды. 1582 жылдан кейін оның аты деректерде аталмайды.
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
213
Қадырғали Жалайырдың айтуынша: «Шығай ханның хикаясы әрқашан оның
батырлы ғымен мәлім, мәшһүр болды. Ақырында ол да дүниеден өтті. Бұл
күнде оның қабірі Күміскентте, Әли-Атаның қасында жерленген болатын».
Көптеген тарихшылар Шығай ханның Мәуереннахрда, өз елінен тыс-
қарыда қайтыс болғанына түрлі пікірлер айтады. Тарихшы М.П. Вяткин
Шығайдың Мәуереннахрға келуін оның Бұқара хандығына өтуі деп қабыл-
дайды да, оны қазақ ханының өз қуатының әлсірегенін сезіп, Абдолла-
дан пана іздеуі деп түсіндіреді. Ал А.П. Чулошников қазақтардың Талас
өзені жағасында Баба сұлтанмен күресте жеңіліс табуы оларды сыртқы
қатынастарда әлсіретіп тастады, өйткені оларға бүлікші Баба сұлтанмен
шағат ұрпақтарынан шыққан моғол хандары екі жақтан қауіп төндірді дейді.
В.П. Юдин Шығай ханды қазақтардың өзге хандары қуып жіберген десе.
Ал М.Х. Әбусеитова Шығай ханды қазақтардан бөлініп, халқына қарғанды
болып, Шайбанилер арасына кетіп, жалғыздықта өлген Тахыр хан секілді
өлді деген тұжырымдар жасайды. Осы пікірлерді Қойшығара Салғараұлы
еш бір негізсіз деп тауып «Шығай хан Абдолла сұлтаннан Ходжентті алып,
мұнда нақшбанд ұйымының сопыларының қоршауында болған. Ол сырттан
қаңғып өлмеген, ресми түрде қазақтың ханы атанған күйінде, өз жөнімен,
өз ажалымен, өз иелігі Ходжентте жарық дүниемен қоштасқан» деген пікір
білдіреді. Барлық жағдайды саралап қарасақ, қазақтың ханы болған, көпке
сыйлы, кәрі адам, балалары да болашақ хандар Тәуекел, Есім сұлтандар өз
әкелерін қаңғытып, өлімге душар ету ата салтымызда жоқ. Сондықтан да
Шығай ханды қаңғып өлді деуге негіз де жоқ секілді. Және де Шығай хан-
ды көп зерттеушілер 1582 ж. Баба сұлтанға қарсы Абдолла ханмен біріккен
Ұлытау жорығынан кейін қайтыс болған десе, ал Қ. Салғараұлы 1582 жыл-
дан кейін 4 жыл өткеннен кейін қайтыс болды дейді. Әрине, Шығай ханның
1586 ж. қайтыс болғаны туралы әлі дерек табылған жоқ.
1582 жылдың басында Шығай хан мен Тәуекел сұлтан бастаған қа-
зақ сарбаздары Бұқара ханы Абдолланың әскерімен бірігіп, әскердің оң
қанатын құрып, шешуші шайқасқа аттанды. Көп әскерді бастап олар Сыр-
дария өзенінен өткенде Баба сұлтан мұны естіп, Ташкенттен Дешті дала-
сына қашады. Абдолла мен Тәуекел бастаған қол Сайрам, Түркістан (Ясы),
Сауран, Сығанақ қалаларынан өтіп, Сарысу өзенін кесіп өтеді де Ұлытаудан
солтүстікке дейін барады. Бұл кезде екі жүзді Баба сұлтан ноғай мырзалары-
на барып, осында пана табады. Бүлікші сұлтан ол жерде де тыныш жатпай
ноғай мырзаларына қастандық ұйымдастырып, олардың жерін өзі иеленгісі
келді. Бірақта мұны ноғай мырзалары біліп қойып, Баба сұлтан олардан
кетуге мәжбүр болады. Ендігі кезекте Баба сұлтан Түркістан аймағын өз
қолына қайта алып, әскер жинауды ойластырып, сол жақа қарай бет алады.
Қаладан алыстау жерді паналап, өзінің екі қалмақ әскерін қалаға жағдайды
біліп, азын-аулақ киім мен азық алып келуге жібереді. Ол екі қалмақты жол
жөнекей Тәуекел әскерімен ұстап алады. Ал Абдолла хан бұл кезде Бұқараға
қайтып оралған еді. Осы екеуі арқылы Тәуекел Баба сұлтанды оңай қолға
түсіреді. Тәуекел сұлтанның Бабаны өлтіруі туралы Мұхаммед-йар ибн
Араб Қатағанның 1605 жылы жазылған «Мусаххир ал-билад» (Покорение
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
214
стран) деген еңбегінде «Баба сұлтан кескілескен ұрыста садақтан жарақат
алып, құлады. Тәуекел хан осы сәтте оның басын денесінен бөліп алып,
Абдолла ханға 1582 жылы 7 тамызда жеткізді», – делінген.
Абдолла хан осы ерлігі үшін сый ретінде мол тартулар мен Африкент
уәлиятын үлеске алды (бұл уәлият Соғды мен Самарқанд жақта еді, ол
Ескендірдің жер үлесі).
Осылайша, ортақ жауға бағытталған көп жылдық күрес аяқталып,
Қазақ хандығы мен Шайбанилер әулиеті арасындағы қарым-қатынастарды
түпкілікті өзгеріске алып келді. Өйткені ортақ мақсат жоқ, Ташкент пен
Түркістан түпкілікті Абдолла ханға қарады. Ендігі жерде Абдолла хан
қазақтардың қолдауына мүдделі болмады. Ал қазақтар болса көп жылдар
бойы Түркістан аймағын иеленуге талпынып, бұл жолы Абдолла ханды
одақтас ретінде емес қарсыласы ретінде көрді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болады. Одан кейін хандық билікке оның
ұлы Тәуекел келді. Тәуекел (Тевеккел, Тевкел, Тауке, Тукай) шағатайлық
Яхшым бегімнен туылған Шығай ханның ұлы.
Хафиз Таныштың өзі Тәуекел ханды: «Батырлығы, ерлігі мен күштілігі
жөнінде ол әлемде жалғыз еді және Дешті Қыпшақта атақты болды. Оның
сырт келбеті де сұлу, ақындық таланты да бар», – деп сипаттайды.
И.В. Ерофеева Тәуекел ханды: «Қазақ хандығының басында тұрғандағы
барлық кезеңінде Тәуекел өзін талантты және тез шешім қабылдай алатын
қолбасшы, сыртқы саясатта шебер тактика пайдалана алатын хан ретінде
көрсете алды», – дейді. Сонымен қатар «Тәуекел жастық шағын елінен
алыста Бұқара хандығында өткізіп, XVІ ғасырдың 80-жылдары өз әске -
рімен Абдолла ханға қосылып, бірігіп белсенді түрде Баба сұлтанмен кү-
ресіне қатысты», – дейді. Шайбанилық Абдолла ханның са райында жүр -
ген де жас сұлтанға Бұқара ханы сыйластықпен өзіндік ерекше мейірім ді -
лікпен қарады. Қазақ сұлтаны Абдолла ханның баласы Абдал Момынмен
және көптеген сұлтандармен әскери жарыстарда Тәуекел көзге түсіп, осы
үшін де бірнеше рет «алтын жіппен тігілген халат, қымбат тастармен әше-
кейленген бас киім мен белбеумен» марапатталғанын Хафиз Таныш жазады.
Т.И. Сұлтанов Тәуекел ханның билікке өте қиын кезеңде отырғандығын
атап өтеді. Бұл кезеңде бір жағынан Шайбанилық Абдолла, моғол және
жоңғар қатынастары шиеленісте болды. Осындай тұста Тәуекел өзін со-
ғыстың білгірі, епті саясаткер екенін көрсете алды.
Осыдан кейін, 1583 жылы жазда Тәуекел Абдолла ханның Әндіжан мен
Ферғанаға жасаған жорығына қатысады. Бұл жорықта Тәуекелге Шайбанилық
Махди сұлтан мен Баба сұлтанның ұлы Абдалл Ғаффарды өлтіру сәті түседі.
Сөйтіп, жорықтан қайтып келе жатып Хафиз Таныштың айтуынша: «Әндіжан
мен Ферғанаға жорықтап қайтып келе жатқанда Абдолла ханның Тәуекелге
теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды»,
– делінген. Шынында да, өз туыстарын билікті заңды мұралануы үшін аямай
өлтірткен Абдолла хан, Жошы ұрпағы Тәуекелдің де Орта Азиядағы билікті
заңды түрде алу үшін күрес алаңына шығатынынан сезікті. Оны Тәуекел
сезді және де Абдолла қазақтарға Түркістан өңіріндегі 4 қаланы беремін деп,
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
215
уәдесін орындамаған еді. Ал Т.И. Сұлтанов: «Тәуекел Абдолла ханның қол
астында қалып, өз елінің тәуелсіз билеушісі бола алатынына сенбеді. Өзінің
құқықсыз хан ретінде жүруден бас тартып, Мәуереннахрдан Ұлы далаға
Абдолла ханға қарсы әскер жинау үшін оралды», – дейді.
А. Миллер: «Тәуекел өз еліне оралғаннан кейін, қолға қару алып 3 жыл
бойы әкесінен қалған хандық билікті заңды мұралану үшін күресті. Өйткені,
көптеген сұлтандар оның билігін мойындағысы келмеді», – дейді. Тәуекел
хан қарсыласы Шайбанилық Абдолла ханмен күресу үшін де қажырлы күш
жұмсап, ішкі және сыртқы шиеленіскен жағдайды туырлауына тура келді.
Ал 1583 ж. әкесі Ескендір қайтыс болғаннан кейін Абдолла өзін хан деп
жариялады. Осындай жағдайда Тәуекел хан 1586 ж. бастап Сыр бойындағы
қалаларды иелену үшін күресін бастады. Бұл ханның сыртқы саясаттағы
басты мақсаты еді. Өйткені Қазақ хандығын қалпына келтіріп, нығайтып,
тәуелсіз ету үшін Түркістан аймағын иеленудің маңызы зор екенін түсінді.
Сөйтіп, оның бірінші талпынысы 1586 жылы болды. Тәуекел хан Абдолланың
көп әскерімен оңтүстікте екенін біліп, күтпеген жерден Ташкент аймағына
шабуыл жасайды. Шеребханда (Ташкент маңында) Тәуекелді нашар
қаруланған қазақтар қарсы алды. Олардың оқ пен қылыштан қорғаны тон
мен жылқының терісінен тігілген киім болды. Сондықтан Ташкенттіктер
қазақтарды әлсіз жау деп тауып, олардың артынан ешбір қауіп-қатерсіз
қуады. Бірақта қазақтар қарсы шабуылға төтеп беріп, ташкенттіктерді тез
басты, сөйтіп ташкенттіктер арасында үрей пайда болды. Тәуекелдің бұл
жорығы Ташкент, Түркістан мен Самарқандқа қауіп төндірді. Осы тұста
Абдолланың ағасы Ұбайдолла Самарқандтан көмекке келгенін естіген қазақ
ханы артқа шегінуге мәжбүр болды. Осылайша Тәуекелдің бірінші жорығы
нәтижесіз аяқталды.
Бұл жорық тәуелсіз Қазақ хандығының Бұқара хандығына ешбір сырт
елдердің көмегінсіз жасаған алғашқы жорығы еді. А. Миллердің айтуынша:
«Екі жылдан кейін, 1588 ж. Тәуекел қайталап Ташкентті басып алуға тал-
пынды, бұл жолы Ташкенттегі өзінің сенімді адамдары арқылы көтеріліс
ұйымдастырды», – дейді. Ал зерттеуші М.Х. Әбусеитова: «Бұл көтеріліске
Тәуекел хан қатыспады. Өйткені оған Хақназар ханның екі ұлы қатысты, ал
олармен Тәуекелдің қарым-қатынастары дұрыс емес еді», – деп түсіндіреді.
1588 ж. оқиға қазақ халқының тарихында маңызды оқиғалардың
бірі екенін атап өту қажет. Хафиз Таныштың айтуынша бұл Ташкенттегі
көтеріліс Абдолла хан мен оның немере інісі осы аймақтың билеушісі
Рүстемнің ұлы Өзбек ханға қарсы еді дейді. Бұл уақытта Абдолла хан Ге-
ратта соғысып жатты. Сөйтіп, Пскентте осы қаланың бақуатты адамдары,
ақсүйектер және әмірлер де болды. Бұл көтерілістің себебі Абдолланың
заңсыз хандық билікке келуінде еді. Шайбанилық әулеттің дәстүрі бойын-
ша ханды билікке шайбанилық әулет өкілдерінің қалауымен, мақұлдауымен
отырғызатын. Бірақ Абдолла билікке шайбанилық сұлтандардың емес,
әмірлердің көмегімен келді. Өйткені Абдолла тақтың заңды мұрагері
болмағандықтан және шайбанилықтар хандық билікке Абдолладан жасы
үлкен Шайбанилықтардың бірін отырғызады деп қорқып, ол әкесі өлгеннен
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
216
кейін тез арада әмірлермен келісіп, өзін хан жариялайды. Сондықтан да
ықпалды ақсүйектер мен шайбанилық сұлтандар бүлік шығарды. Осы-
лайша, көтерілісшілер Абдолла ханның даруғасын өлтіріп, қазақ сұлтаны
Жан-Әліні хан етіп көтереді. Ташкент уәлаятының билеушісі Өзбек сұлтан
Абдолла мен басқа да шайбанилықтарға шабарман жіберіп, көмек сұрайды.
Алайда көмек келсе де, көтеріліс тоқтамады. Көп кешікпей бүлікшілерге
Хақназардың ұлдары Мыңғытай мен Дін Мұхаммет сұлтандар келіп
қосылады. Олар әкесінің кегін қайтару үшін ыңғайлы сәтті күткен тәрізді.
Бұл көтеріліс үш айға созылып, бұқаралық сипат алғанымен тез басып,
жаншылды. Ташкент Бұхара хандығының қол астына қайта кірді. Осыдан кейін
1598-1599 жылға дейінгі Қазақ хандығы мен Шайбанилер әулеті арасындағы
қарым-қатынастар туралы мәліметтер жоқтың қасы. Тек қана 1594-1595 ж.
қазақ-орыс қарым-қатынастарынан Мәскеуге жіберілген Тәуекел ханның елшісі
Құл Мұхаммедтің: «Ал Бұхара патшасымен уақытша бейбіт қатынастамыз», –
деуі қазақ-өзбек қатынастарының уақытша бітімге келгенін көрсетеді. Сондай-
ақ Тәуекел хан бұл құжаттарда «қазақ және қалмақ ханы» деп беріледі.
Шын мәнінде, Тәуекел хан орыс елінен Бұхараны бағындыру үшін
от қару сұрайды, ал орыс елі қазақ елін өз боданына айналдыруға дайын
тұрды. Олар қазақтарға Ораз Мұхаммедті де, от қаруды да бермеді. Өйткені
қазақтардың күшті халық екендігінен ноғайлар арқылы хабарлары болды
және қазақтарға сұрағанын беру өздеріне қауіпті еді.
Зерттеуші Н. Атығаев бұл туралы: «Осы кезде қазақ билеушісі Тәуекел
хан Шайбанилық Абдолла ханмен уақытша мәмілеге келуін пайдаланып,
оған қарсы өзіне одақтас табуға кірісті. Ондай одақтасы Сефевилік мем-
лекет еді. Оларда Шайбанилармен үнемі соғыста еді», – дейді. Бұл XVІ ға-
сыр басынан басталған күрес екенін атап өту қажет. Қазақтар орыстармен
одақтасудан үміттері үзілгеннен кейін осы шешімді қабылдаған секілді.
1594 ж. Қазақ елшісі Құл Мұхаммед Мәскеуге Сефевилерден елші
келгенін естіп, онымен келісім жасауға талпынады. Ол өз мақсатын: «Біз
қызылбашылармен (Сефевилер) бірігіп бұхаралықтарға қарсы күресуіміз
керек», – деп түсіндіреді. Бұл, әрине, Тәуекел ханның сыртқы жауларымен
күресуге бағытталған одақ еді. Қазақ хандығы өзінің көздеген мақсатына
жету үшін қазақ жеріне Құл Мұхаммедпен бірге орыс елшісі В. Степанов
және Сефевилік елші Дервиш Мағметті шақырады. Ал Сефеви мемлекетінің
Аббас шахына қазақтар өз елшілерін жібереді. Өкінішке орай, бұл қарым-
қатынастар туралы мәлімет беретін дерек қазірше жоқ. Сонымен, Қазақ
хандығы ешбір одақтассыз, өзінің күшіне сеніп қана Шайбанилық әулетті
жеңу керектігіне көздері жетті. Сырттан одақтас табу әрекеті нәтижесіз
аяқталды. 1998-1599 ж. қазақтар үшін сәтті кезеңдердің бірі еді. Өйткені
осы уақытта Абдолла ханның үстемдігі саяси тоқырауға түсті. Абдолла
ханға өз ұлы Абдал Момын да қарсы шығып, ол жағдай ұлын жақсы көретін
әкесінің денсаулығына кері әсерін тигізді. Осыны көре білген қазақ ханы ты-
ныш жатпай, өз мақсатына жетудің кезеңі пісіп жетілгенін түсінді. Сөйтіп,
Тәуекел хан жорыққа қайта аттанады. Тәуекелдің Мәуереннахрға жорығы
туралы мәліметтер бірнеше нарративті, парсы және тәжік тілдеріндегі дерек-
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
217
терде кездеседі. Олар – Ескендір Муншидің «Тарихи аламара-ий Аббаси»,
Мұхаммет Аваздың «Заийа ал-Кулуб», Мұхаммадиар ибн Араб Катағанның
«Мусаххир ал-билад», Қыпшақ ханның «Тарихи Қыпшақ» еңбектері. Бұл
деректерді 1598-1599 ж. оқиғаның замандастары ол оқиғадан көп уақыт
өтпей-ақ жазған. Сондықтан да ол деректердің мәліметтері ерекше құнды.
Ескендір Муншидің мәліметі бойынша Абдолла хан Тәуекелді өзіне
лайықты қарсыласы деп санамады және оған қарсы өзінің әскерінің бір бөлігі
мен шекаралас аймақтағы сұлтандар мен әмірлердің әскерін жіберген еді
делінген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы жерде екі ел арасында соғыс
жүреді. Бұл соғыста Абдолла хан әскері жеңіліске ұшырайды. Бұл жеңілісті
естіген Абдолла хан тез арада жаңадан әскер жасақтап, оны өзі басқарады.
Жорыққа дайындалып болғаннан соң ол Гераттағы Күлбаба-Көкілташ әмірге
адам жібереді. Бұл кезде Тәуекел Абдолла ханның келе жатқанын естіп, далаға
шегініс жасап, күте тұруды ойлайды. Бірақ Абдолла ханның денсаулығы
күрт нашарлап, 1598 жылы көктемінде қайтыс болады. Осыдан кейін Бұхара
хандығында саяси тұрақсыздық орын алып, билікке Абдолланың ұлы
Абдалл Момын келді. Көп ұзамай 1598 ж. жазда оны бүлікші әмірлер өлтіреді.
1598 жылы тамызда Абдалл Момын қайтыс болғанын естіген Тәуекел хан
Шайбанилердің жерін жаулап алу үшін белсенді қимылға көшеді. Ескендір
Муншидің дерегі бойынша Тәуекел мен оның інісі Есім сұлтанның біріккен
әскері 100 мыңға жуық дейді. Ал Мұхаммед Аваз сонымен қатар, Тәуекелмен
бірге 120 сұлтан болды дейді. Яғни бұл жорыққа барлық қазақ сұлтандары
жұмыла кіріскенін көреміз. Сондай-ақ Тәуекел ханның әскерінің құрамында
дала өзбактері мен түркістандықтар да болды. Тәуекелге сол кезеңдегі ықпалы
күшті діни ұйымдар да көмектесті. Шайбани әулетінің кейбір ықпалды
өкілдері көмек беріп, оның есесіне Түркістан мен Мәуереннахрдағы билікті
бөліске салуды көздегендер де болды. Мысалы, «Мұсаххир ал-билад» дерегі
бойынша Өзбек сұлтан Тәуекелмен Абдоллаға қастандық ұйымдастырмақ бо-
лып, Абдолла ханның кек алуынан қорқып өз балаларын қазақ ханына жібереді
және де бұл әрекеті үшін Тәуекел Түркістан мен Мәуереннахрды жаулап алған
соң тең бөлісеміз деп уәде берген екен. Осы мәліметтерге қарағанда Тәуекел
ханның билікке келіп, Орта Азияны жаулап алуына Шайбанилық ақсүйектер
қарсы болмаған. Осылайша, Тәуекел ханның Орта Азияға жорығы кенет-
тен және тұтқиылдан болған жоқ. Себебі оны Мәуереннахр да күтті және
көмек көрсетеміз деп уәде де берді. Сондықтан да бұл жорық арнайы жоспар-
лы түрде дайындалған деуге негіз бар. Сонымен, Тәуекел хан Түркістаннан
Мәуереннахрдағы Ахси, Әндіжан, Ташкент,
Самарқандты Мийанқалаға дейін
басып алып, Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқандта қалдырады. Ал өзі
70-80 мың әскермен Бұхараға беттейді. Бұхарада небары 10-15
мың әскермен
Пір Мұхаммед (Шайбанилық сұлтан) қаланы бекітіп, 11 күн бойы қаладан
шықпайды. Он екінші күні Бұхараның барлық халқы шығып, кескілескен
күрестен кейін Тәуекел ханның әскері жеңіліс табады. Мұны естіген Есім
сұлтан ағасына артқа шегін деп өтінеді. Сөйтіп, олар шегініп, жорыққа қайта
дайындалады. Осыдан кейін Пір Мұхаммед әскері Тәуекел әскерінің арты-
нан қуып келеді. Екі жақ әскері ашық далада Ұзын сақал деген жерде қайта
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
218
соғысады. (Ескендір Мунши бойынша Ұзын сақалда, «Зийа ал-кулуб» дерегі
бойынша Сар-и Пулда, «Мусаххир ал-билатта» және «Бахр ал-асрар» бой-
ынша Үш-қарада болды.) Пір Мұхамметке көмекке Баки сұлтан келеді. Бір
айдай күрестен кейін, көп сұлтандар мен ерлер қаза табады. Осы күресте
Тәуекел хан да қатты жараланып, Ташкентке оралады. Сөйтіп, осы жерде
Қазақ ханы көз жұмады.
Осы қысқа мерзімде Тәуекел хан Түркістан, Ташкент, Ферғананы өз иелігіне
қосты. Оның Орта Азияға жорығы алдын ала жоспарланған және де көп жылдар
бойы дайындалған, нақты мақсаттарға жұмылдырылған күрес еді. Тәуекел хан
Шайбанилық иелікті қосқанда ғана Қазақ хандығына байланысты шаруашылық-
экономикалық, саяси-әлеуметтік оқшаулануды жоя алатынын түсінді.
Тарихшы М.Х. Әбусеитованың айтуынша Тәуекел хан өзінің басты
мақсаты – Мәуереннахрды қазақтардың қол астына кіргізе алған жоқ.
Бірақта Түркістан, Ташкент, Ферғана белгілі бір кезеңдерге дейін қазақ
жерлерінің құрамына кірді. Ал бұл өз кезегінде қазақ және ортазиялық
хандарының арасында Нақшбанди орденінің сопы шейхтерінің ықпалымен
жасалынған бейбіт бітіммен нығайтылды. Қазақ хандарының Түркістанды
билеуіне нақшбанди шейхтары өздерінің рұқсаты мен оң батасын берді.
Шайбанилық Абдолла хан мен Абдалл Момын билікке басқа шай ба-
ни лықтар келіп қояды деп, бәсекелес, қауіпті адамдар ретінде оларды өл-
тіртті. Сөйтіп, шайбанилықтардан жалғыз ғана Абдолла ханның ағасы Пір
Мұхаммед қана қалды. Осыдан кейін Шайбани әулеті өмір сүруін тоқта-
тады. Өйткені, Абдалл Момынның өлімінен кейін Бұхара тағына Шай-
бан әулетінің мұрагер қызы мен Джаннан туылған Баки Мұхаммед келіп,
Аштарханилық әулеттің билігі орнайды. XVІІ ғасырлардағы оқиғалар жаңа
бір тарихи кезеңнің басталуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |