І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы
және ұлыстардың құрылуы
11
шах олардың өкілдерін жазалауға да дәрменсіз еді. Себебі бұған дейін Хо-
резмшах Дешті Қыпшақтағы тайпаларды бағындырып, олардың орталығы
Сығанақты өз билігін мойындауға мәжбүр етті. Сығанақ иелігіндегі саяси
үстемдік негізінен қаңлылар мен қыпшақтарға тиесілі еді. Тіпті, ХІІ-ХІІІ ға -
сырлардың басында қаңлылардың елеулі саяси күшке айналғандығы сон-
шалықты олар қыпшақ хандығының саяси бытыраңқылығын тудырған
негізгі себептердің біріне айналған. Ал өз кезегінде Хорезмшах сөз жүзінде
ғана билігін мойындаған қыпшақтар мен қаңлыларды
өзіне тәуелділікте
ұстау үшін олардың ақсүйектерін бірте-бірте өз жағына тартып,
олармен
құда-жекжаттық байланыстар орнатып, өз саясатын қолдайтын сословиелік
топ құруды ұстанды. Осылайша, бірте-бірте
Хорезмшахтардың қаңлылар
мен қыпшақ хандарының руларынан әйел алатын дәстүрі берік қалыптасты.
Хорезмшах мемлекетіндегі қаңлылар мен қыпшақтар оның негізгі әскери
тірегіне айналып, тіпті оның мемлекеттік саясатына үлкен ықпал жасай-
тын күш болды. Әбілғазы баһадүр ханның жазуынша Хорезмшахқа келіп
нөкер болған елу-алпыс мыңдай
2
және т.б. кезеңдердегі қаңлылар осындай
беделге ие болған еді. Мәселен,
ХІІІ ға сыр-
дың басында қаңлылардың басшысы Әмин
Мәлік Хорезмшах
сарайындағы ең ықпалды
тұлғалардың бірі болды. Ал ад-Дин Мұхаммед
Хорезмшах оның қызына үйленген. Оның ба-
ласы ержүрек сұлтан Жалал ад-Дин де қаңлы
тайпасының қызына үйленген. Қаңлыдан шық -
қан көптеген билеушілер осы кезеңдегі орта-
ғасырлық қалалардың басшылары қызметіне
тағайындалған еді.
Осы кезеңге дейін Шыңғыс хан шапқын-
шылығының ұранына айналған «киіз туыр лық-
ты халықтарды біріктіру» идеясын 1218 жыл -
ғы құрылтай қабылдаған жоқ.
Себебі бұған
дейін өз жемісін берген бұл ұран ендігі тұста
тиімсіз еді. Түркі, түрікмендер, соның ішінде
қаңлылар мен қыпшақтар Хорезмшахтың негізгі әскери тірегі болған, Хо-
резмшах тарапынан қолдауға ие болмайтындығы түсінікті еді
3
. Сондықтан
Шыңғыс хан мен оның ұлдары Хорезмшахтың даңқы мен көп санды
әскерінің тірегі болған қаңлылар мен қыпшақтарды
толық көзін жойып
жіберу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды
4
.
Зерттеуші В.В. Трепавлов 1218 жылғы құрылтайдан соң моңғолдардың
жаулап алу жорықтарының бұрынғы «түркі халықтарымен» одақтан оларды
тікелей жаулап алу бағытына ауысқанын, осылайша, түркі-моңғол бірлігі ту-
ралы идея моңғол-хорезм соғысында өзінің өзектілігін жоғалтып, бұл идея
тек Хорезмшах әскерін ыдырату үшін пайдаланылғанын
атап көрсетеді
5
.
2
Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1991. – 31-б.
3
Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – М., 1993. – С. 54-55, 57.
4
Шихаб ад-Дин ан-Нисави. Жизнеописание султана Джалал-ад-Дина Манкбурны. – М., 1996. – С. 87.
5
Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – М., 1993. – С. 54-55.
Достарыңызбен бөлісу: