І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
18
Отырар қаласынан кейін тұрғындары түгелімен өлтірілген Сыр бойы -
ның қаласы – Сығанақ. Сығанақ қаласының тұрғындары жауға өз ерік-
терімен берілуден бас тартып, туған қаласын бір апта бойы асқан ерлікпен
қорғайды.
Джувейнидің айтуы бойынша, Сығанақ қаласын жеті күндік
үздіксіз шайқастардан кейін ғана моңғол әскері алып, тұрғындарын түгелдей
қырып салады. Сығанақтан кейінгі моңғолдарға тегеурінді қарсылықты
Аш нас қаласының тұрғындары көрсетеді. Қаланың қарапайым халқы та-
бан дылықпен қорғанады, бірақ күш тең болмай, жау қаланы алып, қала хал-
қының басым бөлігін қырып салады.
Моңғол әскері өздеріне қатты қарсылық
көрсеткен қалаларды қира-
тып, тұрғындарын түгелге жуық қырып отырса, қарсылық көрсетпеген
қа лаларды қиратпайды, бірақ та қала тұрғындарын
қорқынышта ұстау
үшін тұрғындардың аз ғана бөлігін өлтіріп отырады. Жаулап алушылар
бағындырылған қалалардағы тұрғындардың көтерілістері мен қарсылық-
тарын болдырмау үшін бұрынғы басқарушылар мен олардың жақтастарын
өлтіріп, орнына өздері
тағайындаған адамдарды
қалдырып отырады.
1220 жылдың сәуірінің соңғы декадасында
Жошы бастаған моңғол әскерінің Сырдың тө-
мен гі ағысы
бойындағы Женд қаласын алуы-
мен моңғолдардың бұл бағыттағы жаулап алу
ұрыстары аяқталады.
Сөйтіп, Хорезмшахтары мемлекетінің сол-
түстік аймағы және Дешті Қыпшақтың оңтүстік
бөлігі болып саналатын, негізінен қыпшақтар мен
қаңлылар мекендейтін
Сырдария өзенінің орта
жә не төменгі ағысы бойындағы қалалар моңғол-
дардың қол астына қаратылады.
Моңғолдардың жаулап алуы барысында жер -
гілікті тұрғындардың саны тек қала қорғаныста-
рындағы ұрыстарға байланысты азайып қойған жоқ,
сонымен бірге моңғолдар басып алған қалалардың
тұрғындары ішінен ер адамдарды, әсіресе жастарды басқа қалаларды қор шау
ісіне күштеп жұмылдыруы, қолөнер иелерін және жас қыздар мен келін шек -
терді тұтқынға алуы да жалпы жергілікті халық санының күрт азаюы на әке-
леді. Жергілікті тұрғындардан іріктеп алынған ер адамдар қала қорға ныстарын
бұзатын әскери құралдарды тасымалдауға, қала бекіністерінің түбін дегі ор лар -
ды көмуге, қамалдар түбінен орлар қазуға және тағы осындай қара жұмыстарды
орындауға күштеп алынады. Рашид ад-Диннің дерегінде Сырдың жоғарғы ағы сы
бойында орналасқан Бенакет пен Ходжент қалаларын алу барысында моңғолдар
жергілікті жерлерден күштеп жинақталған адамдарды пайдаланғандығы айтылады.
Дешті Қыпшақ тұрғындары санының азаюына
әсер еткен келесі бір
факторға моңғолдардың 1219-1224 жылдардағы жаулап алу соғыстары ба-
рысында бағындырылған өңірлердегі тұрғындар есебінен өз әскерлерінің
санын үнемі еселеп толтырып отыруы жатады. Бұл туралы да өте аз болса
жазба деректер мәліметтер береді. Тағы да Рашид ад-Динге сүйенсек, ол
Достарыңызбен бөлісу: