Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет75/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті 
жарғысының» тарихи сабақтастығы мен ерекшеліктерін талдау. 
2. Жазба және ауызша деректер бойынша Есім ханның тарихи портретін тал-
дап көрсетіңіз.
3. Тұрсын Мұхаммед ханның Қазақ хандығының тарихындағы орны және оның 
жүргізген саясатын деректер мен зерттеулер бойынша анықтап көрсетіңіз.
4. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
­
§­6.­Жәңгір­хан­және­қазақ-жоңғар­қатынастары­
Жәңгір хан – Есім ханның тарихта белгілі үш ұлының бірі. Есім ханның 
үлкен ұлы – Жәнібек сұлтан, екіншісі – Жәңгір хан, ал үшінші ұлы – Сырдақ 
сұлтан. Т.И. Сұлтановтың пікірі бойынша Есім ханның үлкен ұлы – Жәнібек 
XVII ғасырдың 30-жылдарының басында хан тағына отырып, ойрат тайшы-
ларымен көп соғысқан және XVII ғасырдың 40-жылдарының басында ой-
раттармен болған кезекті бір шайқастардың бірінде қаза тапқан. Ал Сырдақ 
сұлтаннан Хұсрау сұлтан деген ұл туылады, оның ұлы тарихта белгілі – 
Қайып хан. 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
224
Ал енді нақты Жәңгір ханның нақты өзіне келсек, оның қай жылы 
туылғаны белгісіз, ол жөнінде әзірге ғылымға белгілі деректерде ешқандай 
мәліметтер жоқ. Бірақта оны болжаммен XVI ғасырдың соңы немесе
XVII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген деп айтуға болады. 
Жәңгірдің шын есімі – Жахангер (парсыша «әлемді бағындырушы, 
билеуші»). Жәңгір (Жахангер) ханның есімі шығыс деректеріндегі және 
орыс тіліндегі материалдарда XVII ғасырдың 30-жылдарының ортасындағы 
оқиғаларға байланысты алғаш рет кездесе бастайды. Ондағы деректердің 
мәліметтерінде ол сұлтан лауазымымен айтылады. XVII ғасырдағы орыс-
моңғолқатынастарының деректер жинағында да Жахангердің есімі кезде-
сіп, онда 1635 жылы оның ойраттармен болған шайқастардың бірінде қолға 
түскендігі туралы айтылады.
Ең алғаш Жәңгірдің жоңғарларға тұтқынға түскендігін И.Е. Фишер 
өзінің Сібір тарихына арналған кітабында жазады. Онда автор 1635 жы-
лы ойраттардың көсемі Батыр хонтайшының Есім ханмен соғысқанын 
айта келе, оның ұлы Жәңгір сұлтанды жоңғарлардың тұтқынға түсіргенін 
баяндап өтеді. 1959 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген орыс-моңғол 
қатынастарының жинағында осы тарихи оқиғаға қатысты мәлімет кездеседі. 
Ол мәлімет 1635 жылдың 19 шілдесінде Тобольск приказдығының кеңсе-
сінде ойрат тайшысы Абақтың елшілерінен жазылып алынған. Ол мәлі-
метте ойрат тайшыларының бір тобы 1635 жылдың қыс айларында Қазақ 
Ордасына аттанғандығы, ал Қазақ Ордасы адамдарының ойраттарға жо - 
рыққа шыққандығы, екі жақтың бір-бірімен кездесіп қалып, үлкен шайқас-
тың болғандығы, ойраттардың жеңіске жеткендігі, Есім ханның ұлы Жәң-
гір сұлтанның (деректе Янгир царевич деп жазылады – ред.) тұтқынға 
алынғандығы және қазіргі кезде ол сұлтанның ойраттардың қолында екен - 
дігі айтылады. Дерек мәліметіне сүйенсек, қазақ-қалмақ (ойрат) шайқасы-
ның 1635 жылдың қыс айларының бірінде өткендігін, ал бұл кезде Жәңгір-
дің әлі 
сұлтан дәрежесінде жүргендігін көреміз. 
Жалпы, қазақ-жоңғар қатынастарының алғашқы 20 жылдай кезеңіндегі 
екі жақтың қатысуымен болған ірі оқиғалар саны үшеу. Біріншісі, жоғарыда 
атап өткен 1635 жылғы қазақ-жоңғар шайқасы және Жәңгір сұлтанның 
жоңғар тұтқынына түсуі болса, екіншісіне – 1643 жылғы қазақ-жоңғар 
шайқасы жатады. Ал үшінші ірі оқиға, ол – 1652 жылғы Жәңгір хан қаза 
табатын шайқас. Қарап отырсақ, осы үш оқиғаға Жәңгір тікелей қатысып, 
оқиғалардың басында жүрген екен. Жәңгір ханның өміріне қатысты ең көп 
кездесетін мәліметке – 1643 жылғы шайқас туралы мәлімет жатады. Бұл 
кезде Жәңгір әлі сұлтан дәрежесінде болатын. Жоңғарияға барып келген 
орыс елшілерінің есептерінде оның дәрежесін сұлтан деп жазады. Мысалы,
1640 жылы қыркүйек айында жоңғар қоңтайшысының ордасында қазақ 
сұлтаны Жәңгір сұлтанның елшісі болғандығын орыс деректері хабарлайды. 
1643-1644 жылғы қазақ-жоңғар соғысы туралы ең алғашқы хабарды
Г. Ильин береді. Ол 1644 жылы ақпан айында Батыр хонтайшының ордасынан 
Тобольскіге қайтып оралып, воевода Куракинге осы соғыс туралы баяндай-
ды. Дәл осы жылы және сол айда Тобольскіге келген ойрат көсемдерінің бірі 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
225
Абылай-тайшының елшісі Бахтыйдың хабарламасында да 1643-1644 жылғы 
қазақ-жоңғар соғысы туралы айтылып, ол да Г. Ильиннің мәліметін растайды 
және оны толықтыра түседі. Екі мәліметтің үзінділері И.Я. Златкиннің мо-
нографиясында келтірілгендіктен, біз оның бәрін қайталап жатпай, тек осы 
соғысқа және Жәңгірге қатысты жерлерін ғана сілтеме ретінде пайдаланамыз. 
Батыр хонтайшының қазақтарға қарсы жорығы 1643 жылдың қысында ба-
сталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылады. Жоңғар билеушісі 
жағында көптеген ойрат тайшылары, Халха билеушісінің ұлы Омбо-Эрдени 
болып, жалпы саны 50 мың әскер жорыққа шығады. Бұл жорыққа Жәңгірдің 
одақтастары Хұндулен тайшы, Далай тайшының ұлдары қатысудан бас 
тартқанын елші Бахтыйдың мәліметі дәлелдейді. Бір қызығы, Г. Ильиннің 
дерегінде Батыр хонтайшының Жәңгір сұлтанға қарсы аттанғандығы баса 
айтылады. Сол кездегі қазақ ханы Жәңгірдің ағасы Жәнібек болса да, ол ту-
ралы ешкім де сөз қылмайды. Барлық деректерде тек Жәңгір сұлтанның есімі 
ғана айтылып отырады. Бұл жағдай XVIII ғасырдың 40-60 жылдарындағы 
қазақ сұлтаны Абылайдың тарихи ролін еске түсіреді. Енді шайқас барысына 
тоқталалық.
Жәңгір сұлтан жоңғар әскерінің қазақтарға қарсы дайындығынан ха-
бардар болған сияқты. Мұны Жәңгірдің Хұндулен тайшымен достығының 
нәтижесі деп білу керек. Жәңгір сұлтан Батыр хонтайшының жорық бағытын 
да алдын ала біліп, оларға қарсы тұратын ыңғайлы жерді таңдап та алады. 
Самарқандағы досы Жалаңтөс батырға да хабар жібереді. Өзі 600 адамдық 
әскерімен жау әскеріне қарсы аттанып кетеді. Жоңғар әскерінің бағытындағы 
тар тау шатқалының ішінде окоп қаздырып, онда мылтықпен қаруланған 
300 жасағын қалдырады да, өзі қалған әскерімен қарсы беттегі тастардың 
артына жасырынады. Хонтайшы әскері окоптағыларға жақындағанда Жәң - 
гірдің 300 жасағы оларға оқ атып бетін қайтарады. Екінші жақтан сұлтан-
ның өзі соққы береді. Шатқалдың өте тарлығынан қалмақ әскері сандық 
артықшылығын пайдалана алмайды, маневр жасауға мүмкіндіктері болмай-
ды. Батыр хонтайшы екі рет шабуыл жасайды, бірақ ол екеуі де ешқандай 
нәтиже бермейді. Сол кезде Самарқан әкімі Жалаңтөс батырдың 20 мыңдық 
әскері де келіп жетеді. 10 мыңдай адамынан айырылған жоңғар әскері 
кері шегінуден басқа амал таппайды. Бұл соғыс Жәңгір сұлтанның атақ-
абыройы мен беделін қалай асқақтатса, Батыр хонтайшының беделіне зор 
нұқсан келтіреді.
Орыс елшісі мен жоңғар елшісінің жазбаларына қарағанда, Батыр хон-
тайшы бұл жорықтан еліне 1644 жылдың шілде айында оралған. Келе сала 
Жәңгір мен Жалаңтөстен кек алу үшін жаңа жорыққа қатты даярланады. Со-
нымен бірге 1643 жылғы жорыққа қатысудан бас тартқан Хұндүлен тайшы 
бастаған қарсылас топты жазалауды да ойластырады. Осыған байланысты 
ол Кузнецк уезінен көптеген қару-жарақ сатқызып алады. Бірақ неге екені 
белгісіз, Батыр хонтайшының келесі жылға жоспарлаған Жәңгірге қарсы 
жорығы жүзеге аспай қалады. Біздің ойымызша, оның екі себебі болған 
сияқты. Бірінші себепке Жоңғарияның өз ішіндегі саяси жағдайдың ушығып 
кетуі жатса керек. Хонтайшының қарсыластарын жазалауға кірісуі оны 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
226
Хұндүлен тайшымен ашық шайқасқа шығуына алып келеді, бірақ хонтайшы 
өз мақсатына жете алмайды. Мұндай жағдайда қазақтарға қарсы жаңа жорық 
жасау оны тағы да масқара жеңіліске әкелері сөзсіз еді. Ал екінші себепке жа-
татын жағдайға осы кезден бастап Жәңгірдің бүкіл қазаққа хан болуы Батыр 
хонтайшыны жаңа соғысқа барудан бас тартқызған деп ойлаймыз.
Жәңгірдің дәл қай жылы хан болғаны белгісіз. Осыған байланысты 
Т.И. Сұлтанов мынадай пікір білдіреді: «Ағасы Жәнібек ханның өлімінен 
кейін шамамен XVII ғасырдың 40-жылдарының ортасына таман Жахангер 
бүкіл қазаққа хан болады». Біз де осы пікірге қосыла отырып, Жәңгірдің 
таққа отырған кезін 1643-1644 жыл деп санаймыз. Хандық билікке келгенге 
дейін-ақ қазақ қоғамы ішінде өте зор беделге ие болған Жәңгірдің ағасы- 
нан кейін Түркістандағы хан тағын иеленгендігі заңды құбылыс. Оны бұл 
жерде дәлелдеп жатуды артық деп санаймыз. Егер Жәңгір билікке кел-
генге дейінгі сұлтандық дәрежедегі қызметінің басты бағыты шығыстағы 
жоңғарлармен қарым-қатынас болса, енді хан мәртебесіндегі міндетіне қазақ 
елінің ішкі-сыртқы өміріне қатысты барлық бағыттағы мәселелер енеді. 
Өкінішке орай, осыған қатысты жазба деректердің жетімсіздігі ол жөніндегі 
ой-пікірлерімізді толықтай негіздеуге, дәлелдеуге, баяндауға мүмкіндіктер 
бермейді. Бірлі-екілі қысқа және үзік-үзік дерек мәліметтеріне сүйеніп қана 
сол кезеңдегі тарихи даму туралы, оқиғалар жөнінде болжаммен, шамалап 
қана ой айтуға болады. Сондай ой-пікірлерімізге Жәңгір хан тұсындағы 
Қазақ хандығының Мәуереннахрдағы аштарханилар әулетімен, Шығыс 
Түркістандағы шағатайлық әулет өкілдерімен жүргізген қарым-қатынасына 
қатысты тұжырымдарымыз жатады. Төменде сол мәселерге көңіл аударалық. 
1611-1642 жылдары Мәуереннахрда билікте болған атақты Имамқұли хан 
қайтыс болғаннан кейін Бұхара тағына оның інісі Надирмұхаммед хан 
(1642-1645 ж.) отырады. Жәңгір ханның әрі досы, әрі қарулас серігі Жа-
лаңтөс батыр осы жылдары Орта Азияның ірі қалаларының бірі – Са марқан 
қаласының әкімі болатын. Сонымен бірге ол сол кезеңде Мәуереннахрдың 
саяси өміріндегі ірі көрнекті тұлғалардың бірі болып саналатын. Ол 30 жыл-
дан астам уақыт бойы Имамқұли ханмен жақын болады және аштарханилық 
әулеттің жас өкілдеріне аталық қызмет атқарады. Оның мұндай қызметі 
мен беделі Қазақ хандығы мен аштарханилық әулет арасындағы қарым-
қатынастарды реттеуге, жақындастыруға көп көмегін тигізеді, екі әулет ара-
сында туыстық қатынастардың қалыптасуына, оның жалғасуына септігін 
тигізеді. Кезінде Есім ханның бір қызы Имамқұли ханға ұзатылса, кейін 
келе әулеттер арасындағы туыстық байланыстар одан әрі жалғасын таба-
ды да, XVII ғасырдың 40-жылдары Жәңгір ханның Қазақ ханым атты қызы 
болашақ Бұхара ханы, Жалаңтөс батырдың тәрбиеленушісі Абд ал-Азиз 
сұлтанға ұзатылады. Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр арасындағы өзара 
түсіністік пен сыйластыққа, достыққа негізделген қарым-қатынас 1643- 
1644 жылдан кейін де, яғни Жәңгірдің хан тағын иеленгенінен кейін де терең 
дамиды. Тіпті ол қатынас екі ел арасындағы саяси байланыстарға да тіке- 
лей әсерін тигізеді. Надирмұхаммед ханның үлкен ұлы, Жалаңтөстің шәкірті 
– Абд ал-Азиздің 1645 жылы хан тағына келуіне тікелей болмаса да жанама 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
227
Қазақ хандығының қатысы бар. Ал одан кейін 35 жыл бойы Абд ал-Азиз 
ханның тақта отыруына оның қазақ елімен достық қатынастарға негізделген 
саясат жүргізуі де әсер етсе керек. Осы жерде бір айта кетерлік нәрсеге, 
Абд ал-Азиздің билікке Надирмұхаммед хан тақтан күштеп кетірілгеннен 
кейін келуі жатады. Жергілікті саяси күштердің Надирмұхаммед ханға 
наразылығы, (оның ішінде Жалаңтөс батырдың да болуы мүмкін) таққа 
басқа үміткерлерді отырғызуға алып келеді. Үміткерлер ішінен Жәңгір 
ханның күйеу баласы және Жалаңтөс батырдың шәкірті Абд ал-Азиз 
жеңіп шығады. Оған басқа да факторлармен бірге Жәңгір мен Жалаңтөстің 
ықпалдары да әсер еткен деуге толық негіз бар. Ал Абд ал-Азиз хан билік 
құрған жылдары қазақтармен қарым-қатынас бейбіт түрде дамиды. Жаз-
ба дерек мәліметтерінде екі ел арасында есте қаларлықтай соғыстар, 
ұрыс-шайқастар кездеспейді. Мұндай бейбіт қатынастардың бастауында 
Жәңгір ханның аштарханилық әулетпен жүргізген бейбіт, туыстық саяса-
ты жатыр деп толық сеніммен айта аламыз. Жәңгір ханның билігі тұсында 
Қазақ хандығы Шығыс Түркістандағы моғол билеушілерімен де жақсы 
қатынастар жүргізеді. Екі жақты қатынастардың тарихы XVI ғасырдың 
басында қалыптасып, ол әр түрлі сипатта дамығаны белгілі. Тәуекел, Есім 
хандар тұсында екі жақты қатынастар жақсарады да, Жәңгір ханның кезінде 
ол одан әрі жалғасын тауып, жетілдіріле түседі. Шах Махмуд шорастың 
«Тарихында» Жәңгір хан мен шағатайлық моғол ханы Абдаллахтың ара-
сында азғантай уақыт ішінде 5-6 елшіліктің барып қайтқандығы айтылады. 
Автордың жазуы бойынша алғашқы елшілікті Шығыс Түркістанға Жәңгір 
хан жібереді. Бірақ ол елшіліктің қандай мақсатпен барғандығы айтылмай-
ды. Жауап ретінде Абдаллах ханнан Сопы қожа бастаған елшілік Жәңгір 
ханға келеді. Оның да келу мақсаты белгісіз. Жәңгір хан өз ұлдарының бірі, 
болашақ қазақ ханы Тәуке сұлтанды Сопы қожаға ертіп, Шығыс Түркістанға 
аттандырады. Тәуке сұлтан Шығыс Түркістанда зор құрметке бөленіп, 
Қошқар бек деген моғол елшісімен бірге еліне аман сау оралады. Келесі 
кезекте Қошқар бекпен бірге Жәңгір ханның үлкен ұлы Аппақ сұлтан моғол 
еліне жіберіледі. Сондай-ақ Жәңгір ханның бір қызы Абдаллах ханның ұлы, 
Қашғар қаласының билеушісі Жолбарыс ханға ұзатылады.
Жәңгір ханның моғол билеушілеріне қысқа уақыт ішінде бірнеше 
елшілік жіберуінің өзіндік себептері болған. Бірінші себепке көршілес ел-
мен бейбітшілікте болу, сол арқылы екі жақты сауда-экономикалық бай-
ланыстарды жандандыру жатса, екіншіге болашақта жоңғарлармен бола-
тын күресте моғолдармен одақтастық қатынасты нығайтуды Жәңгір хан 
мақсат еткен дейміз. Болашақ аштарханилық билеушіге бір қызын ұзатқаны 
секілді, болашақ моғол ханына да бір қызын ұзатады. Сөйтіп, Жәңгір 
хан көршілес мұсылман елдеріндегі билеуші әулет өкілдерімен туыстық 
қатынастарды нығайту, жаңарту арқылы XVII ғасырдағы Қазақ хандығының 
ең басты қарсыласы – Жоңғарияға, оның билеушісі – Батыр хонтайшыға 
қарсы одақ құруға күш салады деген қорытындыға келеміз. Өйткені Батыр 
хонтайшының 1643-1644 жылдардағы соғыста жеңілісінен кейін кек алу 
үшін жаңа жорыққа дайындалып жатқанынан Жәңгір хан хабардар болатын. 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
228
Жәңгір ханның тақта отырып қандай саясат жүргізгені бізге беймәлім. Жаз-
ба деректердің мәліметтеріне қарағанда ол үнемі ат үстінде, жаумен соғыста, 
алыс жорықтарда жүргендей әсер береді. Оның өміріне қатысты соңғы де-
рекке – 1652 жылғы қазақ-жоңғар шайқасында Жәңгірдің қаза табуы тура-
лы мәлімет жатады. Осы дерек мәліметіне тереңірек тоқталып, 1652 жылғы 
ұрысқа, Жәңгір ханның өліміне қатысты ойларымызды білдіріп көрелік.
Кейбір тарихи әдебиеттерде 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы жеке, 
екі ел арасындағы кезекті бір соғыстың бірі деп қарастырылады. Мәселеге 
тереңірек үңілсек, оның 1643 жылғы қазақ-жоңғар соғысының жалғасы 
екндігіне көз жеткіземіз. Бұған дейін жоғарыда айтып өткеніміздей, 1643-
1644 жылдардағы жеңілістен кейін Батыр хонтайшы Жәңгірден кек алу 
үшін жаңа соғысқа дайындалады. Ол үшін оған алдыменен Жоңғариядағы 
Жәңгірдің одақтастары – Хұндүлен тайшыны, Далай тайшының ұлдарын 
жеңу керек болатын. Жоңғарияның екі саяси серкесі арасындағы келіссөздер 
нәтижеге бермей, қатынас ушыға түседі де, ақыры 1646 жылы ол әскери қақ-
тығысқа әкеп соқтырады. Жәңгір ханның одақтасы сол қақтығыста 250 ада - 
мынан айырылады да, шегінуге мәжбүр болады. 1647 жылы Зая Панди-
та соғысушы жақтарды татуластыруға күш салады. Оларды бір-бірімен 
жолықтырып, бетпе-бет сөйлестіреді. Бірақ ол ойдағыдай нәтиже бермейді. 
Одан кейінгі жылдары жоңғар тайшылары арасында бірнеше жылға со-
зылған қақтығыстар Батыр хонтайшыға қазақтарға қарсы аттануға қолбай-
лау жасайды. Бірақ та жоңғарлар билеушісі жаңа жорыққа даярлығын 
тоқтатпайды. Біздің ойымызша, дәл осы жылдары Батыр хонтайшының бұл 
әрекеттерінен хабардар болып отырған Жәңгір хан оған қарсы мұсылман 
елдерінің одағын құруға, яғни Шығыс Түркістандағы шағатайлық моғол 
хандарымен, Мәуереннахрдағы аштарханилар әулетімен саяси және туыс-
тық қатынастарды нығайтуға күш салған. Батыр хонтайшының қазақтарға 
жорығы ақыры 1652 жылы жүзеге асады. Оған қарсы Жәңгір ханның өзі 
қазақ әскерін бастап шығады. Бірақ дерек мәліметтері ұрыстың қалай 
жүргені туралы баяндамайды. Тек Батыр хонтайшының одақтасы, хо-
шоуыт тайпасының көсемі, Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлы Галдамның 
Жәңгір ханды өлтіргенін ғана айтады. И.Я. Златкин дерек мәліметіне 
сүйеніп, Жәңгір хан жекпе-жекте Галдамнан жеңіліп өлтірілді деп жазады. 
Бірақ мұндай мәліметке сене қою қиын. Өйткені ұрыс басталар алдында 
жекпе-жекке тек екі жақтың мықты, сенімді батырларының ғана шығатыны 
белгілі. Ал Жәңгір ханның қалай қаза тапқаны туралы біз, өзіндік ойлары-
мызды ортаға салып көрелік. 1643-1644 жылдардағы соғыста орасан көп 
қолмен жеңіліс тауып, масқара болған Батыр хонтайшы 1652 жылғы жрықта 
қалай болса да Жәңгір ханды өлтіруге бел буған. Сол үшін де ол арнайы 
мерген- садақшылардан адамдар даярлап, оларға ұрыстың қызған кезінде 
қазақ ханының жанына мүмкіндігінше жақын барып, өлтіруді тапсырған. 
Бұл тапсырманы жоғарыда есімін атап өткен 17 жасар Галдам орындап 
шыққан. Осылайша, бүкіл ғұмырын ат жалында өткеріп, елі мен жерінің 
азаттығы мен тәуелсіздігін сақтау жолында жауларымен алысып, арпалы-
сып өткен қазақ ханы – Жәңгір хан нағыз ерлерше, нағыз батырлардай қан 


ІІ тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы
229
майданда қаза табады. Оның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесінің жанына қойылады. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау