Жауап-әрекетке келу бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі



жүктеу 21,42 Kb.
Дата14.05.2020
өлшемі21,42 Kb.
#30412
Темперамент


Темперамент - бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекетінің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық касиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің, бәріне толық психологиялық сипаттама беругі негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик. флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері колдануда:

Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшандығы.

Жауап-әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.

Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т.б.).

Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, тағам т.б.



Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен-іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

Сезімдік кызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туыңдау жылдамдығы.

Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:

1) Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мүңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезіміталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белселділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзак, уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысьш отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.

2) Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшендігі белсенділктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.

3) Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегмтик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.

4) Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйыктығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми шешімін таппаған.

Сонымен, Холерик -грекше- холе. Бұл типке жататын адамдар қарым-қатынаста күйгелек , бір беткей шабуылға жаны құмар, іс-әрекетке пысық келеді. Олар тез қозғыштығымен, соған орай мінез құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Сезімтал,тынымсыз,агрессивті, шамданғыш,өзгергіш және т.т.

Сангвиник- латынша – сангуис. Қызу қанды , іскер . бірақ ол қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Егерде істің қызығы болмаса, ол жабыраңқы , сылбыр болады. Қимыл қозғалысты белсенділік, өмір дағдайының өзгеруіне жеңіл бейімделушілік тән. Көпшіл, ашық,сөзшен, қайырымды,өмір сүргіш, уайымсыз, беймаза емес. Басшылықа әуес, ойға жүйрік және т.т.

Флегматик – грекше – флегма . барылқ уақытта да байсалды, ұтамды, бір қалыпты, табанды,төзімді, еңбекқор адам. Сақ,енжар,байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, өз ісін ойлап істейтін, сенімді және т.т.

Меланхолик –грекше – мелайнехоле. Аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жаралаңғыш келеді. Олар тұйық , қиын жағдайлардан жол тауып, шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. Беймаза, ренжігіш,пессимист,ұйамшыл, жігерсіз,көп сөзі жоқ, керітартпа және т.т.

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көнілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоияларының тұрақсыздығынан және жалпы козғалғыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сырқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде больш жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылык, орынсыз ибалылық – осы темпераменттің ен бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша керсеткен. Мәселен, Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский холерик темпераментінің, «Анна Каренинадағы» Степан Облонский сангвиник темпераментінің, Н.В.Гогольдін «Өлі жандардағы» Собакеевич – флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников – меланхолик темперамептінің нағыз айкын өкілдері болып табылады.

Орыстың ұлы қолбасшысы А.Суворов та холерик темпераментінің өкілі. Ол туралы бір естеліктс былай делінген: «Оның қөзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп тастауды аңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді білмеген, жүгіріп жүрген, атқа мінгенде шауып жүретін, жолында орындық тұрса, айналып өтудің орнына, оның үстінен қарғып кететін болған».

Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері Герценді – сангвиник, Гогольді – меланхолик, Крыловты – флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.

Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.



Дегенмен ұзақ уакыт бойынга жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс окушылары арасынан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік берді. Окушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын карастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.И.Красногорскийдің баланың жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қғидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-кимылдарымен де санаспауға болмайды.
жүктеу 21,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау