Алғы сөз
7
ханның, Жәңгір ханның, Тәуке ханның Қазақ хандығын сыртқы жаулардан
қорғаудағы қыруар еңбегін және мемлекетті күшейтуге бағытталған шара-
ларын тартымды да татымды баяндаған.
Оқулықта XVIІ ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасыр басындағы
Қазақ хандығының саяси тарихы жүйелі түрде баядалған.
Мұның өзі
университет студенттерінің Қазақ хандығының саяси тарихына байла-
нысты тиянақты да орнықты білім алуларына негіз қалаған. Оқулықтағы
үшінші тарау Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғам-
дық құрылымын арнайы әрі жан-жақты қарастыруды көздеген.
Мұнда
XV-XVIII ғасырлардағы қалалар мен елді мекендердің дамуы, қазақ хал-
қының дәстүрлі шаруашылығы және оның түрлері, халық айналысқан кә-
сіпшілік, қолөнері нақты деректерге негізделіп айтылған.
Қазақ халқының әлеуметтік құрылымына арналған тарау да аса қызықты.
Онда қазақ қоғамындағы көшпелілікке байланысты туындаған шаруашылық
жүргізу ерекшеліктері, көшпелілер мен
отырықшы мәдениеттің қарым-
қатынасы және т.б. мәселелер көтерілген. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік
топтар мен категориялар туралы жазылған сипаттамалардың да студенттерді
қызықтырары сөзсіз. Онда қазақ қоғамындағы «ақ сүйек» санатына жа-
татын әлеуметтік топтар, нақтырақ айтар болсақ, төрелер мен сұлтандар,
сайидтар және қожалар және олардың әулеттік шығу тектері, қазақ қоға-
мындағы орны нақты әңгімеленеді. Оқулық авторларының «бек», «би» инс -
титуттарына байланысты ұстанымдары да қызықты. Зерттеушілердің «бай»
әлеуметтік тобына байланысты «қарашы» атауына байланысты және «қоң -
сы» термині төңірегіндегі, «төлеңгіт» институтына
қатысты тың пікір-
лерінің де оқырманды ойландыратыны сөзсіз. Қазақ қоғамындағы құлдар
туралы мәселе де оқулықта жаңа көзқараспен тұжырымдалған. Сондай-ақ
авторлардың қазақ қоғамындағы салық, оның түрлері, сауда-айырбас және
ақша айналымы туралы жазғандарында да жаңалықтар көп. Бұлар сөз
жоқ, Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-қоғамдық өмірді жаңа қоры -
тындылармен толықтыруға қызмет етеді. Оқулықтағы соңғы бөлімді XV ға -
сыр мен XVІІІ ғасыр басындағы қазақ халқының материалдық және ру-
хани мәдениетіне арналған тарау толықтырады.
Онда қазақ халқының
материалдық мәдениетіне байланысты көптеген құнды деректер қамтылған.
Мысалы, киіз үйдің жиһаздары мен ыдыс-аяқ жасау өнері, ерлер мен әйел-
дердің киімі, тағам түрлері, көшпелілердің ыдыс-аяқтары мұнда нақты
әңгіме болады. Қазақ халқының рухани мәдениеті де ақын-жыраулардың
нақты еңбектерінің негізінде жан-жақты әңгімеленеді. Сондай-ақ оқыр-
мандар Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бері қарайғы халық өз ортасынан
шығарған көрнекті тұлғалардың еңбектер мен тарихынан нақты хабардар
болады.
Оқулықты студент үшін аса қажетті ете түсетін
жағдай онда семинар
сабақтары тақырыптарының берілуі дер едік. 15 тақырып кейінгі орта ғасыр-
лық кезеңдегі тарихымызды семинар сабақтарында талқылауға арналған.
Оқулық соңында берілген студенттердің оқытушымен бірге жүргізетін өзін-
дік жұмыс тапсырмалары да студенттердің ізденістерін арттырып, олардың
Қа зақ стан (Қа зақ елі) тарихы
8
Отан тарихына деген құштарлығын дамыта түсуі тиіс. Оқулықтың студент-
тердің өзіндік жұмысының тақырыптарымен жабдықталуы да оның маңыз -
дылығын арттыра түскен. Мұнда студенттердің жеке жұмыстарына арнал-
ған 30 тақырып нақты берілген. Оқулық библиографиялық тізіммен жабдық-
талған. Онда негізгі әдебиеттермен қатар интернеттегі сайттар базасы ар -
қылы білім беретін мәліметтер де тіркелген. Оқулықтың қажеттілігін онда
берілген тарихи тұлғалардың суреттері, рулар мен тайпалардың және мем-
лекеттердің орналасуын көрсететін арнайы карталар арттыра түскен. Тағы
бір оқулықтағы жаңа ерекшелік онда тақырыптар
бойынша жарық көрген
маңызды еңбектердің фотосуреттерінің берілуі дер едік. Олармен танысқан
студенттердің аталмыш еңбектерге деген қызығушылығының арта түсері
сөзсіз.
Оқулықты жазу барысында авторлар ұжымы төмендегідей тақырыптар
бойынша жұмыс істеді:
Орталық Азиядағы түркі тайпалары ұлыстарының картасын деректер
негізінде дайындаған –
Достарыңызбен бөлісу: