Бақылаусұрақтары:
1. Қазақ хандығының тарихында «уақытша әлсіреу» кезеңі деп қай жылдар ай-
тылады?
2. «Уақытша әлсіреудің» себептері қандай?
3. «Уақытша әлсіреу» кезеңіндегі хандардың саясатына талдау жасаңыз.
4. «Уақытша әлсіреу» кезеңінде қандай хандар билікте болды?
5. «Уақытша әлсіреу» кезеңінің жалпы қорытындысы қандай?
§3.Хақ-НазархантұсындағыҚазақхандығыныңсаясидамуы
Қазақ хандығының тарихында айбынды істерімен танымалы болған,
атақты Қасым ханның жолын қуған ұлы – Хақназар ханның алатын орны
ерекше. Зерттеушілердің барлығы дерлік Хақ-Назардың жоғарғы билікке
келуімен мемлекеттің саяси және экономикалық жағдайының жаңа сатыға
көтерілгендігін байланыстыра қарайды. О.Ф. Акимушкин, К.А. Пищули-
на, М.Х. Әбусеитова және т.б. зерттеушілер Хақназар хан тұсында Қазақ
хандығы «қайта түледі» деп пайымдайды. Өйткені «уақытша әлсіреуден»
кейін мемлекет XVІ ғасырдың екінші жартысында қайта жанданып, көрші
елдерге қауіп төндірерлік күшке айналғандығын дерек мәліметтері де
дәлелдей түседі.
Қадырғали Жалайыр «Жами ат-тауарих» (Шежірелер жинағы) еңбегінде:
«Оның (Қасым ханның) ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан – ханымнан туған
еді», – дейді. Зерттеуші А.И. Исин Ресей мемлекетінің архиві негізінде
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
204
Қа сым хан 1521 жылдың басында қайтыс болды дейді, осы мәліметтің
негізінде Хақназардың 1522 жылдан кеш туылмағанын байқаймыз.
Хақназардың жастық шағынан ақпарат беретін нарративті деректерде-
гі мәліметтер мардымсыз, көбінесе аңыз іспеттес. Мәселен, Тахыр мен
Бұйдаш үстемдік еткен жылдарда Хақназар бір ноғай мырзасының қолында
тұрған деген мәліметтер де кездеседі. Сонымен қатар Хақ-Назар хан тұ-
сында қазақтардың үш жүзге бөлінгендігі жөнінде халық аузынан жеткен
мағлұматтар да бар.
Хақназардың хандық билікке келуіне байланысты деректерде әр түрлі
мәліметтер мен пікірлер бар. Ахмед Ғаффар Казвинидің х.ж.б. 972 ж.
(1564-1565 ж.) аяқталған «Тарихи джахан-ара» шығармасында: «Берді хан-
ның ұлы, Жәнібектің ұлы, Сейдақ-ханның ұлы Қасым хан Дештінің пат-
шасы болды. Ол (Қасым) 930 жылдың 1-айында (10.11.1523-28.10.1524 ж.)
қайтыс болды. Қасым ханның баласы Хақ-Назар хан әкесінен кейін пат-
шалықтың тағына отырды және енді Дештінің әміршісі болып табыла-
ды», – деген мәлімет бар. Әрине, бұл мәліметте Қасым ханның шығу тегін
шатастырылу мәселесін В.В. Вельяминов-Зернов, М.Х. Әбусеитовалар
түсіндірген болатын. Бірақта, Қасым ханнан кейін билікке оның баласы
Хақназардың келуі шындыққа жанаспайды. Өйткені ол кезде Хақназар әлі
бала еді. Сондықтанда, И.В. Ерофеева, М.Х. Әбусеитова, Т.И. Сұлтанов
және т.б. зерттеушілер Хақназар хандық билікті мұраланған жоқ деген
қорытындыға келген. Зерттеуші О.Ф. Акимушкин Хақназар хан 1523-
1524 жылдары билікке келді десе, Н. Атығаев 1551-1556 жылдары келді
дейді. Ал, зерттеуші Миллер: «50-жылдардың соңында Хақ-Назар хан бо -
лып жарияланды: ескі салт бойынша оның киіз үйіне ақ киізді әкеліп тө-
седі; Молда хұтба оқып, төрт адам киіздің төрт жағынан ұстап, жаңа хан-
ды көтерді. Хақ-Назардың патшалығы 20 жылға созылды», – дейді Ал
Қойшығара Салғараұлы Хақ-Назар 1535 жылы-ақ билікке келген, өйткені,
Бұйдаш ханның тұсында бірнеше ұсақ хандықтар болғаны белгілі деп пікір
айтады. Т.И. Сұлтанов, И.В. Ерофеева билікке Хақ-Назар 1559-1560 жылда-
ры келді дейді. Зерттеуші Т.И. Сұлтановтың пікірінше, Хасан-бек Румлудың
«Ахсан ат-тауарих» шығармасында Хақ-Назар туралы ең алғашқы, ең
ертеректегі хабар кездеседі. Онда 955 жылы, яғни, 1548-1549 ж. Хақ-Назар
оғлан Пули-Хатун түбінде түркмендермен шайқасады. Бұл оқиға егжей-
тегжейлі Махмұт ибн Уәлидің «Бахр ал-асрар» еңбегінде де кездеседі.
Т.И. Сұлтановтың пікірінше, бұл екі деректегі екі мәліметте де Хақ-Назар
оғлан, яғни, шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтан делініп, хан атанбаған.
Сон дықтан, Хақ-Назар 1549 жылдан кейін хан болған, 1559-1560 жылдары
(967 ж.) деп қорытындылайды. Ал ортағасырлық деректер бойынша Хақ-
Назар билікке 1538 ж. келді делінген.
Хақ-назар хан Қазақстанның ортағасырлық тарихында белсенді,
жаңа өзгерістерге тез бейімделетін және саяси көрегендігімен танымалы
болған. И.В. Ерофеева: «Хақ-Назар ханның барлық саяси қызметі қазақ
қоғамын интеграциялауға және сыртқы жауларынан қорғап, өз еліне
қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін болды», – деп көрст
едеі. М.Ж. Көпеев
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
205
Хақ-Назар
ды Қасымнан соң бытыраған елдің басын қосқан «даңқты хан»
деп бағалайды: «Қасым хан өлген соң, балалары баққа, таққа таласып,
ноғай, өзбек, қалмақ үшеуі үш жақтан жау болып, бытшыт болыңқырап,
Қасым ханның бел баласы Ақназарды хан көтеріп, бұл Ақназар қайратты
кісі болып, «батыр хан» атанып, өзбек ханы Шайбаниларды жеңіп, Көшім
ханды қорғалатып, орысқа тығылдырып, орыстың ол уақыттағы патша-
сы Қорқынышты Иван Ақназарға елші салып, сауда араластыру, керуен
жүргізу үшін елдесіп, Ақназар қазақты Қасым хан уақытындағы қалпына
бір түсірген», – деген екен. Т.И. Сұлтанов: «Хақ-Назар саяси жағдайды
тез түсінетін, сезімтал және өз уақытын ұтымды пайдалана білген хан. …
«Бахр ал-асрарда» Хақ-Назар қазақ және қырғыз ханы деп аталғанын»атап
өтеді.
Осы тұста біз Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси
жағдайына жалпы тоқталып өтейік. Шах Махмұд Шорастың «Хроника»,
анонимді шығарма «Тарихи Қашқар», Махмұд ибн
Уәлидің «Бахр ал-асрар» деректерінде Хақ-Назар
хан тұсындағы қазақтар мен қырғыздардың біріккен
қолы моғол ханы Әбді-Рашидтің ұлы Әбді-Латифті
қарулы қақтығыста күй рете жеңіп, қақтығыс Әбді-
Латифтің өлімімен аяқталғаны туралы мәліметтер
бар. Осындай қақтығыстың бірінде (1555-1556 ж.)
Хақ-Назар хан қаза тапты дейді. Әрине, зерттеуші
М.Х. Әбусеитова бұл мәліметтің шындық қа жанас-
пайтындығын атап өтеді. Сонымен қатар, моғол ха -
ны Әбді-Рашид суық хабарды естіп, Наурыз Ахмет
ханнан (Шайбанилық Барақ хан) көмек сұрап, соғысқа дайындалады. Жо-
ғарыдағы айтылған қазақ-моғол қарым-қатынасына байланысты деректер-
дің мәліметтері бір-біріне қарама-қайшы.
XVІ ғ. 50-жылдарының соңынан бастап Қазақ хандығы ноғайларға,
Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді.
Мәселен, 1558-1559 жылдары Орта Азияда болған ағылшын көпесі А. Джен -
кинсон «мұсылман дініндегі қассақтар» туралы өте күшті және саны көп
халық деген пікір айтқан. Ол өзі келерден бұрын қазақтар Ташкентті үш
жылдан бері тықсырып келгенін және шабуыл жасау арқылы керуендердің
еркін жүріп өтуіне кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке
үнемі қатер төндірген Хақ-Назар ханның қосындары болатын.
XVІ ғ. қазақтар туралы мәліметтер башқұрт аңыздарында, ноғай мыр -
за ларының Мәскеуге шағымдануында да, орыс елшілері мен саудагер кө-
пестерінің жазбаларында және көптеген деректерде кездеседі. Мәселен,
П.И. Рычковтың «Орынбор тарихында» (1806 ж.) башқұрт биі Қадыряс
(Қадырілияс) Мұлақаевтың айтуында мынандай мәлімет берілген: «Ақна-
зар (Хақназар) хан болғаннан кейін, хандық айтарлықтай нығайды. Ол
тек ноғайлар мен Башкирияны өз құрамына енгізіп қойған жоқ, сонымен
қатар Қазан, Сібір, Астрахань хандықтарын, Бұхара, Хиуа, Ташкент және
басқа көптеген қалаларды өздеріне бағындырып, олардан алым-салық
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
206
алып тұрды», – делінген. Алайда кейбір зерттеушілер бұл деректердің
дұрыстығына күмән келтіреді.
Зерттеуші А. Исиннің қазақ-ноғай қарым-қатынасына арналған ғылыми
еңбегінде Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси тарихының
кейбір қырлары қарастырылған. Сонымен қатар 1557 ж. Ноғай мырзасы
Ысмайыл Ресей патшасы ІV Иванға: «Қазір менің немерелерім Жайықтың
арғы жағында қалып, қазақ патшасына қосылды, сөйтіп, менімен соғысу
сәтін күтіп жүр», – деп шағым айтқан. Және 1569 жылы ІV Иван патшаның
ноғай мырзаларына жіберген елшісі Семен Мальцев: «Қазақ ордасынан
Ақ-Назар хан, Шығай ханзада мен Жалым ханзада олармен 20 сұлтан
Ноғайларға келіп шапты», – деп хабарлайды. Бұл хабар Хақназар бастаған
қазақтардың саяси белсенділігінің өсе түскендігін дәлелдейді.
XVІ ғасырдың ІІ жартысында Қазан (1552 ж.), Астраханды (1556 ж.)
өзіне бағындырған Ресей Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастарды
жолға қою үшін Сібір арқылы қазақтармен де байланыс жасауға талпы-
ныс білдірді. Сондықтан да көршілері туралы мәліметтерді орыс елінің
елшілері, шетелдіктер, саудагерлері арқылы жинастырды. 1573 ж. ағайынды
Строгоновтардың қатты өтінуімен Хақназар ханға Третьяк Чебуков бас-
таған орыс елшілігін жіберген кезде, Иван Грозныйдың елшілердің алды-
на Қазақ хандығымен тікелей байланыс орнату мақсаты ғана емес, оны-
мен Сібір ханы Көшімге қарсы әскери одақ жасасу мақсатын да қойғаны
кездейсоқ емес. Өйткені, ол кезеңде Қазақ ханы Хақназар мен шайбанилық
Сібір ханы Көшім арасында да күрестер болып жатты. Ал Көшім хан үшін
де Хақназар өте елеулі қарсыласы болды. Мәселен, Мәскеу патшасының
елшісі Иван Поздеевпен әңгімесінде Көшім өз билігі туралы сенімсіздікпен
былай дейді: «Қазір сіздердің патша ағзамыңызға және ұлы князьге алым
жинап, елшілер жіберемін, ал ертең мен қазақ патшасымен соғысамын да,
мені қазақ патшасы жеңіп, Сібірге отырар болса, сөз басқа, ол патша ағзаға
алым беруді ойламайды», – дейді. Осылайша, қазақтардың күш-қуатынан
қорыққан Көшім хан Мәскеуден жіберген (1573 ж.) елшіні өлтіреді. Бұл
жайында зерттеуші А. Миллер: «1573 жылы Иван Грозный Хақназарға өзінің
алғаш елшісін жібереді. Елші қазақ жеріне дейін жетпейді, жолда Көшім
әскерінің қолына түседі», – дейді. Әрине, бұл мәліметтерден Ресейдің қазақ
елімен одақ құрып, байланыс жасау ниеті, сол кезеңдегі Қазақ хандығының
күшті мемлекет болғандығының айғағы. Тарихшы В.Я. Басин: «Осындай
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
207
Ресей сияқты көршісімен достасу қазақ халқына үлкен табыстар әкелетінін
Хақназар хан түсінді», – дейді.
Көрші елдерге қауып төндірген мықты Қазақ хандығы өзінің ішкі және
сыртқы қарым-қатынастарын реттеуді жолға қойды. Хақназар хан жазба
деректер мен халық ауыз әдебиеті бойынша, зерттеушілердің бағалауынша
саяси көреген және шебер дипломат болған. Сондықтан да Қазақ хандығы
Хақназар ханның тұсында Қасым ханның уақытындағыдай қайта өрледі.
Міне, осы айтылғандардың барлығын жинақтап, одан ортақ ой түйсек,
Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығының бір орталыққа бағынып қана
қоймай, көрші сырт елге айбат көрсетіп, өзімен есептесуге мәжбүр еткен
үлкен күшке айналғанын көреміз.
Қалай дегенде де XVІ ғасырдың 50-жылдары Қазақ хандығының
бірнеше майданда бірдей қабат әрекет жасауы, дәлірек айтқанда Тәуекел
сұлтан бастаған қазақтардың шығыста қалмақтармен (1554 ж.) соғысуы,
оңтүстік-шығыста Хақназардың (1555-1556 ж.) моғолдармен соғысып,
Әбділатифты өлтіруі, оңтүстікте Ташкент билеушісі Шайбанилық Барақ
(Наурыз Ахмет) ханды үш жыл бойы (1557-1558 ж.) үрейде ұстауы, ба-
тыста Ноғай мырзаларын тықсырып, оларға қауіп төндіруі Хақ-Назар хан
басқарған Қазақ хандығының қаншалықты күшейткенін көрсетсе керек.
XVІ ғ. ІІ жартысында қазақтардың Шайбанилер әулетімен қарым-
қатынасының сипаты XVІ ғ. бірінші он жылдығындағыдан көп өзгере қойған
жоқ. Бұл байланыстар өте тығыз және әралуан болды. Әскери қақтығыстар,
одақтасу мен достық қатынастармен ауысып, некелік одақтар да орын алды.
Бұл тұста айта кетерлік жәйт, Хақназар ханмен одақтасып, оған жақындауға
үлкен қызығушылық танытқан Шайбани әулетінен шыққан ІІ Абдолла
хан еді. Шайбанилық Абдолла Ескендір ханның ұлы – Бұхара, Герат және
Хорасанның ұлы билеушісі. Көрнекті мемлекет қайраткері және шебер ди-
пломат болған ІІ Абдолла қазақтардан мықты әскери-саяси күшті көре білді.
Бұл күшті Абдолла өзінің билігін нығайту мақсатында пайдаланғысы келді.
Өйткені, қазақтармен шекаралас тәуелсіздікке ұмтылған вассалдарының
көтерілістерін қазақтардың күші арқылы басып отыруды көздеді.
1561 ж. Абдолла патшалықтың тағына өзінің әкесі Ескендірді отыр-
ғызып, өзінің қарсыластары, бөлек уәлияттардың билеушілерімен сәтті кү -
рестерін жүргізді. Зерттеуші Т.И. Сұлтанов: «Шайбанилық Абдолла 1557 ж.
бастап өзбектердің билеушісі болды», – дейді. Яғни, таққа әкесін отырғыз-
ғанымен іс жүзінде хандықты өзі басқарды. Сөйтіп, 1583 ж. әкесі Ескендір
қайтыс болғаннан кейін, хандық билікті өз қолына алады да, 1598 жылға
дейін, яғни қайтыс болғанға дейін отырады. М.Х. Әбусеитованың жазуын-
ша «Абдолла ханның билігі хандық биліктің күшеюімен сипатталды, ол
тек қана сәтті жаулап алушылық жорықтардың негізінде ғана емес, соны-
мен бірге ол барлық өзіне қарсы келген туыстарын жеңіп, оларды қыр-
ған». Бұл ханның билік құрған кезеңінде өзбек тайпаларының ақсүйек-
терінің өкілдері «қызметкер адамдардың» жағдайында болды, сөйтіп, хан-
да қызмет етіп белгілі бір күшке ие болса да, олардың өзіндік саяси рөлі
болмады.
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
208
Жоғарыда атап өткендей, Абдолла хан қазақтардан әскери-саяси күшті
көріп, сол арқылы өз билігін бүлікшіл Шайбанидтерді жеңу арқылы жетуді
мақсат етеді. Өзінің бәсекелес туыстарын жеңу мақсатында, Хақназар хан-
мен «ант беріп, одақ құрады». Ол арқылы екі ел бір-бірін қолдап, бейбіт
қатынастарды сақтауға міндеткерлік алды. Ал Қазақ ханы Хақназар өзінен
бұрынғы қазақ хандарымен жауласып келген Мәуереннахрдағы Шайба-
ни әулетімен одақтасуға ұмтылды. Сөйтіп, Шайбани әулетінен шыққан
Абдолламен Қазақ ханы Хақназар достық қатынаста болып, өзара көмектесу
жөнінде анттасып, шарт жасасты. Хақназардың бұл дипломатиялық шара-
сы өте орынды болды. Осы келісім шарттың нақты мазмұны белгісіз, тек
қана «Біз қазір де мәртебелімен жасасқан шартымыз бен одағымызға адал-
мыз», – деген сөздерден 1579 ж. дейін қазақтар мен Бұқара ханының тығыз
қарым-қатынаста болғанын көреміз. Мұндағы «анттасқан шарт» арқылы
тек достық байланыстар ғана емес әскери одақтар да болғанын зерттеуші
Т.И. Сұлтанов атап өтеді.
Осы тұста XVІ ғасырдың 60-70 жылдары соғыс қимылдары тоқтап,
қазақтар Орта Азия халықтарымен бейбіт сауда-экономикалық қатынас-
тарын өріс тет кендігін атап өткен жөн. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі
жағда йын жақсартуға мүмкіндік берді.
XVІ ғ. 70-жылдардың соңында қазақтарға сәтсіздік әкелген ірі оқиғалар
болды. Бұл кезде Абдолла мен Барақтың ұлы Баба сұлтан арасында күрес
басталды. Соғыстың басталуына себеп болған оқиға Ташкенттің билеушісі
етіп Абдолла ханның отырғызған Дервишті (Барақ сұлтанның үлкен ұлы)
Баба сұлтанның өлтіріп, өзін билеуші етуі еді.
Бұл күресте қазақтардың қандай бағытты ұстанатынын білу Абдолла
хан үшін өте маңызды еді. Өйткені біріншіден, қазақтар Баба сұлтан жағына
шығып кетуі мүмкін деп ол қауіптенді. Екіншіден, өз күшіне ғана сенім
арта алмады. Абдолла ханға сол кездің өзінде-ақ бүлікшілер қазақтармен
сөз байласып, өздерінің заңды әміршісіне қарсы жорық жасамақ екен де-
ген ақпар жеткен еді. Бірақ Қазақ ханы Абдолла ханмен жасасқан шарттан
басқа да өзіндік мүддені де басшылыққа алды. Сондықтан да Хақназар хан
Абдолла ханды қолдады. Өйткені Сырдария өзенінің орта ағысы бойын-
да орналасқан басқа да қалалар сияқты Ташкент те XV ғ. соңынан бастап
Шайбани ұрпақтары мен Қазақ хандары арасындағы күрестің себепшісі
болғанын атап өту қажет. Сыр өңіріндегі қалалар Қазақ хандығы үшін
әскери олжа және жеңіліс тапқан жағдайда сенімді пана ретінде, экономика-
сында да өмірлік маңызы зор болды. Сонымен бірге Баба сұлтан Ташкенттің
түпкілікті билеушісі болса, оның орталыққа бағынған мықты әскері болар еді
және Қазақ хандары Ташкентке қауіп төндіре алмай, шұрайлы орталықты
басып алу үміттері жоғалар еді. Ал Абдолла хан билеген бұқаралықтар үшін
Ташкентті жоғалту маңызды сауда орталығын жоғалтумен тең еді. Сол үшін де
қазақ хандары мен сұлтандары Абдолла ханға белсенді қолдау көрсетті.
Хафиз Таныштың еңбегі бойынша Хақназар Абдолланың Баба сұлтан-
мен күресіне белсене араласты. Бұл көмек бүлікшілерді жеңуде шешуші
рөлді атқарды. Сөйтіп, 1579 ж. сәуірде Ташкент маңында Баба сұлтан
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
209
же ңіліс тапты. Бірақта ол қашып кетіп, қазақ даласына тығылды. Қазақ
ханы мен Шайбанилық Абдолла арасындағы одақты бұзу үшін Баба сұл -
тан арамдыққа барды. Ал Хақназар хан өзбек хандарының өзара алауыз-
дығына араласып, бірде Баба сұлтанды, бірде Абдолланы екеуін де әлсіре-
туді ойлап, осылайша жағдайды өз пайдасына шешпек болды.
1579 ж. мамырда Баба сұлтан өз ойын асыру үшін Абдолла ханның орда-
сына өз адамын (лазутчик) жіберіп, Қазақ ханы мен Баба сұлтан арасындағы
Абдолла ханға қарсы құпия одақ әзірленіп және Бұқараны басып алуға дайын-
далып жатқанын біледі. Абдолла хан Баба сұлтанның адамына сенбей, оны
зынданда ұстап, Хақназарға адам жіберіп, сұрау салады. Қазақ ханы ол
жайында ешнәрсе білмейтінін хабарлайды. Сондықтан Абдолла хан лазут-
чик ті жалған мәлімет үшін жазалайды. Бұдан біз Бұқаралық Шайбан әуле-
тінен шыққан Абдолланың қазақ ханының бір ауыз сөзіне сенгендігін көре-
міз. Яғни олардың одағы көп уақытқа дейін берік болған секілді. Көп уақыт
өтпей Абдолла ханға достыққа адалдығын жеткізу үшін Қазақ хандығынан
елші келеді. Елші арқылы Хақназар Абдоллаға «анттасқан шартқа» берік-
тігі мен мызғымас достығын айтып: «Біз қазір де жасасқан одақ пен шар-
тымызға адалмыз», – дейді. Сонымен қатар «Баба сұлтанның балалары-
нан Ұбайдолла сұлтан, оның әмірлерінен Жан-Мұхаммед – ата лық найман
және Шах-ғази-бий дұрман (Баба сұлтаннның) бірнеше ақсүйек терімен
тұтқынға түсті. Егер (Абдолла хан) қаласа тұтқындарды оған жібереміз.
Егер ол олардың бастарын жібер десе біз солай жасаймыз», – деп уәдесін
бекіте түседі. Абдоллаға осы мәлімет жеткенде, хан елшіні патшаға лайық-
ты сыйлықтар мен қымбат халатпен сыйлап, елшіге қосып қазақтарға
Сұрхын аталықтан сәлем айтып жібереді. Дұға оқылып болғаннан кейін,
ондағы барлық хақандарға Түркістан уәлиятындағы төрт қыстақты сыйлай-
мыз, олар әрі қарай да осы одаққа берік болып, адалдығынан таймасын, ал
тұтқындарды тезірек бізге жіберсін дейді.
М.Х. Әбусеитованың пікірінше Түркістанның төрт қыстағын сыйға тар-
ту, анттасу шартының тармақтарының бірі болған. Абдолла хан 1579 ж. та-
мызда Баба сұлтанмен бітім жасасады. А. Миллердің пікірінше: «Біраз уақыт
өткен соң Баба сұлтан жаңа арамдығын іске асырып, өз мақсатына жетті. Ол
Абдоллаға бағынған кейіп танытып, 1579 ж. тамызда бейбіт бітім жасасты.
Осымен бір уақытта ол қазақтарға маңызы зор аймақтар – Түркістан мен
Сауранды беремін, егер де олар Абдоллаға қарсы шықса деп хабар береді.
Хафиз Таныш: «(Баба сұлтан) қазақ сұлтандарының жер қайысқан әскеріне
қарсы тұруға өзінің мүмкіндігі мен күші болмағандықтан олармен одақ
жасасты, Яджуджам сияқты осы тобырға (Баба сұлтан) сойырғыл ретінде
Иасы және Сауран уәлияттарын берді», – делінген. Бірақ бұл мәліметте
қазақ ханының аты аталмайды. Сондықтан да біз бұл одақ Баба сұлтан
мен кейбір жеңіл олжа тапқысы келген қазақ сұлтандары арасында бол-
ды деуімізге негіз бар. Ал Баба сұлтан өз кезегінде бұл уәлияттарды беру
арқылы қазақ сұлтандарын Бұқараға бірлесіп шабуыл жасауға көндірмек
ниетімен болды. Ол бүлікші қазақ сұлтандарымен кеңесе келіп, қазақтан
Сарбан сұлтан Сырдариядан жүзіп өтіп Бұқараның түмендеріне шабуыл
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
210
жасауға, ал Бұзағыр сұлтан басқа бауырларымен Самарқанд уәлиятына
аттану тиіс деп шешті. Бірақ Бұзағыр сұлтан бірінші болып аттанып, Сыр-
дариядан өтіп, жолындағының бәрін қиратып, талап-тонап Кенбай деген
жерге дейін жетті. Көп олжа алып кері қайтты. Нақ сол кезде Сарбан сұлтан
көп әскерімен Сырдариядан өтіп, Бұқара маңын шапты, олардың барлық
малын айдап әкетті.
Осылайша, қазақ сұлтандары мен Баба сұлтан әскері одақтасып,
1579 ж. соңында Бұқараны шауып, олардың малдарын айдап әкетті. Ал
Бұқараның билеушісі бұл іске қатты наразы болды. Өйткені Яссы мен Сау-
ранды қазақтарға беру Абдолланың жоспарында болмады. Ол қазақтардың
күшеюін қаламады, оларға тек уақытша әскери одақ ретінде қарады. Сөйтіп,
Бұқараға шабуылдан кейін Абдолла хан қазақтарға қарсылығын күшейте
бастады. А. Миллердің жазуынша «Осыдан кейін Абдолла мен Хақназар
арасындағы одақ бұзылады».
Бірақта, қазақ хандығының Баба сұлтанмен одағы баянды болмады.
1580 ж. Баба сұлтан Абдоллаға қарсы қарулы күресін қайталады. Тарихшы
А. Миллердің пікірінше: «Хақназар осы тұста ешбір іс-қимылсыз болды,
ол өзінің Баба сұлтанмен жақындасуын қателік екенін түсінген болар, бірақ
Абдоллаға да бас иіп барған жоқ және Түркістанды да өз ықтиярымен бергісі
келмеді». Бұдан біз Хақназар ханның Баба сұлтанмен одақтаспағанын, оның
Бұқара ханның алдында ешбір кінәсі жоқ екенін және кінәсіз өзімен тең
одақтасына бас иіп кешірім сұраудың қажеті жоқ екенін түсініп, ешбір іс-
қимылсыз болғанын көреміз. Ал Баба сұлтанмен одақтасқан қазақтың өзге
сұлтандары болғаны сөзсіз. Осылайша, ешбір кінәсіз болған Хақназар Баба
сұлтанды өлтіруді ойластырады.
1580 ж. сәуірде Ташкент әміршісі әскери күш жинап, қазақтарға Аб-
долла ханға қарсы бірігіп аттануды ұсынып, Жанқұлы биді елші етіп олар ға
жібереді. Осы кезде Хақназар, Баба сұлтанның қайын атасы Жалым сұл -
тандар Бабаны өлтірмек болып, қастандық ұйымдастырады. Бірақ қастан -
дық кездейсоқ ашылып қалады. Өйткені осының бәрін естіген Жанқұлы
биді өлтіру тапсырылған адам оны аяп босатып жібереді де, ол Баба сұл-
танды алдын ала ескертуге мүмкіндік берді. Осы уақытта Баба сұлтан Ше-
рабхан өзенінің жағасында Хақназардың жіберген өкілдерімен сөйлесуге
келеді. Онда Жалым сұлтан екі ұлымен және Хақназар ханның екі ұлы
еш нәрседен күдіктенбей барады. Олар сөйлесіп болған соң бірігіп Хақна-
зарға бармақшы болады. Жол жөнекей Баба сұлтан күтпеген жерден ат
үстіндегі сұлтанды ұстап алып, өз адамдарына белгі береді. Күдіксіз қа-
зақ сұлтандарын қылышпен шауып өлтірді. Ол жайында Хафиз Таныш:
«Олардың қызыл қаны бүкіл даланы бояп, қызғалдақтай жайылды», – деп
көрсетеді. Осыдан кейін Баба сұлтан Бұзағырға Хақназарды қуып жетіп,
оны қылышпен өлтіруді бұйырады.
Хақназардың қалай, қай жерде, не себепті өлгені туралы еш бір мәлімет
жоқ. Бірақ Бұзағыр өзін Баба сұлтанның өлтірмек ниетін біліп қойып,
қашып кеткені ғана мәлім. Сонда Баба сұлтан оның ізімен Бөлтірік бидің
баласы Достым биді жіберген. «Олар күтпеген жерден Бұзағыр сұлтан
ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
211
әскерінің Хақназардың мүлкі мен малын қолға түсіріп, оны қуып бара
жатқан қосынына ұшырасты», – делінген. Бұл оқиғалардың барлығы кеш
дегенде 1580 ж. мамырға дейін болған, өйткені сол кезден бастап Хақназар
туралы хабар ешбір деректе кездеспейді. Хақназар ханның Баба сұлтан
адамдарының қолынан қаза тапқаны айтпаса да түсінікті секілді.
Осы оқиғадан кейін, мұны естіген Абдолла хан Баба сұлтанға елші
жібереді. Онда: «Біздің бұрынғы және сендердің де дұшпандарың қазақ-
тардың өліміне біз өте қуаныштымыз. Бірақ бізге сенің адалдығыңа се-
німділігіміз нығаюы үшін сен Бұзағыр сұлтанды өлтір, сонда Ташкент
уәлияты өз қолыңда қалады. Ал егер олай болмаса, сені де құртып, ешқашан
кешірмейміз», – дейді. Қадырғали Жалайырдың бойынша «оның ұрпағы
осыдан кейін патшалық етпеді».
Хақназар ханның генеологиясына тоқталсақ, оның екі ұлын 1580 ж.
Баба сұлтан өлтірген. Ал Мунгатай мен Дін Мұхаммед деген екі ұлы
1588 ж. Ташкенттегі көтеріліске белсене қатысқан екен.
Бұл мәліметтерден біз Хақ-Назардың халқының қамын ойлаған билеуші,
шебер дипломат, көреген саясаткер және талантты қолбасшы болғанын
көреміз. Осылайша, Қазақ хандығы Хақназар ханның тұсында ішкі және
сыртқы саяси жағдайы жақсарып, қазақ мемлекетімен көрші жатқан орыс,
өзбек және т.б. елдер байланыс жасап, достық одақтар жасауға ұмтылды.
Өйткені XVІ ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығы Хақназар ханның
тұсында шын мәнінде қайта түледі.
Достарыңызбен бөлісу: |