ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан
тарихындағы маңызы
31
мұсылман әлеміндегі беделіне қызғаныш сезіммен қараған еді. «Беркенің
Сирия мен Мысырдың ішкі істеріне араласуы, ол
аумақтар Хубилайдің
(ұлы қаған) Хулагуге арнаған жерлер болатын, Иран және қыпшақ би леу-
шілерінің арасындағы соғыстың басталуына өз әсерін тигізбей қойған
жоқ», – деп жазды Хаммер-Пургшталь. Қазақ зерттеушісі З. Жандарбек
42
Берке ханның ислам дінін қабылдауын былайша сипаттайды: «
Берке хан
Алтын Орда мемлекетінің тағына отырғаннан
кейін ислам дінін жалпы
мемлекеттік идеологияға айналдыруға күш салуы Алтын Орда мемлекетін
біріктіретін басты фактор ретінде пайдаланбақ болған әрекеті деп түсінген
дұрыс». Зерттеуші М.Г. Сапаргалиев
43
те осы әдіснамалық тұрғыдан сарап-
тайды: «Берке хан Алтын Орда тағына отырысымен ұлыстарды билеуші
Жошы
ұрпақтарының билігін шектеп, оларды тікелей бір орталыққа ба-
ғындыру мәселесін қолға алады.
Әр ұлыста ондық, жүздік, мыңдық, он-
мыңдық тұрақты әскери-саяси ұйымдар құрылды. Олар мемлекеттің ішкі
бір лігін нығайтуға тиіс болды». Берке ханның ішкі және сыртқы саяси әре-
кеттеріне ислам идеологиясының әсері туралы ресейлік ғалым Н.М. Ма-
лов
44
та жазады: «Мемлекеттік қызметке Хорезм мен Булгардан шыққан
мұсылман оқымыстылары тартылды. Еділ бойына салынған қалалар таза
мұсылмандық сипат алды. Халықаралық қатынастарда
Берке хан ислам
мемлекеті билеушісі ретінде көрінді. Ол халифатты жаулап алып,
Халиф
Мустасимді өлтірген Хулагуге қарсы Мысыр мемлекетімен одақ құрып,
Хулагу мемлекетіне қарсы әскери қимылдарға дейін барды». Берке хан
тұсында ислам дінінің саяси ықпалының өсуіне қазақ ғалымы Қ. Зардыхан
45
назар аударады: «Берке 1257-1266 жылдар аралығында Жошы ұлысында
тоғыз жыл билік құрды. 1. Мұсылман елдерімен жан-жақты қарым-қатынас
жасау арқылы Қыпшақ даласына мұсылман діні дендеп кіруіне мұрындық
болды. 2. Алғаш рет салық реформасын жүргізді. 3. Ел астанасын Еділді
бойлай көшу арқылы Еуразия мәдениетінің аражігін жалғады, шығыс пен
батысты араластыруға мүмкіндік тудырды».
Тарихнама үшін Алтын Ордада қалалар
тұрғызу мәселелері де құн-
ды аспектілер қатарынан орын алды. «Қала салу идеясын моңғолдар көр-
шілерінен алған жоқ. Бұл идея көшпенді қоғамның дамуы нәтижесі ретінде өз
қойнауынан туындаған еді», – деп жазады В.П. Егоров
46
. Ресейлік зерттеуші
Э.С. Кульпин
47
Алтын Орда қалаларын тұрғызу ерекшеліктеріне назар аудара-
ды: «Алтын Орда қалалары еуропалық қалалардан ерекшеленетін. Егер Еуро-
па қалалары қоғамдық қаражатқа, аз бөлігі мемлекет есебінен са лынған болса,
Алтын Орда қалаларын тұрғызуға мемлекеттік қаржы-экономикалық ресурс-
тары көптеп бөлінді». Алтын Орданың гүлдену кезеңі билікке келген Өзбек
ханның (1312-1313-1341-1342) есімімен тығыз байланысты. Алтын Орда қала
құрылысы мен халықаралық сауда, білім мен рухани өмір орталығына айна-
42
Жандарбек З. Иасауи жолы және қазақ қоғамы. – Алматы, 2006. – С. 59.
43
Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960.
44
Малов Н.М. Религии в Золотой Орде. – Саратов, 1998. – С. 96-98.
45
Зардыхан Қ. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Астана, 2004. – С. 169.
46
Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды. – М., 1985.
47
Кульпин Э.С. Золотая Орда: судьба поколений. – М., 2008.
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы
ұлыстар мен ордалар
32
лады. Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде көшпенді және отырықшы
өркениеттердің, әр түрлімәдени дәстүрлердің өзара байланыстарын зерделеу
ғылыми-зерттеулердің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: