Ташкент Орта Азияны



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/2
Дата27.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#10852
түріДиплом
  1   2



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Жалпы тарих кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ

ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ташкент – Орта Азия халықтарының рухани өмірінің орталығы және оның қазақ мәдениетінің дамуына тигізген әсері

0306 -Тарих және география- мамандығы бойынша

Орындаған: студент

Қорғауға жҚберҚлдҚ

Кафедра меңгерушҚсҚ Ғылыми

Шабанов Е.И. ________2004 жыл Отарбаева Г.К.
Рецензент:

Шымкент – 2004ж.
І. Тарау. Орта Азия мен Қазақстан халықтары білімі мен ғылымының дамуына Ташкент қаласындағы ғылыми ағарту ұйымдарының қосқан үлесі.

1.1. Ташкент қаласындағы алғашқы мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы
Орта Азияны отарлауда Түркiстанның табиғат байлықтарын эксплуатациялау - патша өкiметiнiң құйтырқы саясатының негiзi болды. Осыған байланысты патша өкiметi өлкедегi ғылыми зерттеулерге қолдау көрсетiп отырды. Орта Азияның толық зерттелмеген табиғаты, оның халықтарының мәдениетiмен тарихы орыс ғылымының көрнектi қайраткерлерiнiң қызығушылығын туғызды. Мұнда ХIХ ғасырдың ортасынан бастап көптеген ғылыми экспедициялар аттанды. Түркiстан өлкесiне мұғалiм, дәрiгер, агроном және тағы басқа мамандық иелерi болып келiп өзiнiң қызметiн ғылыммен ұштастырған жандар да аз болған жоқ. Ресей ғылыми қоғамының мүшелерi Орта Азияда бүкiлресейлiк ғылыми ұйымдардың филиалдарын ашты. Орталық ғылыми қоғам құрып, түрлi бағыттағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын бастады. Түркiстан өлкесiнiң табиғат байлықтарын сан қырынан зерттесе, Орта Азия халықтарының мәдениетiне, тарихына, тiлi мен экономикалық жағдайына тереңiнен үңiлдi. Бiртiндеп бұл қоғамдардың жұмысына жергiлiктi интеллегенцияда араласа бастады. Бұл жұмыстардың мақсаты - Орта Азия табиғат ресурстарының қорын және оның халықтары мәдениетiнiң өткенiмен бүгiнiн бiлу болды. ±ылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары негiзiнен Орта Азияның ең iрi қаласы, сол кездегі Түркiстан генерал-губернаторының орталығы Ташкентке шоғырланды.

Ташкенттiң патша өкiметiне бағынуынан кейiн көп ұзамай-ақ Орта Азияға генерал Черняевтың отрядымен бiрге белгiлi саяхатшы және натуралист Н.А. Северцов келедi. Оның зерттеуi Қазақстан далаларынан Памирге және Каспий маңы ойпатынан Қытай Түркiстаны жотасына дейiнгi ұлан-байтақ аймақтың табиғат жағдайларына жүргiзiлдi. Ол Орта Азия табиғатының тұңғыш жалпы картинасын жасады. Осы кезде яғни 1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылады да, осыдан бастап жаңа өлкенi зерттеу үлкен қарқынмен жүргiзiледi.

70-iншi жылдардың басында Ферғана мен Бұқарды зерттеу үшiн Мәскеу антропология, этнология және жаратылыстану әуесқойлары қоғамынан А.П.Федченко келедi. кейiн К.П.Кауфманның шақыруымен Түркiстанға геологтар И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский келедi. Олар 6 жыл iшiнде Түркiстанға саяхат жасап, бай материал жинайды, нәтижесiнде өлкенiң тұңғыш геологиялық картасы дүниеге келедi. Көп ұзамай-ақ табиғатты зерттеу жұмыстары В.Ф. Ошаниннiң Қаратегiн және Дарбаза жоталарын, Н.А. Северцевтiң - Памирдi, М.Н. Богдановтың-Қызылқұмды және Хиуа оазисiн зерттеуiмен жандана түседi.

Орта Азия табиғатымен этнографиясын зерттеушiлер ХIХ ғасырдың екiншi жартысында-ақ үлкен жетiстiктерге ие болды. Ал ХХ ғасырда экспедициялық зерттеу iсi дамыды. Зерттеу орталықтары құрылды.

Өлкедегi ең алғашқы ғылыми ұйым 1868 жылғы 28 қаңтарда құрылған Түркiстан статистикалық комитетi болды1. ұйым “Түркiстан өлкесiнiң статистикасы үшiн материалдар” жинағының 5 томын шығарды.

1869 жылғы желтоқсанда Ташкент химия лабороториясы ашылды: ол өзiнiң ғылыми саласы бойынша ұзақ уақыт бойы өлкедегi жалғыз лаборотория болды. Оның анализдерiн Орта Азияны алғашқы зерттеушiлер өз еңбектерiнде пайдаланды: Н.А. Северцов, И.В.Мушкетов, Г.Д.Романовский, Г.Миддендроф және тағы басқалар. Лабораторияны ұйымдастырушы Н.Б.Гейх (1839-1910) оны 32 жыл басқарды. Ол Ташкенттiк гимназиялардың физикалық тәжiрибе жасауына үлкен көмек көрсеттi2.

1870 жылы әскери округ штабының әскери-топографиялық бөлiмiнде ашылған метеорологиялық станция кейiннен Ташкент астрофизикалық обсерваториясының негiзiн қалады. 1873 жылы обсерватория ғимаратының құрылысы басталды. 1880 жылға қарай обсерватория керектi аппараттармен жабдықталып, маман кадрлармен толығады. Алғашқы уақытта обсерватория топография-геодезиялық жұмыстарды бақылаушы пункттiң қызметiн атқарды. Түркiстан өлкесiнiң толық зерттелмеген географиялық жағдайы обсерватория қызметкерлерiнiң таза ғылыми жқмыспен айналысуына мүмкiндiк туғызды. Астрофизикалық обсерваторияда В.Ф.Стратоновтың астрофизикалық жұмыстары жүргiзiлдi, полковник П.В.Залесский өлкенiң астрологиялық және гравиметрикалық суреттерiн жасады. 1901 жылдан бастап обсерватория жанынан жаңа приборлармен жабдықталған бiрiншi сыныпты сейсмикалық станция құрылды, оның белсендiлiгiмен өлкеде төрт екiншi сыныпты станция ашылды.3

1870 жылы А.Р.Федченконың қатысуымен жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Москва қоғамының Түркiстан бөлiмi ашылып, өлкеде осы ғылымдар саласындағы маңызды зерттеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ташкентте ашылған бұл ғылыми қоғам 1894 жылы жабылып, орнына жаңа екi ғылыми қоғам құрылды.

1895 жылы Ташкентте жергiлiктi ұйым - Түркiстан археология әуесқойларының үйiрмесi ашылды үйiрме ұйымдастырушысы В.В.Бартольдтың сөзiмен айтсақ: “Жергiлiктi археология әуесқайларының мiндеттерi Орта Азия халықтарының ежелгi, орта және жаңа тарихына қатысты табылған археологиялық материалдарды өңдеп, жалпы қорытынды шығару болып табылады”. Осы мәселеге сәйкес үйiрме мүшелерiнiң екiншi отырысында (1896 жылғы 22 қаңтар) ауыл мектептерiнiң мұғалiмдерiне жергiлiктi жерлерден археологиялық заттық ескерткiштер жинау iсi тапсырылды.4 Үйiрме жұмысы археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзу, үйiрме мүшелерiнiң жинақтары мен таңдамалы еңбектерiн жарыққа шығару, археологиялық қазба байлақтарын өңдеу, Түркiстанның өткенiн деректер бойынша зерттеу, өлкедегi ескi ескерткiштердi танып-бiлу және сақтау төңiрегiнде жүргiзiлдi.5

Түркiстанды тарихи-археологиялық зерттеуде көрнектi шығыстанушы В.В.Бартольдтың айтарлықтай үлесi бар. Ол Өзбекстанның ежелгi және орта ғасырлық тарихын зерттеудiң негiзiн қалады. Өзбекстанның осы дәуiрдегi тарихына қатысты құжаттарды зерттеу барысында Бартольдтың “Моңғол шапқыншылығы дәуiрiндегi Түркiстан” (1898-1900) деген кiтабы мен көптеген еңбектерi жарық көрдi. Автор бұл еңбектерiн жазу барысында алғаш рет жергiлiктi деректердi пайдаланды және өңдедi. В.В.Бартольдтың бастамасымен Өзбекстанның, соның iшiнде Самарқанның және Орта Азияның ежелгi қалаларының археологиялық ескерткiштерiн зерттеу басталды.

Түркiстан археологиясын зерттеумен, сонымен қатар өзге де орталық ғылыми ұйымдар айналысты: Археологиялық комиссия (80-жылдан бастап), Орыс археология қоғамының Шығыс бөлiмi (90-жылдан бастап). Орта және Шығыс Азияның тарихын, археологиясын, лингвистикасы мен этнографиясын зерттеушi Орыс комитетi (1903 жылдан бастап).

Түркiстанның өндiрiстiк күштерiнiң дамуында ауылшаруашылық тәжiрибе ұйымы маңызды роль атқарды. Ол өз жұмысын Ташкент жiбек өңдеу мектебiнен және 1884 жылы құрылған оның тәжiрибелiк мақта плантациясы мен гленаждық станциясынан бастады. 1902 жылы ашылған Түркiстан тәжiрибелiк ауылшаруашылық станциясы үлкен жұмыстар жүргiздi.6

1885 жылы Ташкентте Орыс бақша өңдеу қоғамының бөлiгi құрылып, 10 жылдан кейiн Түркiстан ауылшаруашылық қоғамына айналды. Қоғам жұмысы барысында Түркiстан өлкесiндегi ауылшаруашылығының дамуына үлкен үлес қосылды. Бұл қоғам Ташкентте, Самарқанда және Түркiстанның өзге қалаларында ауылшарушылық көрмелерiн жиi өткiзiп, “Түркiстан ауылшаруашылығы” журналын шығарып отырды. Қоғам жанынан бақша өсiру, ара және мақта шаруашылығы тарапында жазылған әдебиеттер жиналған музей ұйымдастырылып, онда сұрақтар мен тәжiрибелер талқыланып, лекция мен әңгiмелер өткiзiлiп отырды. Ауылшаруашылығы қоғамы сонымен қатар өзбек тiлiнде “Дехнам” журналын шығаруы қоғамның жұмысы мен аталған журнал жергiлiктi халықты кең көлемде өзiне тартты. Ауылшаруашылығын ғылыми тұрғыдан танып-бiлуде ауылшаруашылық көрмелерiнiң маңызы үлкен болды. Осындай алғашқы көрме 1878 жылы Ташкентте ашылды. Онда жер өңдеу құралдарының бөлiмi, жiбек өңдеу, бақша өсiру мен бау шаруашылығы, құс және өндiрiстiк (диiрмен, май айыру) бөлiмдерi болды. Көрме экспонаттарын көру нәтижесiнде эксперттiк комиссия жергiлiктi жер өңдеушiлердiң екi өкiлiн өздерiнiң экспонаттары үшiн марапаттады.

Ауыл шаруашылық қоғамы мектептермен де жұмыс жасады. Ташкентте Никольский селосындағы мектеп жанынан бау өсiрiп, пайдалануға бердi.7

ХХ ғасыр табалдырығында ашылған Шығыстану қоғамының Ташкент бөлiмi өлкедегi халық ағарту iсiмен тығыз байланыста болды, оның белсендi мүшесi В.В.Бартольд едi. Бөлiмнiң 1902 жылдың 3 қаңтардағы жиынында бағдарлама қабылданып, ол өзбек және тәжiк тiлдерiне аударылды. Бағдарлама негiзiнен Түркiстан өлкесiндегi орыс-түзем мектептерiнiң жай-күйiмен тереңiнен танысу, “түземдiктердiң” бiлiм алуға ынталығын бақылау төңiрегiнде құрылған болатын. Бағдарламаның екiншi бөлiмiнде орыс-түзем мектептерiнiң санын көбейту, жергiлiктi халықтың қыздарына арнап фельдшерлiк курстар ашу, типографиялар мен шығыс кiтаптарының дүкенiн ашу мәселесi сөз болған.8 °рине, аталған жұмыстардың бәрiн Шығыстану қоғамы атқарып үлгере алмағанымен, қоғамның құрамындағы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң ықпалымен мәдени-ағарту шараларын жиi өткiзiп отырған. Қоғамның мүшесi Н.С.Лыкошин профессор С.М.Соловьевтiң “Русская летопись для первоначального чтения” кiтабын өзбек тiлiне аударды. 1904 жылы қоғам шығыстанушы мамандар дайындаудың үш жобасын ұсынды. Шығыс мамандалған орта мектептер мен Түркiстан мұғалiмдер семинариясы жанынан шығыс тiлдерi курсын ашу. Аталған үш жобаның соңғысы ғана генерал-губернатор мақұлдағанымен, қоғам Ташкентте шығыс тiлдерiн оқытатын коммерциялық училище ашуды ұсынған болатын. Ол жекеменшiк училище есбiнде 1907 жылы ашылды.

1905 жылы қаңтардағы қоғамның жалпы отырысында жергiлiктi тiлдер курсын енгiзу, Ташкентте қалалық училищелердiң бiлiмiн жетiлдiру курсын ашуды ұсынды. Бiлiм жетiлдiру курсы 1905 жылы, ал жергiлiктi тiлдер курсы 1912 жылы ашылды.

Шығыстану қоғамымен қатар Ташкент педагогикалық үйiрмесiн де атап өтуiмiз керек. Ол 1903 жылы құрылған.9 Бастапқыда оның мүшелерi алты секцияға бөлiнiп, қалалық тұрғындардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргiздi. Сонымен қатар, педагогикалық тақырыптағы баяндамалар тыңдалып, көпшiлiк педагогикалық лекциялар өткiзiп отырды.

1903-1905 жылдар аралығында үйiрменiң мүшелерi көп болды (1904 жылғы 159 мүшенiң 62-сi ата-аналар). Мектепке дейiнгi және экстернат секциясы белсендi жұмыс атқарды. Секция жұмысының жемiстi нәтижесi деп Ташкенттегi жазғы балалар бақшасын, Самарқандағы яслидi атауға болады. 130 орынға арналған балалар бақшасы 1904 жылы 11-сәуiрден 1-қыркүйекке дейiн, сағат таңғы 9-дан кешкi 19-ға дейiнгi аралықта жұмыс iстедi. 1905 жылы жергiлiктi газетте балалар бақшасына ол құрылғаннан берi 5100 бала келгенi жазылған. “Бiр қызығы, бақшаға жергiлiктi сарт және татар жанұялары өзгелерден гөрi жиiрек келедi” деп жазылған.10 Келесi жылдары да нәтижелi жұмыс iстеген балалар бақшасы 1911 жылы жабылып қалған. 1905-1907 жылдардағы төңкерiстiң ықпалымен Түркiстанның бас қаласы Ташкенттiң мәдени өмiрi гүлдене түстi. Мұндағы пайда болған ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары оқу орындары мен өзге де мекемелердiң ашылуына үлкен үлес қосты. Мысалы : 1908 жылы психиатр А.В.Трапезников негiзiн қалаған Түркiстан өлкесiнiң жаратылыстанушылар және дәрiгерлер қоғамы кейiннен Орта Азиядағы жоғары медициналық бiлiмнiң iргетасы болып саналуы. Ескi ташкенттiк қоғамдардың жұмысы жанданды. Пушкин қоғамы 1911 жылдан бастап Түркiстан өлкесiндегi халық ағарту iсiне өз үлесiн қосып, тегiн кiтапхана - оқу залын ашты. Р.Р.Шредер басшылық жасаған ауылшаруашылық қоғамы өлкедегi ауылшаруашылық оқу орындарының ашылуына өз септiгiн тигiздi. Ташкентте университет ашу мәселесiн орыс географиялық қоғамының Түркiстан бөлiмi мен жаратылыстанушылар мен дәрiгерлер қоғамы көтердi. Ташкенттiк ғылыми ұйымдардың жұмысына, әсiресе, географиялық және археологиялық зерттеулерге педагогтар белсене араласты. Бұл ұйымдардың ғылыми баяндамалары ұстаздардың жазғы демалыс кезiндегi үздiксiз еңбектерiнiң негiзiнде жазылды.

Жалпы алғанда, Ташкентте ашылған ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ұйымдары бүкiл Орта Азияда жаңадан ашылып, ендi ғана тәй-тәй басып келе жатқан ғылыми жүйесiнiң негiзгi ұйытқысы болды. Мысалы: Ташкент оқу орындарының жанынан ашылған педагогикалық музей бүкiл өлкедегi оқу орындарын қамтыды.

Айта кететiн жәйт, 1905-1907 жылдардағы төңкерiстен кейiн Орта Азияның жергiлiктi тұрғындарының ғылымға деген үлесi көбейдi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Түркiстан өлкесiне тарихи, этнографиялық және археологиялық зерттеу бағыттарында жиырмаға тарта ғылыми экспедиция келген. Бұл экспедициялар өздерiнiң зерттеу нәтижелерiн Ташкентте жинақтап, бұл жұмысқа жергiлiктi жастар белсене араласып отырған.11

Түркiстан археология әуесқойлар үйiрмесi мен Шығыстану қоғамының Ташкент бөлiмi мүшелерiнiң арасынан Ташкенттiк зиялы қауым өкiлдерiнiң есiмдерiн кездестiруге болады.

1917 жылғы Қазан төңкерiсiнен кейiн де мәдени-ғылыми ұйымдардың жұмысы жандана түстi. Түркiстан республикасының өкiметi ұлттық-этникалық ерекшелiктерде сақтай отырып, әрбiр халықтың мәдениетiн дамытуды мақсат етiп қойды. Осы негiзде Ташкент қаласында ғылыми орталық құру, Орта Азия халықтарының әдеби тiлiн дамыту, әр халықтың өз ана тiлiнде оқулықтар шығаруы көзделдi. 1920-1921 оқу жылының аяғында Турнаркомпростың ±ылыми кеңесi құрылып, ол кейiннен Мемлекеттiк оқу кеңесi (МОК) деген ат алды.12

МОК (РУС) Түркiстан республикасындағы бiрден-бiр ғылыми әдiстемелiк орталыққа айналды. Кеңес негiзiнде ұлттық ғылыми комиссиялар құрылды. Бұл ұлттық комиссияларға профессор-шығыстанушы Е.Д.Поливанов және А.Э.Шмидт, сонымен қатар Орта Азия университетiнiң профессоры А.Л.Бродский көмек көрсетiп отырды. Айта кетелiк МОК құрамында музыалық-этнографиялық комиссия (1919 жылы В.А.Успенский құрған) және 1923 жылдан театр-көркемсурет комиссиясы жұмыс iстедi. Бұл комиссиялар Орта Азия халықтарының өнерi мен мәдениетiн зерттеп, көпке жариялап отырды. өзбек ғылыми комиссиясы 1920 жылы құрылған Бұхар және Хорезм өзбек әдеби тiлiн дамытуға ат салысты. Олар 1921 жыл Ташкентте өткен өзбек орфографиясы мәселесi жөнiндегi съезде аталған республикалардың өкiлдерiмен бiрiге отырып өзбек алфавитiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады. 1922 жылғы ақпанда Ташкентте өткен Түркiстан белсендiлерi қатысқан съезде бұл алфавит бiрауыздан мақұлданды. Қазақ ғылыми комиссиясы өзiнiң күштi құрамымен ерекшелендi. Оның мүшелерi арасында °.°.Диваев, атақты жазушы М.°уезов болды. Бұл комиссия Ташкенттегi Қырғыз ағарту институтымен бiрiге отырып жұмыс жасады. Мiне осы тәрiздi түркiмен, тәжiк, қырғыз халықтарының арасында да ұлттық комиссиялар жұмыс iстедi. Бұл комиссиялардың барлығы да Ташкент қаласындағы Мемлекеттiк оқу кеңесiне бағынды.

1921 жылы Ташкентте саяси-ағарту комитетi құрылып, Орта Азия халықтарының саяси сауатын ашу iсiне белсене кiрiстi.



1.2. Халық ағарту iсiнің қалыптасуы және дамуы
Ташкент қаласы өте ерте замандардан-ақ Орта Азия халықтарының рухани орталығы болады. Мұндағы ең алғашқы бiлiм беру дiни негiздегi конфессионалдық мектептер болды. Мұсылмандық дiни оқудың кең тараған ең бастапқы түрi мактаб (мактабхана) едi. Мактабты негiзiнен мектеп жанынан ашатын болса, кейде олар медресе немесе қарыхана жанынан да ашылатын. Тiптi, бай адамдар өзiнiң балаларына, туысқандары мен көршiлерiне арнап жанұялық мактаб ашып, оған ұстаздық етуге тәжiрибелi имамдарды шақыратын.

Қалалық мактабтарда оқитындардың саны кейде 20-30 адамға жетiп отырса, ауылдарда небары 10-15, тiптi одан да аз адам дәрiс алды.

Ата-аналар, әдетте, балаларын 6 жаста мактабқа беретiн, олар онда 14 жасына дейiн сауат ашты, бiрақ көптеген адамдардың тұрмыс жағдайы оған келе бермейтiн. Тұрмыс ауыртпалықтарына байланысты кейде мактабта 17-18 жастағы балалар да кездесетiн.

Мактабта оқу негiзiнен екi басқышта жүргiзiлетiн. Төменгi басқышта құран және исламды уағыздайтын кiтаптар оқытылса, жоғары басқышта Хафиздiң, Бедилдiң парсы-тәжiк тiлдерiндегi шығармалары мен °лiшер Науай, Фузули, Суфи-Аплаярдың түркi тiлдерiндегi еңбектерi оқытылатын.

Мактаб пен медресес арасындағы айырмашылық егер мактабта оқытушы шәкiрттiң берiлген тапсырманы тек жаттап алуын қадағаласа, медресе оның мазмұнына терең үңiлуi талап етiлдi. Орта Азия қалаларындағы атақты медреселерге Ташкенттегi Кукелдаш медресесiн, Самарқандағы Регистан алаңындағы үш медресенi жатқызуға болады.

ХIХ ғасырдың 90-жылдарының басында мұсылман мектептерiнiң өлкелiк инспекторы В.П.Наливкиннiң медреселерге жүргiзген зерттеулерiнде Сырдария облысында мынадай медреселер тiзiмi алынған. Олар - Аблық (1948), Бұқа (1860 немесе 1863), Заңғы ата (3 медресе, 1835-1850), Шымкет уезiндегi Қарнақ (1875), Ташкент уезiндегi Құлтөре (1840), Түркiстан қаласындағы Пiскент (1821 және 1875) және тағы басқалар.13

Медресе оқушылары үшiн бастапқы курс араб тiлiнiң грамматикасын оқып-үйрену болды, себебi барлық кiтаптар осы тiлде оқытылатын едi. Оқушыға араб филологиясын оқып-үйрену үшiн кемiнде үш жыл мерзiм кететiн. Грамматиканы үйренгеннен кейiн оқушы бiлiмiн одан әрi толықтыру үшiн екi бөлiмнiң бiрiн таңдады - заңтану және жалпы бiлiм беретiн. Медресе оқушыларының көпшiлiк бөлiгi дiни және құққтанушылық кеңес хатшысы қызметтерiне орналасты. Жалпы бiлiм беретiн бөлiмнiң оқулықтарына қызығушылық аз болды, себебi мұнда метафизика, космография және астрологиядан жеке кiтаптар түсiнiксiз тiлде оқытылатын.

Медресе оқушыларын “молла” (сауатты), “талиб-и-илм” (ғылымтанушы) немесе жай ғана “талиб”, “шәкiрт” деп атады. Олар да басқыштарға бөлiндi: төменгi (адна) басқышта оқушы “акандқа” дейiн оқыса, ортаңғы (аусат) басқышта “мулла Жәлел” кiтабына ауысқанға дейiн оқыды, соңғы басқышта оқушы “мулла Жәлелдi” бастап “ала” (жоғары басқыш оқушысы) деп аталды. °рбiр басқыш 3-4 жылға созылатын, тiптi, кейде 8-10 жылға созылатын жағдайлар да кездесетiн.

Ресей патшалық Түркiстан өлкесiн өзiне бағындырғаннан кейiн, мұнда отарлау iсiн жеңiлдете түсу үшiн, жергiлiктi халықтың арасынан сауатты мамандар қажеттiгi туындады, сауаттандырудың астарында “орыстандыру” саясаты да қабаттасып жүргiзiлдi. Осы негiзде мұндағы алғашқы орыс мектептерi өлке орталығы Ташкент қаласында пайда бола бастады.

1866 жылы, яғни Ташкент қаласы Ресейге бағынғаннан бiр жылдан кейiн, қалада ұлдар мен қыздарға арналған орыс бастауыш мектебi ашылды. “Бiздiң мемлекеттiк мақсатымызға жету үшiн түземдiктерге арнап орыс бастауыш мектептерiн ашу өте қажет-ақ. Себебi бiз осылай ғана түземдiктердiң бойына орыс халқының рухын бiртiндеп дарыта аламыз,”- деп жазды. Түркiстан өлкесiнiң бiрiншi генерал-губернаторы Фон Кауфман.14

1876 жылдың қаңтарынан бастап Ташкентте Түркiстан үлкесi оқу орындарының басқармасы iске кiрiстi. 1876-1877 оқу жылында Ташкентте және Верныйда ерлер және әйелдер прогимназиясы ашылды. Ташкентте мұғалiмдер семинариясы 1879-1880 оқу жылында ғана ашылды.

¶кiмет тарапынан ашылған мектептермен қатар ауқатты адамдар өздерiнiң жекеменшiк мектептерiн де аша бастады. 1866 жылы Ташкентте Жуйкованың жекеменшiк мектебi ашылды. Ол 1867 жылы қазынадан “Ташкетттiң орыс тұрғындарының төменгi тобының талаптарын қанағаттандыру үшiн” субсидия алды. 1867 жылдың 1- қаңтарында мектепте 11 қыз бала және 7 ұл бала арифметиканың алғашқы екi амалын, құдайға құлшылық етудi, жазуды оқып үйрендi және қолөнермен айналысты. Ал 1867 жылғы наурыз айында оқушылардың саны 15 қыз бен 18 ұлға жеттi. 1869 жылы Ташкентте “ауқатты жанұялардың балаларын дайындау үшiн” “Пахерт ханымның” жекеменшiк пансионы ашылды. Олар (балалар) гимназияның IV сыныбына түсуге дайындалды. 1871 жылы Ташкентте үш сыныпты халық мектебi ашылды. Онда қыздар мен ұлдарға арналған қол өнер сыныбы болды.

Оқу орындары Түркiстан өлкесiнiң барлық облыстарына бiрдей таралмады. Мысалы, 1896 жылға қарай Сырдария облысында 78 оқу орны, Ферғанада 14, Амударияда 6 оқу орны болған. Сырдария облысында бүкiл өлкедегi оқушылардың 77,6 пайызы шоғырланса, өлке орталығы Ташкент қаласында өлкедегi бүкiл оқу орындарының 15 пайызы, ал оқушылардың 33,2 пайызы шоғырланған15. Бұл әрине, сол кездегi бiлiм беру сатысы үшiн жоғарғы көрсеткiш.

ХIХ ғасырда соңына дейiн Түркiстан өлкесiнде төрт орта оқу орны болды. °йелдер және ерлер гимназиясы, реальдық училище және мұғалiмдер семинариясы. Бұлардың барлығы да өлке орталығы Ташкентте орналасты.

1876 жылы ашылған Ташкент ерлер гимназиясы өзге де орта оқу орындары сияқты бiрiншi кезекте Сырдария облысының тұрғындарына қызмет еттi. Гимназия сегiз негiзгi және бiр дайындық сыныптарынан құралды. 1896 жылы онда 327 оқушы болса, оның небары 10-ы ғана түземдiк болды. Гимназия құрамындағы өзге қалалардан келгендерге арналған жекеменшiк оқушылар жатақханасы болды. Сонымен бiрге, 1879 жылы орыс емес халықтарының балаларының Ташкенттiк оқу орындарына түсуге дайындалуы үшiн жалпы оқушылар жатақханасы ашылды, ол 1886 жылы мұғалiмдер семинариясына ауыстырылып, 1896 жылы мүлдем жабылды.

Орыс емес халықтардың балалары орыс гимназиялары арқылы орта бiлiм ала алатын болды. Гимназияларда оларға арнап бiрқатар мәнсiз жеңiлдiктер қарастырылды. Мысалы: генерал-губернатор Кауфманның бұйрығымен латын тiлiн оқудан босатылса, 1882 жылы Мемлекеттiк Кеңестiң шешiмiмен олар грек және латын тiлдерiн оқытудан босатылды. Осы жерде айта кететiн жәйт, 1893 жылы Ташкент гимназиясын Перовск уезi қазағының ұлы °ли Құтыбаров бiтiрген, яғни оның “Медициналық академияға түсуге мүмкiндiгi болған”16.

Қазақ халқының ардақты ұлы Мұстафа Шоқай Ташкент ерлер гимназиясын бiтiргеннен кейiн Санкт-Петербург университетiне түсiп, заңгер мамандығын алып шығады. Мұстафа Шоқай Ташкент ерлер гимназиясында 1902-1910 жылдары бiлiм алған. Мұстафа Шоқай 1902 жылы гимназияға түскен уақытынан бастап Түркiстан генерал-губернаторынан стипендия алған және “ғылым жолындағы жетiстiктерi есепке алынып” оқу ақысын төлеуден босатылған.17

Белгiлi қазақ тарихшысы Санжар Асфендияров 1906 жылы Ташкент реалдық училищесiн, 1912 жылы Санкт-Петербургтегi әскери-медициналық академияны бiтiрген. Ташкентте мекен еткен ротмистр Сейтжан Асфендияровтың да Нуриддин, Мансур, °бiлқайыр есiмдi ұлдары Ташкент реалдық училищесiнен бiлiм алған. Өзбекстан Мемлекеттiк архивiнде Асфендияровтың әйелi Гүлай Асфендиярованың 1910 жылы 26 маусымдағы балаларын училищеге алу туралы өтiнiшi сақталған.18

Ташкенттте 1876 жылы ашылған әйелдер гимназиясының 1882 жылдан бастап 7 сыныбы болды. 1896 жылы әйелдер гимназиясында 377 қыз баласы оқыса, оның небары бесеуi түземдiктер болды.

1894 жылы ашылған реалдық училищенiң үш сыныбы болды. Онда 1896 жылы 102 оқушы оқыса, оның бесеуi туземдiктер болған. Реальдық училищеде ағылшын және француз тiлдерi мiндеттi пән болып саналды.

Ташкентте 1879 жылы ашылған төрт курсты мұғалiмдер семинариясы алғашқы он жыл көлемiнде бүкiл Орта Азия территориясындағы педагог мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны болды. Семинарияның бiрiншi курсына 20 адам (Жетiсу облысынан - 10, Сырдария облысынан - 10) қабылданды. Оқушылардың 18-i орыс, тек екеуi ғана түземдiктер болды. Олардың 14-i Түркiстан өлкесiнiң қалалық бастауыш училищелерiн, 1-i уездiк училищенi, 5-i Ташкент және Верный гимназияларын бiтiрген болатын. Оқушылардың бесеуiнiң ұстаздық тәжiрибесi болды.19 Семинария директоры болып сарай кеңесшiсi Н.П.Остроумов тағайындалды. Қазан рухани академиясының оқытушысы болған Н.П.Остроумов семинарияға ұстаздық етуге өлкенiң бастауыш училищелерiнiң мұғалiмдерi мен қазақ мұғалiмдер семинариясының кандидаттары мен магистрлерiн шақырды.

Алғашқы түлектерiнен (1883) бастап, 1904 жылға дейiн, 25 жылдық есебi бойынша20 семинарияны 254 адам бiтiрген. Семинарияны бiтiрген стипендиаттар кемiнде 6 жыл мұғалiм болуға мiндеттелiнетiн. 1899-1904 жылдар аралығында бiтiрген 77 түлектiң 76-сы педагогтық қызметке тұрған. 1904 жылы бiтiрген 32 түлектiң 13-тiлмәштық, 23-өзге қызметтерге, 16-банкке орналасқан.

Түркiстан мұғалiмдер семинариясы ашылған кезде өкiмет онда өзбек (“сарт”) және тәжiк (“парсы”) тiлдерiн оқытуды бекiткен болатын. Бiрақ Кауфман семинарияның педагогикалық кеңесiне бұл тiлдердi қазақ тiлiмен ауыстыруға ұсыныс жасады. Бiрақ 1884 жылы сайланған генерал-губернатор Розембах өзбек, парсы және араб тiлдерiн енгiзудi ұсынды. Семинарияның негiзгi пәндерi қатарына құдай заңы, орыс тiлi, орыс тарихы, жалпы және орыс географиясы, арифметика, таза жазу мен педагогика жатқызылды. Қосымша пәндерге ауылшаруашылық негiздерi, бақша өңдеу, музыка және қолөнер (ағаш өңдеу мен түптеу) енгiзiлдi.

Түркiстан мұғалiмдер семинариясы туралы ережеге сай оған қабылданушы үш талапкердiң бiрi жергiлiктi халықтың өкiлi болуы тиiстi едi. Бiрақ бұл ереже сақталмады. 1879-1904 жылдар аралығында оқыған 415 семинаристiң орысы - 384 (83,9 пайызы), қазағы-54 (13-пайызы), өзбегi - (2,2 пайыз), татары -3 (0,7 пайыз), түркменi -1 (0,2 пайыз) болған. 1883-1904 жылдар аралығында бiтiрген 254 түлектiң небары 39-ы (11,4 пайыз) орыс емес ұлт өкiлдерi (38 қазақ және 1 өзбек) болған.21

1889 жылы Ташкент мұғалiмдер семинариясын Сералы Лапин бiтiрген.

Мемлекеттiк оқу орындарымен қатар, жекеменшiк мектептер де ашыла бастады. 60-жылдары Ташкентте ашыла бастаған бастауыш мектептердiң саны 80 жылдары одар әрi толыға түстi. Мысалы: 1887 жылы бастауыш мектеп ашылып, ол 1891 жылға дейiн өмiр сүрдi. 1892 жылы Ташкентте екi жекеменшiк орыс бастауыш мектебi ашылды. Оның бiрiнiң базасында 1905 жылы О.П.Михайловскийдiң жекеменшiк әйелдер прогимназиясы құрылды. Өзге жекеменшiк орыс бастауыш мектептер Ташкентте бiр жылдан жетi жылға дейiн өмiр сүрдi.22 1913 жылы Ташкентте ашылған жекеменшiк бастауыш мектептен Л.Ф. Гориздоның жекеменшiк әйедер прогимназиясы құрылды. Бұл мектептер балаларды орта оқу орындарына түсуге дайындады. 1904 жылы өлкеде 5 жекеменшiк мектеп болып, онда 179 оқушы бiлiм алды.

Жалпы бiлiм беретiн оқу орындарымен қатар балаларды белгiлi бiр мамандыққа бейiмдейтiн арнаулы орта оқу орындары да өз жұмысын бастады. Мысалы: 1900 жылы Ташкентте екiншi Орынбор кадет корпусының дайындық мектебi ашылып, 1904 жылы мектеп Кадет корпусына айналды. Ашылған мектептерде негiзiнен құдай заңы, шiркеу - славяндық орыс тiлi, логиканың қысқаша негiзi, латын және грек тiлдерi, арифметика мен география, тарих француз немесе немiс тiлi, таза жазу оқытылды.

1871 жылы халық-қолөнер мектебi, 1873 жылы оқымысты-этнолог В.Ф.Ошанин басқарған Түркiстан жiбек шаруашылығы мектебi ашылды. 10 жыл өмiр сүрген уақытында жiбек талшығының итальяндық екi түрiн өсiруге ұмтылды. Бiрақ табысқа жетуге жiбек өндiрудiң орталығы Ташкент оазисiнде емес, Ферғана мен Зеравшан далаларында орналасқаны кедерге келтiрдi.

Орта Азиядағы ең алғашқы техникалық училищенiң Ташкентте ашылғандығы жөнiнде жергiлiктi басылымдарда 1897 жылы жазылған.23 1896 жылы маманданған слесарь, ағаш өңдеушi, токар және өзге де мамандарды дайындап шығаратын Ташкент қолөнер училище алғашқы он жылда орта есеппен жылына 10 адам дай ымдап шығарып отырды.

1897 жылы Ташкентте арық-ақсақалдарын дайындау үшiн Төменгi геодезия курсы ашылды. 1902 жылы Ташкентке жақын маңда ауылшаруашылығының гидротехникалық мектебi ашылды. Оның мақсаты-өлкедегi суармалы егiншiлiк жүйесiн одан әрi дамыту үшiн төменгi техникалық мамандар даярлап шығару болатын. Ал, 1904 жылы Орынбор-Ташкент темiржолының бiтуiне бiр жыл қалғанда, темiржол техникалық училищесi ашылды.

Түркiстан өлкесiндегi орыс-түзем мектептерiнiң саны жағынан Ташкент алдыңғы орында болды. Себебi Түркiстан генерал-губернаторлығының орталығы, сауда-өндiрiстiк жағынан Орта Азияның өзге қалаларына қарағанда едәуiр дамыған Ташкентте орыс жұмысшылары, саудагерлер мен қолөнершiлер, әскерлер мен шенеунiктер көбiрек қоныс тепкен болатын. Сондықтан Ташкентте жергiлiктi халықтың орыс тiлiн үйренуi өте қажет-ақ болды. Осыдан кейiн әрине, Ташкентте 1895 жылы - 4, 1900 жыл - 6 орыс-түзем мектебнiң болуы таңқаларлық жайт емес.

1902 жылы өлке начальнигi И.И.Иванов өзiнiң көмекшiсi генерал Мациевскийге Ташкенттегi орыс-түзем мектептерiнiң жұмысын тексерудi тапсырды. Тексеру барысында Мациевский мектептер жұмысының жақсы екенiн және өздерiнiң сенiмiн ақтайтынын дәлелдедi. Ал 1903 жылы Түркiстан педагогикалық үйiрмесi Ташкентте жергiлiктi әйелдерге арнап орыс мектебiн ашты. Бұл мектептi белгiлi этногроф және лингвист °.°.Диваевтың қызы басқарды. Мектепте 15 оқушы болды: екi орыс қызы бiр еврей қызы қалғандары өзбек қыздары. Диваева қыздарға орыс тiлi мен арифметиканы оқытты. Бiрақ ешқандай қолдау көрмеген мектеп көп ұзамай жабылып қалды.

Осындай орыс-түзем мектептерiмен қатар пашисламизм және пантюркиз идеялары қолданған “жаңа әдiстi мактабтар” пайда бола бастады.

Халықтық училищелердiң дирекциясы Ташкент қаласындағы 17 жаңа әдiс мактабын есепке алды. Олардың неғұрлым iрiлерiне тоқталатын болсақ, Мұнаввар қари Абдурашитовтың мактабы-1907 жылы Шейхантаурда ашылған, 6-жыл оқу курсы бар, 1910 жыл оқйтындардың саны 160 адамға жеткен: Диуанбегi көшесiндегi Рахим Қожаевтың мактабында 1910 жылы 150-ге тарта адам оқыған. Ташкенттiң ескi бөлiгiнде Сайфулмәлiкованың жаңа әдiстi әйелдер мактабы (1914 жылы мұнда 35 қыз оқыған) болса, Жызақ көшесiнде де қыздарға арналған жаңа әдiстi мактаб ашылған24. Халықтық училищелердiң директорының санауы бойынша 1915 жылға қарай Ташкенттiң барлық бөлiгiнде жаңа типтi мактабтар ашылған. Осы мактабтардың бiреуiнде ғана (ол Абдурашитовтың мактабы) ескiден жаңаға көшу әдiстерi дұрыс жүргiзiлген, қалған мактабтарда әлiппенi үйрену дыбыстық, әдiске көшiрiлген, дiни сабақтар, география мен тарих мүлдем оқытылмаған.

1905 жылғы төңкерiстен кейiн патша өкiметi Түркiстандағы Ресейдiң билiгiн одан әрi нығайтуға және Орта Азия халықтарының қоғамдық өмiрiндегi ұлттық элементтерiн әлсiретуге ұмтылды. Мұның негiзгi жолының бiрi өлкеде орыс бастауыш және орта мектептерiнiң санын көбейту деп бiлдi, сонымен қатар мектептердi саяси ғана емес, идеологиялық қару есебiнде ұстады. Осыған сәйкес Түркiтан өлкесiндегi орыс мектебiнiң саны жылдам өстi. Егер 1909 жылы өлкеде 379 орыс мектебi болса25, 1917 жылы олардың саны 723-ке өскен26.

Сенатор К.К.Пален тексеруiнiң есебi бойынша Түркiстан өлкесiндегi 318 орыс мектебiнiң 32-сi 5 жылдық (екi сыныпты), қалғандар үш жылдық (бiр сыныпты) болған. Оқу бағдарламасын министрлiк 1894 жылы бекiткен, ол 1917 жылға дейiн өзгермеген. Өлкедегi орыс және орыс-түзем мектептерiнiң 569 мұғалiмiнiң 115-сi ғана Түркiстан мұғалiмдер семинариясын бiтiрген, қалғандарының тек төменгi және орта бiлiмдерi ғана бар болса, 67 мұғалiмнiң тiптi төменгi дәрежедегi бiлiмiде жоқ. Осындай нәтижелерден кейiн 1910 жылдың жазында Сырдария облысы мұғалiмдерiнiң кеңесi өткiзiлдi. Кеңес 7-шi тамызда ашылып, оның еңбектерi жарыққа шығарылды27. Ал 1910-шы жылдың желтоқсаны мен 1911-шi жылдың қаңтарында Ташкентте өлке орта мектептерi оқытушыларының бiрiншi съезi болып өттi. Съезд еңбектерi көрсеткендей, онда педагогикалық және әдiстемелiк, өлкетанушылық мәселелер қаралған28.

ХХ ғасырдың басында Түркiстан өлкесiнде бiрде-бiр жоғары оқу орны болмады, ол бұл кезде экономика дамып келе жатқан аймаққа сауатты мамандар даярлайтын техникалық және педагогикалық жоғары оқу орны керек болды. Орыс шенеунiктерi мен жергiлiктi саудагерлердiң ұлдары Түркiстандық орта оқу орындарын бiтiргеннен кейiн Орталық Ресейдiң институт және университеттерiнде бiлiмiн одан әрi жалғастыруға мүмкiндiгi болса, қарапайым халықтың оған қаражаты жетiспедi. Олар тек қана орта мектептерде оқуға мүмкiндiк алды.

1912 жылы Ташкентте мұғалiмдер институтын ашу мәселесi қаралды. 1912-1915 жылдары қалалық училищелердi 714 адам бiтiрiп шығып, мұғалiмдер институтына түсушiлердiң контенгентiн құрады. 1915 жылы мұғалiмдер институты ашылып оның бiрiншi курсына 25 адам қабылданды. Ташкент мұғалiмдер институты екi рет өз түлектерiн ұшырды: 1917 және 1918 жылдары. °р бiтiрген түлектердiң саны 20 адамнан аз болмады, екiншi рет бiтiрушiлердiң арасында орыстармен қатар бiрнеше қазақ та болған. Мысалы: қазақ театр-өнерiнiң жарық жұлдызы, дарынды актер, әншi, режиссер Құрманбек Жандарбекұлы аталған мұғалiмдер институтының түлегi. Мұғалiмдер институтының жанынан үлгiлiк училище ашылған. Институтты тәжiрибелi әдiскер-тiлтанушы И.В.Шеманский басқарды29.

Көрнектi қоғам қайраткерi Т.Рысқұлов Ташкент мұғалiмдер институтына өтiнiшi 1916 жылы 19 қыркүйекте жазылған, осы жылғы 20-22 қыркүйек аралығында орыс тiлi, геометрия және арифметикадан қабылдау емтихандарын жақсы тапсырады. 1916-1917 оқу жылын Т.Рысқұлов “жақсы” және “өте жақсы” деген бағалармен бiтiредi, бiрақ алгебрадан жазғы демалыс кезiнде мiндеттi түрде дайындалуы керек болады. Бiрақ аталған институтты Т.Рысқұлов бiтiре алмады, себебi 1917 жылы ақпан революциясынан кейiн революциялық iске белсене араласуы бiлiмiн одан әрi жалғастыруға кедергi келтiредi30.

1917 жылғы 16 қыркүйекте Сұлтанбек Қожанов Ташкент мұғалiмдер институтына түсуге өтiнiш жазды. Ол өтiнiшiмен бiрге Түркiстан мұғалiмдер семинариясын бiтiргенi туралы құжатты тапсырған. Онда, орыс тiлi, тарих, геометрия, физика, жаратылыстану, өзбек және парсы тiлдерiнен - бестiк, сызу мен қол еңбегiнен – төртiк, таза жазудан - үштiк баға алғаны көрсетiлген. Өкiнiшке орай, С.Қожановта революциялық күреске араласқандықтан институтты аяқтай алмайды31.

1917 жылы Ташкентте 20-23 мамыр аралығында бүкiлөлкелiк мұсылман мұғалiмдерiнiң съезi өттi. Съезд мүшелерi мектеп жүйесiн үш басқыштан құруға келiстi. Мектепте бiлiм алу тегiн болды, орыс тiлi мiндеттi пән болып енгiзiлдi, оны бастауыш мектептердiң төртiншi сыныбынан бастап оқытатын болды32.

Дүние дүрбелеңге толып, өкiмет билҚгҚ қолдан-қолға өтҚп саяси өмiрдiң өзегi ғана емес, рухани өмiрдiң күретамыры қалпында қалып қойды, тiптi одан әрi гүлдене түстi.

1918 жылғы сәуiр айында шаруалар мен диқандардың, солдат және жұмысшы депутаттарының V өлкелiк съезi өттi. Съезд шешiмi нәтижесiнде, яғни 1 мамырда Ресей Федерациясының Түркiстан Автономиялық Кеңестiк Социалистiк республикасы (Түркiстан АССР-i) салтанатты түрде жарияланды. Автономия құрылғаннан кейiн 1918 жылы маусымда Түркiстан Халық ағарту комиссарияты құрылды. ¶лкен территорияны мекен еткен көп ұлтты халықты өз ана тiлiнде жаңа бағдарламамен оқыту қажеттiлiгi туындады. Осы жылы маусымда Ташкентте Түркiстан Республикасы мұғалiмдерiнiң съезi өткеннен кейiн бiлiм беру iсi жолға қойыла бастады.

1918-1919 жылдар аралығында Ташкентте өзбек әлiппесi және қазақ грамматикасы басылып, қолданысқа берiлдi33.

1920 жылы Ташкентте Қырғыз ағарту институты деген атпен оңтүстiктiктердiң, түркiстандықтардың, қазақтардың мәдени орталығы пайда болды, және қазақ әдеби тiлiнiң дамуы жолға қойылды. Ал 1919 жылдың жазында 1 басқыш мұғалiмдерiн дайындаудың өлкелiк курстары ашылды. Бұл курстардың орыс топтарында өлкетануға, оқу көрнекiлiктерiне көп көңiл бөлiсiп, әдебиетпен, саяси экономиядан, педагогика мен психологиядан лекциялар оқылды. Мысалы, Түркiстан географиясынан лекция оқыған Н.Л.Корженевский Ташкентте кейiннен құрылған мемлекеттiк университетте физикалық география кафедрасын құрды. Бұл курстардың үш ауысымынан 353 адам өттi, оның 210-ы жергiлiктi тұрғындар едi34.

°рине, бiлiм беру iсi көптеген қиыншылықтарға тап болды. Өлкедегi азамат соғысы, бейбiт өмiрдiң алыстап кетуi халықтың басына қара бұлт үйiрдi. Осындай қиыншылықтарға қарамастан 1917 жылмен салыстарғанда бастауыш және орта мектептердiң саны 855-ке өстi, онда 154346 оқушы бiлiм алды35. Мұның өзi, әрине, сол жағдайда өте үлкен көрсеткiш едi.

Бастауыш және орта бiлiм берумен қатар мектепке дейiнгi тәрбие де жолға қойылды. Мысалы, 1918 жылы Ташкентте бiрнеше бала бақшамен қатар, 12 балалар алаңы iске қосылған. Бұлар күнiне 9 сағат жұмыс жасады.

1920 жылдан басталған ересектер арасындағы сауатсыздықты жою iсiне ташкенттiк жоғарғы оқу орындары мен мектептер жанынан көптеген ликбездер ашылды. 1923 жылғы маусымда Ташкентте өткен Нарпомпрос инспекторының және республика ағарту ұйымдары басшылықтарының съезiнде өлкедегi сауатсыздықтың саны 5 миллион адам деп есептелдi36. Сауатсыздықпен күресу үшiн арнайы курстар ашылды. 1924 жылғы шiлде айында Ташкентте республикалық жетiкүндiк сауатсыздықты жою туралы съезд-семинар өткiзiлдi. Онда 1924-1925 оқу жылында 1450 мектеп ашу, қазан төңкерiсiнiң 10 жылдығына дейiн 18-35 жас аралығындағы халықтың сауатын ашу, 1927-1928 оқу жылынан бастап бiлiм берудiң жүйелi түрiне көшу мәселелерi қаралды. Орта Азияның сауатсыз ересектерiне арналған алғашқы әлiппелер Ташкентте айтарлықтай тиражда басылып шықты. Өзбек тiлiнде-100 мың, қазақ және түркiмен тiлдерiнде ондаған мың көлемде жарық көрдi37.

Қазан төңкерiсiнен кейiн жергiлiктi маман кадрлердiң жетiспеушiлiгi өткiр сезiле бастады.

Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатымен жер-жерлерде техникумдар мен арнаулы оқу орындары ашыла бастады. Ташкент қаласында құрылыс техникумы, кешкi политехникум, бiр фабзавуч, екi қолөнер мектебi ашылды. 1922 жылы 1 қаңтарында Ташкентте 5 медициналық оқу орны, өндiрiстiк-экономикалық техникум, темiржол агенттерiнiң мектебi жұмыс iстедi. Өлкедегi 5 музыкалық оқу орнының үшеуi Ташкентте шоғырланды, 28 уақытша курстың 11-i Ташкентте өткiзiлдi. Сонымен қатар пiшушiлер мен тiгiншiлер курсы жұмыс iстедi38.

1918 жылы Ташкентттегi халық университетiнде және Шығыс институтында қазақ тiлi, қазақ этнографиясы кафедралары ашылды. Онда атақты этнограф °.Диваев лекция оқыған. Ол қазақ этнографиясы үшiн арнайы бағдарлама құрды.

Қазан төңкерiсiне дейiн Орта Азияда бiрде-бiр жоғарғы оқу орны болмады деп жоғарыда атап көрсеттiк. 1915 жылы ашылған Ташкент мұғалiмдер институтында небары 2-3 қазақ оқыды. 1917 жылы қарашада өткен. ¶шiншi өлкелiк Түркiстан өлкесi Кеңесiнiң съезiнде бұл мәселе өткiр қозғалды. Содан кейiн 1918 жылғы 21 сәуiрде Бостандық үйiнiң залын жоғарғы оқу орны - яғни Түркiстан Мемлекеттiк Университетiн құру туралы шешiм шығарылды. Сонымен қатар Ташкентте Халықтық университет те ашылды. Бұл Орта Азиядағы бiрден-бiр техникалық жоғарғы оқу орны болды. Халықтық университет құрамында 5 факультет болды: әдеби философиялық, әлеуметтiк-экономикалық, ауыл шаруашылық, жаратылыстану-математика және техникалық факультет. Халықтық Университеттiң ең алғашқы ректоры А.В.Попов тағайындалды. 1919 жылғы қаңтардағы контрреволюциялық көтерiлiс кезiнде Халықтық Университет уақытша жабылды39.

1918 жылы Ташкентте Шығыс институты ашылды. Институттағы оқу мерзiмi 4 жылдық курспен белгiленiп, екi бөлiмге: ғылыми-теоретикалық және практикалық бөлҚндҚ. Институттың негiзгi мақсаты - оқымысты - шығыстанушы мамандар мен мәдениет қызметкерлерiн дайындау, Шығыс елдерiн тереңiнен танып бiлу болды. Сонымен қатар институт Түркiстан республикасының түрлi облыстарының мемлекеттiк басқару органдары үшiн маман кадрлар даярлап шығарды. Шығыс институтының ашылуына көрнектi шығыстанушы, академик В.В. Бартольд елеулi еңбек сiңiрдi.

Орта Азия университетiнiң құрылуына Москва университетiнiң ұжымы көмек көрсеттi. Университеттiң ұйымдастыру комитетi 102 профессор, 91 оқытушыдан (доцент және ассистент) 43 профессор мен 43 оқытушыны Ташкентке аттандырды. 1920 жылдың басында Ташкентте барлық қызметкерлер мен университет жабдықтары келе бастады. Осы уақытта Орынбор майданы жойылды да, Түркiстан Ресей федерациясына қосылды.

Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы В.И. Ленин 1920 жылғы 8 қыркүйектегi қаулысымен Түркiстан Мемлекеттiк Университетi құрылды. Ташкент одақтық маңызы бар iрi ғылыми және саяси орталық, университеттi қалаға айналды. 1921 жылдың күзiнде Түркiстан Мемлекеттiк Университетiнiң құрамынан К.А.Тимирязов атындағы халық ағарту институты оның педагогикалық факультетi есебiнде бөлiнiп шықты. 1922 жылы университет құрылымында төмендегi факультеттер болды: медицина, физика-математика, ауылшаруашылық, инженер-мелиоративтiк, қоғамдық ғылымдар және педагогика университет жанынан жұмысшылар факультетi ашылып 1938 жылға дейiн жұмыс iстедi. Алғашқы студенттер - қазақ және өзбек жастары рабфактан кейiн университетке 1922 жылы түстi 1923 жылдан бастап университет Бухар және Хорезм республикаларына қызмет көрсете бастады. Қызмет көрсету территориясының ұлғаюына байланысты 1923 жылғы 19 маусымнан бастап Түркiстан Мемлекеттiк Университетi Орта Азия Мемлекеттiк университетi (САГУ) деп өзгертiлдi40. 1924 жылы университет құрамынан факультет есебiнде Түркiстан Шығыс институты бөлiнiп шықты. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттiк бөлiнiсiнен кейiн университет алдында Орта Азия республикалрына, Қазақстан мен Қырғызстанға қызмет ету, яғни осы республикалардың барлығына маман кадрлар даярлау, мәселесi туныдады. Осының нәтижесiнде университет Республикалық, Ортаазиялық жоғарғы оқу орны мандатын алды. Орта Азия Мемлекеттiк Университетi құрамынан төмендегi жоғарғы оқу орындары бөлiнiп шықты: индустриялық (кейiннен политехникалық), ауыл шаруашылық, медициналық, ауылшаруашылығының ирригация және механизация институттары Ташкент қаласында: Халық шаруашылығы институты Самарқан қаласында: зооветеринария институты - Ашхабад қаласында және ауыл шаруашылық мектебi - Ленинабад қаласында. Сонымен бiрге университет құрамынан бiрнеше ғылыми-зертеу ұйымдары бөлiнiп шықты. Осылайша, Орта Азия Мемлекеттiк Университетi Орта Азияның бүкiл республикаларындағы жоғарғы бiлiмнiң алғашқы қайнар көзi болды. Орта Азиядағы бүкiлпедагогикалық және мұғалiмдiк институттар бұл университетпен генетикалық тұрғыдан байланысып отырды, яғни осы институттардың түп атасы, кiндiк тамыры.

1924 жылдық қарашасында өткен Түркiстан АКСР-i және Хорезм, Бухар республикаларының Орталық Атқарушы комитетiнiң сессиясында ұлттық белгiлерiне қарай жаңа Орта Азиялық рсепубликалар құру мәселесi қаралды. Нәтижесiнде аталған республикалар таратылып, орнына ұлттық-этникалық, мәдени лингвистикалық ерекшелiктерiне қарай ұлт республикалары құрылды. Бұл республикалардағы халық ағарту iсi өзiне тән ұлттық негiзде дамыды. Бiрақ Ташкент қаласы бүкiл Орта Азияның рухани алтын дiңгегҚ болып қала бердi.

Ташкент Мемлекеттiк Университетi алғашқы жылдарда Орта Азия, Қазақстанның iрi ғылыми және жоғары бiлiм орталығы болды. Қазақтың белгiлi жазушысы М. °уезов, жазушылар Айбек, А. Каххар, С. °зимов, А. Алматинская осы университет түлектерi белгiлi ғалымдар. В.И.Романовский, Т.А.Сарымсақов, М.Г.Оразбаев, Ш.М.Шахмұхамедов, А.Т.Төлегенов университеттiң ғылыми жұмыстарының дамуында басты рөл атқарды. Университет құрамында 14 факультет, даярлық кешкi және сырттан оқу бөлiмдерi, аспирантура, 109 кафедра, 14 проблемалық лобаратория, есептеу орталығы, 6 оқу музейi, ботаникалық бақ, гербарий, Орта Азия және Қазақстан оқу орындары қоғамдық ғылымдар оқытушыларының мамандық арттыру институты, мұғалiмдердiң мамандық артыру факультетi, кiтапхана, баспахана бар. Университет 1922 жылдан “±ылыми еңбектер” шығарады41.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау