Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет17/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. «Жеті жылдық» жорықтың тарихи нәтижелерін талдаңыз.
2. Бату және оның тұсындағы Алтын Орданың саяси дамуын сипаттаңыз.
3. Берке хан тұсында Жошы ұрпақтарының ирандық хулагиттермен соғысының 
себептері неде?
4. Алтын Орда тарихындағы тұңғыш саяси дағдарыстың туындауының сипа-
ты мен салдарларын қалай бағалауға болады?
5. Алтын Орда тарихындағы Ноғайдың орны мен рөлін талдаңыз.
§­3.­Алтын­Орданың­гүлденуі­мен­нығаюы­(1312-1359­ж.)
Тоқтай қайтыс болған соң (1312 ж.) ханның өсиеті бойынша таққа оның 
ұлы Елбасар отыру керек еді. Оны шаманизмді уағыздаушы дала ақсүйектері 
қолдады. Исламды уағыздаушы және қаланың сауда және мұсылмандық 
орталықтарымен байланысы бар феодалдық ақсүйектердің басқа бөлігі 
Меңгу-Темірдің немересі (Тағрұлдың ұлы) Өзбекті ұсынды. Әмір Құтлық-
Темір және хорезмдік діншілдердің басшысы Имам ад-дин Елмискари 
Елбасардың жақтастарын алдын ала көзін жойып Өзбекті таққа отырғызды. 
Таққа отырған Өзбек шамандықтарға қарсы күресіп, өзіне бағынғандардан 
исламға мойынсынуды талап етті.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
38
«Жылнамалар жинағын» анонимді жалғастырушы Өзбек пен ислам 
қарсыластары арасындағы жағдайды былай жазады: «Біз саған бағынамыз, 
бірақ сенің біздің сенімімізде ісің қанша? Қалайша біз Шыңғыс ханның 
жасағы мен заңынан (тура) бас тартып арабтардың дінін қабылдаймыз?» 
«Ол (Өзбек), – деп жазды автор әрі қарай, – өз айтқанынан қайтпады. Нәти-
жесінде олар Өзбекке өшпенділік сезініп, оны алып тастауға тырысты. Осы 
мақсатта олар жиын ұйымдастырды, сол жерде оны өлтірмек болды. Өзбек 
тойға келгенде Құтлық Темір құпия түрде әмірлердің ойын айтып көзімен 
белгі берді». Өзбек дем арада атына мініп шауып кетті, әскерін жинап олар-
ды жеңді. Тоқтайдың ұлын Шыңғыс хан әулетінің 120 ханзадасымен бірге 
өлтірді, ал оны ескерткен әмір құрметке ие болды. 
Араб деректері хабарлауынша, тұзақты жою барысында «Өзбек бірнеше 
әмірлерді, беделді адамдарды және бақсылар (лам) мен сиқыршыларды 
өлтірді». 
Өзбек хан 30 жылдық билігі барысында (1312-1342 ж.) аймақтардағы 
әр түрлікөтерілістерді жеңе отырып, билікті өз қолында ұстады. Жошы ұр-
пақтары ұлыстарының ханзадалары оның билігін мойындап, ханның барлық 
талаптарын сөзсіз орындады. 1333 жылы Қырым, Орта және Төменгі Еділ 
бойын, Хорезмді аралаған Ибн Баттута Өзбекті Жошы ұлысының жалғыз 
билеушісі ретінде атайды. 1331 жылғы моңғол иеліктерінің қытайлық кар-
тасында моңғолдық мемлекеттердің шекаралары, соның қатарында Өзбек 
хан тұсындағы Алтын Орда картасы көрсетілген. Бұл картада Алтын Орда 
бірегей мемлекет ретінде саналып, Ертіс жағалауынан Сырдарияға дейінгі 
аймақ Өзбек ханның иелігі ретінде белгіленген. 
Өзбек тұсында моңғолдар өздерінің Берке қайтыс болған соң біршама 
әлсіреген дәстүрлі сыртқы саясаттарын қайта қалпына келтірді. Феодалдық 
шиеленіс кезінде хандардың Орыс ұлысымен шаруасы да болмады. Хан-
дардың оларға жасаған жеңілдіктері (түмендік, мыңдық, жүздіктерді алу, 
алым-салықты жинауды орыс князьдарына беруі, орыс діншілдеріне жеңіл-
діктер беру, т.б.) орыс ұлысының жағдайын біршама жеңілдетті. Ал Өзбек 
хан өзара билікке таласқан орыс князьдарын кезек-кезек қолдай отырып, 
оларды бағыныштылықта ұстады. 
Солтүстік-шығыста күштерін теңестірген соң Өзбек үкіметі солтүстік-
батыста күшті фактор болып келе жатқан Литваға қарсы да бірнеше іс-
шаралар қолданды. Моңғолдар бұл мемлекеттің қалыптасуына қарсылық 
жасай алмады, бірақ оларға жүйелі түрде жорықтар жасай отырып әл сіз-
дендіру мүмкін еді. ХІV ғасырдың 20-жылдарындағы сондай жорықтар нә-
тижесінде литвалықтардың бастысқа жылжуы тоқтатылды.
Дәл сол саясатты моңғолдар Польшаға байланысты да қолданды. ХІV ға-
сырдың 20-жылдары Польшаға татар жорықтарының күшеюі батыста үлкен 
шиеленіс тудырды. Сондықтан да татар жорықтарынан уайымдаған Рим 
папасы 1329 жылы арнайы жолдау жолдады, ол барлық батысеуропалық 
билеушілерді татарларға қарсы крест жорықтарын ұйымдастыруға ша-
қырды, жорыққа қатысушылардың барлығының күнәсі кешірілуін уәде етті. 
Алайда бұл крест жорықтары жүзеге аспады. Татарлар папаның үндеуіне 


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
39
қарсы 1337 жылы Люблин жерін қырды. Келесі жылы «өзбектің сансыз көп 
татарлары Польша және Венгрия жерлеріне еніп, оларды өте күшті деңгейде 
тонады». 
Егер бұған Кавказда хулагидтермен бірге соғыстың сәтті жалғасуын 
және Орта Азияға Шағатай ұлысының иеліктерін жаулауға тақ мұрагері 
басшылығында көп санды әскер жіберілуін қоссақ Алтын Орданың сыртқы 
саясатының күшейгені анық көрінеді. Өзбек ханның көршілермен жеңісті 
соғыстары және мемлекет ішіндегі сәтті саясаты Алтын Ордаға бұрынғы 
күшін қайтарып, оны Еуропа мен Азияның күшті мемлекеттерінің біріне 
айналдырды. 
Алтын Орданың нығаюы кезеңіндегі деректерде құрылтай шақыры-
лу лары туралы айтылмайды, енді олардың орнына хан кеңесі өткізіліп, 
оған хан туыстары және әскербасылар қатысты. Бұл мәселеге қатысты 
1316 жылғы Өзбек хан әпкесінің Мысыр сұлтанына тұрмыс құруына бай-
ланысты кеңесті атауға болады. Бұл кеңеске неке шартын жасаушы хан 
туыстары мен 70 әмір лер және түменбасылар қатысты. Бірақ бұл жина-
лыс көбіне отбасылық кеңес түрінде еді. Басқа жағдайларда, мемлекеттік 
басқару мәселелеріне қатысты болғанда хан өзі тағайындаған ұлыс әмір-
лерінен тұрған «диван» кеңесі өтті. Бұдан бұрынғы хандар кезіне бай-
ланысты диван туралы айтылмағандығы Өзбек тұсында мемлекеттің ор-
талықтандырылғанын көрсетеді. Араб жазушы әл-Омари (1343 жылы 
қайтыс болған) Өзбек және Жәнібек тұсындағы хан кеңесіне толық сипат-
тамалар қалдырды. Әл-Омари былай жазды: «Бұл сұлтанның билеушілері 
– төрт ұлыстық әмірлер, олардан ең жоғарғысы беклербек атанды, яғни аға 
әмір. Қандай да бір маңызды істі осы төрт сұлтан шешеді, егер олардың 
бірі болмаса да оның аты жарлыққа жазылады...». 
«Істер уәзір арқылы шешіледі. Ал уәзір істерді оларсыз шешеді, на-
местниктерге бұйрықтар береді және жарлықтарға олардың атын жаза-
ды. Уәзір – нағыз сұлтан, қарсы бөлімін жеке басқарады, бөледі, тіпті 
ең маңызды істерде де беклербек сияқты әскери істерді де басқарады». 
Кеңеске кірген осы төрт әмірдің ішінен екі мүшесінің – беклербек және 
уәзір қызметтері барынша анықталған. Беклербек (әмірлердің әмірі) 
әскери істерді басқарды, түмендіктер, мыңдықтар, жүздік пен ондықтарды 
басқарды, екінші уәзір мемлекеттің азаматтық істерімен айналысты. Ал-
тын Орда ең алдымен әскери-феодалдық мемлекет болғандықтан әскери 
құрылым басшысы беклербекке азаматтыққа қарағанда құрмет берілді. 
Сондықтан әл-Омари беклербекті кеңестегі төртеуінің ішінде үлкені деп 
жазады.
Өзбек хан тұсында мемлекеттік басқаруды орталықтандыруға байла-
нысты жерлерде басқару органдарын реттеу жүзеге асырылды. Басында 
Алтын Орда қалыптасқан кезде билікті бөлшектеу болып, мемлекет Бату 
ағайындылары арасында бөлініп, олардың әрқайсысы өз ұлысын жарты-
лай жеке билеуші ретінде басқарды. Енді мемлекет орталықтандырылғанда 
бұрынғы аумақтар аумақтық басшы-әмір басшылығындағы аумақтарға
айналдырылды.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
40
Аумақ басшылары өз иеліктерінде кең билікке ие болды. Сондықтан 
мысырлық сұлтандар ханға байланыс жасау барысында, әдетте, өз грамо-
таларын орталық билік өкілдеріне және аумақ басшыларына да жіберіп 
отырды. Аумақ басшылары лауазымына феодалдық аристократияның бе-
делді өкілдері тағайындалды, көбінде аумақтық билеушілік лауазымына 
мұрагерлік бойынша сол әулет өкілдері қойылды.
Алтын Орда мемлекеті Өзбек билігі кезінде орта ғасырдың ең ірі мем-
лекеттерінің біріне айналды. Жошы ұрпақтарының моңғол империясынан 
бөлінуі және тәуелсіз болуға бағытталған соғыстары сәтті болды. 
Бату 
ағайындарына тиесілі болған бұрынғы жартылай жеке ұлыстардың әлсіреуі 
немесе толықтай бағыну хандық билікті нығайта түсті.
Мемлекеттің орталықтануы біршама жетіліп, орталықта және жер-
гілікті жерлерде бюрократиялық басқару аппараты құрылды. Елді басқару 
диван-кеңес қолында болды. Жергілікті басқару орталық әкімшілікпен 
тығыз байланысқан және орталық аппарат – төрт әмірден тұратын хан 
кеңесі диванға бағынған жергілікті билеушілер қолына шоғырланды. 
Өзбек хан билік еткен тұста Алтын Орданың экономикалық өрлеуі де 
байқалады. Дәл осы кезеңде қалалар саны қатты өсті, ал ХІV ғасырдың 
30-жылдары хан жаңа астана – Сарай-әл-Жадидті салуға кірісті. Сауда 
керуен жолдары қауіпсіз ғана емес, ыңғайлы да болды. 33 хорезмдік, 
орыс, кавказдық, генуэздік, венециялық, мысырлық, неміс және басқа 
көпестері Сарай базарларында тұрақты және үйреншікті адамдарға айнал-
ды. Алтын Орда гүлденуінің нағыз көзі алым-салықтар, соғыстан түскен 
әскери пайда және сауда кірістері болды. Мемлекеттің Шығыс пен Батыс 
арасындағы транзитті жағдайы және исламмен бірге бай дәстүрлердің 
келуі көшпенділерді өз ішінде өзгеріс жасауға талаптандырды. Осы 
кезеңде хан билігі күшейді, беделі артты. Сыртқы саясатта Өзбек хан 
хулагидтерге қарсы соғысқа көп көңіл бөлді, Әзірбайжанды біріктіруге 
тырысты. Өзбек билігі тұсында Алтын Ордаға орыс князьдықтарының 
бағыныштылығы да күшейді. 1318 жылы Михаил Ярославович Твер-
ской, 1326 жылы Дмитрий Михайлович Тверской және Александр Ново-
сильский, 1327 жылы Иван Ярославович Рязанский, 1330 жылы Федор 
Стародубский, 1339 жылы Александр Тверской және оның ұлы Федор 
өлтірілді. Енді Русь жеріне жазалаушы отрядтар көптеп барды. Қорыққан 
орыс князьдары өздері ханға салық алып келіп отырды. Русь жеріндегі 
моңғолдық билік жаңа кезеңге өтті, мұнда әскери қысым экономикалық 
қысыммен ауыстырылды. Ақыр соңында Өзбек өз әскерін әр жаққа шаш-
пай, ирандық бағытқа бағыттай алды.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау