Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет14/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Профессор­
Т.­Омарбековтің­
деректер­негізінде­
салған­портреті


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
26
күзінде, обадан болуы керек, қайтыс болды. Бердібек жаулап алынған об-
лыстардағы бар билікті екі әмірдің құзырына бере салады. Қайткенде де
Бердібектің кетуімен Алтын Орданың Ирандағы жеңістері нәтижелі бол-
ған жоқ. 1357 жылы Бердібектің (1357-1359 ж.) билікке келуі Алтын Орда - 
ның терең саяси дағдарысқа ұшырауымен тұспа-тұс келді. Орыс жылнама-
ларының сипаттауы бойынша Бердібек өзінің ұлын және он екі туысын 
өлімге кесу туралы бұйрық беріп, көп ұзамай өзі де қайтыс болады. Ол 
қайтыс болғаннан кейін 1359 жылы елде орыс жалнамаларында «ұлы бүлік» 
деп аталған тарихи жағдай орын алды. Алтын Орданың құлдырауы мен бы-
тырап, күйреуі дәуірі басталады.
Алтын Орданың саяси тарихын қысқаша шолу ол туралы тарихи мә - 
ліметтердің көптүрлі болғанын және олардың ортағасырлық ірі мемлекет-
тің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Алтын-
ордалық жазбаша деректер ханның бірнеше жарлықтары түрінде ғана сақ-
талған, себебі тоқтаусыз соғыстар, өзара қақтығыстар мен тынымсыз күрес 
салдарынан құжаттардың көпшілігі жойылып кеткен. Осыған байланысты 
араб және парсы авторларының мәліметтері ерекше маңызды болып табыла-
ды. Олардың басым бөлігін өткен ғасырда шығыстанушы В.Г. Тизенгаузен 
жинақтап басып шығарған еді. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар 
жинағының» бірінші бөлімі жарыққа 1884 жылы шыққан болатын және күні 
бүгінге дейін Алтын Орда өмірінің әр түрліжақтарын зерттеуде өте маңызды 
құрал болып табылады. Бұл басылымдар Алтын Орданың өмір сүру кезеңін 
қамтиды, онда ортағасырлық араб хроникалары мен саяхатшыларының 
жазбалары да біріктірілген. Араб авторларының көпшілігі Жошы ұлысына 
келмей-ақ, қажетті ақпараттарды дипломаттар мен саудагерлерден жинас-
тыруы араб деректерінің кемшілігіне жатады. Сондықтан тарихи деректер 
сипаттайтын жалпы картина дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті, қателіктерге 
бой алдырған. Соның өзінде археологиялық, дипломатиялық хаттар және 
т.б. дерек көздерін сараптай отырып тарихи болмысты ашып көрсетуге 
және толықтыруға болады.
Алтын Орданы көзімен көрген ибн-Батута сияқты араб авторларының 
шығармалары құнды құжаттар қатарынан орын алады. Оның жеке өзі Өз-
бек хан билігі тұсында Қырымда, Солтүстік Капказда, Еділ бойында және 
Хорезмде болып қайтқан. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар
жиынтығының»
21
II томы 1941 жылы жарық көрді. Оның негізін парсы
авторларының шығармаларынан үзінділер құрады. Бұл тарихи дерек көз-
де рінде Алтын Орданың саяси тарихында орын алған оқиғалар туралы 
жазылған еді.
Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарих» еңбегі Шыңғыс ханның тарихы 
мен қызметін, сондай-ақ моңғол ұлыстарының тарихын жан-жақты сипат-
тайды. Дегенмен бұл еңбекте де Алтын Орда тарихына шамалы ғана на-
зар аударылып, оның дамуының негізгі кезеңдері көрсетілген, бірақ жау-
лап алынған моңғол билігіндегі аумақтардың әкімшілік құрылысы мен оны 
21 
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов по истории Золотой Орды. – М.-Л., 1941. – II том. 


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
27
ұйымдастыру мәселелері бойынша көптеген салыстырмалы материалдар 
берілген. Бұл арада орыс жылнамалық деректерінің маңызы зор, өйткені Ал-
тын Орданың бір бөлігі бола тұрып, олар ішкі оқиғалар туралы, князьдардың 
сапарлары, қақтығыстары жөнінде және тарихи-жағрафиялық сипаттағы 
ақпараттарды да жазып қалдырған. Жылнамалық мәтіндер еуропалық бөлік 
туралы ғана емес, Сібір аумағы, тіпті, Көк Орда туралы да едәуір хабардар 
болып, оны жазбаларда көрсетіп отырған.
Алтын Орда туралы жалпы жағрафиялық мәліметтер XIV ғасырға қа-
тысты, ал мемлекеттің аумағын белгілеген алғашқы мәліметтер Карпини мен 
Рубрукке тиесілі. Плано Карпини мен Гильом Рубруктың
22
шығармаларында 
маңызды және құнды жағрафиялық, сондай-ақ әкімшілік-саяси ақпараттар 
жинақталған. Карпини мен Рубрук мәліметтерінің құндылығы Бату хан әс-
керінің 1242 жылы шегінісі нәтижесінде Орданың батыс шектерін анықтауға 
мүмкіндік берген еді.
Дерек көздерінің ерекше бағалы категориясына Италия мен Испанияда 
жасалып күні бүгінге дейін сақталған ортағасырлық (XIV-XV ғ.) карталар 
жатады. Бұл карталарда жазба деректерде көрсетілмеген Алтын Орданың 
көптеген қалалары кескінделген. Құнды деректердің қатарында итальяндық 
саудагер Пициганидің (1367 ж.), А. Дульцерттің (1339 ж.), белгісіз автордың 
(1351 ж.), каталондық атлас (1375 ж.) және Фра-Мауроның (1459 ж.) карта-
лары бар
23
.
Алтын Орда тарихының зерттелуіне келер
­
болсақ, алғашқы ғылыми 
зерттеулер Ресей тарихи ғылымы аясында қалыптаса бастады. XIX ғасыр-
да ресейлік тарих ғылымы, ең алдымен, Алтын Орда қалаларының са-
нын, олардың атауларын жазба және нумизматикалық деректер негізінде 
анықтауға қажетті нақты тарихи деректерді қарастырды. 
Бұл тақырып бойынша Х.М. Френ, В.В. Григорьев, Ф.К. Брун, В.К. Тру - 
товский, Н.И. Веселовский, П.Н. Милюков, Д.Ф. Кобеко, Л.Л. Голицын, 
С.С. Краснодубровский, Ф.Ф. Чекалин
24
және т.б. еңбектері белгілі. Соны-
мен бірге көптеген археологиялық қазбалар нәтижелері Алтын Орда тура-
лы біздің білімімізді кеңейте түседі. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу
XIX ғасырдың бірінші жартысында мемлекеттің астанасы – Сарай-ал-
Джедидте А.В. Терещенко жүргізген қазба жұмыстарынан басталады. Ал-
тын Орда қалаларын зерттеушілер қатарына біздер Г.А. Федоров-Давы-
довты
25
да қосамыз. Оның төменгі Еділ бойында жүргізген көпжылдық 
археологиялық қазба жұмыстары Алтын Орданың тарихы мен мәдениеті 
туралы материалдар жинауға мүмкіндіктер берді. Алтын Орданың нақты 
археологиялық ескерткіштерін зерттеуге К.И. Новоструевтың, С.М. Шпи-
левскийдің еңбектері арналған. И.Н. Березин мен Г.С. Саблуков
26
секілді 
авторлардың еңбектері мемлекеттің ішкі құрылысын зерттеді.
22
Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. – М., 1957.
23
Становление и расцвет Золотой Орды. Источники по истории Улуса Джучи (1266-1359 гг.). – Казань, 2011. 
24
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды: автореф. докт. дисс. – М., 1986.
25
Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. – М., 
1966.; Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973. 
26
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды: автореф. докт. дисс. – М., 1986.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
28
Алтын Орданы зерттеу кеңестік кезеңде де өз жалғасын тапты. Аталған 
кезеңге қатысты еңбектерде Алтын Орданың Шығыс Еуропа, Капказ, Сібір, 
Орталық Азия және Ресей халықтарының саяси, экономикалық, этникалық 
және мәдени дамуына тікелей немесе жанама ықпалы туралы баяндалады. 
Дегенмен марксистік-лениндік әдістемесімен қаруланған бұл зерттеулерде 
Алтын Орда үстемдік еткен халықтар үшін басқыншы-жазалаушы болған, 
олардың даму үдерісін тоқтатып, шегіндірген деген сыңайда қорытындылар 
жасалады. Бұл қатардағы тарихи зерттеулерге А.Н. Насонов
27
, Б.Д. Греков, 
А.Ю. Якубовский
28
, И.П. Петрушевский
29
, М.Г. Сафаргалиев
30
, И.Б. Гре-
ков
31
, К.А. Пищулина
32
және т.б. еңбектері жатады.
Алтын Орданың тарихнамасы XX ғасырдың 90-жылдары Ресей ғы - 
лымының перспективті бағыттарының біріне айналды. Жетекші зерттеуші-
лердің бірі татар ғалымы Мірқасым Усманов ортағасырлық мемлекеттің тари-
хын зерттеуде бірқатар мәселелерді қойып белгіледі. Мұндай тарихнамалық 
мәселелерге ол Алтын Орда тарихын фальсификациялауды (бұрмалауды), 
монополизациялауды және стереотиптерді таңуды жатқызады. Алтын Орда 
тарихының әр түрліаспектілерін зерттеуде заманауи және перспективалы
тәсілдерді В.П. Костюков
33
та ұсынды, оның пікірінше «қыпшақтардың авто - 
хтондық рулары мен тайпалары Алтын Орда көшпелі халқының басты ком - 
поненті болды және жаулап алушыларды ассимиляцияға ұшыратты». Жошы
билігіндегі далалықтарды және одан тысқары бөліктерді жаппай «қыпшақ-
тандырумен» қатар Қытайдан Мысырға дейінгі Алтын Ордадан тысқары 
аумақтардағы этникалық үдерістерге қыпшақтардың өздері де қатысты.
Қазіргі қазақстандық тарихнамадағы келесі ұстанымдарды бөліп көр-
сетуге болады: «Шығыс Дешті Қыпшақты жаулап алу және оны моңғол им - 
периясының құрамына енгізудің аймақтық және одан арғы этносаяси тарихы 
үшін екі маңызды салдары болды. Моңғол үстемдігі жаулап алған халықтың 
этникалық формасы мен әлеуметтік-саяси құрылымын едәуір өзгертті жә - 
не мұның өзі бүкіл этносаяси жағдайға күшті әсер етті; бастапқыда Шы-
ғыс Дешті Қыпшақ аумағымен шектелген Жошы ұлысының шекарасы шең-
беріндегі халықтың саяси бірігуі жүзеге асты»
34
.
Алтын Орда қоғамының әлеуметтік құрылысына, стратификация-
сы мен ыдырауына көптеген авторлардың еңбектері арналған. Айталық,
В.Н. Ткачевтің көрсетуі бойынша «ауқатты мал иеленушілер, әсіресе ақ-
сүйектер кез келген нысанда өздерін «ат үстіндегі адам» әлеуметтік мәр - 
те бесін көрсетіп қалуға тырысты»
35
. Алтынордалық далалық көшпенділер 
27
Насонов А.Н. Монголы и Русь. – М.-Л., 1940.
28
Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М.-Л., 1950.
29
Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране XIII-XIV вв. – М.-Л., 1960.
30
Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960.
31
Греков И.Б. Восточная Европа и упадок Золотой Орды. – М., 1975.
32
Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в сер. XV – нач. XVI вв. – А., 1977.
33
Костюков В.П. Была ли Золотая Орда «Кипчакским ханством»? // Тюркологический сборник. Тюркские 
народы России и Великой степи. – М., 2006. – С. 199.
34
Ускенбай К.З. Вост. Дешт-и Кыпчак в составе улуса Джучи в XIII-перв. тр. XV века: аспекты поли-
тической истории Ак Орды: автореф. канд. дисс. – Алматы, 2002.
35
Ткачев В.Н. Каракорум в XIII в. // 
Mongolica
. – М., 1986. – С. 221.


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
29
мен отырықшы қала тұрғындарының «күресі мен өзара байланысы» мем-
лекеттің саяси және экономикалық жағдайына әсерін тигізбей қойған жоқ. 
Г.А. Федоров-Давыдов
36
Алтын Орда қалалықтары мен далалықтарының 
өзара қатынастарын қоғам дамуындағы әлеуметтік-экономикалық үдеріс-
тер көрінісімен байланыстырады. Бұл үдерістегі ерекше рөлді ол көшпелі 
ақсүйектер үлесіне қалдырды, өйткені зерттеушінің пікірінше, олар қала-
лар дың, қолөнердің және сауданың дамуына ықпал етті. Өз кезегінде
С.П. Толстовтың айтуынша моңғолдың көшпелі ақсүйектері өздеріне тә-
уелді, жекеменшік мал бақташыларын ұстаған. Алтын Орда қоғамының 
әскери-иерархиялық сипаты туралы А.Н. Насонов
37
та жазған. Жылнамалық 
деректерді зерттей келе ол басқақ Ахмет туралы әңгімені келтіреді: «Бұл 
басқақтың қарамағында «жан-жақтан жиналған адамдармен толықтырылып 
отырған жасақтар болды, олардың бір бөлігі қашқындар, енді бір бөлігі 
Русьтен болатын; олар арнайы слободаларда тұрып жатты». Басқақтардың 
міндеті «ішкі күзет қызметі», сондай-ақ олардың салық жинауға да қа тыс-
тылығы болды. Бұдан басқа оларға даньщиктер, поплужниктер, кеденшілер 
секілді шенеуніктер де бөлініп берілді».
Америкалық ғалым Юлай Шамилоғлы
38
Алтын Орданың экологиялық 
және ауа райы мәселелерін зерттеу нысанына айналдырып, шын мәнінде, 
Л.Н. Гумилевтің географиялық және экологиялық көптүрлілік идеясын 
жал ғастырды. Бұдан басқа Юлай Шамилоғлының Алтын Орда қоғамының 
тайпалық құрылымының мәселелері бойынша тарихнамалық ізденіс-
тері қызықтырады. Алтын Орда тарихнамасындағы моңғол-татар теория-
сын жақтаушылар қатарында Д.М. Исхаковтың
39
, И.Л. Измайловтың
40
кон цептуалдық көзқарастары да бар. Олардың пікірінше Алтын Ордада
мемлекеттік идеологияға құрылған әскери-феодалдық ақсүйектердің жаңа
этносаяси қоғамдастығы қалыптасты, олар дәстүрлі (түркілік және моңғол-
дық) аңыздармен қатар ислам идеялары мен символдарын пайдаланды. 
Зерттеушілердің пікірі бойынша бірінші этноқұрушы фактор – ол мем-
лекет. Екінші мәселе этноқұрушы әлеуметтік топ – ол әскери-феодалдық 
ақсүйектер. Айталық, зерттеуші Т.Д. Скрынникова бойынша «моңғолдардың 
әлеуметтік ұйымының негізгі қағидаты генеология болып табылады. Бұл 
әлеуметтік бірліктің мүшесі болу, осы топқа мүше болу жайылымдарға 
қолжетімділік пен ресурстарды бөлу мәселелерін анықтады. Генеология 
әлеуметтік байланыстарды реттеу құралы болды, иерархияны анықтап, 
билік ету қатынастарын айқындады».
Қоғамның одан арғы стратификациясы мен жіктелуі үдерісі жаулап 
алынған аумақтарда жүрді. Жаулап алынған қалалар мен тұрғындарға қатысты 
моңғолдардың саясатын сараптай келе Л.Р. Кызласов мынаны ескертеді: 
36
Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973. – С. 212.
37
Насонов А.Н. Монголы и Русь. – М.-Л., 1940. – С. 16-17.
38
Шамилоғлы Юлай. THE LIBERATION OF RUS FROM THE YOKE OF THE GOLDEN HORDE // 
AMERICAN HISTORICAL REVIEW, 1992. 
39
Исхаков Д.М., Измайлов И.Л. Этнополитическая история татар. – Казань, 2000.
40
Измайлов И.Л. Некоторые аспекты становления и развития этнополитического самосознания насе-
ления Золотой Орды / Из истории Золотой Орды. – Казань, 1993.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
30
«XIII ғасырда моңғол ақсүйектері ортасында бағындырылғандарды және
жаулап алынған елдерді қарсыластарға үрей мен қорқыныш дарыту үшін
толықтай жойып жіберу керек дейтін едәуір топтар болды. Дегенмен күш - 
ті хандық билігі бар, орталықтандырылған қуатты мемлекет құруды мақ - 
сат етіп әрі осыған байланысты моңғол және түркілердің феодалдан-
дырылған әскери-көшпенді ақсүйектерінің орталықтан қашу ұмтылыстарын 
ауыздықтау қажет деген де ұстанымы болғаны белгілі». Алтын Орда моңғол 
империясынан мемлекеттің шеткі шекараларын қорғайтын және отырықшы 
елдердің тәуелсіздікке ұмтылысын басып, жаншитын қуатты әскерді, ақ-
параттық-көліктік құрылымды, діндерге төзімділік пен мемлекеттің әкім-
шілік негіздерін мұраға алып қалды. Көшпенді құрылымдар мен отырықшы-
диқаншы аумақтардың әлеуметтік, мәдени және саяси сфераларының бір - 
тіндеп күшеюі саяси-құқықтық жүйе элементтерін бағындыруға және әлеу-
меттік категориялар мен топтарды жіктеуге мүмкіндік берді. Билік әскери-
мемлекеттік машинаны арқа тұтты және Ұлы хан тұрғындарды басқару мен 
жазалаудың көптеген құралдарын пайдаланды (әскери жорықтарға қатысу 
міндеттілігі, моңғол әскеріндегі қатал тәртіп, әскери-әкімшілік аппараттың 
бақылауы, т.с.с.). Алтын Орда тарихының бұл аспектілері М.В. Горелик, 
Фомичев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. 
Тарихи зерде дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі мәселелерінің қа-
тарында әр түрлімәдени дәстүрлер мен діндердің өзара байланыстары тұр. 
Алтын Орда қоғамын исламдандыру үдерісі туралы мәселе тарихнама үшін 
қызығушылық туындататын қосымша тағы бір бағыт болып табылады. 
Айта кету керек, сол уақыттарда діннің рөлі өте күшті болды және ол қандай 
болмасын соғыс әрекеттерінің идеологиялық негізгі қызметін атқарған еді. 
Алтын Орда саясатындағы ислам факторы рөлінің күштілігі туралы араб 
тарихшылары да жазған болатын: «Беркеге құранды оқыту кезі келгенде 
Ходжент қаласынан мұсылман имамдарының бірі таңдалып алынды. Берке 
Бұхарада мұсылман оқымыстыларымен кездесіп тұрды. 
Сол жерде ол сопы, шейх Шамс-ад дин ал-
Ба харзиден мұсылмандықты қабылдау рәсімін
өткізді», – деп хабарлайды ибн Халдун және
ал-Айни. Берке билігі кезеңінде моңғол ақсүйек-
терінің ішінде, әсіресе сарай маңындағылар ара-
сында ислам діні кеңінен тарады. Ан-Нувайридің 
көрсетуі бойынша, Берке хан ислам дінін қа был-
дағаннан соң оның қол астындағы халықтың көп -
шілігі мұсылмандыққа мойынсұнды, ал оның
әйелі Джиджек хатун исламды қабылдаған сәтте
«өзімен бірге алып жүретін шатырлардан өзіне
мешіт құрастырды». Еуропалық автор Хаммер-
Пургштальдың
41
пікірі бойынша ислам идеоло-
гия сының әсері Алтын Орда мен Иранның қақ-
тығысына алып келді, себебі Хулагу Беркенің 
41
Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом. – М., 1966. – С. 11-12.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау