Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет71/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. XV ғ. соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси тарихындағы басты оқиға 
не болды? 
2. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін жүргізген күрестерінің себебін ашып 
көрсетіңіз.
3. XV ғ. соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының Сыр бойы үшін жүргізген кү-
рес терінің қорытындысы қандай болды?
4. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайына талдау жасаңыз.
5. Шайбани ханның қазақтарға жорық жасауының себептерін және оның нәти-
жесін түсіндіріңіз.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
200
§­2.­XVI­ғасырдың­екінші­ширегіндегі­Қазақ­хандығының­
­­­­­­­«уақытша­әлсіреу»­­кезеңіндегі­саяси­тарихы
Қазақстан тарихында ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының жеке 
тарихи тұлғасы арнайы толық түрде зерттелген емес, ол мәселе көбіне та-
рихшылар назарынан тыс қалып отырды. Тіпті кейбір хандардың тарихтағы 
орны зерттелінбей, кейбір еңбектерде есімдері де аталмайды. Олар 1521-
1538 ж. Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезіндегі билік еткен Ма-
маш, Тақыр, Бұйдаш, Қожа-Ахмет, Тоғым хандар болатын. Осы «уақытша 
әлсіреу» кезеңіндегі Қазақ хандарына тоқтала отырып, олардың көрші ел-
дермен жүргізген саяси қарым-қатынастарын талдап көрейік. «Уақытша 
әлсіреу» кезінде билік құрған хандарға қатысты зерттеу еңбектерінің болма-
уы тікелей жазба деректерінің тапшылығына байланысты болып отыр. Ал
жазба деректердің сирек болуының бір себебі ХVІ ғасырдың 20-30 жыл - 
дары Қазақ хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынасында бел-
сенді рөл атқара алмауы еді. Өйткені сыртқы саясатта жетекші рөлге ие 
болмау – тікелей хандықтың ішкі саяси жағдайымен байланысты. Ішкі 
саяси тұрақтылықты бір қалыпты дәрежеде сақтау, нығайту көп жағдайда 
биліктегі ханның жеке басындағы қабілеттерінен көрініс табады. ХVІ ға-
сырдың 20-30 жылдары Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі» ең алды-
мен ішкі саяси тұрақсыздықтың тікелей нәтижесі. Өз елінде толыққанды 
билікке ие бола алмаған немесе саяси бытыраңқылықты жеңе алмаған 
билеуші сыртқы қатынастарда белсенділігін көрсете алмай, көрші елдердің 
жазба деректеріне де ілінбей қалып отырған. 
Қасым ханнан кейін билікке келген Мамаш хан кейбір жазба дерек 
мәліметтерінде Құмаш хан деп айтылады. Ол Қазақ хандығында билік құр-
ған бесінші хан. Мамаш хан жөнінде жазба деректер өте мардымсыз аз. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи- Рашиди», Хайдар Разидың «Тарих»,
Махмуд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахиар» атты шығар-
маларында ол туралы өте қысқа мәліметтер кездеседі. Деректерде Мамаштың 
Қасым ханның ұлы екендігі және Қасым ханнан соң билікке келгендігі, со-
нымен қатар қандай жағдайда дүниеден өткендігі туралы жазылған. 
Мамаш хан шамамен 1450-1460 ж. дүниеге келген. 1513 жылы Моғол 
ханы, шағатайлық Сайд хан Қасым ханның ордасына келгенде, оны қарсы 
алуға Қасым хан өзі бармай, 30-40 сұлтанды жібереді. Олардың ішінде 
бірнеше сұлтан 50-60 жаста болатын. Солардың бірі – Мамаш хан еді деп
хабарлайды Мұхаммед Хайдар Дулати. Мамаш ханның алғаш дерек мәлі-
метінде көрінуі 1513 жылы еді. Сонымен қатар онда оны «хан» деген мәр-
тебелі атпен жазылуына қарағанда ол Жаныш, Та ныш хандар сияқты Қазақ 
хандығының көп ұлыстарының бірінде иелік етсе керек.
«Тарихи Рашиди» авторының жазуына сүйенсек Қасым хан өлгеннен 
кейін, билік үшін қазақ сұлтандары арасында алауыздықтар басталады да, 
таққа Қасым ханның ұлы – Мамаш хан келеді. Бұл 1521 жыл еді. Осылай-
ша, мұрагерлік дәстүр алғаш рет бұзылады, осының салдарынан мүмкін 
сұлтандар арасында алауыздық туындайды.


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
201
Мамаш хан қанша уақыт биледі, хандықтың ішкі және сыртқы саяси 
өмірінде қандай өзгерістер болғандығын деректердің жоқтығынан біле ал-
маймыз. Деректерде тек қана Мамаш ханның қалай қайтыс болғандығы жай-
лы мәлімет бар. «Тарихи Рашидиде» Мамаш ханды бір шайқаста тұншығып 
өлді делінсе. Махмуд ибн Уәлидің мәліметі бойынша «Ол бір ұрыста тапта-
лып өлтірілді», – делінеді. Ал Хайдар Разидың мәліметі сәл нақтырақ айтыла-
ды «… бір шайқаста ол қару-жарағының ауырлығынан және көп тапталудан 
тұншығып өлді», – делінеді. Ол 1522 жылы қаза тапты. Яғни Мамаш хан билік 
үшін болған күрестің бірінде қаза болған. Егер де ол соғыста қайтыс болса, ол 
туралы жеңуші елдің дерегінде өздерін мадақтау мақсатында оның есімі кез-
десер еді. Сондықтан 1521-1522 ж. билеген Мамаш хан ішкі алауыздықтың 
құрбаны болып, сыртқы саясатқа араласуға шамасы келмегендігін көреміз. 
Оның ұрпақтары жайлы ешқандай дерек жоқ. 
Мамаш ханнан кейін билікке Тақыр хан 1522-1532 ж. келеді. Ол Жәнібек 
ханның төртінші ұлы Әдік сұлтанның ұлдарының бірі. Хайдар ибн әли 
Хусайн Рази: «Қазақтар деп аталатын Дешті Қыпшақтың сұлтандары бір-
бірімен ұзақ соғысты. Ақырында билікке Тақыр хан келді», – деп жазады. 
Тақыр ханның билік еткен 10 жылдық кезеңі ішінде қазақ хандығында 
алауыздықтар мен билік үшін күрес тоқтатылмады. Кейбір сұлтандар оны 
тыңдамай ұлыстармен бөлініп кетіп отырды. Қадырғали Қосымұлы Жалайыр 
«Жәми ат-тауарих» еңбегінде Тақыр хан жөнінде өте қысқа: «Тақыр хан бол-
ды. Біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді», – деп жазады.
Қазіргі кездегі зерттеушілер ішінде Т.И. Сұлтанов Тақыр ханды бы-
лайша бағалайды: «… ол дипломатиялық, әскери таланттарға ие болмады, 
…шексіз қаталдығымен және әділетсіздігімен ерекше байқалды, сонымен 
қатар мемлекетті басқаратындай қабілеті болмай, өзінің билігімен жалпы-
лама қарсылыққа душар болды. Өз халқынан қуылады», – дейді.
Тақыр ханның сыртқы саясаттағы жүргізген істері көбінесе нәтижесіз 
аяқталып отырды. Көрші мемлекеттердің шапқыншылықтарына тойтарыс
берілмеді. 1522-1523 ж. Ташкент билеушісі Сүйініш Қожа хан Дешті Қып - 
шаққа жорыққа шығып, жеңіске жетеді. Сонымен қатар қазақ-ноғай ара-
сын дағы бейбіт қатынастар бұзылып, шиеленісуінің нәтижесінде маңғыт 
мырзаларының тапсыры сымен Тақыр ханға тәуелді 200 мың адам Дешті 
Қыпшақтан Моғолстанға көшіп кетеді. «Тарихи Рашидиде» Тақыр ханның 
осы кездегі жағдай туралы Жүніс ханның қызы Әдік және Қасым хандары-
ның әйелі болған Сұлтан Нигар ханымның айтқан сөздерінен де байқауға 
болады. Онда Тақырдың істері оңға баспай, бұрын он лек әскері болса, 
қазір төрт лек қана қалғандығы, қарсыласуға шамасы жоқ екендігін айтады.
Сонымен қатар Нигар ханым Тақыр мен Моғолстанның жақындасуына 
ықпал жасайтындығын да баяндайды.
Бірақ Тақыр хан сыртқы саясатта, әсіресе моғол хандары мен қа рым- 
қатынаста терең ойластырылмаған саясат жүргізеді. Сұлтан Нигар ханым-
ның ара ласуы оған көп көмегін тигізеді.
Зерттеуші А.А. Семенов өзінің зерттеуінде: «Тақыр хан қатал мінезі мен 
ісімен көшпелілер арасындағы әскерінің ғана емес, туыстарының да теріс 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
202
қарауына жағдай жасады», – дейді. Одан әрі Тақыр ханның осы жағдайдан 
кейін қорқып, Сүйініш Қожаның баласы Сұлтан Мұхаммед ханнан көмек 
сұрап, елші жібергендігі белгілі. Сұлтан Мұхаммед хан оны қабылдап, Тақыр 
ханға елші жібереді. Ол елшілер өте жақсы қарсы алынып, сый-сияпатпен 
шығарып салы нады. Олардың достық қатынастары нығая түскендігіне бүкіл 
көрші елдер куә болды. Сөйтіп, Тақыр ханға жағымпазданып, бұрынғы 
жаулары кешірім сұрайды. Осы жағдайда Тақыр хан өзінің күштілігін се-
зініп, кетіп қалған жерінің қайта қосылуынан күшейе түскендей болды. 
Сұлтан Мұхаммед осы жағдайда Тақыр ханды қайта билігінің күшеюімен 
құттықтап, елші жібереді. Бірақ, көкірегінде нан піскен Қазақ ханы бұл 
елшілікті тұтқындайды. Суық хабарды естіген Келді Мұхаммед хан (Сұлтан 
Мұхаммед хан) 1525-1526 ж. қысында Тақыр ханға қарсы шабуылға атта-
нып, нәтижесінде Тақыр хан жеңіліп қалды. Зерттеуші Т.И. Сұлтановтың 
пікірі бойынша Тақыр хан тұсында Қазақ хандығы үшін ең маңызды болған 
оқиға 1526 жылы бүкіл Жетісуда қазақ билеушілерінің билігінің орнауы 
жатады. Тақыр хан алғаш рет қалмақтармен соғысқан қазақ хандарының 
бірі. Васифидің дерегі бойынша бір таудың етегінде Қазақ ханы Тақыр хан 
қалмақтарға тойтарыс беру үшін Жатан қамалын салдырды. Васифи бұл 
қамалды биіктігі мен мықтылығын тілі жеткенше мақтап, биікке шығарды. 
1537-1538 ж. шағатайлық және шайбанилық билеушілер бірігіп қазақтарға 
жасаған жорығында қазақтар осы қамалды пайдаланған екен. 
Осылайша, саясаттан еш хабары жоқ өзімсініп қаталдығымен хандық 
ішіндегі бейберекетсіздікті туғызып, сыртқы көрші мемлекеттермен қаты-
настары жеңіліспен аяқталған Тақыр хан өз елінен тысқары қырғыздар ара-
сында жүріп, сонда қайтыс болады.
Тақыр хан тұсында Қазақ хандығының «уақытша әлсіреуі» тереңдей 
түсіп, сыртқы саясатта мардымсыз жеңілістерге тап болады. Тақыр ханнан 
соң жазба де ректер бойынша Қазақ хандығында бір мезгілде, 1533-1538 ж.
бірнеше хан билік етеді. Қазақстанның батыс бөлігінде ноғайлармен кү-
ресте Қожа-Ахмет хан, Жетісуда моғолдармен күресте Бұйдаш хан, Мәуе-
реннахрдағы шайбанилықтармен күресте Тоғым хандардың есімдері де 
кездеседі. 
Деректерге с
үйенсек, бұл кезеңде Қазақ хандығы мен шайбанилер
әулеті арасындағы саяси қарым-қатынастарға байланысты мәліметтер 
жоқ тың қасы. Үшке бөлінген Қазақ хандығы үш түрлі саясатты ұстанып, 
біртұтас Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезеңі Хақ Назар ханның 
тұсында ғана қайта жөнге келе бастайды. 
Т. Сұлтановтың зерттеуі бойынша Бұйдаш хан өзінің бес ұлымен өзбек 
ханы Дервішпен (Сүйініш Қожаның екі ұлының кішісі Барақ ханның сегіз 
ұлының үлкені) Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге келіп өту үшін 
соғысады. Қадырғали Жалайырдың дерегі бойынша сонда шаһид болады 
(1559-1560 ж.). Сонымен қатар 1537-1538 ж. Моғолстанның ханы Абд-Ра-
шид хан (Сұлтан Сайдтың ұлы) Шайбанилық әулеттің ханы Убайдолламен 
одақтасып, қазақтарға қарсы жорыққа аттанады. Ол жайында Зайн ад-Дин 
Васифидің «Бадай-ал-Вакай» еңбегінде жазылады. Онда өзбек және моғол 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
203
хандары бірігіп, қазақтарға қарсы жорыққа аттанғандығы туралы мәлімет 
бар, бірақ Қазақ хандығын сол кезеңде кім билегені жөнінде мәлімет жоқ. 
Яғни XVІ ғасырдағы «уақытша әлсіреу» кезеңінде де Қазақ хандығымен 
Шайбанилық әулет арасында соғыстар мен уақытша мәмілеге келу кезеңдері 
орын алған. Бірақ хандық ішіндегі бытыраңқылық пен алауыздық қашанда 
елдің әлсіреуіне алып келеді. Бірлік болмай тірлік болмайды деуге де саяды.
Қорыта келгенде, Қазақ хандығында «уақытша әлсіреу» кезеңінде 
орын алған ішкі саяси жағдай сыртқы саясатта да белгілі бір рөл атқарған. 
Сол кезеңдегі алауыздық пен хандардың жеке тұлғалық қасиеттерінің 
мардымсыздығынан олар көбіне деректерде де, халық ауызында да қалмаған. 
«Уақытша әлсіреу» кезеңінде сыртқы саясатта, әсіресе Шайбанилық әулет 
арасындағы қатынастар – көбіне деректің жоқтығы мен мәліметтердің бұ-
лыңғыр кездесуінен басы ашылмай қалып отырған мәселелердің бірі. Бұл 
тақырып әлі де терең зерттеу мен талдауды қажет ететін бірден-бір мәселе. 
Жалпы ХVІ ғ. І жартысында Қазақ хандығы мен көрші елдер ара-
сында әр кезеңде әр түрлі саяси қарым-қатынастар орын алған. Әр елдің 
билеушілерінің сыртқы саясаты өз мүдделеріне сай жүзеге асырылып, 
кейде уақытша мәмілеге келуімен, кейде соғысуымен жалғасып отырған. 
Сондықтан да, халықтың өмірінде билеушінің күшті мемлекет басшысы, 
шебер дипломат, ақылды әрі ұстамды адам болуы ел үшін маңызды рөл 
атқаратындығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау